Слайд 2 - Әрбір адам?
- Туысым, досым, жұрағат
- Әрбір
сабақ?
- Үйрену, ұғу, ұлағат
- Әрбір ісім?
- Тірлік,
тірек, адамдық
- Әрбір сөзім?
- Шындық, бірлік, адамдық
Слайд 3Үй тапсырмасын сұрау
Ғабит Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы.
“Менің сүйікті анам” тақырыбында
шығарма жазып келу
Слайд 5Тест
1. Ғабит Мүсіреповтің өмір сүрген жылдары
А) 1845-1904жж Ә)1858-1931жж
Б)1902-1985жж
2. Ғабит Мүсірепов дүниеге келген аудан
А) Жамбыл ауданы Ә)
Жаңаарқа ауданы Б) Жәнібек ауданы
3. Ғабит Мүсіреповтің алғашқы туындысы:
А) «Жапон балладасы» Ә) «Ананың арашасы»
Б) «Тулаған толқында»
4. Ғабит Мүсіреповтің ұстазы кім болды?
А) Бекет Өтетілеуов Ә) Ыбырай Алтынсарин
Б) Абай Құнанбаев
5. Ана тақырыбындағы әңгімелерді кімнен аударды?
А) А.С.Пушкин Ә) Л.Толстой Б) М.Горький
6. Ақсақ Темір қай әңгіменің кейіпкері
А) «Тулаған толқында» Ә) «Кездеспей кеткен бір бейне»
Б) «Өлімді жеңген ана»
Слайд 7Әлі талай жыр болып жазыларсың
Слайд 9Сабақтың тақырыбы:
Мұқағали Мақатаев
“Өмір сүрейік алмасып” өлеңі
Слайд 10Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ақын өміріоқушылардың мәнерлеп оқу, жаттау, өлең табиғатын
түсіну дағдысын қалыптастыру, ақын шығармаларының идеялық мазмұны негізінде өлең құрауға,
талдай білу жолдарына үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды сөз өнерін бағалай білуге тәрбиелеу, қабілет - икемділік қасиеттерге баулу
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу, өз ой - пікірін еркін жеткізе білуін дамыту, көркем сөйлеуге үйрету
Сабақтың түрі: дәстүрлі, тіл ұстарту элементтері аралас сабақ.
Әдіс тәсілдері: жеке және топтық жұмыс, СТО стратегияларының элементтері .
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын кітаптары.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, музыка, тарих.
Слайд 11Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
(1931-1976)
Слайд 12 Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң
да алдыңнан Мұқағали шығады…
Мұнайшы да Мұқағали әнін салады, балықшы да,
малшы да Мұқағали жырларымен айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді. “Әу” деп ән салатындардың айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді. “Әу” деп ән салатындардың бәрі Мұқағалидың сөзіне әуен шығарады. Тарбағатай мен Атырауда, Баянауыл мен Қазығұртта жүрсе де, қазақ атаулы желісіне үйірілген құлындай Мұқағали жырымен табысып шұрқырап жатқаны. Нағыз өнер құдыреті деген осы. Мұндай ақыны болған халық-бақытты халық.
Фариза Оңғарсынова
Слайд 13Мұқағали Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылында 1931
жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты -
Мұхаметқали. Бірақ «пайғамбар атын алып жүру жас балаға ауырлық етеді» деп есептеген ата - анасы оны кішкентай күнінен «Мұқағали» деп еркелетіп атап кеткен. Үйдің тұңғышы болғасын ба, Мұқағали Тиын әжесіне табиғи болып, анасын жеңге есебінде санаған.
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса... нені көрем?- деп өзі жырлағандай, өр мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген.
Жастайынан тіл құдіретін әжесінің әлдиінен, анасының ақ сүтінен, халықтың ертегі – дастандарынан таныды.
10 жасынан бастап соғысқа кеткен әкесін сағынып өлеңдер жазған.
Жалынған ғазиз Анам, сұрап қалған
Жоғалды сол бетімен бірақ та арман.
Сенбеймін әкең өлді дегенге мен,
Себебі ол үйімізден тірі аттанған -
деп соғыстан оралмаған әкесін өлеңіне қосқан.
Слайд 14
«Шешем менің – иілген сұрау белгі,
Сәл ғана шаттық көрді, жылау
көрді.
Қалай ғана қалпына келтірерсің,
Дауылдар майыстырған мынау белді...»
