Слайд 1Word құжатында немесе Web-беттерінде тек мәтін мен графика ғана емес,
сонымен біре гиперсілтемелер деп аталатындар да болуы мүмкін. Web-беттеріндегі гиперсілтеменің
түрі графика бейне де немесе ерекшеленген мәтін түрінде болады.
Word гиперсілтеменің екі – ішкі және сыртқы түрін жасайды.
Ішкі сілтемені жасау үшін мына төмендегі әрекеттер орындалады.
1.Берілген сілтемеге шертіп, оқырман көшуге тиісті мәтінді немесе графикалық объектіні таңдаңдар.
Мысалы, егер сендер осы сілтеменің көмегімен Web-беттің төменгі жағына көшкілерің келсе, беттің төменгі жағындағы мәтінді ерекшелеңдер.
2.Вставка Закладка командасын таңдаңдар. Закладка диалогтық терезесі пайда болады.
3.Бетбелгінің атауын енгізіңдер және Добавить батырмасын шертіңдер.
4.Ішкі сілтеме қызметін атқаратын мәтінді немесе графикалық объектні ерекшелеңдер.
Егер сендер тақырыпты ішкі сілтеме ретінде пайдаланғыларың келсе, тақырыпты ерекшелеңер.
Слайд 25.Вставка Гиперссылка өрісін таңдаңдар немесе пернелер үйлесімін басыңдар.
6.Закладка батырмасын
шертіңдер.
Выбор места в документе диалогтық терезесі пайда болады.
7.Сілтемені онда орнатқыларың
келетін бетбелгі атауын шертіңдер.
8.Добавление гиперссылки диалогтық терезесін алып тастау үшін ОК батырмасын шертіңдер.
Сыртқы сілтемені жасау үшін мына төмендегі әрекеттер орындалады:
Слайд 31.Сыртқы сілтеме жасағыларың келетін мәтінді ерекшелеңдер.
Бұл мәтін оның сілтеме болып
табылатынын айқын көрсетуге тиіс және мәтіннен оның неге сілтеме жасайтыны
көпе-көрнеу аңғарыл-
уы керек. Немесе сілтемемен қатар сипаттама мәтінін орналастырыңдар, ол да осы гиперсілтеменің неге меңзейтіні туралы оқырманға бағдар береді.
2.Вставка – Гиперссылка командасын таңдаңдар немесе пернелер үйлесімін басыңдар.
Добавление гиперссылка диалогтық терезесі пайда болады.
3.Введите имя файла или Web-страницы өрісін өздерің қосылғыларың келген Web-тораптың URL-ін (мекен-жайын) енгізіңдер. Мысалы, егер сендер Web-беттеріңді «Диалектика» баспасының бетімен байланыстырғыларың келсе, http://www.dialektika.com. мекен-жайын енгізіңдер.
4.ОК батырмасын шертіңдер.
Сілтемелерді алып тастау үшін мына төмендегі әрекеттер орындалады:
1.Гиперсілтемені ерекшелеңдер
2.Вставка Гиперссылка командасын таңдаңдар немесе пернелер үйлесімін басыңдар.
Добавление гиперссылка диалогтық терезесі пайда болады.
3.Удалить ссылку (гиперсілтемені алып тастау) батырмасын шертіңдер.