Еділ тобығынан келмейді
Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
жауды күйрете алмайсың
Ерлік –
елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті
Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың,
өлтірмесең - өлімге тұтылдың
Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға,
олжа – елдікі, оған тимегін
Қырағының өзі де, көзі де батыр
Ерлік елеусіз қалмасын
Именіп жүріп көрген игіліктен
қарсыласып жүріп көрген бейнет артық
Арпалысып жүріп алған абырой –
өмірдің ең шырын рақаты
Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта
Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі
Екі сырттан қанға батып таласса,
қарақұсқа жем болады
Қой бастаған арыстан тобынан
арыстан бастаған қой тобы артық
Командир – аға, солдат – іні
Айқаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен алғын
Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі
Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді
Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі
Ту сыртынан тиген дұшпанды торға түсір,
өршеленген жаудың үнін өшір
Сабырлылық алдында дұшпан сасады,
сабырсыздан береке қашады
Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында
Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді
Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.
Қорқақ қаққа шөгіп өледі
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
Әдіссіздік - әлсіздік,
Ептілік те – ерлік.
Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер...
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп өлген артық.
АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗДЕР