Слайд 1 Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы
ЖББО мектеп
Дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі .Демографиялық саясат
10 сынып
Абдрахманова К. С.география пәні мұғалімі
Слайд 2 Сабақтың мақсаты
Дүние жүзі халқының саны, оның өзгеру динамикасы, халық
саны бойынша «Алғашқы ондық» елдерін анықтау, салыстыру;
ұдайы өсуін 1,2
типіне жататын елдерді жіктеу; демографиялық саясат түрлерін ажырата білуге үйрету.
Оқушылардың дүние жүзінің халқының саны әр түрлі болу себептерін түсіндіре білуге, ұдайы өсуінің елдердің даму деңгейімен байланыстылығы туралы ой тұжырымдауға дағдылындыру.
Топтық жұмыс, белсенді оқыту, жұптық оқыту және өз беттерімен білім алуға дағдылындару.
Слайд 4
Топ ережесі
Бірлесіп жұмыс жасау
Бірі-біріміздің пікірін тыңдау
Уақытпен санасу
Белсенді қатысу
Ытымақтастық
Тыныштықты сақтау
Слайд 5 Үй тапсырмасын тексеру
БҰҰ – ның мақсаты?
БҰҰ штаб пәтері
ЮНЕСКО
қандай ұйым, штаб пәтері қандай қалада?
ЮНКТАД қандай ұйым, құрылған жылы.
НАТО
қандай ұйым ?
ЕО- тың құрылған жылы мен штаб пәтері
АСЕАН қандай ұйым?
ОПЕК неше ел мүше, қандай ұйым?
ФАО ұйымының мақсаты, мүше елдер менқұрылған жылы.
Слайд 62.Жаңа материалдарды меңгеру кезеңі
Топтарға мәтінді оқып, танысуға тапсырма
беру.
1-топ:Адамзаттың шығу тегі мен Жер шарында таралуы. Халық санағы.
2-топ:Дүниежүзі халқының саны. Демографиялық көрсеткіштер.
3-топ:Халық санының ұдайы өсуі. Демографиялық саясат.
Слайд 7
Біз жер шарында қаншамыз? Бұл сұрақ баршамызды толғандырады?
Ғалымдар біздің ғаламшарымызда 15 мың жыл бұрын, халық саны
3 млн адамнан аспаған деп болжайды.
Слайд 8Жер шарында халық санының өзгеруі
Көп мәселелер туындайды…
2013 жылы –
7095 000 000
Слайд 9Қазір жер шарында қанша халық тұрады?
Слайд 10 Дүниежүзінде халық саны бойынша «Алғашқы ондық елдері»
Қытай, Үндістан, АҚШ,
Индонезия, Бразилия, Пәкістан, Бангладеш,Нигерия, Ресей, Жапония.
Слайд 11Халық санының қарқынды өсуі
XX ғасырдан бастап халық санының қарқынды
өсуі байқалды. Қазір халық саны 80 – 85 млн. адамға
өсті.
Слайд 12 Соңғы 2000 жылда халық саны екі есе көбейеді.
Слайд 13 Дүниежүзі халық санына әсер ететін факторлар:
Табиғи- биологиялық жағдай ;
Әлеуметтік-
экономикалық жағдайлар ;
Денсаулықты сақтау деңгейі;
Соғыстар;
Терроризмдер;
Жол апаттары;
Табиғат апаттары;
Репрессиялар;
Экологиялық
жағдайлар.
Слайд 14 Халықтың табиғи өсімі:
Т өсім = Т(туу) – Ө(өлу).
абсолютті
көрсеткіш
1000 адамға шаққандағы есеппен алынады.
Т
> Ө Тө – қолайлы.
Т < Ө Тө – қолайсыз.
Т = Ө Тө – жоқ.
Слайд 15Халықтың табиғи өсімінің:
Салыстырмалы көрсеткіші 1000 адамға шаққандағы промилле %0 өлшем
бірлігімен есептеледі.
Туу коэффициенті
Өлу коэффициенті
Табиғи өсу коэффициенті
Адамның өмір
жасының орташа ұзақтығы.
Қазақстанда адамның өмір жасының орташа ұзақтығы әйелдер 74 жас, ер адамдар үшін 64 жасты құрайды.
Слайд 16
Демографиялық жарылыс- халық санының күрт өсуі.
Демографиялық дағдарыс- халықтың ұдайы
өсуінің тежелуі
Слайд 17 Халық санының ұдайы өсуі
Халық санының ұдайы өсуі дегеніміз-
адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу
және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығы.
Слайд 18 Халық санының ұдайы өсуінің типтері
Слайд 19Депопуляция немесе демографиялық дағдарыс -
Дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың
әсерінен белгілі бір аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің
тежелуі
Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың күйзеліске, халықтың ашаршылыққа душар болуынан елдегі халықтың 19% - і (яғни 950 мың қазақ) оапт болды. Сонымен қатар, шет елдерге (Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия) 400 мың халық біржола қоныс аударды. Екінші Демографиялық дағдарыс 1931-32 ж басталды. 1932 жылғы ашаршылықтың кесірінен 2 млн 300 мың адам өлді. Осы кезде 900 мың қазақ жан сақтау үшін шет аймаққа көшті. Ал 2 – дүниежүзілік соғыста 600 мыңдай қазақ шығын болды. Сөйтіп үш рет соққан Демографиялық дағдарыстың салдарынан Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерді қоса есептегенде, қазақ халқы 4,5 млн адамға кеміген. Демографтардың топшылауы бойынша, егер мұндай Демографиялық дағдарыс болмаса, қазақ халқының саны бұл күнде 25 млн-ға жеткен болар еді.
Слайд 21Халықтың табиғи өсуі төмен елдердің басты проблемалары:
Халық санының азаюы;
Еңбек ресурстарының жетіспеуі;
Егде адамдардың санының көбеюі;
Көш- қоң миграцияның
көп болуы;
Зейнеткерлікке шығатын жастағы адамдар санының көбеюі;
Слайд 22 Халықтың табиғи өсуі өте жоғары елдердің басты проблемалары::
Халық
санының жедел өсуі;
Балалар санының үлесінің жоғары болуы;
Жұмыссыздық;
Дамыған елдерде жұмыс көздерін іздеу;
Әлеуметтік жағдайлар.( аштық, ауру түрлері, медициналық көмектің жетіспеуі; кедей отбасылар)
Слайд 23Халықтың ұдайы өсуінің типтері әртүрлі дүниежүзі аймақтары
Слайд 24Демографиялық саясат
Демографиялық саясат – елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет
тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізілетін шаралар жиынтығы.
Слайд 25Жоғары дамыған елдердің демографиялық саясаты:
Жас отбасыларға көмек;
Балаларға ай сайын жәрдемақы
төлеу;
Жүктілік демалыстың төленуі;
Көпбалалы отбасылар мен жас отбасыларға тұрғын үйлер бөлінгенде
жеңілдіктер беру;
Балабақшалардың көп болуы;
Некеге тұру жасын өзгерту;
Ажырасқан отбасылардағы ана мен балаға көмек беру;
Түсік жасатуға тиым салу (Германия);
Аналар мен балаларды қолдау;
Слайд 26 Дамушы елдердің демографиялық саясаты:
Қытай: Бір отбасына- бір бала.
Баланың
дүниеге келуіне үкіметтен рұқсат алады.
Некелесу жасы ер адам-22 жас,
әйел адам- 20 жас.
Жастарға оқу кезінде некеге отыруға тиым салынады.
Үндістан: Біздер екеуміз- бізге екеу ғана.
Бірінші балаға жәрдемақы төленеді.
Халықтың денсаулығын сақтауға көп көңіл бөлінеді.
Ерте некеге отыруға тиым салынады.
Слайд 27 Картамен жұмыс
1-топ:
Атластан халық саны бойынша халық саны көп«Алғашқы ондық»
елдер мен халық саны аз елдерді анықтау.
2-топ:
Ұдайы өсудің 1,2,3 типтеріне
жататын елдерді атластан анықтау.
3-топ:
Демографиялық дағдарыс және жарылыс елдерін анықтау мен Венн диаграммасымен түсіндіру .
Слайд 28«Қызықты сандар» қызықты мәліметтер
Жыл сайын дүние жүзінде 140 млн адам
дүниеге келеді
әр секунд сайын 3 адам
әр минут сайын 175 адам
әр
тәулікте 250 мың адам
Демографтардың есептеулері бойынша адамзат тарихында жер шарында 80 млрд астам адам дүниеге келген екен.
Ең көп балалы ана осыдан 200 жыл бұрын Ресейде өмір сүріпті. Ол дүниеге 69 бала әкелген екен.
16 жұп – егіздер
7 рет – 3 егізден
4 рет – 4 егізден туыпты. Соның ішінде бала кезінде 2 ғана баласы қайтыс болды. Қалған 67 баласын ер жеткізген.
Слайд 29
Бекіту, Рефлексия арқылы сабаққа қорытынды жасау.Стикермен ұсыныс ілу.
Бағалау
Әр
топтың топ басшысы критериялар бойынша өз тобының мүшелерін бағалайды,
Үйге
тапсырма беру
20 параграфты оқу. «Тасқала ауданының халқы» туралы эссе жазу;