Слайд 1
Күнде шат, күліп күн
Шаттанамыз бәріміз.
Өміріміз көңілді
Мәңгілік достықпен
Мақтанамыз бәріміз!!!
Слайд 2«Ақылмен ойлап, білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды
қуалар»
Абай
Слайд 4Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың тыйым сөздері !!!
Сабақтың тақырыбы:
Слайд 5Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушылардың тыйым
сөздер туралы түсінігін кеңейту, алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау;
ә) тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу; оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, үлкеннен өнеге ала білуге үйрету;
б) дамытушылық: балалардың сөздік қорын толықтыру, есте сақтау,
ойлау қабілеттерін арттыру;
Слайд 6І-топ: Тыйым сөздер деген не? Оларды кімдерден естиміз?
ІІ-топ: Тыйым сөздердің
негізгі тәрбиелік мәні не?
ІІІ-топ. Тыйым сөздер қолдану аясына қарай қандай
топтарға бөлінеді?
IV-топ: Тыйым сөздердің қолданудың мақсаты неде?
Слайд 7Тәрбиелік мәні
Ырым мен тыйымда
іс-әрекеттің
қыры ашылады.
Ырым мен
тыйымда
пәлсапалық тұжырым
бар.
Ырым мен тыйымның
жақсысын үйреніп,
жаманынан жирену.
Слайд 8
Бүйіріңді таянба.
Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба.
Үйге қарай
жүгірме.
Үйде ысқырма.
Үйдегі жан басын санама.
Есінегенде ауызыңды қолмен
жабу керек.
Аяқ киіміңді кигенде оң аяқтан баста.
Жатарда жаман ойлама.
Ымыртта, бейуақытта ұйықтама.
Суға түкірме.
Түнде өзенге шомылма.
Түнде тырнақ алма.
Ауылға қарай атпен шаппа.
Үйге қарай жүгірме.
Есікті керме.
Жағыңды таянба.
Қолды артқа ұстама.
Тізеңді құшақтама
Тәрбиеге байланысты ырым-тыйымдар
Слайд 9Тәрбиелік мәніне қарай:
І-топ:Тазалық тәрбиесі
ІІ-топ:Эстетикалық тәрбие
ІІІ-топ:Экологиялық тәрбие
IV-топ: Үй-тұрмыстық
тәрбие
Слайд 10Тазалық тәрбиесінде жас ұрпақтың дені таза, тәні сау болып өсуі
үшін жеке бас тазалығын сақтауға арналған тыйым сөздердің орны ерекше.
Олар: аяғыңды жоғары көтерме,
сыпырғышпен ұрма, шалбарыңды
жастанба, дәрет суын аяқ асты
төкпе, сыпырындыны, күлді шашпа,
құдыққа түкірме, саусағыңды сорма,
қолға жұққан суды сілікпе, тамақтың
үстінен аттама, итке ожаумен ас құйма,
шелектегі суға аузыңды батырма,т.б.
Слайд 11Эстетикалық тәрбиеге қатысты адамның сыртқы көрінісінің жарасымдылығы мен жүріп-тұру әдебіне
байланысты бір алуан сөздер бар.
Олар: шашыңды жайма, тақымың-ды көрсетпе,
езуіңді керме, талта-йып отырма, шаш-тырнағыңды өсірме, бөркіңді теріс киме, кінді-гіңді ашпа.
Слайд 12Экологияық тәрбие – қоршаған ортаға қамқорлық, залал тигізбеу, тылсым құдіретін
бағалауға арналған сөздер жатады.
Олар – көкті жұлма, ұяны бұзба,
суға түкірме, ағын суға кір шайма,
малды теппе, аққуды атпа, бұлақты
бітеме, жәндікті өлтірме, суға зәр
сындырма, құмырсқаның илеуін
баспа, қара суды сапырма, бұлақты
былғама, ағашты кеспе,т.б.
Слайд 13 Тыйым сөздердің қолданылуы:
Адамның іс-әрекетіне
Киімге қатысты
Үй тұрмысына қатысты
Қоршаған ортаға байланысты
Төрт түлікке қатысты
Слайд 14
Тыйым сөздер жағымсыз, келеңсіз әрекетті тоқтатуға арналған. Жат пиғылдан, орынсыз
қылықтан, теріс мінезден сақтандыруға бағыттала қолданылған. Адамдардың бойындағы адамгершілік, имандылық
қасиеттерінің өлшеміндей деңгейде пайдаланылған. Бұл тыйым сөздердің мән-мағынасының қаншалықты екенін аңғартса керек…
Слайд 18Топтық тапсырмалар:
Берілген тыйым сөздерге талдау жаса...
І –топ: Ақты төкпе.
Босағаны керме
ІІ-топ: Тізеңді
құшақтама
Аяқ киімді төңкеріп қойма
ІІІ-топ: Шалбарды басыңа жастама
Бас киімді жерге тастама
IV-топ: Аяқ киіміңнің табанына қарама
Бос бесікті тербетпе
Слайд 192 –тапсырма: Тыйым сөздер арқылы берілген өлең жолдарын жалғастыр
І –топ:
Ақты төгіп тастама,....
ІІ-топ: Итке ожаумен ас құйма,....
ІІІ-топ:
Төрт түлікке обал ғой,...
IV-топ: Жеті қазына біреуі,....
Слайд 20Ырымдар мен тыйымдар халық арасында ерте кезден қалыптасып, бүгінгі күнге
дейін жетті.
Халық өзін осы ырымдар мен тыйымдар арқылы тәрбиелеп,
дұрыс бағыт көрсеткен.
Слайд 21Ырым-тыйымдар
сыры
Белгілі тұжырым
жасайды
Жақсылыққа
бастайды
Теріс іс-әрекеттерді
әшкерелейді,
сынайды