Разделы презентаций


Қ АЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Содержание

№9 тақырып БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ ДӘРІС ЖОСПАРЫ1 – сағат «ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫ” БАҒЫТЫ. АРТУР ШОПЕНГАУЭР ФИЛОСОФИЯСЫ.2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ.3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ.4. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ. МАРТИН ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ.2 – сағат5. ЖАН-ПОЛЬ САРТР ФИЛОСОФИЯСЫ.6.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ


ПӘН: ФИЛОСОФИЯ


№9 тақырып
19-20 ғғ.
БАТЫС ЕУРОПА

ФИЛОСОФИЯСЫ


Орындаған: ЖГДФ ассоц. профессоры

Ақбаева Л.Н.



Алматы 2015
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫПӘН: ФИЛОСОФИЯ№9 тақырып 19-20 ғғ. БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫОрындаған: ЖГДФ ассоц. профессоры

Слайд 2№9 тақырып БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1 – сағат
«ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫ”

БАҒЫТЫ. АРТУР ШОПЕНГАУЭР ФИЛОСОФИЯСЫ.
2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ.
3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ.
4.

ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ. МАРТИН ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ.

2 – сағат
5. ЖАН-ПОЛЬ САРТР ФИЛОСОФИЯСЫ.
6. АЛЬБЕР КАМЮ ФИЛОСОФИЯСЫ.
7. КАРЛ ЯСПЕРС ФИЛОСОФИЯСЫ.
8. ПСИХОАНАЛИЗ БАҒЫТЫ: ЗИГМУНД ФРЕЙД, КАРЛ ЮНГ ФИЛОСОФИЯСЫ.

3 – сағат
9. ПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: ОГЮСТ КОНТ ФИЛОСОФИЯСЫ.
10. НЕОПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: БЕРТРАН РАССЕЛ, ЛЮДВИГ ВИТГЕНШТЕЙН, КАРЛ ПОППЕР ФИЛОСОФИЯСЫ.
11. ПРАГМАТИЗМ БАҒЫТЫ: ЧАРЛЬЗ ПИРС ФИЛОСОФИЯСЫ, ДЖОН ДЬЮИ-дің ИНСТРУМЕНТАЛИЗМІ.

СӨЖ БЕН СОӨЖ-ГЕ ТАПСЫРМА (ТҮПНҰСҚАЛАР).
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ
№9 тақырып БАТЫС ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ ДӘРІС ЖОСПАРЫ1 – сағат «ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫ” БАҒЫТЫ. АРТУР ШОПЕНГАУЭР ФИЛОСОФИЯСЫ.2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР

Слайд 3 1. ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫ БАҒЫТЫ. АРТУР ШОПЕНГАУЭР ФИЛОСОФИЯСЫ
ХІХ

ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропада бейклассикалық философияның көптеген ағымдары қалыптасады.

XIX ғасырдың 60-70 жылдар арасында субъективтік идеалистік бағыт Еуропа елдерінде «Өмір философиясы» деген атауға ие болған жаңа ағым өмірге енді.
Басты өкілдеріне А. Шопенгауэр, С. Кьеркегор, Ф.Ницше, А.Бергсон жатады. Өмір философиясы адамның өмір сүруін мәңгілік және абсолютті ақыл-ойға тәуелді деп дәлелдеп, өмірді тек қана іштей – интуиция арқылы ғана сезіну мүмкін деп есептеді.








«Өмір философиясы» ағымның тікелей идеялық бастауы болған – неміс философы
АРТУР ШОПЕНГАУЭР (1778-1860 жж.) иррационалистік және волюнтаристік
философияның негізін қалады.
Басты еңбегі – «Дүние ерік пен елес».
Оған сәйкес ЕРІК барлық ғаламның негізі деп қарастыраылды.


Кант идеяларына сүйенген Шопенгауэр Канттың «өзіндік заттарын» ой елегінен өткізіп, оны ерік, танымға түсініксіз мистикалық соқыр күш есебінде дәріптеді. Тірі және өлі табиғатта өз көрінісін тапқан ерік ұсақ еріктерге бөлінбейді, барлық ғаламмен теңдес, дара, әлемдік ерік болып көрінеді.

1. ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫ БАҒЫТЫ.  АРТУР ШОПЕНГАУЭР ФИЛОСОФИЯСЫ    ХІХ ғасырдың екінші жартысында Батыс

Слайд 4 1. ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫБАҒЫТЫ. АРТУР ШОПЕНГАУЭР ФИЛОСОФИЯСЫ





Өмірге

деген еріктен туындаған адам интеллектісі өзін сақтау, өмір сүру үшін

күрес, сұраныстарды қанағаттандыру мақсаттарымен шектеледі. Ерік туындатқан әлем интеллектуалдық танымға түсініксіз. Ол тек ішкі тәжірибе, ерікке негізделген жоғарғы саналы интуициямен түсінілуі мүмкін. Сезімдік және рационалдық таным проблемаларына мистикалық интуицияның қарсы қойылуына Шопенгауэр философиясы мен өмір философиясына тән иррационализм көрінісін табады.
Бұл философияға өмірден торығушылық тән. Өмірге еріктілік – ызақор, ібілістік күш, қайғы-қасірет бастауы. Ол билеген әлем кездейсоққа бағынады, оның мәнінің, құндылығының мақсатқа сәйкестігі де жоқ. Адам онда еш нәрсе өзгерте алмайды, дегенмен қайғы-қасіреттің себебі еріктің зорлануы болса, онда ерік күштенуін шектеу қайғы-қасіреттің азаюына алып келеді. Өзіндікті және ерікті басу, одан нирванаға қашу – тақуалық өмір салты, адамның күйініш, азаптан құтылуының, әлемдік қасіретті азайтуының жалғыз амалы.
Шопенгауэр ілімінің волюнтаристік және иррационалистік жақтарын өмір философиясының көрнекті өкілдері Ф. Ницше (Германия) мен А. Бергсон (Франция) жалғастырады.

Әлем – Шопенгауэр ойынша, ерік, өмірге еріктілік. Әлем субъекті санасында түсінік
есебінде өмір сүреді, ол субъектімен қамтамасыз етіледі және оны субъектісіз ойлау
мүмкін емес. «Не өмір сүрсе де, бәрі тек қана субъект үшін өмір сүреді»
(Шопенгауэр А. «Дүние ерік пен елес». ).

1. ӨМІР ФИЛОСОФИЯСЫБАҒЫТЫ.  АРТУР ШОПЕНГАУЭР ФИЛОСОФИЯСЫ     Өмірге деген еріктен туындаған адам

Слайд 5АРТУР ШОПЕНГАУЭР

АРТУР ШОПЕНГАУЭР

Слайд 6 2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында

өмір сүрген ірі ойшыл, дат философы, иррационалист СЁРЕН КЬЕРКЕГОР (1813-1855

жж.) «Өмір философиясының» ізішары болды.
Басты еңбектері – «ӘЛДЕ - ӘЛДЕ», «Үрей мен қалтырау».
Өлім және азап шегу тақырыбына дат философы ерекше мән, мағына береді. Ол ажал алдында тұрған, баяу, азапты өлімге тап болған адамның ішкі, терең жан дүниесі әлемін зерттейді. Ойшыл пікірінше, философияның негізгі мәселесіне адамның өмір сүруі, оның өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі жатады. Егер Сократ алдымен «өзіңді таны» десе, Кьеркегор тек қана адамның ішкі өмірін танумен қанағаттанады, сыртқы дүниені, болмысты танудан бас тартады. «Шындық, сыртқы өмір бар ма?» деген сұраққа ол теріс жауап береді. «Шындық – ол ішкі дүние, Меннің өз Меніне деген қатынасы», – дейді.




Өмір сүру дегеніміз – тебірену, зардап шегіп, соның шеңберінен шығуға ұмтылған адамның талпынысы; адам ерікті түрде алдағы мүмкіндіктердің бірін таңдап, өзінің қайталанбайтын ерекше болмысын жүзеге асыруы, тобырға қосылмауы, одан бөлінуі; ішкі шекті мен шексіздік арасындағы таңдау, соған байланысты туындайтын үрей, шешім және секіріс. Кьеркегор ойынша, шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол – тұлғаның ерікті таңдауы.



Адамның ішкі өмірі танылмайды, оны тек тебірентуге болады. Кьеркегор өмір сүру,
үрей, шешім, шекті мен шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә мен күнә,
қайта туу т.с.с. адамның ішкі өмірін бейнелейтін категорияларды философияға енгізеді.

2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ     ХІХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген ірі

Слайд 72. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ








Қоғамда көпшілік тән сұлулығына құмартқан парықсыздық, бір

көргеннен сезімдік әсерге елітіп, кездейсоқ байланыстарға түсу, қоғамда үлгіге (модаға)

айналған заттарға ынтығу, әрбір сәттен ләззат алуға тырысу шеңберінде өмір сүреді. Бұлар адамды құмарту сезімдері мен ындынның құрсауынан шығармайды.




Адамның ішкі сезімдері оны бір жаққа тартса, қоғамдағы этика нормаларының талаптары екінші жаққа бағыттайды. Парыз талаптарына сай келуге ұмтылған адам біржақты, сезімсіз пендеге айналады. Бұл барған сайын тереңдей түсіп, қайғылы қайшылықтарға әкеледі, өйткені уақыттан тәуелсіз моральдық сана адамның өткінші сезімдік сұраныстарынан алшақтайды. Адам моральдық жағынан жетілген толық пенде бола алмайды. Кьеркегор оның себебін, Августин сияқты, адамның дүниеге күнәһар болып келетінінен көреді.

Адам өміріндегі негізгі сұрақтар: қалай өмір сүрген жөн, ненің болуы керек,
неге ұмтылу қажет? Осы сұрақтарға жауап беру ретінде Кьеркегордің экзистенциалдық
диалектикасы адам өмірінің үш сатысын суреттейді.
Олар: ЭСТЕТИКАЛЫҚ, ЭТИКАЛЫҚ және ДІНИ сатылар.

Адам өмірінің эстетикалық сатысында сезімдік өмір салты қалыптасады.
Эстетикалықты Кьеркегор сезімдік қабылдау мен ләззат алу түрінде көрсетеді.

Эстетикалық өмір салтында адам сезімдік сұраныстарын қанағаттандыруға ұмтылса,
этикалық сатыда адам ізгілік жолына түсіп, қоғам алдындағы парызды
орындауды міндет тұтады.

2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫҚоғамда көпшілік тән сұлулығына құмартқан парықсыздық, бір көргеннен сезімдік әсерге елітіп, кездейсоқ байланыстарға түсу,

Слайд 82. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ
Мұнда «әлде-әлде» ұстанымы таңдауды шешпейді, өйткені

екі сатының да кемшіліктері бар, осыдан өмір диалектикасы «ол да

емес, бұл да емес» деген тұжырымға әкеледі. Осыдан адам үшінші, діни шеңберсатысына өтеді. Кьеркегор ғылыми таным жетістіктеріне сенген, өмір сүру, ішкі рухани тебіреністен туындайтын мәселелерді ұмыт қалдырған замандастарына реніш білдіреді. Тек қана діни сатыға көтерілген адам өз күнәсін мойындайды, Құдайдың өзімен сұхбатқа түсіп, өз-өзін табады. Ал мұның өзі үлкен зардап шегу арқылы келмек.
«Үрей мен қалтырау» деген еңбегінде Кьеркегор Інжілді егжей-тегжейлі талдап, діни және этикалық сатылардың арасындағы өмірдің әдеттен тыс оқиғаларын (парадокстарын) тудыратын қайшылықтарды көрсетеді.



Егер эстетикалық сатының негізгі категориясы – ләззат алу, этикалықта – парыз болса, діни сатыда ол зардап шегумен тең. Өмір зардапқа толы. Өмір сүру дегеніміз – зардап шегу. Бұл – көне замандардан осы уақытқа дейін талданып келе жатқан проблемалардың бірі. Бірақ Кьеркегор оны өте өткір қояды, осы дүниенің зұлымдық пен зардапқа толы екендігін айтады. Бірақ, бұл үшін Құдайды сынаудан, оған күмәнданудан аулақ болуымыз керек.


Парадокс» ұғымы – Кьеркегордің өмір сүру диалектикасының негізгі
категорияларының бірі. Ол адам өмірінің ішкі қайшылығынан шығатын зардап.

2. СЁРЕН КЬЕРКЕГОР ФИЛОСОФИЯСЫ Мұнда «әлде-әлде» ұстанымы таңдауды шешпейді, өйткені екі сатының да кемшіліктері бар, осыдан өмір

Слайд 9 3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Неміс философы ФРИДРИХ НИЦШЕ (1844-1900 жж.) өмір

философиясының, волюнтаризмнің, иррационализмнің негізін салушылардың бірі. Оның шығармашылық қызметі үш

кезеңге бөлінеді. Негізгі философиялық шығармалары: «Заратустра осылай айтты», «Моральдың шығу тегі», «Билікке ерік», «Ізгілік пен зұлымдықтың арғы жағында» т.б. үшінші кезеңде, 1883-1889 жж. аралығында жазылды. Ницше философиясы неміс фашистерінің идеологиясын дамытудың құралы болды.




Бірақ, бұл – Шопенгауэрдегі дара әлемдік ерік емес, билікке нақты бағытталған ерік. Мұндай ерікті Ницше «билікті көрсетуге тоймайтын ұмтылыс немесе билікті қолдану, шығармашылық инстинкті есебінде билікті пайдалану т.б.» (Ницше Ф. Воля к власти.) деп пайымдайды.
Прогрессивтік, үдемелі дамуды Ницше әлемдік мақсат қиялына негізделген өнбейтін іс деп есептейді. Уақыт шексіздігінен ертерек болғандардың бәрі де мәңгілік болашақта шексіз қайталанады. Бұл идеясын Ницше мәңгі қайталану ілімінде нақтылы, аңыз түрінде – бүркіт пен жыланның Заратустраға үндеуі ретінде көрсетеді. «Сенің нені оқытатыныңды біз білеміз, барлық Ғаламдық денелер мәңгі қайталанады, солармен бірге әрқашан біздің өзіміз де, бізбен бірге заттар да сансыз көп рет өмір сүрдік. Осы күнмен, осы жермен, осы бүркітпен және жыланмен бірге мен қандай да бір жаңа, жақсы немесе ұқсас өмір үшін емес, осы өмірдің өзіне қайта ораламын. Ең үлкенде қалай болса, ең кішіде де солай, тағы да барлық заттардың Ұлы қайта келуі туралы айтып, оқыту үшін мен мәңгі қайта ораламын» (Ницше Ф. Так говорил Заратустра.).

Ол «БИЛЕУГЕ ЕРІК» теориясын қалыптастырды. Ол теорияға сәйкес буржуазиялық
моральсыз қоғамда шектен тыс күшті адам немесе супер адам ғана жоғары дәріптеледі.

Ерік – өмірдің негізі, оның барлық көріністеріндегі иррационалдық бастау.

3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ  Неміс философы ФРИДРИХ НИЦШЕ (1844-1900 жж.) өмір философиясының, волюнтаризмнің, иррационализмнің

Слайд 10ФРИДРИХ НИЦШЕ

ФРИДРИХ НИЦШЕ

Слайд 11
3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ










Мәңгі қайталану идеясын төңкеріс, нұр сәуле шашушылық,

ұлылық, жеңімпаздық, пайғамбарлық деп, өз пайымдауларына айрықша маңыздылық берген Ницшенің

мәңгі қайталану ілімі болмыстың ұйқы-тұйқылығынан бір тұрақтылықты табуға ұмтылыстан туындайды. «Жалпыға ортақ қиратылудың аяқталмағанынан берекесі кеткен сезімге қарсы, мен «мәңгі қайта келу» идеясын алға тарттым» (Ницше Ф. Воля к власти.).
Ницше философиясының назар аударарлық маңызды, тартысты жағы – оның Заратустра сөзімен көрсетілген қоғамнан тыс адам (сверх человек) туралы ілімі. «Мен сіздерді қоғамнан тыс адам туралы оқытамын... Адам – бір нәрсені билеп алуы керек болатын белгісіздік. Сіз оны еркіңізге бағындыру үшін не істедіңіз?.. Адаммен салыстырғанда, маймыл деген не нәрсе? Келеке болған немесе азапты масқаралық. Қоғамнан тыс адам үшін, пенде де сол сияқты келеке, масқара болуы керек... Қоғамнан тыс адам – жердің мәні. Сіздің де еркіңіз: «Ия, қоғамнан тыс адам жердің мәні болсын»,– деп айтсын (Ницше Ф. Так говорил Заратустра.).
Қоғамнан тыс адам үшін «адамды билеп алу» нені білдіреді? Ницше қоғамнан тыс адамға қандай ерекшелік белгі береді? Бұл сұрақтардың жауабын Ницшенің барлық құндылықтарды қайта бағалау ілімінен іздеуіміз керек.
«Билікке ерік» кітабында қоғамның кедейлік жағдайы, физиологиялық азғындауы, адамдардың бұзылуы туындатқан «европалық өткенді мансұқтауды» сынға алды (Ницше Ф. Воля к власти.).





Ф.Ницше билеуші моральға қарама-қарсы құлдық моральды қойды.

3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ   Мәңгі қайталану идеясын төңкеріс, нұр сәуле шашушылық, ұлылық,

Слайд 123. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Осы орайда христиан дінін айрықша сынға алады,

өйткені христиандық адамдардың Құдай алдында тең екендігін уағыздайды да, адамдағы

билікке ұмтылысын жояды. Ол адамның күштілік сезімі, билікке еркі, құдіреті неден басым болса, соның бәрі жақсы деген алғышарттан бастау алады. Әлсіздіктен шығатынның бәрі де жаман.
Ницше христиан дінін әлсіздердің, қорланғандардың, құлдардың діні деп есептейді. «Христиан діні, – дейді ол, – жалған аяушылық білдіру. Көнгіштік, бойұсынғыштық идеяларын оқытады, ол билікке ұмтылушы ерікті басып, жаныштайды».
Осыған байланысты, Ницше адамдарды «жоғарғы» – аристократтық азшылыққа, элитаға және көпшілікке – «аяқталмаған, сапасы төмендерге» бөліп, бір-біріне қарсы қояды. Бұл төменгі «табын», «көпшілік», «тобыр» – сыпайылықты ұмытқан, өз сұраныстарын ғарыштық, метафизикалық құндылықтар шамасына дейін көтеріп, өсіріп айтатын түр. Көпшілік тобырға кім ерекше болса, сол билік жүргізеді, зорлық істейді.

Сонымен, «қоғамнан тыс тұрған адам» – «төменгілердің» үстемдігін,
мойынұсынғыштығын, инабаттылығын, ыждағаттылығын, сақтығын, сөзге сараң,
мүсәпір адамгершілігін т.б. өсиеттерді жеңуі керек болатын жоғарғы адамдардың
мүшесі.
Қоғамнан тыс адамға бәрінен бұрын керек болатын нәрсе – күш, билікке
ұмтылатын ерік. Ницшенің «әлсіздерге» соғыс жариялаған идеялары фашизм
идеологтарына тартымды көрініп, олардың назарын өзіне аударды, демек, «жоғарғы»
арийлік нәсіл үшін кімнің жойылып кетуі, қаналуы, құлдыққа салынуы керектігі шешілді.

3. ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫОсы орайда христиан дінін айрықша сынға алады, өйткені христиандық адамдардың Құдай алдында тең екендігін

Слайд 134. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ. М.ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Экзистенциализм (латынша existentif –

өмір, тіршілік деген сөз) немесе тіршілік философиясы – ХХ ғасыр

философиясының басты ағымдарының бірі. Философияның маңызды түсінігіне айналған термин бірінші рет С. Къеркегор еңбектерінде кездеседі.









Экзистенциализм философиясының зерттеу тақырыбы – адам, оның өмір сүруі, болмысы. Экзистенциалистердің пайымдауынша, адам – құпиялық, сондықтан философия келелі мәселелермен емес, құпиялармен айналысуы керек. Экзистенциализм – анық көрініс тапқан иррационализм мен интеллектуалдыққа қарсы философия.
Экзистенциализмдегі орталық категория – экзистенция немесе өмір, тіршілік. Осымен субъектінің әлемдегі өз болмысынан әсерленушілігі түсініледі. Бұл болмыс ешбір затқа бағытталмаған және өзінің шектілігін мойындайды. Экзистенциалистер болмыс мәселелерін адам болмысына теңейді, ал соңғысы субъективтік идеализм тұрғысынан түсіндіріледі.


Экзистенциализм философиясы – ХХ ғасырдағы батыстық өркениеттің терең
тоқырауының көрінісі. Бүгінгі әлемдегі адам өмірінің сандырақ, тантушылығын
экзистенциализм ғана ашты. Назар аударылғаны әлемді көркейтетін, тани алатын адам
емес, керісінше, азап шеккен, жалғыз, бақытсыз, сонымен бірге еркіндікке
ұмтылатын, өзінің барлық іс-әрекетіне жауап беретін жан болды.
Өзінің кең көлемдегі таралымын Германияда М. Хайдеггер, К. Ясперс және
Францияда Ж.-П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель еңбектерінде тапты.
Экзистенциализм діни (Ясперс, Марсель) және атеистік (Хайдеггер, Сартр)
болып екіге бөлінеді.

4. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ.   М.ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ Экзистенциализм (латынша existentif – өмір, тіршілік деген сөз) немесе тіршілік

Слайд 14МАРТИН ХАЙДЕГГЕР

МАРТИН ХАЙДЕГГЕР

Слайд 154. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ. М.ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Неміс экзистенциализмінің негізін қалаушылардың бірі

МАРТИН ХАЙДЕГГЕРДІҢ (1889-1976 жж.) басты еңбектегі «Болмыс және уақыт» деп

аталады. Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекті өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті.










Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол – азап шегуші сана. Бұл сананың өзі зерттеу объектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге тырысады, Хайдеггердің «Адам дегеніміз  маза» деуі де сондықтан. Азап шегуші, уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс экзистенциалисі қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану, өлімге толы екенін көрсетті. Осы жеке сананы зерттеу әдісі ретінде Хайдеггер Э.Гуссерльдің «мәнді көре білу» әдісін таңдады, оның «көңіл-күй» ұғымын қолдана отырып, болмысты адамның осы дүниедегі өзінің орны туралы түсінігі арқылы түсіндіруге тырысады.

Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің
жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны Хайдеггер ұсынды.
Хайдеггерге дейінгі онтологияда болмыс жалпы, индивидке жат болмыс, ал адам
микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы –
болмыс-сана немесе Daseіn категориясы арқылы қарастырды.
Daseіn категориясының
мәні – қазіргі болмыс, осы арадағы болмыс. Болмыс-сана – онтологияның кіндігі,
жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады.
Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі  адам ғана.

4. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ.   М.ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫНеміс экзистенциализмінің негізін қалаушылардың бірі МАРТИН ХАЙДЕГГЕРДІҢ (1889-1976 жж.) басты еңбектегі

Слайд 164. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ. М.ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Оның өзінің «маза», «үрей»,

«қорқыныш», «қамқорлық» – адамның априорлық формаларын, яғни сезімдік әлемін құрап,

оның субъективті болмысын құрайды. Хайдеггер философиясының негізгі өлшемі – «өткіншілік», ол адамның ішкі жан дүниесінің толғанысы.




Хайдеггер еңбектері болмыс ілімін герменевтиканың мәселелеріне бет бұруына әсерін тигізді. Ол объективтік шындықты көп жағдайда тілдік мәселе ретінде түсіндіреді, болмысты «тыңдаудың» жалғыз тәсілі – герменевтика, яғни тілде не айтылса, соны ұғындыру. Тіл сананың субъективтік қызметінің жемісі болмайды. Тілді жасаушы адам емес, ол – тілдің жәрдеміне сүйеніп сөйлейтін құрал.




Хайдеггер «фундаментальды онтология» ілімін дамытты. Оның мазмұны – адам
өзінің «пендешілігін», «өткінші өмірін» мойындап, өзінің алдында үнемі «ажал
тұрғанын» сезініп, өмірдің әрбір сәтінің маңыздылығын көре білу керек.


Хайдеггер «тіл – болмыстың үйі» деп, тілді болмыстандырады.

4. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ БАҒЫТЫ.   М.ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ Оның өзінің «маза», «үрей», «қорқыныш», «қамқорлық» – адамның априорлық формаларын,

Слайд 175. ЖАН-ПОЛЬ САРТР ФИЛОСОФИЯСЫ
Атеистік экзистенциализмнің өкілі француз жазушысы және

философы – ЖАН-ПОЛЬ САРТР (1905-1980 жж.). Оның басты еңбектері –

«Өзге болмыс», «Экзистенциализм – ол гуманизм».



Сатрдың түсінігінше, сана елестету арқылы тазарып, адам өзін қоршаған дүниенің жағымсыз жақтарын ұмытуға және елемеуге жете алады, өзіне ғана түсінікті әлемде қалықтайды. Яғни, елестету адамға еркіндік береді. Өз философиясының негізгі мәселелерінің біріне айналған еркіндікті Сартр тек сана еркіндігі ғана деп түсінумен шектелмеді, елестетумен әуестенушілік сананы күйретпей қоймайтынын ол жақсы ұғынды.
Бұл сенім оның бойында әсіресе соғыс кезінде күшейе түсті. Сана еркіндігі, адамның ішкі еркіндігі оны міндетті түрде іс-әрекет жасауға, өзін де, басқаны да өзгертуге итермелейтінін Сартр жақсы түсінді.


