Слайд 2Кезекпен сөйлеу;
Басқалардың пікірін тыңдау;
Талқылауға қатысу, қойылған сұрақтарға жауап беру, болжамдар
айта алу;
Берілген рөлді орындау;
Тапсырма қажет етсе, жетекші болу;
Тапсырманың орындалу дәрежесін
қадағалауға көмектесу;
Өз ойын түсіндіріп, жеткізе алу.
Топта жұмыс ережесі
Слайд 6Қазақстан - бірлік пен
татулықтың мекені
Слайд 7 - Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Біздің Қазақстан қандай мемлекет?
Республикамызда қазақ
ұлтымен бірге қанша ұлт өкілдері бар?
Слайд 14 "Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің
халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен
түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.
Слайд 15 Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая
берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең
басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-бірлігіміз арта берсін!
Қазақ қашаннан да бауырмал халық. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға атсалысып келе жатырмыз.!
Слайд 16 Қазіргі таңдағы бейбіт тірлігіміз ұзағынан болғай.
Ең бастысы –
көп ұлт мекен еткен қазақ жерінің киелі топырағы, қойнауындағы қазынасы
құндылығын айқара ашқан әрбір сәбидің бойында «Туған жер – Отаным» деген қасиетті ұран ана сүтімен бойына таралып, әке үнімен қайраттанып, білім нәрімен толысып жатса, жер, ел қадірін бағалау ойы мен санасының төрінен орын алып, ар-намысының алдында жауапты болып, ер жетіп жатса, көп ұлтты жеріміз, көп салалы, көп тілеулі көпшіліктің біртұтас мақсаты мен арманын нағыз жүзеге асыратын бір ғана арналы «Бейбіт әлемі» кәусар бұлағы болары анық.
"Жақсыда жаттық жоқ" деп халқымыз айтқан, біздің Қазақстан Республикасы осындай көп ұлт өкілдерін бауырына басып, барлығы бір шаңырақтың астында тату өмір сүріп жатыр.
Слайд 17 Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан бұл ұлт өкілдері Қазақстан
халқын құрайды. Осы елімізде мекендейтін ұлт өкілдеріне қамқорлық жасау, олардың
тыныштығы мен құқықтарын қорғау Ата Заңымыз Қазаақстан Конституцияның баптарында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында барлық Қазақстанда тұратын азаматтар өмір сүруге, білім алуға, еңбек етуге, денсаулығын сақтауға, медициналық көмек алуға құқылы, сонымен бірге олар Қазақстан Республикасын қорғауға, Рәміздерін құрметтеуге, табиғат байлықтарын сақтауға міндетті екені көрсетілген.
Слайд 18 -Әр ұлттың өз тілі бар, өз тілінде сөйлейді десек
те Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуі керек. Қазіргі таңда
біздің елімізде басқа ұлт өкілдері де қазақ тілін меңгеруде. Мәселен, олардың балалары қазақ бала -бақшаларында тәрбиеленіп жатыр. Мұның өзі мемлекеттік тілдің мерейінің өскендігін көрсетеді.
Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасымыздың есімі тәуелсіз Қазақстан атымен бірге өрлеп, үндесіп тұр.
-Әрбір ұлт өзінің тілін, мәдениетін, әдеп- ғұрпын, салт- дәстүрін жоғалтпауы керек. Осы мақсатта Қазақстанда өмір сүріп жатқа барлық халықтардың Ассамблеясы құрылған болатын. Ассамблея- ұйым, мәдени орталық деген сөз. Ондай мәдени орталықта ұлттар өздерінің озық дәстүрлерін, мерекелерін, ұлттық киімдерін, ұлттық тағамдарын насихаттап отырады.
Слайд 19Қазақстан
Жер көлемі - 2,7 млн км².
Халқы - 17 млн
. Қазақстанда 14 облыс және 87 қала (2 республикалық маңыздағы
қала), 159 аудан, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар.
Астанасы – Астана.
Қызылорда облысы бойынша халық саны
705 484 адам
Ресей – 7591 шақырым
Қытай – 1785 шақырым
Қырғызстан – 980 шақырым
Өзбекстан – 2300 шақырым
Түркіменстан – 428 шақырым
Слайд 20Ұлттық құрамы жағынан: қазақтар — 53,4%,
орыстар — 30,0%, украиндар
— 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғырлар — 1,4%, корейлер (кәрістер)
— 0,7%,
өзге ұлттар — 5,9%.
Слайд 23 Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының
жылы деп жариялады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы Заңы
2008 жылы 20 қазанда жарияланды.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Ассамблеяның мақсаты
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірдейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Слайд 24Ассамблеяның негізгі міндеттері:
1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық
қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді
және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
4) азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
Слайд 25Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә.
Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.
Слайд 26Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір
азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын
этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді.
Слайд 27Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар
жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр –
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды.
Слайд 29
Интерактив ойыны
«Бұлтпен саяхат»
Слайд 3020
30
40
10
10
20
30
40
20
30
40
10
10
20
30
40
20
30
40
10
Астанасы
Мемлекеттік Туы
Ұлттық киімі
Ұлттық тағамы
Ұлттық биі
Тақырыпты таңда
Слайд 35Қай елдің мемлекеттік Туы
Белоруссия
Слайд 51 Сұрақты ұстап ал!
Мұғалім сұрақ қойған кезде
фасоль салынған қапшықты лақтырады. Басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз.
Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
Слайд 52 №1 Бұл қай елде болады?
Әрбір үйде міндетті түрде үстел
үстінде бидай тұқымынан әдейі өсірілген жасыл өскіндер тұрады, мейрамға дейін
төрт апта бойы сейсенбі сайын от жағылып, олардың үстінен балалар секіреді, майшамдар жағылады.
№2
Ұзыншақ болып келетін чурек-фэтир, көп уақыт сақтауға болатын жұқа нан – лаваш қай елде пісіріледі?
Слайд 53Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы?
№4
мейлінше ащы болып келетін тағам адамның
көңіл күйін көтереді деп есептейтін қандай халық?
№5
Слайд 54№6
Қай елде жас жұбайларға «қышқыл не ащы капуста
жегізу» рәсімі
де бар?
Слайд 55Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып
жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім
қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын!