Сабақтың тақырыбы:
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Презентация на тему Презентация на тему 1916 жыл из раздела История. Доклад-презентацию можно скачать по ссылке внизу страницы. Эта презентация для класса содержит 26 слайдов. Для просмотра воспользуйтесь удобным проигрывателем, если материал оказался полезным для Вас - поделитесь им с друзьями с помощью социальных кнопок и добавьте наш сайт презентаций TheSlide.ru в закладки!
Сабақтың мақсаты:
1916 жылғы көтеріліс туралы оқушыларға жан-жақты түсініктеме бере отырып, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
1916 жылғы көтерілістің басталу себептері:
Жоңғардың қанды жорығын, Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтарының зұлымдығын, Қытай империясының жымысқы саясатын, Ресей патшасының отарлауын басынан өткердi. Кезiнде Ұлы Түрiк мемлекетiн құрып, дәуiрлеген ұлан-байтақ елiмiз ХIХ ғасырда Ресей империясының боданына айналды.
1916 жылы жаһандық Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста ауыртпалыққа тап болған, Ресей патшасы "Июнь жарлығын" шығарды. Жарлық бойынша 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтарды майданның қара жұмысына алу көзделдi. Ер жүрек қазақ халқының намысына тиген бұл жарлық елiмiздiң барлық азаматын әбiгерге түсiрдi. Жарлық шығысымен оған қарсы әрекет күшейдi. Албан руының ер-азаматтары тегiс атқа қонды. Қарқара көтерiлiсiнiң басшыларының бiрi Жәменке Мәмбетовтың: "Берсек бала өледi, бермесек шал өледi. Бала өлгенше, шал өлсiн!", — деген ұранға айналған сөзi осы кезде айтылды. Патша өкiметiнiң қатал отарлауына қарсы ұлт-азаттық күресiне ұласқан бұл көтерiлiс, қазақ халқының әрбiр шаңырағын шарпып өттi.
Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Соғыс жылдарында патша өкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды. Бір ғана Жетісу облысы бойынша 1914 жылға қарай 2 млн 703 мыңнана астам десятина шұрайлы дер тартып алынды. Өлкеде халықтар арасында ұлттық бөлінушілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді. Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды.
1916 жылы 25 маусымдағы патша өкіметінің жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Қазақстанның далалық облыстарынан қазақ жастарын тыл жұмысына алу жөніндегі жарлық шықты. Ауыл старшындарының жастарының асқандығына қарамастан кедейлерді майданға жұмысқа алынатын “қара тізімге” қосты. Ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. М:60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25-30 жастағы бай балалары 50 жастағы болып жазылды. Осыған орай қарапайым халықтар наразылығы өршіді.
Осыдан кейін құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне қарсылық көрсете алмай қырғынға ұшырайтынын сезді.Қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас-көз болып, кейін оларды аман-есен ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Ә.Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылыры серіктерімен бірге сайданға аттанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсінуге болады.Өйткені орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге аман-есен оралуы екі талай еді.
1916 жылғы тамыздың бас кезінде революциялық қызметі үшін Т.Бокин қамауға алынды. Сол кезде Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жарияланды. Герал- губернатор Куропаткин “ешқандай амалдан тартынбай көтерілісшілерді дереу тыныштандыруды” талап етті. Жетісу облысында 3 әскери жасақ 7 атқыш ротасы, 14 зеңбірек жеткізілді. Көтеріліске қарсы “күдіктілердің барлығы жаппай тұтқынға алынды” Көтерілісшілер патша әскерін жеңе алмады. Патша өкіметі көтерілісшілерді ғана емес бейбіт халықты да жазалады. Көтеріліс жетекшісі Бекболатты дарға асып өлтірді. Ал Торғай уезінің бас әскери басшысы болып А. Иманов тағайындалды. 1916 жылы қазанға қарай Торғай мен Ырғыз уездерінде 20-ға тарта көтерілісшілер отряды құрылды. Амангелді бастаған көтерілісті басу үшін генерал А.Д.Лаврентьев басқарған 10 мың әскер жіберді. А. Имановтың басшылығымен Торғайда жазалаушыларға қарсы көтерілістердің партизандық әдістерін кеңінен пайдаланылды.
Қорытынды
Қорыта келе 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дүңген және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды. Бұл қозғалыс- Ресей империализмі дағдарысының көрінісі еді. Ол империядағы саяси және әлеуметтік дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Әскери-феодалдық және әскери отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтты.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть