Слайд 1 Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
Біз балдырған баламыз,
Құстай
қанат қағамыз.
Дүниені аралап
Оқып, білім аламыз.
1. Балалармен амандасу
2. Түгелдеу
3.
Психологиялық дайындық.
Слайд 2ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Ұлдар мен қыздар.
- Балалар біздің сыныпта
неше ұл бала бар?
-Ал қыз балалар қанша?
-Ендеше біздің сыныпта ұл
бала көппе,қыз бала көппе?
-Мен ұлмын сондықтан - өжет,күшті,төзімді,еңбекқор,көңілді.
-Мен қызбын сондықтан- нәзік,көңілді,еңбекқор,әділ,әдемі.
-Ендеше балалар қыздарда күш көп болама?
-Ұл балаларда күш көп болама?
-Күшіміз көп болу үшін не істеуміз керек?
-Күш көп болу үшін сен не істер едің?
-Ендеше балалар күшіміз көп болу үшін біздер жақсы
тамақтанумыз керек?
Слайд 3ІІІ.Сабақтың тақырыбы: “Тамақтану мәдениеті”
Слайд 4Сабақтың мақсаты:
Балаларға дұрыс тамақтану үшін,тамақтанудың
гигиеналық ережелерін сақтау жолдарын түсіндіру.
Оқушыларды тамақ түрлерінің құндылығымен
таныстыру.
Олардың адам ағзасына пайдасы мен зиянын белгілеу.
Білімділік: Оқушылардың білім білік дағды жүйесін қаруландыру.
Дамытушылығы : Балалардың өз бетінше ойлау қабілетін,сөздік қорын,тіл
байлығын ,белсенділігін,пәнге қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелілік: Балаларды еңбекті сүюге,табиғатты қорғауға,
инабаттылыққа,мәдениеттілікке,бейімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Оқулық,жемістер,презентация.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: Сұрақ – жауап,бағалау,мадақтау,ойын ойнату.
Слайд 9 Жұмбақ
1. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады
2. Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл
түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні
Слайд 103. Аласа талда алуан алма
Алқызыл болмай аузыңа салма
4. Сопақша көк
өңі бар,
Пайдалы мөлдір сөлі бар.
Піскен кезде жияр,
Оны аты ...
Слайд 114. Сырты сары
Іші дәрі
5. Атасы қисық ағаш
Анасы жайма шелпек,
Бір сабақта
құж құж тентек.
Слайд 125. Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
6. Сырты қызылсары домалақ,
Көрген
жан қызығады,
Іші ай сияқты дөңгелек,
Бұны кім табады?
Слайд 13ІV.Қорытындылау:
Ойын «Дәміне қарай таны»
Балалардың көзін байлап көкөніс пен жемісті жегізіп
оның дәмін ажыратады.Жеген жемісі мен көкөнісіне қысқаша мағлұмат береді.
Балалар біздер
бүгінгі сабақта не өттік?
Дұрыс тамақтану және ағзамызға пайдалы дәрумендерді білдік.
Тамақтанып отырғанда сөйлемеуіміз керек екенін түсіндік.
Ендеше адамдар қандай тамақтарды көп жеу керек?
Мысалы: алма,алмұрт, апельсин,лимон,пияз,сәбіз т.б. жемістер мен көкөністерді жеуіміз керек.
Тағы қандай тамақтар адамға пайдалы?
Сүт,ет, жеміс,көкөністерді көп жеуіміз керек,олар адам ағзасына өте пайдалы.
Оның құрамында қандай дәрумендер бар?
Көкөністер мен жемістерде А,В,С, дәрумендері бар.
Сүт тағамдарында ВС,СА,СВ,ВА дәрумендері бар.
Слайд 16Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№18орта мектеп мемлекеттік мекемесі.
Бастауыш сынып мұғалімі
Экимбаева Света Экимбаевна.