Разделы презентаций


Презентация А?ылшын тіліндегі ойын элементері

Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты білім ордасының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Ағылшын тілі сабағындағы ойын элементтері
№12 «Ертегі» балабақшасы КМҚК
Ағылшын тілі

пәні мұғалімі:
Мурзамуратова Гульнара Кошековна

Ағылшын тілі сабағындағы ойын элементтері№12 «Ертегі» балабақшасы КМҚК Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Мурзамуратова Гульнара Кошековна

Слайд 2Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты білім ордасының ең

жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол

жеткізуіміз керек делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту,шет тілін меңгертудегі басты мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны белгілі.

Елбасы жолдауында кез – келген орта санатты білім ордасының ең жоғарғы деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай

Слайд 3Кезінде Абай атамыз қазақ халқын орыс тілін оқуға шақырған болатын,

әрине ол орыс тілі мен орыс мәдениеті арқылы ұлтымыздың әлемдік

өркениеттің жемісіне ие болатынын түсінгендіктен айтқан еді. Дәл солай болды да. ХХІ ғасырда біздің алдымызда жаңа міндеттер туындады: өз түп-тамырымызды, ана тіліміз бен мәдениетімізді сақтай отырып, біздің технологиялық және гуманитарлық серпінді әлемдік процестерді де игеруіміз қажеттілігі туды. Бұған халықаралық тіл – ағылшын тілі арқылы жете аламыз.
Кезінде Абай атамыз қазақ халқын орыс тілін оқуға шақырған болатын, әрине ол орыс тілі мен орыс мәдениеті

Слайд 4Ағылшын тілі пәні мұғалімі:
Мырзамуратова Гүлнар Көшекқызы
Ағылшынша сөйлесем,
Әлемнің тілін

тапқаным.
Орысшалап сөйлесем,
Татулық дәмін татқаным.
Қазақшалап сөйлесем,
Ұлтымның шамын жаққаным
Гүлнәр Көшекқызымын
Тіл өнері –

баққаным.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Мырзамуратова Гүлнар КөшекқызыАғылшынша сөйлесем, Әлемнің тілін тапқаным.Орысшалап сөйлесем,Татулық дәмін татқаным.Қазақшалап сөйлесем,Ұлтымның шамын жаққанымГүлнәр

Слайд 5Әдіскер-тәрбиеші Дюсекеева Сания Алтаевна тіл дамыту сабағында.

Әдіскер-тәрбиеші Дюсекеева Сания Алтаевна тіл дамыту сабағында.

Слайд 6Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып,

балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін сабақ көбіне сөйлеу

қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізіледі. Ойын -тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі, бірақ мектепке дейінгі жаста ол өте пайдалы. Бұл жаста ойын жоғары буынға жақындау және зерттеу жолы болып есептеледі.
Балалармен жұмыс тәжірибесінде шет тілін оқытуға бағытталған әртүрлі ойындар кеңінен қолданылады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындар, лингвистикалық ойындардың әртүрлі нұсқалары. Сабақтар ойын атмосферасының басынан бастап аяғына дейін сақталып қалуына бағытталып құралады.
Сабақты мұғалім ойын барысында ережені ұстанып, балаларды ойынға көбірек тартып, шығармашылық қабілетін танытса, соншалықты сабақ сәтті өтеді. Балалардың ойын әрекетінің әсерінен жауапкершілік және байсалдылық қасиетінен айырылып қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Бала ойдан шығарылған әлемді кәдімгі өмірдегі болмыстан өте жақсы ажырата алады және де ойын барысында үйренгенін нақты әрекет жасау кезінде байқатады.

Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін

Слайд 7Ағылшын тілі пәні сабағында сергіту сәтінде
пайдаланатын ұлттық ойындар
этнопедагогика элементінің

бір құрамы

Ағылшын тілі пәні сабағында сергіту сәтінде пайдаланатын ұлттық ойындарэтнопедагогика элементінің бір құрамы

Слайд 8Халықтық ойындар арқылы ағылшын тілін оқытуда балаларды ағылшын тілінде сөйлейтін

халықтардың мәдени құндылықтарына, сөйлеу мәдениетінің дамуына тарту жүзеге асырылады. Бұл

ағылшын тілін жетік меңгеруге үлкен септігін тигізеді.
Балалар диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін қалыптасгыруға зор мүмкіндіктер алады. Халықтық ойындарға халықтың өзі әрқашан тақпақтар мен ертегілерді енгізіп отырған.

Халықтық ойындар арқылы ағылшын тілін оқытуда балаларды ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың мәдени құндылықтарына, сөйлеу мәдениетінің дамуына тарту

Слайд 9Мәселен, ересек топтарда ағылшынша «The family» тақырыбы (жанұя) былайша өрбиді

(бес саусақ арқылы): This is our father (бас бармақ). This is our

mother (балаң үйрек). This is our brother-tall (ортан терек). This is our sister (шылдыр шүмек). This is our baby (кішкентай бөбек). The smallest of all.
Мәселен, ересек топтарда ағылшынша «The family» тақырыбы (жанұя) былайша өрбиді (бес саусақ арқылы): This is our father

Слайд 10Ойын нақты және мектепке дейінгі баланың дамуына сай келеді.

Ойын нақты және мектепке дейінгі баланың дамуына  сай келеді.

Слайд 11Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілі сабағында жалпы тақырыппен байланыстыру мақсатты

болып есептеледі. Мысалы, балалар Винни-Пухтың туған күніне келеді және сабақтың

соңына дейін сол туған күн иесімен ойнайды немесе кішкене тышқан Джерриге көмектесу үшін бірнеше тапсырмалар жасайды. Осындай жолмен тіл оқьггу мақсаты 5-6 жасар баланың өмір сүретін әлемімен байланысып сай келіп тұрады. Бұл таза қызығушылық, жаңаны білу және өзінің қатарлас достарымен ойнауға деген құштарлық сезімге толы ертегі, қызықты әңгімелер мен өлеңдердің әлемі. Егерде тақырыптық бірлік бірнеше сабаққа созылса, балалардың әрекетін міндетті түрде түрлендіру керек, жиірек жұмыстың түрін өзгерту қажет, оларды динамикалық паузалармен, қозғалыс элементтері бар ойындармен көңілін аулау керек, өйткені балалар бірсарынды сабақтардан шаршап кетуі мүмкін. Бірақ соның өзінде мұғалім сабақтың әр элементі оның міндеттерін орындау қажет болуын, қозғалыс немесе ойын негізгі мақсатқа айналмауын қадағалауы тиіс.
Ойын құрылымының схемасы дәстүрлі болып келеді. Сабақ негізінен 3 бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі бөлімі, қорытынды. Сонымен қатар, барлық білім берудің мәселелері сәйкес ойын түрлерін және ойын жаттығулары таңдаумен, белгілі бір жүктемелердің алмасуы мен тиімді бөлінуімен шешіледі.
Ойынды анықтайтын басты факторлар - қызығушылық, ал қанағат пен қуаныш сезімі сабақ барысын жеңілдетеді. Ойын нақты және мектепке дейінгі баланың дамуына сай келеді. Жоғары топта ойын . сабақтың 80%-ы ағылшын тілінде өтуі тиіс, ал дайындық тобында 50%-дан көп болмауы керек.
Ойындар негізінен әртүрлі мақсаттармен қолданылады: кіріспе бөлімінде және сөздік қор мен шет тілінің модельдерін бекіткенде; сөйлеу қабілетін қалыптастырғанда; шет тілінде еркін қарым-қатынас жасау формасы ретінде. Сабақ барысында ойынды қиындата отырып, міндетті түрде балаларға жетімді болуын қадағалау керек.

Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілі сабағында жалпы тақырыппен байланыстыру мақсатты болып есептеледі. Мысалы, балалар Винни-Пухтың туған күніне

Слайд 12 
Шетел тілін мекгептке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып, балалар

балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптасгыруға

мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін балабақшада оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. Ойындар жаңа тақырыптарды өткенде, сөздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сөз тіркесгерін пысықтыруға арналған жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. Тандап алынған ойындар шәкірттердің сөз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар қүрып алуы қажет. Ол жоспар, әдісгемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;
Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;
Ойын ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;
Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;

 Шетел тілін мекгептке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып, балалар балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне

Слайд 13Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика