Разделы презентаций


Сезім м?шелері. К?з - к?ру м?шесі

Мақсаты: Сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің қоршаған ортаны танып-білудегі орны, маңызымен таныстыру. 2. Көру гигиенасы, көз жаттығуларын жасау, көзді сақтай білуді үйрету. 3. Тазалыққа, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі

Сезім мүшелері. Көз - көру мүшесі

Слайд 2Мақсаты: Сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің қоршаған ортаны танып-білудегі

орны, маңызымен таныстыру. 2. Көру гигиенасы, көз жаттығуларын жасау, көзді сақтай

білуді үйрету. 3. Тазалыққа, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: Сезім мүшелері туралы түсінік беру. Көздің қоршаған ортаны танып-білудегі орны, маңызымен таныстыру. 2. Көру гигиенасы, көз

Слайд 3Біз көреміз, естиміз, әртүрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты

сезе аламыз. Осы бір ғажайып қабілеттер бізге бес сезім мүшесі арқылы беріледі. Олар:
Біз көреміз, естиміз, әртүрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты

Слайд 4 Осы бес сезім мүшесі арқылы біз өзімізді, қоршаған әлемді танып

білеміз. Оқушылардың ойын дамыту Көз-қандай мүше? Көз –көру мүшесі. Ендеше, бүгінгі біздің

жаңа тақырыбымыз: « Сезім мүшелері. Көз –көру мүшесі». Көз-көру мүшесі, адамның негізгі көмекшісі. Ол айналадағы заттың барлығын көруге, түрін, түсін, пішінін ажырата білуге көмектеседі. Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ, оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз. Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан. Ол көзге жарық өтетін терезеше тәрізді. Жарық көз бұршағы арқылы өтіп, бейне көздің торлы қабықшасына түседі. Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді. Содан барып, біз бейнені көреміз. Көзді шаршаудан, зақымданудан сақтау керек.
Осы бес сезім мүшесі арқылы біз өзімізді, қоршаған әлемді танып

Слайд 5Көздің құрылысы
Алыстан және жақыннан көргіштік[
Адамның тіршілігі сыртқы ортамен тығыз байланысты.

Қоршаған ортада болып жатқан ақпараттар ағынын жүйкелер сезімтал ұштары (рецепторлар)

арқылы қабылдайды.
Тітіркендіргіш (түршіктіргіш, қоздырғыш) әр түрлі заттардың (ине, ыстық, суық, қатты дыбыс және т. б.) денеге (ағзаға) әсері. Рецептор сезім мүшелерінің (анализаторлардың) шеткі бөлімдері, ол сыртқы және ішкі деп 2-ге бөлінеді. Сыртқы рецептор (жүйке ұштары) терінің үстіңгі (беткі) қабатында болады, тітіркендіргіштерді сыртқы ортадан қабылдайды. Мысалы, қолдағы теріге инемен әсер етсе, адам дереу қолын тартып алады. Ішкі рецепторлар ағзаның ішінде, ішкі мүшелерде (жүрек, ішек-қарын, қантамырлары және т.б.) болатын құбылыстарды хабарлайды.
Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығын физиолог ғалым И.П.Павлов анализатор деп атады. Сезім мүшелерін кейде сенсорлық жүйе деп те атайды (латынша - сезу, түйсіну).

Көздің құрылысыАлыстан және жақыннан көргіштік[Адамның тіршілігі сыртқы ортамен тығыз байланысты. Қоршаған ортада болып жатқан ақпараттар ағынын жүйкелер

Слайд 7Көздің құрылысы
Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпа-раттпрдың 80-90%-дан астамын

көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз

алмасы 3 түрлі қабықтан тұратын шар тәрізді мүше.
Сыртқы қабығы - қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық. Бұл қабық көз алмасының алдыңғы және артқы бөліктерін қаптап тұрады. Ақ қабықтың алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабыққа айналады. Ақ қабық көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабығы - қантамырларына бай тамырлы қабық. Бұл қабықта қантамырлары көп болғандықтан, көзді коректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықтың алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабыққа айналған. Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік - қарашық деп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді. Жарық мол түссе, қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықта болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.
Мөлдір қабық пен нұрлы қабық арасында көздің алдыңғы. қуысы орналасқан. Нұрлы қабық пен көз бұршағының арасында көздің артқы қуысы бар. Көз қуыстарындағы сұйықтық көздің ішкі қысымын реттейді.
Нұрлы қабық пигментке (бояғыш зат) бай. Пигменті аздау көз - көк немесе боз түсті. Қара көз бен қой көзде (коңырқай) пигменттер жеткілікті болады. Пигментсіз болса, қызыл, тағы басқадай түсті болады. Қара пигментті жасушалар жарық сәулесін жақсы сіңіреді.
Қарашықтың артқы жағында пішіні екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене - көз бұршағы (хрусталик) жатады. Ол күн сәулесін торлы қабыққа шоғырландырады (жинайды). Көз алмасының ішін мөлдір шыны тәрізді іркілдек дене толтырып тұрады.
Көздің ішкі қабығы - торлы қабықтың құрылысы күрделірек. Көз алмасының түп жағында шар тәрізді ақ дақ (соқыр дақ), оның жанында сары дақ болады. Торлы қабықта жарықты сезетін жасушалар өте тығыз орналасқан. Бұл жасушалардың пішіндері таяқша, колба тәрізді (химиялық ыдыс) болып келеді. Сары дақ колба тәрізді жасушалардың жиынтығынан түзілген, жарықты жақсы сезеді. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар болмайды, жарық сәулесін қабылдамайды. Сондықтан оны соқыр дақ дейді, соқыр дақ - көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері.
Таяқша тәрізді жасушалар арқылы адам түнде, ымырт жабылған кезде жақсы көреді. Колба тәрізді жасушалар тек жарық жақсы түскенде ғана тітіркеніп, заттың түсін ажыратады. Жарық сәулесімен тітіркендіргенде жасушаларда козу пайда болады. Қозу көру жүйкесі арқылы ми қыртысының шүйде бөлігіндегі көру орталығына беріледі. Сонымен, көз алмасы - ақ қабық, тамырлы қабық және торлы қабықтан тұрады.
Көздің қосымша (қорғаныш) мүшелеріне - қабақ, кірпік, көз алмасын козғалтатын бұлшықеттер, жас бездері, қас жатады. Қабақ пен кірпік - көзді шаң-тозаңнан, жарқыраған жарықтан қорғайды. Бұлшықеттер - көз алмасын жоғары, төмен, ішке, сыртқа қарай қозғалтады. Жас бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Жас бездері ұдайы жас бөледі. Жас - көзді ылғалдап, жылытады. Көзге түскен бөгде заттар жаспен бірге сыртқа шығарылады. Жас зиянды микробтарды жояды. Қас - аққан терді көздің ішіне жібермей ұстап, қорғап қалады.
Көздің құрылысыАдам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпа-раттпрдың 80-90%-дан астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша

Слайд 9Көз гигиенасы
Адамның көру қабілеті жасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 10

жаста затты 7 см қашықтықтан жақсы көрсе, 45—50 жаста -

33 см-ден жақсы көреді. Ал 70-те жақын тұрған заттар бұлдырап анық көрінбейді, көзілдіріктің көмегімен, әр түрлі линзалар (ойыс, дөңес) арқылы реттеледі. Бұл жағдай көз бұршағының өз пішінін өзгерте алмай, төмендеуінен болады. Мұндайда алыстан көргіштік қалыптасады. Алыстан көргіштік (қырақтық) көбінесе қарт адамдарда кездеседі. Әсіресе, жастарда (мектеп окушыларында) жақыннан көргіштік жиі кездеседі. Жақыннан көретін адамдарға алыстағы заттар бұлыңғырланып көрінеді, оның қандай зат екенін ажырата алмайды. Жақыннан көргіштік көбінесе жарық аз түскен жерде оку, жатып оқу, көлікте жүріп окудан болады.
Көз ауруларының ішінде көбірек таралған жұкпалы ауруға - көз қарығуы (конъюнктивит) жатады. Бұл кезде көздің сілемейлі қабығы қабынады. Аурудың болуына көбінебактериялар, вирустар және т. б. ағзалар әсер етеді. Кейде гүл тозаңдары, химиялық заттар, дәрі-дәрмектер де әсер етуі мүмкін.
Көз ауруларын емдейтін дәрігерді -офтальмолог (грекше — көз), кейде окулист (латынша — көз) деп атайды.
Көз гигиенасы. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.
Көз гигиенасыАдамның көру қабілеті жасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 10 жаста затты 7 см қашықтықтан жақсы көрсе,

Слайд 11тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі - рецепторлық,
Анализатор
ми қыртысында қозуды талдайтын - орталық бөлігі.
қозуды (тірі

жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін - өткізгіш бөлігі;

тітіркендіруді қабылдайтын шеткі бөлігі - рецепторлық,Анализаторми қыртысында қозуды талдайтын - орталық бөлігі.қозуды (тірі жасушалардың тітіркенуге жауабы) рецептордан орталық жүйке жүйесіне өткізетін -

Слайд 12Вегетативтік жүйке жүйесі

Вегетативтік жүйке жүйесі

Слайд 13Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі (вегетативная, или автономная нервная система); (systemanervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған

бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos — заң) — барлық

ішкі мүшелер жүйелері мүшелерінің (асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелері), тамырлар мүшелері жүйелерінің (қанайналым, лимфаайналым, қан жасау мүшелер жүйелері), сыртқы және ішкі секреция бездерінің, бірыңғай салалы ет ұлпасының қызметтерін реттейтін жүйке жүйесінің бөлімі.
Вегетативтық жүйке жүиесі де, жүйке жүйесінің басқа бөлімдері сияқты нейроциттерден және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) құралған.
Вегетативтік жүйке жүйесі - организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне байланыстысимпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді.
Олар өз кезегінде жүйке орталықтарынан және шеткі бөлімдерден құралады. Вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке орталықтары жұлын мен мида орналасқан: қыртыстық, қыртысасты және өзіндік жүйке орталықтарына бөлінеді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің шеткі бөлімін: преганглионды (ганглионалды) миелинді (үлпекті) жүйке талшықтары,экстрамуральды (қабырғадан тыс) және интрамуральды (қабырғалық) жүйке ганглиондары (түйіндері),постганглионды (ганглионсоңы) миелинсіз (үлпексіз) жүйке талшықтары қүрайды.
Вегетативтік жүйке жүйесінің, жүйке жүйесінің сомалық бөлімінен морфологиялық ерекшелігі - оның шеткі бөлімі орталық жүйке жүйесімен екі нейроцит (өзіндік орталық нейроциттері және шеткі жүйке ганглиондарының нейроциттері) арқылы байланысады. Жүйке ганглиондары нейроциттерінің аксондарының эффекторлы ұштары орындаушы мүшелерде аяқталып, оларды жүйкелендіреді (парасимпатикалық жүйке жүйесінің ұштары ішкі мүшелер қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды және бездерді, ал симпатикалық жүйке жүйесінің ұштары — қан жәнелимфа тамырлары қабырғаларындағы етті қабықтар мен қабаттарды жүйкелендіреді).[1]
Өсімді (вегетативті) жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны ерте кезде автономды (грекше - өз алдына заң) жүйке жүйесі деп те атаған. «Вегетативті» деген сөз латынша - өсу, қаулап өсу дегенді білдіреді. Ол ағзаның өсуіне қоректенуіне қатысты, жүйке жүйесінің белсенді қозуына қатысты және жыныссыз көбеюді сипаттайды.Сондықтан қазақша «өсімді» деген термин қалыптасқан. Өсімді жүйке жүйесі ішкі мүшелердің қызметінің бірімен-бірінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Ағзадағы зат алмасуды, ішкі ортаның тұрақтылығын реттеп отырады. Ағзадағы түрлі бездердің, қантамырларының және лимфа тамырларының қызметтері де өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Сонымен бірге өсімді жүйке жүйесі қаңқа бұлшықеттерінің қызметін реттеуге де қатысады. Өсімді жүйке жүйесінде рефлекстік доға үш нейрондық (сезгіш, байланыстырғыш, қозғалтқыш) байланыстан тұрады. Өсімді жүйке жүйесінде қозу баяу жүреді, өйткені оның жүйке талшықтарында майлы қабығы болмайды. Өсімді жүйке жүйесінің қызметін ми қыртысының маңдай бөлігі реттеп отырады. Өсімді жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық деп 2 бөлікке бөлінеді. Симпатикалық (грекше - сезгіш, қабылдағыш), парасимпатикалық (грекше - жанында, қасында).
Вегетативтік немесе автономдық жүйке жүйесі (вегетативная, или автономная нервная система); (systemanervosum autonomicum; грек, systema — жүйе, бөліктерден құралған бүтін; лат. nervus — жүйке; грек, autos — өзім, өздігінен; nomos —

Слайд 14Тітіркену, тітіркендіру – тірі тіндерге (ұлпаларға) әр түрлі тітіргендіргіштермен әсер

ету. Тітіркену негізінде тітіркенгіштік қасиет жатады. Соның нәтижесінде клеткалар мен ұлпалардың өсу

және көбею, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайларына баяу морфологиялық бейімделу процесі жүреді. Тітіркенудің сипаты мен тірі тіндердің (ұлпалардың) арасында тығыз байланыс болады. Осыған байланысты тітіркенудің үш заңдылығы бейнеленеді.
Күш заңы – тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым белгілі бір шекке дейін тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Тітіркендіргіштің қозу процесін тудыратын ең аз күшін тітіркену табалдырығы деп атайды. Бұл күш тіннің (ұлпаның) қозғыштығына байланысты. Ол қозғыштық неғұрлым жоғары болса, оны қоздыру үшін тітіркендіргіштің аз ғана күші жеткілікті.
Мерзім күші – тітіркендіргіш мерзімінің әсері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Қозу процесі пайда болу үшін тітіргендіргіш әсері белгілі бір мерзімге созылуы керек. Тітіркену табалдырығының әсерімен қозу процесінің пайда болуы үшін қажет уақыттың ең аз шамасын тиімді мерзім деп атайды. Тітіркендіргіш күші мен оның әсер мерзімі арасында белгілі бір тәуелділік болады.
Градиент заңы – тітіркендіру градиенті неғұрлым күрт, шапшаң болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тірі тін (ұлпа) реакциясы күшті болады. Бұл үшін тітіркендіргіш күшінің өсу шапшаңдығы – градиенттің маңызы зор. Тітіркендіру градиенті баяуласа, қозғыштық табалдырығы жоғарылайды. Тітіркендіргіш күші баяу өссе, қозу процесі туындамай да қалады.
Тітіркену, тітіркендіру – тірі тіндерге (ұлпаларға) әр түрлі тітіргендіргіштермен әсер ету. Тітіркену негізінде тітіркенгіштік қасиет жатады. Соның нәтижесінде клеткалар

Слайд 15
Назарларыңызға
Рахмет!!!

Назарларыңызға Рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика