Слайд 1Тақырып:Желдер
Дүние жүзінде өте көп желдердің түрлері бар.Мысалы:торнодо,Ебі,Қордай,Дауыл,Тау аңғарлық,Сайқан,Шілік,Муссон,Арыстанды-Қарабас,Мұғалжар және тағы
да басқа желдер.соларға тоқталайық.
Слайд 2Жел дегеніміз не?
Жел — ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь
бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.
Слайд 3Тау аңғарлық жел
Тау аңғарлық жел-жазда соғатын,тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын
жел түрі.
Осы жел Жетісу қақпасы мен Іле аңғары сияқты жерлерде
соғады.
Слайд 4Күшті жел
Қазақстанда ең күшті желдер Жетісу қақпасымен соғатын және Каспий
теңізінің шығыс жағалауында соғады.
Олардың орташа жылдамдығы 6-8 м/сек.
Слайд 5Дауыл
Жылдамдығы 15-20 м/сек-тан немесе сағатына 72 км/сағ-тан асатын қатты соққан
желді дауыл деп атайды.
Слайд 6Ебі желі
Ебі желі Жетісу Алатауының оңтүстік-шығысында Қытайда орналасқан Ебінұр көлі
қазаншұңқырында,жоғарғы қысым пайда болғанда соғады.
Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да,Қазақстан
аумағындағы Алакөл көліне қарай соғады.
Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады.
Жетісу қақпасы-ені тар тектоникалық жарық,ені 20 км-ден 40 км болатын,ең тар жері-10 км шамасында.
Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов.
Слайд 7Сайқан желі
Сайқан желі Ебі желіне кері бағытта Жетісу қақпасы арқылы
Орталық Азияға қарай соғып тұратын жел.
Алакөл үстінде жоғарғы қысым орнағанда,антициклон
тұрақтап күшіне енген кезде,Сайқан желі солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай соғады.
Сайқан желінің жылдамдығы 50-60 м-сек.
Сайқан желі жауған қарды ұшыртады,топырақты құрғатады,мал басын шығынға ұшыратады,жол қатынасын қиындатады,балық аулауға зиянын тигізеді.
Слайд 8Шілік желі
Шілік желі Шілік өзені бастау алатын мұздықтар өңіріндегі салқын
ауаның Іле аңғарына қарай ығысуынан пайда болады.
Жел өзен аңғарын бойлап,күндіз
солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа,түнде керісінше бағытта соғады.
Жылдамдығы 8-10 м/сек.
Қарды ұшырады,жол қатынасын қиындатады.
Слайд 9Арыстанды-Қарабас желі
Бұл жел Қартау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен
соғады.
Жел Мойынқұмның үстімен өткенде құм түйіршіктерін суырып,құмды қара бұрқасын тұрады,жолдың
көріну қашықтығы азаяды.
Сондықтан бұл желді халық Қарабас желі деп атаған.
Арыстанды-Қарабас желі солтүстіктен үзбей соғып тұрады.
Желдің жылдамдығы 35 м/сек.
Слайд 10Қордай желі
Қордай желі Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы Жетіжол жотасы мен Кіндіктас
тау аралығындағы Қордай асуының үстінен соғатын жел.
Қордай желінің жылдамдығы қыста
40 м/сек-қа жетеді.
Яғни Қордай желі антициклон орнаған кезде 40 м/сек болса осы жел сағатына 144 км-ге дейін жетеді.
Осы жел соғатын өңірлерде шамамен жылына 55 күн күшті жел соғады.
Слайд 11Мұғалжар желі
Мұғалжар желі Мұғалжар тауынан соғады.
Осы желдің әсері Маңғыстау,Атырау,Ақтөбе облыстарында
байқалады.
Жылдамдығы 50 м/сек-қа дейін жетіп,қатты дауыл түрінде соғады.
Слайд 12Муссон желі
Маусым ауысуы кезінде желдің басым бағыты 120 – 180º-қа
өзгеріп тұрады.
Муссонның пайда болуының басты себебі — күрлық пен
мүхиттың біркелкі ысымауы.
Слайд 13Бриз желі
Бриз — теңіздердің, көлдердің жағасында тәулік ішінде өз бағытын
карама-қарсы жаққа өзгертіп соғатын жел.
Күндізгі Бриз теңізден құрлыққа карай
соқса, ал түнгі Бриз құрлықтан теңізге қарай соғады.
Бұл табиғи құбылыс негізінен жаз айларына тән.
Слайд 14Фен желі
Фен- таулардан аңғарға қарай соғатын қатты өкпек, жылы жел.
Ол ауаның тау жотасының қырқасынан асып, ық беткейіне төмен құлаған
кезінде пайда болып, адиабатты жылынады.
Мұндай жағдайда температура мен ылғалдылық күрт өзгеріп, қардың еруі мен көшкін жүруін тездетеді.
Фен көбінесе тәулікке жуық соғады.
Ол барлық тау жүйелерінде, әсіресе Кавказ, Памир, Альпі тауларында байқалады.
Слайд 15Бора желі
Бора — теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты
күшпен төмен соғатын суық жел.
Бора көбіне қысты күні соғады.
Бора Адриатикалық теңіздің жағасында, Новороссийск ауданында, Байқалда, Жаңа жерде, Прованста, Техаста тағы басқа жерлерде жиі байқалады.
Слайд 16Сирокко желі
Сирокко — Жерорта теңізінде, Сицилия аралы мен Апеннин түбегінің
оңтүстігінде бірнеше сағат, кейде бірнеше төулік бойы үздіксіз соғып тұратын
ыстық, құрғақ, күшті жел.
Ол Солтүстік Африка шолдерінен ауған құрғақ, ыстык ауаның әсерінен пайда болады.
Сицилия аралында сирокко жоғары температуралы, құрғақ болып келеді де, таулардың ықтасын беткейлерінің жағында фёнге айналып, бұрынғыдан да құрғай түседі.
Одан әрі теңіз үстімен өтуіне байланысты бұл жел солтүстік Италияға ылғалданған ауа әкеледі.
Сирокко әсерінен Сицилия мен Оңтүстік Апеннинде ауа кенет құрғап, шаңқыған ыстық түседі де, өсімдіктер қурап, адамдар көп азап шегеді.
Слайд 17Құйын
Құйын – диаметрі ондаған метрден жүздеген, мыңдаған километрге дейін жететін
қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның
жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы.
Ол көтерілген кезде жылжып бара жатқан биік бағанаға ұқсайды. Құйын 10 – 20 м/с жылдамдықпен жылжиды.
Ондағы дөңгелене ескен желдің жылдамдығы 50 – 100 м/с-қа жетеді.
Слайд 18Торнадо
Торнадо— найзағайлы бұлт астында, құрлық үстінде қалыптасатын өте күшті ұйтқи
тез жылжитын ауа қабаты.
Торнадо диаметрі ондаған метрге жетеді.
Торнадо
желінің жылдамдығы 50—100 м/с, ал талқандау жолағының ені жүздеген метрге жетуі мүмкін.
Ауа райы ыстық кезде атмосфераның тұрақсыз стратификациясы кезінде қалыптасады.
Торнадоның үлкендігі мен пішіні алуан түрлі болады.
Көбіне диаметрі жүздеген метр шұңқыр пішінді, жер беті жағында қоқыс бүлты бар болады.
Кейде торнадо жаңбыр немесе шаңнан метеорологтарға көрінбей қалуы мүмкін.
Бұл жағдай күтпегендіктен көптеген шығындар мен зардапқа соқтырады