отан соғысының және еңбек ардагері білім саласында көп жылдар еңбек
еткенОқу ісінің үздігі Жанғалиев Есенғали Жанғалиұлы 1921 жылы 15 ақпанда Жаңақала ауданы, Мастексай ауыл советінің Мұқыр бойында, Қазанқұдық елді мекенінде дүниеге келген.
1930 жылы Чапаев аудан орталығында 1-ші класқа барып,
1940 жылы орта мектепті бітіріп шықты.
1940-1941 жылдары Оралдағы облыстық білім бөлімінің жанынан ашылған бір жылдық математиктер даярлайтын курсты бітіріп, Чапаев ауданының Қаршы орта мектебіне 5-8 кластарға математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасқан.
Ұлы Отан соғысы басталғанда алғашқылардың бірі болып
1941 жылы 18-қыркүйекте майданға аттанған. Сталинград маңында артиллерия полкінде соғысқа әзірленіп, 1942 жылы 5-ші қарашадан бастап атақты Сталинград шайқасында 293-ші дивизияның 817-ші артиллерия полкінің взвод басқармасының, барлау бөлімшесінің командирі міндетін атқара жүріп ұрысқа кірген. Сол жылы 19-шы қарашада 62-ші әскер құрамында, неміс басқыншыларының 330 мың әскерін қоршап алған шайқасқа қатысқан. Неміс әскерін басқарған фельдмаршал Паульс 30-шы қаңтарда тұтқындалды. Оны тұтқындауда құрамында біздің атамыз Есенғали соғысқан 135-щі артиллерия полкінің 1-ші дивизиясының жауынгерлері ерлікпен шайқасты . Бүкіл ғұмырын еңбекке, соның ішінде жас ұрпақ тәрбиелеуге, оларға лайықты білім беруге арнады. Жалпы ұстаздық еңбек өтілі 48 жыл болса, соның 23 жылында – мектеп директоры болып істеген.
Ол өз өмір жолына риза болды. Осы Жаңабұлақ ауыл орталығынан екі мәрте мектеп ғимаратының бой көтеріп салынуына тікелей өзі мұрындық болды.
Жанғалиев Есенғали Жанғалиұлы