Слайд 1Тақырыбы: Үш бәйтерек: тағдыр мен тағылым
Слайд 2Үш бәйтерек
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров,
Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер,
дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінді.
Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.
Слайд 4 Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938жж.) Қазіргі Қарағаңды облысы, Жаңаарқа ауданында (Бұрынғы
Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші аулы) дүниеге келді.
Слайд 5 Ол - ақын, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, педагог, әдебиет тарихын
зерттеуші ғалым-публицист.
Поэмалары: “Көкшетау”, “Қызыл ат”
Прозалық шығармалары: «Айша”, “Тар
жол тайғақ кешу”, “Жер қазғандар”, Жемістер» т.б.
Слайд 6Ақынның жан жары
Гүлбаһрам Сейфуллина
Слайд 8 Сәкен мен Гүлбаһрам Сейфуллиндер 1926 жылы Қызылорда қаласында отбасын құрды.
Қыздары Лаура 1929 жылы туып, 1932 жылы қайтыс болды. Әкесі
еркелетіп Лаураны «ДәріДана» (Дәрдана) дейді екен. 1936 жылы ұлы Аян дүниеге келеді. Оның есімін Мұхтар Әуезов «Аян» деп қойған көрінеді. Кішкентай Аянның 1 жасқа толу күніне ақын мен оның жары Гүлбаһрам қатты дайындалады.
Слайд 9 Сәкен мен Гүлбаһрам қуаныштан қатты толқып, қонақтарды жақсылап күтіп алу
үшін базардан барып арнайы ақ дастарқан сатып алады. Өкінішке орай,
осы ақ дастарқан қуанышқа жайылмады. Сол күні отбасы қуанышын бөлісуге қадірлі достары, жақын-жуықтар келеді деп жүрген Сәкен Сейфуллинді НКВД адамдары тұтқынға алып кетеді.
Слайд 10 Бейімбет (Бимағамбет) Майлин (1894-1938ж.ж.)
Қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин
ауылында (бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе елді
мекені) дүниеге келді.
Слайд 11 Ол –ақын, жазушы, драматург, публицист, қоғам қайраткері, қазақтың көрнекті жазушысы,
қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Шығармалары: «Шұғаның белгісі», « Раушан коммунист »,
« Азамат Азаматыч », «Қызыл жалау» т.б.
1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.
Слайд 12
Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым-қатынастары әрдайым
нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген
тұтастық айқын аңғарылады.
М.Әуезов
Слайд 13Ілияс Жансүгіров
Қазақ поэзиясының құлагері 1894 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге
келеді.
Слайд 14Ақын Ілияс Жансүгіров жары Фатима Төребаева және ұлы Саятпен
Слайд 16(1894-138)
(1894-1938)
Сәкен Сейфуллин
Бейімбет Майлин
Ілияс Жансүгіров
Слайд 17(1894-138)
Ақталуы
1957 жылы 30 наурызда
16 сәуір 1957 жылы
1958 жылы
Слайд 19Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті
еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы
прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С.Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи-мемуарлық романында көрсетеді.
Слайд 20Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет
нұсқауларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың
ескі әдебиет нұсқаулары», «Батырлар», «Ақан сері - Ақтоқты», «Ләйлі - Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі.
Слайд 21С.Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу ісіне де қатысқан. Қазақ
әдебиетінің кадрларын даярлауға көп күш салды, сол тұста әдебиетке келген
қаламгерлер М.Қаратаев., К,Бекхожин, Ж.Саин, тағы басқалары С.Сейфуллиннің көмегіне сүйенген. С.Сейфуллин олардың алғашқы кітаптарын бастыруға көмектесіп, алғысөздерін жазған. Жазушының шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылған. Ол 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Слайд 22 Ілияс Жансүгіров Ол әдебиеттің барлық негізгі жанрларында қалам тартты.
Соның ішінде Ілиястың поэзия саласын дамытуға қосқан үлесі зор. Қазақ
кеңес поэзиясының алтын қорына қосылған талай-талай лирикалық өлеңдерімен қоса І.Жансүгіровтың “Күй”, “Дала”, “Күйші”, “Құлагер” сияқты поэмалары бар. Оның көркем аударма саласындағы еңбегі де мейлінше жемісті.
Ілияс Жансүгіров
Слайд 23Ілияс Пушкиннің “Евгений Онегин” атты өлеңімен жазылған романын, “Гаврилиада” поэмасын,
көптеген лирикалық өлеңдерін, Лермонтов пен Некрасовтың, Горький мен Маяковскийдің шығармаларын
қазақ тіліне аударды. Өзінің ақындық зор талантымен, тамаша көркем шығармаларымен І.Жансүгіров қазақ кеңес поэзиясына өшпес үлес қосты және оның кемелденіп өсуіне зор көркемдік ықпалын тигізді.
Слайд 24 Ғалия медресесінде шығьп тұрған "Садақ" атты қолжазба журналдың 1914 жылы
3-санында Бейімбеттің тұңғыш туындысы — "Шұғаның белгісі" хиқаяты жарияланады. Проза
жанры қазақта енді ғана тәй-тәй тұра бастаған кезде жиырма жасар жігіттің бірден осыншалық көркем, әсерлі хикаят жазуы зиялы қауымды таң-тамаша қалдырады. Бұл хикаят өзінің барша асыл қасиеттерімен осы күнге дейін тамсандырьш келе жатқан татымды туынды болып қалып қойды.
Бейімбет Майлин
Слайд 25Бейімбет сол жылдары орыс тілін үйреніп, орыстың классикалық әдебиетімен танысады.
Бірақ ол денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмайды. Емделу жағдайымен Троицкіге барады
(1915 ж.), ондағы "Айқап" журналына өлеңдер бастырып, Мұхамеджан Сералинмен, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен жүздеседі. 1917 жылғы ақпанда патшаның тақтан түсуін, қазақ елінің азаттық алуына мүмкіндік туды деген оймен қуана қарсы алады. Елді мал деп, мансап деп, немесе бай, кедей болып бөлініп, ала ауыз болмай, тұтас ұлттың мүддесі жолына жұмылуға шақырады.
Слайд 26 Туған елінің Қазан төнкерісіне дейінгі және одан кейінгі өмірін, ондағы
өзгерістер мен олардың терең себептерін, адамдарының психологиясы мен мінезін жетік
білетін сұңғыла талант иесінің қаламынан туған өлең, поэмалары, соның ішінде, әсіресе төңкерістен кейінгі қазақ кедейінің типтік бейнесін табиғи сомдаған "Мырқымбай" топтамасы, қысқа да қызықты әңгімелері, әйгілі "Шұғаның белгісі", "Раушан — коммунист" хиқаяттары, "Азамат Азаматыч" романы, "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан", "Неке қияр", т.б. драмалары — бәрі жиналып келіп, ауыл өмірінің біртұтас көркем күнделігі, ғажайып суреттің шежіресі іспетті.
Слайд 27Қорытынды
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен
Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды
драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, адамдардың сана-сезімі, өмірге құштарлықтары, болашаққа сенімдері кеңінен көрінеді. «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.