Мұқағалидың әкесі Сүлеймен соғыста
қаза табады, анасы Нағиман балаларын өзі асырап өсіреді.
Ақынның анасы – Нағиман Батанқызы
Слайд 15Қаршадайынан белі қайысып, ауыр бейнет тауқыметін тартқан. Балалық шағы Ұлы
Отан соғысы жылдарына тұспа-тұс келгендіктен өмірдің ащы-тұщысын ерте татады. Елде
қалған әйелдермен, кәрі-құртаңмен бірге балалар еңбек етеді.
Есімде жоқ,
Бала болып өсіп пе едім?!
Болсам неге жылы сөз есітпедім?!
Есіме тек,
Білемін жеңіс - құстың
Біздің жаққа бір апта кешіккенін.
Осылай өскенмін
Мен - солдаттың жандырып кеткен жалыны,
Сөнбедім де өшпедім,
- деген екен ақын бір өлеңінде.
Слайд 16Мұқағали Мақатаев – 9 сынып оқушысы. 1947 жыл.
Слайд 17Мұқағали 1949 жылы 30 – наурызда Лашын Әзімханқызымен некеге тұрады.
Біраз уақыт Нарынқол ауданының Киров колхозында Лашынның төркіндерінде тұрады. Мұқағали
ауыл совет хатшысы болды, ал жолдасы мектепте тіл мен әдебиет мұғалімі.
Кейін Мұқағали отбасымен туған ауылы Қарасазға көшіп барды.
Слайд 19Мұқағали Мақатаевтың 6 баласы бар. Қазір төртеу:
Ұлдары –Жұлдыз, Айбар,
қыздары – Алмагүл, Шолпан.
Слайд 20Мұқағали мезгілсіз қазаға ұшыраған сүйікті қызы Майгүлмен (сол жақта) бірге
Слайд 21Ақынның ауылда орыс тілі пәнінің мұғалімі болып жүрген кезінен естелік
Слайд 221951-52 жылдары Алматыға келіп шетел тіл институтына неміс тілі факультетіне
оқуға түсті.
“Қазақ” радиосында диктор болып жүрген кезі
Слайд 23Бір топ жас ақын, жазушылардың ортасында
Слайд 24Мұқағали қаламдас жолдас, інілерінің арасында
Слайд 251962 жылы Мұқағали ақындық арманына қол жеткізу үшін жазда Алматыға
көшіп келеді.
1970ж. жазда қатты ауырады. 1974-75 жылдары жиі ауырып ауруханаға
түсіп жүреді.
1973ж. Мұқағали Мақатаев Горький атындағы әдебиет институтында оқыды. Оны бітірмей, балаларын, Алматысын сағынып, қайта оралады. Алыста жүріп, Отанын аңсады.
Мұқағали өзінен кейінгілерге, жастарға қол ұшын беріп, үлкен қамқорлық жасайтын, балажан, ақкөңіл, адал, аңқылдаған жан.
Ол бұл өмірден ерте кететінін білетін. Оны кейбір өлеңдерінде де жазған. Мысалы: “Санаулы менің сағатым”
Слайд 26“Менің анкетам” өлеңі
- Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
-Туған
жылың?
-1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой еркекпін
Және дағы тәуірмін...
-
Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын.
Бар тілектен оны бағалы санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.
- Қайда істедің?
- Мынау еңбек кітапшамнан танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең.
Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Міндеттісің бе әскерге?
- Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде,
- Жауынгердің ұлымын ғой
Жанын қиған Мәскеуге.
- Мекен-жайың?
- Мекен – жайым Жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
Слайд 27Поэзия
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім,
Алауыртқан
таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан,
алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасынан да,
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл-жасыл шұғыла шашылғанда,
Көкжиек пен көкжиек қосылғанда.
Слайд 28Өлеңдерінің тақырыбы
“Махаббат диалогы”,
“Махаббатым өзімде”
, “Ғашықпын,
шын ғашықпын
сол адамға”,
“Сен менің”
т.б.”
Отан”,
“қайырлы таң”,
“Қарасаз”
“Көнеміз де”,
“Қадірлі дос!
Қайтесің,
ренжіме”,
“Досым, саған
сенемін”, т.б.
““Санаулы менің
сағатым”,
“Майгүліме: бірінші,
екінші өлеңі”,
“Емханада” т.б.”