Адамның қандай болмағы оның өз қолында, өзіне қандай тағдырды таңдап алуында: «Адам ...әуелі осы дүниеге келеді, сонан соң ғана анықталады. Экзистенциалистің түсінігінде адамға анықтама берудің қиындығының себебі оның алғашқыда әлі ештеңе емес екендігінде. Ол кейінірек қана адам болады және өзін-өзі қандай адам етіп жасаса, сондай адам болып шығады. Яғни, адам табиғаты да, оны жарататын құдай да жоқ. Адам өзін қандай етіп елестеткеніндей ғана емес, қандай болғысы келіп жігерленгеніндей».

Ойшыл қоршаған ортадан нақты нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге
келді. Сананың қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді.

Адамның еркіндігі ең әуелі оның таңдау еркіндігінен көрінеді.

5. ЖАН-ПОЛЬ САРТР ФИЛОСОФИЯСЫ Атеистік экзистенциализмнің өкілі француз жазушысы және философы – ЖАН-ПОЛЬ САРТР (1905-1980 жж.). Оның

Слайд 18ЖАН-ПОЛЬ САРТР

ЖАН-ПОЛЬ САРТР

Слайд 195. ЖАН-ПОЛЬ САРТР
Сартр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне,

еңбектене білуіне байланысты екендігін өте дұрыс айтып отыр.



Экзистенциализмде объективтік

идеализм элементтері де бар: адамнан тәуелсіз болмыстың өмір сүретіні мойындалады, бірақ оның материалдық та, идеалдық та өзгешеліктері болмайды.


Объективтік ақиқат кейде трансценденция деп аталады, ол экзистенциямен ажырамайтын байланыста. Сонда объект субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүре алмайтын болып шығады. Қорыта айтқанда, экзистенциализмде субъективтік біржақтылық басым.
Сартр барлық экзистенциалистер сияқты, өмірден торығушылыққа ортақтасып, кез келген өмірдің тарихы, оның жеңілу тарихы болады, бұлай болса, онда бәрі де – дүниеге келу де, өлім де, адамның өмірі де сандырақ деп есептейді. Бірақ, адам ешқандай сүйенішсіз, ешқандай көмексіз, әрбір кезде «адамды шығаруға» жазаланған. Адам өз алдына жауапкершілік алады, ол үшін «дәлелі, сылтауы (алиби) болмайтын», жауапкершіліктен қашатын мүмкіндік жоқ. Қорқақ өзінің қорқақтығы үшін, сатқын сатқындығына жауап береді. Адам әрқашан өзін-өзі «жобалайды», мүмкіндіктерді таңдайды. Адамның өзіндік құндылығы – оған әр түрлі мүмкіндікті таңдау еркіндігі берілген және осы таңдау үшін жауапкершілік те талап етіледі.

Оның ойынша, «өзі үшін болмысқа» қарсы тұратын «өзіндік болмыс» болады. Бұлардың
арасында абсолюттік қарама-қарсылық бар, бірақ бір-бірінсіз болуы, өмір сүруі мүмкін емес.

Діни экзистенциализм осы объективтік ақиқатты – Құдай,
атеистік экзистенциализм – «өзіндік болмыс» деп атайды.

5. ЖАН-ПОЛЬ САРТР Сартр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне байланысты екендігін өте дұрыс айтып

Слайд 20 6. АЛЬБЕР КАМЮ ФИЛОСОФИЯСЫ
Француздың көрнекті жазушы-драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты

– АЛЬБЕР КАМЮ (1913-1960 жж.). Оның басты еңбектері – «Сизиф

туралы аңыз», «Бүлікші адам».



Адамның бойындағы абсурдты А.Камю М.Хайдеггер мен Ж.-П.Сартрдың экзистенциалдық философиясының ұғымдары секілді адамның ішкі сезімінен, уайымдар ағымынан туындатады, абсурд адамның ойынан бір сәт шықпайды, басқа уайымдар оның қасында түк емес деп тұжырымдайды. Дүниенің өзі абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі қисынсыз екендігін мойындағанымен, Камю өмір мәндік ізденісті тоқтатпауға бекінді, өзінің ойы арқылы уайым-қайғысыз, қазақша айтсақ, «бір жөні болар» деп ойын-күлкімен өмір кешкендерді де, тағдырға бас иіп, өмірге құштарлығын жоғалтып, жасығандарды да оятуға ұмтылды.





Сизиф мәңгі-бақи тау басына тас домалатуға жазаланған, тас шың басына жете бергенде қайтадан төмен қарай домалайды. Адам өмірі де осындай – бір нәрсені бітірісімен келесі басқа нәрсені бастап, үнемі еңбек пен қиыншылықтарды бастан кешіреді.

«Адамды қоршаған дүние  мәнсіз, абсурд» деген қағида А.Камюдің
экзистенциализмінің негізі болды.

Абсурдпен күресу керек. Камюдің бұл шешімінің дәлелі  «Сизиф туралы аңыз»
шығармасын жазуы және фашизмге қарсы қозғалысқа қатысуы. Бұл еңбектегі өзекті
философиялық идея – адам өмірінің мағынасыздығы.
Оны Грек аңызының кейіпкері – Сизифпен байланыстырды.

6. АЛЬБЕР КАМЮ ФИЛОСОФИЯСЫ   Француздың көрнекті жазушы-драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты – АЛЬБЕР КАМЮ

Слайд 21АЛЬБЕР КАМЮ

АЛЬБЕР КАМЮ

Слайд 22 6. АЛЬБЕР КАМЮ ФИЛОСОФИЯСЫ
Абсурдтың өзі адамға еркіндік береді: «Абсурдқа

кездескенге дейін адам өз мақсаттарымен, болашақ немесе ақталу (кімнің немесе

ненің алдында екені  бәрібір) туралы мазасымен өмір сүреді. Ол өзінің мүмкіндіктерін бағалайды, алдағы күнге, зейнетақыға немесе ұлдарына үміттенеді, өмірінің әлі де түзелетініне сенеді. ...Осының бәрі абсурдпен шайқалды. ...Абсурд менің иллюзияларымды ыдыратты: ертеңгі күн деген жоқ. Осы менің еркіндігімнің негізіне айналды».
Адамның өз өмірі үшін күресе білуі, зұлымдыққа тым құрыса адалдық арқылы қарсы тұруы Камюдің «Оба» (“Чума”) романының да желісі болды. Адал болу дегеніміз  өз ісімен айналысу.




Бүлік көтеруші адам  «жоқ» деуші адам. Бүлікшілдік адамдарды біріктіреді, абсурд өмірдегі жеке уайымшылдықтың, жатсыну мен жалғыздықтың орнына коллективтік бүлікшілдік келеді. Бұл ретте ең бастысы  күйзелмеу.
Камюдің ойынша, «шын мәнінде байыпты бір сұрақ бар – бұл өзін-өзі өлтірушілік туралы сұрақ. Өмір сүруге тұратындығы әлде тұрмайтындығы туралы пікір айту философияның негізгі сұрағына жауап беруді білдіреді... Қалғанның бәрі – әзіл-қалжың, өйткені бәрінен бұрын философияның негізгі сұрағына жауап беру керек» (Камю А. Бунтующий человек.).

Адамның мағынасыз өмірге шыдай алмай абсурдпен күресі бүлік түрінде де көрінеді
(«Бүлікші адам»). Сондықтан мезгіл-мезгіл революциялар болып, адам «сизифтік»
жағдайынан шығады.

6. АЛЬБЕР КАМЮ ФИЛОСОФИЯСЫ   Абсурдтың өзі адамға еркіндік береді: «Абсурдқа кездескенге дейін адам

Слайд 237. КАРЛ ЯСПЕРС ФИЛОСОФИЯСЫ
Діни экзистенциализмнің өкілі неміс философы –

КАРЛ ЯСПЕРС (1883-1969 жж.). Оның басты еңбектері – «Парасат және

экзистенция», «Философия» деп аталады.







Ясперс бойынша «шекаралық жағдай» дегеніміз адам экзистенциясының өзін шүбәсіздік есебінде тану жағдайы. «Біз әрқашан бір жағдайдамыз, – дейді Ясперс. Оны өзгерту үшін мен жұмыс істей аламын. Бірақ, әрқашан қандай болса, сол қалпында қалатын шекаралық жағдайлар болады: менің өлуім, азап шегуім, күресуім керек, мен кездейсоқтыққа душармын, мен сөзсіз кінәлімін. Шекаралық жағдайлар таң қалу, күмәнданумен қатар, философияның бастауы болады. Біз өзіндік болмысымыздың (өзіндік санамыздың) қайта қалпына келуіне қабаттасып жүретін шекаралық жағдайларды астыртын немесе тайсалмай тура сезінеміз. Шекаралық жағдайға кіру – сөзсіз болатын жағдай. Оған кірген адам жоғарғы еркіндікке ие болады және өледі. Өзіне-өзі қанағаттанбау – бұл мәңгі, өшпейтін, таусылмайтын сезім, адаммен бірге өмір сүретін жазылмайтын жара. Азап шегуден құтылу мүмкін емес, оған тек шыдауға, жанның қолайсыздығын елемеуге болады».

К.Ясперс бойынша философияның басты міндеті – болмыстың құпиясын мазмұнын
ашуымен байланысты. Ол «болмыстың шифры» деген ұғымды философияға енгізді.
Шифр «шекаралық жағдайға» немесе аса терең күйзелістер – өлімге келер жолда, ауру,
кешірілмес күнә т.б. кезеңдерде ашылады, сонда адам өзінің күнделікті іс-әрекетінен
«нақты болмыстан» арылып, оның «экзистенциасы нұрланады».

7. КАРЛ ЯСПЕРС ФИЛОСОФИЯСЫ Діни экзистенциализмнің өкілі неміс философы – КАРЛ ЯСПЕРС (1883-1969 жж.). Оның басты еңбектері

Слайд 24КАРЛ ЯСПЕРС

КАРЛ ЯСПЕРС

Слайд 257. КАРЛ ЯСПЕРС ФИЛОСОФИЯСЫ
Адамға қорқыныш пен торығу сезімін тудыратын

әлемнің «қираған» және мағынасыз болмысы туралы өз кезінде Къеркегор айтқан

болатын. Сыртқы әлемге сүйенуге талпыныс жасау қауіпті, орынсыз да, сондықтан құтқаруды Құдайдың еркінен іздеу керек.






Адамды қоршаған қорқынышты әлемде құтқарушы болатын – тек оның өзі, қайталанбайтын Өзіндігі немесе құпия және танылмайтын экзистенциясы. Адам өзін-өзі құтқарып, өзінің еркіндігіне келуі керек. Өзіндік тек адам толғанысының еркін шешімінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Бұл жерде еркіндік пен «шекаралық жағдай» тұжырымдамаларына келеміз. Тек өлім, еркіндіктегі болмыс өмірге мақсат береді және экзистенцияға, оның аяқталуына алып келеді деп санайды Ясперс.

Оны қолдаған Ясперс экзистенцианы тек қана адамның өзіне деген қатынасы емес,
сонымен қоса трансценденцияға, яғни Құдайға да қатынасы деп есептейді.
Қоғам адамға жау, ол адамды жояды, оны өзіндік түрі жоқ бұрандаға, үлгі болатын
бөлшекке айналдырады. Адамды көпшілікке араластыру, бұқараландыру оның өз-өзін
жатсынуын білдіреді.

7. КАРЛ ЯСПЕРС ФИЛОСОФИЯСЫ Адамға қорқыныш пен торығу сезімін тудыратын әлемнің «қираған» және мағынасыз болмысы туралы өз

Слайд 268. ПСИХОАНАЛИЗ БАҒЫТЫ: З.ФРЕЙД, К.ЮНГ ФИЛОСОФИЯСЫ
ПСИХОАНАЛИЗ  XIX ғасырдың

соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту әдісі ретінде

пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог ЗИГМУНД ФРЕЙД (1856-1939 жж.) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. Оның басты еңбектері  «Мен мен Ол», «Тобыр психологиясы мен адам Менінің анализі», «Тотем мен табу».







Бейсана үдерістердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналылықты сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд саналылықтың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналылық, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналылық бола алмайтын түсініктер бейсаналылық немесе шығарылып тасталған бейсаналылық деп аталады. Оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады.

З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналылықтан» (сознательное) ғана
емес, «бейсаналылықтан» (бессознательное) және «саналылықтың алдындағыдан»
(предсознательное) тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі
туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналылықты факт, адам рухының саласы және
адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді.

8. ПСИХОАНАЛИЗ БАҒЫТЫ: З.ФРЕЙД, К.ЮНГ ФИЛОСОФИЯСЫ ПСИХОАНАЛИЗ  XIX ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі

Слайд 27ЗИГМУНД ФРЕЙД

ЗИГМУНД ФРЕЙД

Слайд 288. ПСИХОАНАЛИЗ БАҒЫТЫ: З.ФРЕЙД, К.ЮНГ ФИЛОСОФИЯСЫ
Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш

элементтен тұратын үлгіде жасайды:
«Ол» (Оно)  бейсана құштарлықтардың терең

қабаты, психикалық «өздік»,
әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның басқа құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау
заңдарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция;
«Мен» (Еgо)  саналылық саласы, адамның ішкі, бейсаналылық дүниесі мен сыртқы
реалдылықтың арасын жалғастырушы; «Меннен Жоғары» (Supеr-еgо)  ішкі тұлғалық
ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналылық мен саналылықтың арасын
жалғастырушы.


Фрейдті пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы
құштарлықтары, ал алғашқы құштарлықтарды құрайтын сексуалдық құштарлықтар,
немесе, либидо.







З.Фрейд «Эдип комплексі» атты комплексті қалыптастырады, оның мағынасы ежелгі «Эдип патша» аңызына байланысты баланың абайсыздан, білместіктен әкесін өлтіріп, шешесіне үйленуі.

Бейсаналылықты Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналылықты бейсаналылықтың үстіне құрастырылатын, бейсаналылықтан туындайтын ерекше инстанция деп есептеді.

8. ПСИХОАНАЛИЗ БАҒЫТЫ: З.ФРЕЙД, К.ЮНГ ФИЛОСОФИЯСЫТұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол» (Оно) 

Слайд 298. ПСИХОАНАЛИЗ БАҒЫТЫ: З.ФРЕЙД, К.ЮНГ ФИЛОСОФИЯСЫ
КАРЛ ГУСТАВ ЮНГ (1875-1961) З.Фрейдтің

шәкірті, архетиптер теориясын қалыптастырды. Оның басты еңбегі: «Метаморфозалар және либидо

рәміздері».
Юнг бойынша адамның өмірлік энергиясы (сексуалдық қана емес) сыртқы ортаның ауыртпалықтарына көнбей индивидуалдық бейсаналыққа емес, коллективтік бейсаналыққа немесе архетиптерге айналады.









Архетиптер сезімдік қабылдау арқылы емес, олардың сыртқы объектілерге проекция түрінде бейнеленуі арқылы көрініс табады.

АРХЕТИПТЕР — ол коллективтік бейсаналық, жалпы адамзаттың
түпбейнелері (первообразы), бұрыңғы кезеңдерде өмір сүрген
адамзаттың білімі мен рухын бейнелейтін рәміздер. Олар адамның санасында
көрініс табады. Архетиптер түстер, мифтер, көркем шығармалардың рәміздерінде,
психикасы ауру адамдардың сандырағында, галлюцинацияларда көрініс табады.
Юнг бойынша мынадай архетиптер бар: жер- ана, данышпан ақсақал,
демон, батыр, анима мен анимус, көлеңке, маска архетипі т.б.
Басты архетип – «САМОСТЬ» (das Selbst) – адамның тұлғалық орталығы – Мен.

Юнг мінездер типологиясын қалыптастырып, оларды екіге бөледі:
интроверттер, ішкі дүниеге түңілген адамдар,
экстраверттер, сыртқы дүниеге бағытталған адамдар.

8. ПСИХОАНАЛИЗ БАҒЫТЫ: З.ФРЕЙД, К.ЮНГ ФИЛОСОФИЯСЫКАРЛ ГУСТАВ ЮНГ (1875-1961) З.Фрейдтің шәкірті, архетиптер теориясын қалыптастырды. Оның басты еңбегі:

Слайд 30КАРЛ ГУСТАВ ЮНГ

КАРЛ ГУСТАВ ЮНГ

Слайд 31 9. ПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: ОГЮСТ КОНТ ФИЛОСОФИЯСЫ
ПОЗИТИВИЗМ (лат. positives –

дұрыс пікір) – “дұрыс білімды” білімнің негізі деп ғылымды санайтын

философиялық бағыт . Позитивизмнің мақсаты – философияны толып жатқан бос, пайдасыз ойлардан азат етіп, тек қана дұрыстарын, пайдалыларын қалдыруды көздеді.
Позитивизм терминін енгізген француз философы – О.КОНТ.






Позитивизм өзінің дамуында үш кезеңнен өтті:
бірінші позитивизм философияның міндеті  объективті өмір сүруші материалдық
дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп пайымдады.
Бұл кезеңнің өкілдері  О. Конт, Г. Спенсер, Дж.-Ст. Милль.
2) эмпириокритицизм немесе махизм  дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп,
философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын
сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды.
Негізгі өкілдері  Э.Мах пен Р. Авенариус.
3) неопозитивизм  ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салыстырмалы құндылығын
анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысты.
Өкілдері: Б. Рассел, Л. Витгенштейн, Р. Карнап, К. Поппер, И. Лакатос, Т. Кун т.б.
Олар ғылыми білімдерді тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация,
фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

9. ПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: ОГЮСТ КОНТ ФИЛОСОФИЯСЫ  ПОЗИТИВИЗМ (лат. positives – дұрыс пікір) – “дұрыс білімды”

Слайд 32ОГЮСТ КОНТ

ОГЮСТ КОНТ

Слайд 33 9. ПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: ОГЮСТ КОНТ ФИЛОСОФИЯСЫ
Бірінші позитивизм (латынша positivus

– оң, дұрыс деген сөз) – ХІХ-ХХ ғасырларда Батыс философиясында

кең тараған ағым. Позитивизм терминін ғылымға енгізген француз философы ОГЮСТ КОНТ (1798-1857 жж.) осы ағымның негізін қалады. Ол «метафизиканың» немесе дәстүрлі философияның қабілетсіздігі идеясын алға тартты
Оның басты еңбегі – «Позитивтік философия курсы».












О. Конт позитивизмінің сыртқы әлемнің өмір сүретінін жоққа шығармайтын материалистік ой желісі, заттардың өзін зерттеу және олардың арасындағы табиғи байланысқа негізделген ғылымды жіктеу идеясы құнды.
ХІХ ғ. екінші жартысында О. Конттың ізін қуушылар Дж.-С. Милль (1806-1973 жж.) және Г. Спенсердің (1820-1903 жж.) еңбектерінде өз дамуын тапқан позитивизм, әсіресе, Англияда үлкен ықпалға ие болады.











О. Конт дүниетануды үш түрлі даму сатысына бөлді – теологиялық, метафизикалық,
позитивтік.
Теологиялық немесе діни ілімдік сатыда қоршаған орта құбылыстары
жаратылыстан тыс, фантастикалық жан иелерінің қызметімен түсіндіріледі,
діннің үстемдігі суреттеледі;
2) Метафизикалық сатыға бұған табиғаттың абстрактілі «мәндерімен» және
«себептермен» түсіндірілетін философияның үстемдігі тән;
3) Позитивтік ең жоғарғы саты, алдыңғы екі сатыдан дін ілімі мен метафизикадан бас
тартумен, позитивтік, яғни барлық құбылысты ғылыми түсіндіретін, оң
ғылымдардың үстемділігімен ерекшеленетін саты. Барлық оң білімдердің тәжірибеге
сүйенетін эмпирикалық ғылымдармен алынуы мүмкін.

9. ПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: ОГЮСТ КОНТ ФИЛОСОФИЯСЫ  Бірінші позитивизм (латынша positivus – оң, дұрыс деген сөз)

Слайд 34 10. НЕОПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: Б. РАССЕЛ, Л.ВИТГЕНШТЕЙН, К.ПОППЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
НЕОПОЗИТИВИЗМ немесе

«үшінші позитивизм» ХХ ғасырдың 20-жылдары Европада қалыптасты.



Неопозитивизмде орталық орын

алатын мәселе: логикалық-лингвистикалық анализ немесе ғылым мен білімді қатаң логикалық жолмен негіздеу. Жаңа контекстіде танымның ғылыми әдістерінің мәселесін қарастырды.






Неопозитивизм немесе «үшінші позитивизм» философиялық ағымының қалыптасуына
Б. Рассел, Л. Витгенштейн, К. Поппер айтарлықтай әсерін тигізді.

Ағылшын философы, математик БЕРТРАН РАССЕЛ (1872-1970 жж.) Логикалық атомизмнің
негізін қалады. Оның басты еңбегі – «Ақиқаттың маңызын іздеу».
Философияның мәнін логикалық талдауда деп есептеді.
Рассел логика философияның мәні деп жариялады. Расселдің ойынша, философия
мәселелері өзін-өзі логика мәселелеріне алып келеді, өйткені әрбір философиялық мәселе,
егер оны қажетті талдау мен тазалауға салса, ешқандай философиялық болмай шығады
немесе сөз біз пайдаланатын ойда ғана философиялық, демек логикалық болады.

Неопозитивизм әсерінен символикалық математикалық логика пайда болды.
Неопозитивистер ғылыми сөйлемнің екі жолы бар дейді: 1) эмпирикалық – тексеру,
2) логикалық-математикалық тавтологияға (бос қайталау) айналдыру. Осыған орай
неопозитивистер ақиқатты тексерудің екі принципін ұсынды: 1) верификация (тексеру),
2) фальсификация (алмастыру).

10. НЕОПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: Б. РАССЕЛ, Л.ВИТГЕНШТЕЙН, К.ПОППЕР ФИЛОСОФИЯСЫ  НЕОПОЗИТИВИЗМ немесе «үшінші позитивизм» ХХ ғасырдың 20-жылдары

Слайд 35 10. НЕОПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: Б. РАССЕЛ, Л.ВИТГЕНШТЕЙН, К.ПОППЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Австриялық философ ЛЮДВИГ

ВИТГЕНШТЕЙН (1898-1951 жж.) өзінің “Философиялық зерттеулер” атты негізгі шығармасында философияны

тілдегі сөйлемдердің мағынасын айқындауға бағытталған белсенділік ретінде түсіндіреді.
Өзінің «логикалық атомизм» теориясында ғылымның келесі құрамдас бөлімдерін – логиканы және оның жетілген тілін құруды өздеріне мақсат етіп қойды. Болмыстың қарапайым бірліктерін «атомарлық» фактілердің нақты бейнесі ретінде, ал тілдің формальдық құрылымын әлемге теңбе-тең суреттер көрінісіндей қарастырған Витгенштейн ақиқат әлемінің зерттелуін логикалық алғашқы элементтерден құрылған ойды зерттеумен, болмыс туралы ілім (онтология) логикамен алмастырылды.
Ағылшын философы мен социологы КАРЛ ПОППЕР (1902-1994 жж.) аналитикалық философияға бұрмалау қағидасын және осы қағидаға негізделген сыни рационализм тұжырымдамасын алға тартқан. Оның басты еңбегі: «Ашық қоғам және оның жаулары».






К.Поппер әрбір ғылыми білімді жоққа шығарудың мүмкіндігін мойындайтын
фальсификация принципін алға қойды.
К.Поппер «Ғылыми-техникалық ойдың өрістерінің нәтижесінде зат пен сана сезімінен
басқа “үшінші әлем” пайда болады» – деп қорытынды жасаған.
К.Поппер әрбір ғылыми білімнің болжамдық сипатын белгілейтін фаллибилизм
принципі алға қойды.

10. НЕОПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: Б. РАССЕЛ, Л.ВИТГЕНШТЕЙН, К.ПОППЕР ФИЛОСОФИЯСЫ Австриялық философ ЛЮДВИГ ВИТГЕНШТЕЙН (1898-1951 жж.) өзінің “Философиялық

Слайд 3610. НЕОПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: Б. РАССЕЛ, Л.ВИТГЕНШТЕЙН, К.ПОППЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Болмыстың қарапайым бірліктерін

«атомарлық» фактілердің нақты бейнесі ретінде, ал тілдің формальдық құрылымын әлемге

теңбе-тең суреттер көрінісіндей қарастырған Рассел мен Витгенштейн ақиқат әлемінің зерттелуін логикалық алғашқы элементтерден құрылған ойды зерттеумен, болмыс туралы ілім (онтология) логикамен алмастырылды.







Егер верификация қағидасын позитивистер дайын білімді талдауға пайдаланса, онда Поппердің бұрмалау қағидасы оның дамуын зерттеуге мүмкіндік беріп, бір гипотезаның басқамен ауысуы есебінде түсіндіріледі. «Жаңа тәжірибелік мәліметтермен кейбір теорияларды жоққа шығару, – деп есептейді ол, – одан бас тартуға алып келеді және осы жаңа деректерді түсіндіру үшін, өз тарапынан жаңа деректермен жоққа шығарылатын жаңа теориялар жасау міндетін қояды. Осындай себептермен ғылым алға басады, прогресті дамиды». Дегенмен, ғылыми білім, Поппердің есебінше, бір ғана гипотезадан тұрмайды. Ғылыми теория, ғылымның дамуымен терістеуге келмейтін, объективтік ақиқат білімді қамтамасыз етеді, жаңа теориялар ғылым мен практиканың шыңдалуында, жетілуінде дәлелденбеген идеяларды жоққа шығара отырып, өзінің мазмұнына ескі теориялардың объективті ақиқаттарын қосып алады.



Неопозитивизмнің өркен жаюы 1950-60 жылдарға келіп, постпозитивизм бағытында
ағылшын философы, әлеуметтанушы КАРЛ ПОППЕРДІҢ (1902-1994 жж.) еңбектерінде
өріс тапты. Поппер бұрмалау қағидасы фальсификацияны (латынша falsus – жалған,
fakio – жасау деген сөздер) позитивистік верификация қағидасына қарсы бағытта.
Оның ойынша, ғылыми теория барлық дерекпен бірдей келісе бермейді, сондықтан
өзімен бір пікірге келмейтін жекелеген деректерді жоюы керек. Теория деректері
неғұрлым көп жоққа шығарылса, соғұрлым ғылыми болады.

10. НЕОПОЗИТИВИЗМ БАҒЫТЫ: Б. РАССЕЛ, Л.ВИТГЕНШТЕЙН, К.ПОППЕР ФИЛОСОФИЯСЫБолмыстың қарапайым бірліктерін «атомарлық» фактілердің нақты бейнесі ретінде, ал тілдің

Слайд 3711. ПРАГМАТИЗМ БАҒЫТЫ: ЧАРЛЬЗ ПИРС ФИЛОСОФИЯСЫ, ДЖОН ДЬЮИ ИНСТРУМЕНТАЛИЗМІ
ПРАГМАТИЗМ (грекше

рragma – іс, әрекет, қимыл деген сөз) – субъективтік философиялық

ағым. Басты міндеті – білімнің маңызын оның практикалық нәтижелері арқылы белгілеу. XIX ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та пайда болды.






«Біз идеяларымызды қалай анық қыламыз» деген мақаласында Пирс «ойымыздағы қандай да бір зат туралы анықтылыққа қол жеткізу үшін, – деп жазады өз қағидасын, – бұл затта қандай практикалық салдарлардың болатынын қарастыруымыз керек. Демек, біз одан қандай сезінуді күте аламыз және өз жағымыздан қандай түрдегі жауапқа (реакция) дайын болуымыз керек. Осы салдарлар туралы түсініктеріміз сол зат туралы анықтап алуымыз керек болатынның бәрі» болады.
Пирстің ойынша, танымның міндеті объективті ақиқат білімге қол жеткізу емес, керісінше, адам әрекетін қиындататын күмәнды жеңу, іс-әрекет үшін ереженің мәні болатын «тұрақты сенімге» көз жеткізуден тұрады.

Бұл бағыттың негізін қалаушы америка философы, математик ЧАРЛЬЗ ПИРС
(1839-1914 жж.) «прагматикалық максима» ұғымы объектісі шығаруы мүмкін,
объектінің толық түсінігі болатын салдар туралы пайымдауын алға тартты.
Максима – адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын
жүріс-тұрыс ережесі.

11. ПРАГМАТИЗМ БАҒЫТЫ: ЧАРЛЬЗ ПИРС ФИЛОСОФИЯСЫ, ДЖОН ДЬЮИ ИНСТРУМЕНТАЛИЗМІПРАГМАТИЗМ (грекше рragma – іс, әрекет, қимыл деген сөз)

Слайд 3811. ПРАГМАТИЗМ БАҒЫТЫ: ЧАРЛЬЗ ПИРС ФИЛОСОФИЯСЫ, ДЖОН ДЬЮИ ИНСТРУМЕНТАЛИЗМІ









Дегенмен,

инструментализмде адам басында болатын келелі жағдайдың объективтік жағдайлардан тәуелсіз, ішкі

сенімсіздік, адамның субъективтік жағдайы екенін ескерту маңызды. Түсінік пен теориялар – танымдық, функциялар атқаратын интеллектінің амал-тәсілдері емес, керісінше, кезіккен жағдайдан шығуға ғана пайдаланылатын «құрал-сайман», «аспап».
Дьюи ақиқатты пайдамен теңестіріп, егер ол жетістікке жетудің «құралы», «аспабы» болса, онда идеяны ақиқат деп есептейді. «Интеллектінің қызметі, – дейді Дьюи, – қоршаған әлемнің объектілерін тануда емес, осы объектілермен пайдалы, ең бір тиімді қатынас орнатуға мүмкіндік беретін жолдарды қарастыру болып табылады».
Прагматизм идеялары ондаған жыл бойына АҚШ-та ең кең таралымын тауып, ғылымға, құқық, саясат, білімге үлкен ықпалын тигізді.

XX ғ. 20-30 жылдарында прагматизмнің негізгі идеялары ДЖОН ДЬЮИДІҢ
(1859-1952 жж.) инструментализмінде өз көрінісін тапты. Пирстің күмәнді жеңу және
сенімге өту туралы идеясын Дьюи «келелі жағдай» (проблематическая ситуация) туралы
ілімінде дамытты. Бұл – адам басында болатын және ойлау арқылы жеңіп шығатын
анықталмаған, қиындатылған жағдай. Ойдың негізгі және жалғыз міндеті
анықталмаған (проблематический) жағдайды анықталғанға айналдыру.
Бұл мақсатқа жету үшін, осы жағдайда ең пайдалы болатын инструмент,
құралдың – түйсік, идея, теориялардың пайдаланылуы.

11. ПРАГМАТИЗМ БАҒЫТЫ: ЧАРЛЬЗ ПИРС ФИЛОСОФИЯСЫ, ДЖОН ДЬЮИ ИНСТРУМЕНТАЛИЗМІ Дегенмен, инструментализмде адам басында болатын келелі жағдайдың объективтік

Слайд 39СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)
19-20 ғғ. Батыс Еуропа философиясы туралы

түпнұсқаларға жазбаша және ауызша анализ жасаңыз.
1- мәтін
«Әр мүлік,

зат секілді, еркі бар, ал құбылыс-материя». «Бүкіл әлем бейнесінде объекті – ерік қана бар».
«Әр шектеу бақытқа болжайды. Өмірге деген көзқарасымыз, іс-әрекетіміз шектеулі болса, біз соғұрлым қиналамыз, қорқамыз. Өйткені, сонымен бірге қиыншылықта көбеие түседі. Өмірде бақыт бар ма? Жоқ. Егер адамның алдына қоятын мақсаты орындалмаса, адам бақытсыз. Ал егер жетісткке жетсе, адам баласы мақсаттанады. Сұраққа тіреледі, әрі қарай не болмақ? Сіздер қалай ойлайсындар, осы көзқарастарға ертеүнділер философиянвң арасындағы байланысы бар ма? Не зат мені қорлайды, сол мені күшті қылады. Адамдар ағаштар секілді сол күйді кешеді. Неғұрлым ол биіктікке, сәулеге ұмтылса, соғырлым тамыры терендікке бойлайды, қаранғылыққа, зұлымдылыққа барады. Егерде сен қаранғылыққа қарасаң, соғұрлым қаранғылық саған қарайды». (А. Шопенгауэр).
«Ешқандай адамның табиғаты жоқ, адам баласы жәй ғана тіршілік етеді. Адам – тіршілік етушінің біреуі, алдына мақсат қойып өмір сүреді. Адам біріншіден тұлға, қиындық көретін. Біріншіден эксизтенциализм әр адамға тіршілік етуге жауапкершілік арттырады. «Біздің жауапкершілігіміз біз ойлағаннанда өте көп және әр адамзатқа тез арада тарайды». (Ж.-П.Сартр. «Экзистенциализм  ол гуманизм»).
«Адам әрқашан тарихының шектелуімен, болашақта шектеулі болатындықтан, өзінің позитивизміндегі айқындалатын». (М. Фуко).


СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)19-20 ғғ. Батыс Еуропа философиясы туралы түпнұсқаларға жазбаша және ауызша анализ жасаңыз. 1-

Слайд 40СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)
2-мәтін А. Камю. Сизиф туралы

аңыз
Бұл әлем мағынадан айырылған және оны түсінген бостандығын алады...


Құдайлар Сизифті таудың шыңына өте зор тасты көтеріп шығару жазасына кесті, бұл заңғар тас ол шыңнан үнемі қайтадан төменге құлдилайтын. Пайдасыз және үмітсіз еңбектен артық жексұрын жаза жоқ деуге олардың негіздемелері бар еді.
Гомерге сенсек, Сизиф ажалдылардың арасындағы ең данасы және қырағысы еді. Шындығын айсақ, басқа бір дерек бойынша, ол қарақшылықпен айналысқан. Мен бұл жерден қайшылық көріп тұрғаным жоқ. Оның қалайша тамұқтың мәңгілік еңбеккері болғаны туралы әртүрлі пікірлер бар. Оны ең әуелі құдайларға жеңіл қарады деп сөкті. Ол олардың құпияларын жария етіп отырды…
Осының өзінен-ақ Сизифтің абсурд кейіпкер екені түсінікті. Ол өзінің құмарлықтарында да, азаптарында да осындай. Оның құдайларға, өлімге деген жеккөрініштілігі және өмір сүргісі келгендігі оған адам айтқысыз азаптар әкелді – ол күшін мақсатсыз, босқа жұмсауға мәжбүр. Жер бетіндегі құмарлықтардың бағасы осындай… Сизиф тастың қас-қағым сәтте таудың етегіне домалап кеткеніне қарап тұр, оны қайтадан шыңға көтеруге тура келеді. Ол төмен түсе бастайды…
Бұл аңыз трагикалық, қайғылы, себебі оның кейіпкері санаға ие. Егер де оны қадам басқан сайын табысқа деген үміт демеп отырса, жаза туралы қандай әңгіме болар еді? Қазіргі жұмысшы өмір бойы солай өмір сүреді, оның өмірінің трагедиясы бұдан кем емес. Бірақ, оның өзі оған сана қайта оралатын аз сәттерде ғана трагикалықты сезінеді. Құдайлардың пролетариі, әлсіз және бүлік көтеруші Сизиф өзінің қайғылы жазмышының шексіздігін біледі; ол төмен түсіп келе жатқанда осы туралы ойлайды. Оның азабы болуы тиіс көру айқындығы оның жеңісіне айналады. Жеккөру жеңбейтін тағдыр жоқ.
Төмен түсу кейде азаптарға толы, бірақ ол қуанышты күйде өтуі де мүмкін. Бұл сөз орынды. Мен өзінің тасына түсіп келе жатқан Сизифті тағы да көз алдыма елестетемін.
СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)2-мәтін  А. Камю. Сизиф туралы аңыз Бұл әлем мағынадан айырылған және оны

Слайд 41СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)
Басында азаптар болды. Ес жердегі бейнелерге

тола бастағанда, бақытты қатты қалағанда, адамның жүрегіне қайғы ұялайтын кездер

болады: бұл тастың жеңісі, бұл тастың өзі. Қайғы шегудің өлшеусіз жүгін көтеру тым ауыр…
Абсурдты ашқан адамның алдында ылғи да бақыт оқулығы сиқты бірдеңені жазуға қызығу пайда болады. «Қалайша, соншама тар жолмен жүре отырып?..» Бірақ, дүние жалғыз ғана, бақыт пен абсурд бір ғана жердің туындылары болып табылады. Олар ажырамас…
Сизифтің тыныш қуанышының бәрі осында. Оның тағдыры өзінің қолында. Тас оның игілігі. Абсурд адам дәл осылай, өзінің азаптарына қарай отырып, идолдарды үндерін сөндіруге мәжбүр етеді. Аяқ астынан тып-тыныш болған ғаламда жерден көтерілген мыңдаған нәзік шаттанған дауыстардың сыбыры естіледі. Бұл дүниенің барлық бейнелерінің бейсаналы, құпия дауысы – жеңістің ішкі жағы мен бағасы осындай. Көлеңкесіз күн жоқ, түнді танып-білу де қажет. Абсурд адам «иә» дейді де, оның тырысуларының ендігі жерде шегі жоқ. Жеке тағдыр болса да, бұл жоғарыдан алдын-ала анықталып қойған нәрсе емес, себебі, ең құрығанда, алдын-ала анықтау ол туралы адамның өзі қандай пікір айтады, соған тіреледі: ол жазмышты және жеккөруге лайықты. Қалғанында ол өзін өз күндерінің билеушісі ретінде сезінеді. Адамның қайырылып, өткен өміріне көз салған қас-қағым сәтінде, Сизиф тасқа қайта оралып, іс-әрекеттердің өзінің тағдырына айналған жүйесіз ретін көреді. Оны Сизифтің өзі жасады, өзінің жады арқылы тұтасқа біріктірді және өліммен бекітті. Адами нәрсенің бәрінің адамнан туындағанына сенімді, көргісі келетін және түннің ақыры жоғын білетін соқыр сапарын жалғастыра береді. Тас тағы да домалап кетеді.
Мен Сизифті таудың шыңында қалдырамын! Жүк қашан да табылады. Бірақ, Сизиф құдайларды терістейтін және тастарды қозғайтын жоғарғы адалдыққа үйретеді. Ол да бәрі жақсы деп есептейді. Ендігі жерде билеушісінен айрылған бұл ғалам оған құнарсыз да, бейшара да болып көрінбейді. Тастың әрбір түйірі, түн ортасындағы таудағы қазбаның әрбір сәулесі ол үшін тұтас дүниені құрайды. Шың үшін күрестің бір өзі адамның жүрегін толтыруға жеткілікті. Біз Сизифті бақытты деп елестетуіміз керек.
Камю А. Миф о Сизифе //Сумерки богов. – М.:Политиздат, 1990, 305-308 б.
СӨЖ бен СОӨЖ-ге тапсырма (түпнұсқалар)Басында азаптар болды. Ес жердегі бейнелерге тола бастағанда, бақытты қатты қалағанда, адамның жүрегіне

Слайд 42 ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі:
1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу

құралы. - Алматы: Нұр-Принт, 2013. - 201 б.
2. Абдирайымова Г.С.

Жастар социологиясы. 2-басылым.- Алматы: Қазақ университеті, 2012.-224 б.
3. Садырова М.С. Әлеуметтану: өзекті мәселелер.-Алматы: Эверо, 2011.-284 б.
4. Абдикерова Г.О. Әлеуметтану.-Алматы: Қазақ университеті, 2011.-192 б.
5. Биекенов Б.У., Садырова М.С. Әлеуметтану. Ұғымдар мен баламалар.- Алматы: Эверо, 2011.-400 б.
6. Әженов М.С., Садырова М.С., Омарова А. Білім социологиясы. Оқулық. - Алматы: Эверо, 2011.-124 б.
7. Сәрсенова Ж.Н. Әлеуметтану. Кредиттік технология оқу процесінде пайдалану үшін дайындалған оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт, 2010.-238 б.
8. Абсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: Оқу құралы.- Алматы: Қарасай баспасы, 2010.-384 б.
9. Жаназарова З.Ж. Отбасы социологиясы: оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2010.-240 б.



ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі:	1. Сәрсенова, Ж. Н. Әлеуметтану: ЖОО студ. арналған оқу құралы. - Алматы: Нұр-Принт, 2013.

Слайд 43ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Қосымша әдебиеттер:
1. Акбаева Л.Н. Социология: Учебное пособие.- Алматы: КазГАСА,

2015.-242 с.
2. Габдуллина К.Г. и другие. Социология. Учебник для студентов

высших технических учебных заведений. – Алматы: Санат, 2007.
3. Әлеуметтану. 2-кітап/ Жалпы ред. М.М.Тажин.-Алматы, 2005.-268 б.
4. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2004.-640 б.
5. Дакенов Н. Абсаттаров Р.Б. Социология. – Алматы: Гылым, 2004.

Электрондық басылымдар:
1. Ақбаева Л.Н. Әлеуметтану: Электрондық оқулық. – Алматы: ҚазБСҚА, 2012-144 б.
2. Акбаева Л.Н. Социология: Электронный учебник, Алматы: КазГАСА, 2010.-161 с.
3. Интернет ресурстары: www.sociology.ru

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕРҚосымша әдебиеттер:1. Акбаева Л.Н. Социология: Учебное пособие.- Алматы: КазГАСА, 2015.-242 с.2. Габдуллина К.Г. и другие. Социология.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика