Слайд 1Тәуелсіз Қазақстан рәміздері
Дайындаған:А.У.Кдыргалиев
Жалпы білім беретін Көгеріс негізгі
мектебі
Слайд 2Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру.Алған білімдерін сұрақ-жауап
арқылы дамыту.Өз елінің рәміздерін құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Слайдтар,кинофильмдер,Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері:
Ту, Елтаңба, Әнұран. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, кітаптар көрмесі. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Слайд 3«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз
келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің
лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»
Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан
Слайд 4
Барысы:1.Ұйымдастырушылық кезең.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие
сағатымыз еліміздің рәміздеріне 25 жыл толу мерекесіне арналып отыр.
А)Қызығушылығын ояту.
-Біз
қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.
Осылай деп кім айтқан еді?
-Қаз дауысты Қазбек би
Ә)Мағынаны тану.
Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толып отыр.
Слайд 5
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн
тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге
қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Әрбір қазақпын деген азаматтың көкірегінде “Отан” деген сөз ыстық сезіммен сәуле шашып тұрады. «Отансыз адам – қанатсыз құспен тең» демекші, әр адамның Отаны өзі үшін ыстық. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан тәуелсіз Республикасы.
Слайд 6
«Отан» деген сөзге ой шақыру.
Слайд 7
“ Тәуелсіз Қазақстан рәміздері” тәрбие сағатын бастамас бұрын,
сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан
– ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Слайд 8
1991 жылы
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігін жариялады. Егемен ел атанды. Әлем таныды.
Слайд 9
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері
болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары
сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.
Слайд 10
1992 жылдың 4 маусымы – тарихи
күн. Сол күні Республика жоғарғы кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік
туы мен елтаңбасын бекітті.
Қазақстан Республикасы:
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен елеулі,
Әнұранымен айбатты.
Слайд 11 Егеменді еліміздің елтаңбасынан кең байтақ отанымыздың өткен тарихы бай дәстүрі,
салт санасымен жасампаз рухы толық танылады. Ел таңба ортасында шаңырақ
тұр, шаңырақта, яғни біздің бейбітшіл отанымызды қорғау үшін шаңырақтың биік болуы ойластырылған.
Слайд 12 Қазақта: “Шаңырағың биік, керегің кең, босағаң
кең болсын” деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары Жандарбек Мәлібекұлы,
Шот-Аман Ыдырысұлы Уалихан.
Слайд 13Мемлекеттік Ту.
Бәйгеден озып шыққан бұл тудың
авторы – Алматылық Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Ту неліктен көк түсті?
Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі, ортақ. Жер шары ұлттарға мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенімен де жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де.
Слайд 14 Республикамыздың мемлекеттік әнұраны, 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа әнұран
қабылданды.
Әнұранның сөзін жазғандар:
Жұмекен
Нәжімеденов,
Н.Назарбаев.
Әнұранның әнін жазған:
Ш.Қалдаяқов.
Слайд 16Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы:
Шәкен Ниязбеков
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасының авторлары белгілі суретшілер: Шот-Аман Уалиханов пен
Жандарбек Мәлібеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторлары: Сөзін жазғандар: Жүмекен Нәжімеденов
Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Слайд 18 Қорытынды:
«Жүректен-жүрекке шеңбері»
Жақсыдан үйренейік
Жаманнан жиренейік
Қазақстанның
Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық!
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қорытынды сынақ. (ойын-сұрақ)
Слайд 19 ІІІ. Қорытынды бөлім.
Тест.
1. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай
күні қабылданды?
а) 1991 жылы 16 желтоқсан
ә) 1995 жылы 30 тамыз
б)
1997 жылы 17 қараша
2. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім?
а) Ш.Ниязбеков
ә) Ж.Мәлібеков
б) Ш.Айманов
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды?
а) 1998 жылы
ә) 1986 жылы
б) 1991 жылы
Слайд 20
Қазақстан Республикасы Елтаңбаның авторы кім?
Әнұранның сөзін жазған кім?
Әнұранның әнін жазған
кім?