болғандықтан, жергілікті өзендері жоқ. Тек қана шөл зонасынан тыс (Жайық,
Жем, Сырдария, Сарысу, Шу, Талас, Іле, Қаратал, т.б. басталатын өзендер бар. Ол өзендер шөл арқылы аққандықтан, суының көбі булануға немесе суаруға кетеді де, кейде сағасына жете алмайды. Осыған байланысты шөлде терең орналасқан жер асты суының зор маңызы бар. Ондағы халықты ауыз сумен камтамасыз етуде және мал суару үшін терең жер асты суының алатын орны ерекше. Шөл зонасының астында Қызылқұм, Шу-Сарысу, Оңтүстік Балқаш, Сырдария, Бетпақдала, Маңғыстау, Каспий маңы сияқты ең ірі артезиан алаптары жатыр.
Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдерде Үстірт және Тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бетпақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірттің оңтүстігі мен Қызылқұмды қамтитын Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жатады. Шөлдің оңтүстігінде жеңіл саздақтың үстіне қалыптасқан қоңыр топырақ тараған. Қоңыр топырақтың ашық қызғылт топырақтан түсі бөлек және құрамында шіріндісі аз (2,5%-ға дейін). Шөлдің оңтүстігінде сұр-қоңыр топырақ басым. Оның құрамында шірінді тіптен аз (1,0-1,2%). Сұр қоңыр топырақ минералды заттарға бай болғандықтан, құнарлы келеді. Мұндай топырақты жерді суарса және тыңайтқыштар қолданылса, мақтадан, бидайдан, бау-бақшадан көп өнім алуға болады.
Жер асты суы
Шөл зонасының ауасы құрғак әрі жауын-шашын мөлшері аз болғандықтан, жергілікті өзендері жоқ. Тек қана шөл зонасынан тыс (Жайық, Жем, Сырдария, Сарысу, Шу, Талас, Іле, Қаратал, т.б. басталатын өзендер бар. Ол өзендер шөл арқылы аққандықтан, суының көбі булануға немесе суаруға кетеді де, кейде сағасына жете алмайды. Осыған байланысты шөлде терең орналасқан жер асты суының зор маңызы бар. Ондағы халықты ауыз сумен камтамасыз етуде және мал суару үшін терең жер асты суының алатын орны ерекше. Шөл зонасының астында Қызылқұм, Шу-Сарысу, Оңтүстік Балқаш, Сырдария, Бетпақдала, Маңғыстау, Каспий маңы сияқты ең ірі артезиан алаптары жатыр.