Махаббат,
жастық шақ,
сүйіспеншілік
Отан
Мұң сарынынан
Достық
тақырбында
Слайд 29Поэмалары
“Райымбек,
Райымбек”, “Мавр”,
“Аққулар
ұйықтағанда”,
“Қашқын”,
“Қырандар
қош болыңдар”,
“Жер үстінен
репортаж”.
“Құлпытас”,
“Марусяның тауы”
“Өзгермепті”,
“Әже”.
У.Шекспирдің
сонеттері,
А.Дантенің
“Құдыретті
Комедиясын” және
Е Евтушенконың,
Николай Тихоновтың
Роберт Бернстің
өлеңдерін аударды.
Әңгімелері
Аудармалары
Слайд 36Республикалық қоғамдық, саяси журнал
Слайд 371991 жыл 5 – шілдеде Қарасазда ашылған Мұқағали мұражайы
Слайд 38Қазақ ақын-жазушылары мен ел адамдары Мұқағалидың туған жеріндегі мұражайының ашылу
салтанатында
Слайд 39Елімізде Мұқағалидың 2011 жылы 80 жылдық мерейтойы тойланды және жыл
сайын Мұқағали оқулары өтіп тұрады
Слайд 40
Райымбек ауданы Қарасаз ауылындағы Мұқағали ескерткіші
Слайд 41Алматы қаласындағы ақын ескерткіші
Слайд 42№140 М. Мақатаев атындағы мектеп-гимназиясы
Слайд 43“Өмір сүрейік алмасып” өлеңі
1. Мәнерлеп оқу
2. Сөздікпен жұмыс
3. Өлеңді
талдау.
4. Әдеби теориялық ұғым. Паралелизм
4. Әнін тыңдау
5. Қайың ағашы, түрлері
Слайд 44Өмір сүрейік алмасып
Жапырақ - жүрек жас қайың!
Жанымды
айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң,
Мен қайың бола бастайын.
Келісесің бе жас қайың?
(Көрінер мүмкін кімге ерсі)
Өміріңді маған бір берші!
Дүрбелең мына дүниені
Адам көзімен бір көрші.
Қайың боп менде бағайын
Орманнан орным табайын.
Беймәлім мына өмірге,
Қайың көзімен қарайын.
Сен -дағы жерден нәр алдың,
Мен-дағы жерден нәр алдым.
Біреуден сен де жаралдың,
Біреуден мен де жаралдым.
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым - Адаммын.
Мендегі бары бір жүрек
Беріпті жүрек саған мың
Сондықтан ұзақ жасайсың -
Құрдасы келер заманның.
- Бар-жоғы менде бір жүрек,
Ол өлсе мәңгі кеткенім.
Сендегі семсе мың жүрек,
Келгенде жасыл көктемің,
Тірілер қайта дүркіреп.
Жапырақ жүрек, жас қайың!
Жанымызды айырбастайық ?
Адам боп жүрсең қасқайып,
Қайың боп тұрам қасқайып,
Тәуекел айырбастайық!
Өмірге өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып,
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып...
Слайд 45Әдеби-теориялық ұғым
Параллелизм – (грек тілінен “қатар жүру) – екі ұдай
нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Ауыз әдебиеті
қаһармандарының бастарында болатын күйініш, әртүрлі психологиялық өзгерістерді суреттегенде, оған табиғатта, не жануарларда болатын әртүрлі құбылыстар қатарласа, жарыса жүреді. Сол қатарласу арқылы адамның басындағы сезім дүниесін суреттеу психологиялық параллелизм әдісі болып табылады.
Слайд 46Сөздікпен жұмыс
1 топқа
2
топқа
Балалық шағы- Алғашқы өлеңдері -
Аудандық газет- Көктем-
Ел тарихы- Адамдар тағдыры-
Туған жер- Ұзақ жасау-
Өмір мен өлім- “Ғасыр ақыны”-
Болашақ ақын- оқырманы көп-
Қайың- мың жүрек-
Келісесің бе? Жапырақ -
Орман Өмір -
Құрдас орын табу -
Слайд 53«Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек
болсаңдар, онда мен не жазсам,соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар.
Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...»
М.Мақатаев
Слайд 54Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам
бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден, -деп жырлап өткен ақиық
ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 83 жасқа толар еді. Жыл керуені алға жылыжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтыла түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.
Слайд 55Үй тапсырмасы
Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы жайлы оқу.
“Өмір сүрейік
алмасып” өлеңін мәнерлеп оқу
Слайд 56Бес жолды өлең
Зат есім 1
Сын есім 2
Етістік 3
Сөйлем 4
Синоним 1