Слайд 4Қараөзек.
1929 жылдары Макинка қаласынан алыс емес, солтүстігінде
5-6 шақырым қашықтық жерде Қараөзек деп аталатын ауыл орналасқан.Бұл қоныстың
Қараөзек деп аталу себебі жайылымы малға қолайлы, арнасы кең, жанға жайлы, қоршаған орман тоғайлы үлкен қара өзек болыпты. Ол өзек арнасынан асып-тасыған Қайрақты өзеніне келіп құятын алтын сағасы іспеттес болған екен.Осы өзектің жанында биік өскен шөптердің басы алыстан қарағанда қарайып та көрінген екен. Сол бір өзектің себебінен Қараөзек деп аталса керек.
Қайрақты
Қайрақты.
Және де Қайрақты өзенінің аталуы тегіннен тегін
емес өйткені өзеннің жағасында қара қайрақ тастар Алланың берген еншісіндей өзеннің сәні болып жарасым тауыпты. Ал халықтың тұрғылықты адамдары сол тастарды игілігіне керектеніп бірі диірменнің тасы қылып, бірі пышақ тартпаларды жанитын қайрақ ретінде пайдаланған көрінеді.Сол себепті бұл бір тіршіліктің көзі табиғаттың айнымас ажары болған өзенді «Қайрақты» деп атаған екен.