Баяндама тақырыбы:
Ғ.Қараштың «Педагогика» атты мақаласындағы тәрбие туралы тағылымдары
Ж.Досмухамедов атындағы педагогикалық колледжі
Орындаған: Маркс Армангүл Марксқызы
Жетекшісі: Нұрашева Гүлнар Сырымқызы
Слайд 4Жоспар:
“Мұғалім” журналына жарияланған мақалалары
“Ішкі Ордалықтағы төрт жылдық бастауыш мектеп програмы”
Жазу
Синтаксис
Слайд 5«Мұғалім» журналында жарияланған мақалалары:
Педагогика
Жүгенсіздік адамға жол ма еді
Слайд 6Ерікті тәрбие ететін үш жолдың екеуі қысқаша айтылып өтті. Енді
үшіншісі туралы сөз болып отыр.
Ол үшінші жол дегеніміз- үйрену жолы.
“Педагогика”
Слайд 7.
Ақыл-ой тәрбиесі туралы
Ұят туралы
Тәрбиедегі үйрену әдісі туралы
Тәрбиеде сананы
қалыптастыру әдісі туралы
Отбасы тәрбиесі
Мінез, мінездің ішкі себептері туралы
Тәрбиедегі үйрену,
жазалау, түсіндіру әдісі туралы
Өсектеу, сын тағу туралы
Жастарды теріс мінезден
сақтандыруы туралы
Тәрбие туралы
Мамандықты дұрыс таңдау туралы
Слайд 8Ғ.Қараш тәрбие туралы
Әрине, тұрмыстың жұмбағын һәм тұрмыстың мақсатын тауып
шешу, бұл түбінде тек білімнің еншісі болып шықпайды,түптің түбінде оларды
шешетін білім,ақыл емес, жақсы тәрбие деп өзінің Әл-Фарабидің көзқарасын қолдайтындығын білдіреді. Солай да болса Ғұмар Қараш педагог ретінде білімнің орнының жоғарылығын атап көрсетеді. білім ерікке дұрыс жолды көрсетеді,бұл арқылы ерік өзінің жаратылысына сәйкесетін нәрселерді таңдап алады деп белгілі бір білім саласына қабілеттің орнының ерекше екендігі туралы жазады.
Слайд 9Ғ.Қараш ақыл-ой тәрбиесі туралы
Баланың ақылының бірте – бірте өсетіндігін,
осы мезгілде баланың пікіріне жолбасшылық ету керектігін, бірақ бұл –
тәрбиенің басты бір жұмбағы екендігін айтады. Ғұмар Қараштың бұл пікірі қазіргі ғылыми педагогикадағы ақыл – ой тәрбиесі туралы ғылыми білімдермен ұштасып жатыр. Тәрбиенің басты бір жұмбағы деуі баланың ақыл-ой жұмысына басшылық етудің қиындығын ескерткені. Дұрыс мінезге әдеттену деген – үгітті тыңдау, жә болмаса, мінездің он ережесін жаттаумен шектелмейді деп тек сөз арқылы тәрбиелеудің жеткіліксіздігін айтады. Оның әдетті тудырып, дұрыс тәрбие етпейтіндігін жазған. Бұл жерде дұрыс жолымен мінезді үйрету үшін баланың жаңа өсіп келе жатқан ойшылдығына, еркіне белгілі шекте жолбасшылық ету керек деген дұрыс тұжырым жасайды.
Слайд 10 Ғ.Қараш мінез, мінездің ішкі себептері туралы
Ғұмар
атамыз адам баласының істерінің, мінездерінің түрліше болуының себептерін ашуға шақырады.
«Түпкі себептеріне тереңнен түсініп, хабардар болып тұру, тура жолды табуға, адамшылықтың жетілуіне, мінездің тазалығына ұлы себеп» –деп ғылыми пікір қалдырған. Жаңылыс жолға кірген залалды мінезге даулы еріктің, ұятсыздықтың қанша әсері болса, адам қылығының себебіне түсінбеу, пікірдің тайыздығы бұ да сонша әсер береді – деп терең тұжырым жасаған. Бұл ғұламаның педагогика классиктерінің еңбектерін пайдалана отырып, қазақ болмысына икемдеп айтқан ғылыми пікірі деп есептейміз.
Слайд 11
Ғ.Қараштың жастарды теріс мінезден
сақтандыруы туралы
Адам істейтін жұмысын аудара
қарап, көз жұмып істегендіктен, көбінесе өзіне, ия басқаларға зиян етеді.
Айталық, адамда жастық күші бар, мұны ойламай, жеңілдікпен орынсыз жұмсаудан адам кейде өзінің саулығын жояды, кейде бүтін өмірін жоюға душар болады. Көп кісі бұны баста елемейді де, кішкене ғана жұбаныш деп ойлайды,егер жүйрік дәрігердің бұл турадағы баяндамаларын тереңнен түсінсе, бұл істің түбі адамның өмірін картаға қоятынын біліп кірісер еді. Міне, басқа жұмыстар турасында да ойсыздық-пікірсіздіктің ойнайтын ролі аз емес. Бұл қазіргі қоғамдағы кейбір теріс ағымның жетегінде жүріп, шалыс басқан жастардың құлағына алтын сырға іспеттес. Тіпті жастарды тәрбиелеуге дәрігерлерді кеңірек қатыстыру туралы тың пікір айтқан.
Слайд 12Өсектеу, сын тағу туралы
Ақын, педагог өсектің шығу тегіне сипаттама
береді және осы жаман әдеттен баланы сақтандырудың кейбір жолдарын ұсынады.
Бұл туралы «Педагогика» еңбегінде «Баста жаман ойменен емес, жеңілдікке беріліп,біреудің көңілсіз жағын айта салады, ол біреуден біреуге беріліп, өсіп, жалғаса-жалғаса ажарсыз түске кіретінін елемейді. Мұндай істерден әдетте туатын нәтижелерді балаға көрсету, әрине, тәрбиеші әр уақыт ауыздықтай алмаса да, ерте бастан баланың жинақты,әдепті болуына себеп болады» –деп тәрбиешілерді баланың сөзге үйір болмауын қадағалауын, оған жол бермеуін ескертеді.
Слайд 13Ғ.Қараш ұят туралы
Екінші жұмбақ-ұяттың пайда болуы. Мінез туралы дұрыс
жолға қойылған үйрену өмір тұрмысының қиындығы туралы тура пікірді меншіктеуге
әсер етеді. Бұл үйрену адам баласына шын бақыт мақсатын береді, басы, тұрмысы хақында белгілі бағытта берік сенім орнатады,ол арқасында адамның өз тұрмысының мақсаты шектелетін, сезілетін халге келеді.
Слайд 14Отбасы тәрбиесі
«Бір үйлі жанға түрлі- түрлі міндет артылады: әкенің
жұмысы, міндеті бір түрлі, баланың міндеті тағы бір түрлі, шешенің
міндеті үшінші түрлі. Осылар өз міндеттерін кемшіліксіз жеріне келтіріп тұрса, отбасының тұрмысы тәртіпті болмақ –деп отбасы татулығының бала тәрбиесіндегі аса зор маңызын атап көрсетеді.
Слайд 15Ғ.Қараш тәрбиедегі үйрену әдісі туралы
.
Үйрену арқылы адам тұрмыстың зердеге
қойған нәрселерін таңдап, ақиқатқа сәйкескенін алуға қолы жетеді. Аяғында адамға
қайсы істі істеу тиіс, қайсы істі істеу тиіс емес екенін айырып, әрбір жұмысыңды сынап,бақылап тұратын бір күш, бір хал пайда қылады. Мұны «Ұят» деп атайды. Бұл үйрену, үйрету жолы кімнің тарапынан істеледі? Деп сұрақ қояды да оған Ақынның өзі «Шүбә жоқ, бұл жолды басқарушылар - ата-аналар, мұғалімдер»- дейді. Баста көздеріне көрсетіп, бұдан соң мүмкін болуынша басқа да жолдарменен реттеледі. Көріп отырғанымыздай бала тәрбиесінде бірінші орынға ата-аналарды, үлгі – өнеге әдісін қояды.
Слайд 16Ғ.Қараш тәрбиедегі үйрену, жазалау, түсіндіру әдісі туралы
.
Үйрену ретін
көрсетеді: баста бірте-бірте ашық баяндап кеңейтіп, баланың ақылына сіңетін, қызықтыратын,
тыятын, түзететін сөздер. Үгіт кезінде
ұрсу, жекіруге болмайтыныдын ескертеді. Бала жаза тартып болысымен оны дұрыс мінезге үгіттеуден сақтануға шақырып, оның тиімсіздігін ескертеді. керек. Баланың жазадан кейін көңіл –күйі болмай тұрғанда оны жақсы мінезге үгіттеу жақсы сөзге жиіркенуден басқа ештеңе бермейді деп жазады. Баланың ашу толқыны басылған соң, тыныш уақытта ол уақиғаға қайта оралып, оған ақыл айтуға болады деп баланы жазалау шарттары тақырыбын да көтерген.
Слайд 17.
Ғ.Қараш тәрбиеде сананы қалыптастыру әдісі туралы
Баланың қателігін бетіне
баса бермей, қоршаған төңірегіндегі бір уақиғаға тіреп айту әсерлірек болуы
мүмкін. Баланы неғұрлым өзінің балалық намысына тиместей тәрбиелесе, соғұрлым жұғымдырақ келеді. Үйретуде бірде көрсетіп, бірде жаттай түсіндіріп, баланың ақыл шегінің өсу шамасына қарай тұрмыстағы істерінде бала мінезін тексеріп отырудың тиімділігі туралы жазады. Сөйтіп Ғ.Қараш бұл жерде баланың санасын қалыптастыру әдістерімен қатар, мінез - құлық тәжірибесін қалыптастыру, ынталандыру әдістерін кешенді қолданудың тиімділігін дәлелдеген.
Слайд 18Ғ.Қараш мамандықты дұрыс таңдау туралы
«Кей мезгілде адам пікірі көпке
дейін бір ананы, бір мұнаны істеуге кірісіп жүрсе де, біріне
де көңіл тоқтата алмайтындығын, ақырында бір жұмысқа тірелгенде көңілі жай тауып, « Менің іздеп жүргенім осы еді» дейтін шекке келеді. Ақылдың жолбасшылығымен өзін тексеру, жұмыста ашық көрсету ретімен болғанда ғана ақыл ерікті мұндай адасулардан құтқарады» – деп жастарға мамандықты дұрыс таңдаудың негізгі жолын көрсетеді.
Слайд 19“ІШКІ ОРДАЛЫҚТАҒЫ ТӨРТ ЖЫЛДЫҚ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ПРОГРАММАСЫ”
Балаларды оқуға беруден бастап
балаларды қазақ тіліндегі кітаптармен бір – бірлеп таныстыру,
Әрбір дыбыстың
әріптерін жазуға және кітаптан қарап, оқуға үйрету,
Бір буынды сөздердегі дыбыстарды айырту, соңына екі, үш немесе көп буынды сөздерді алып, буындарға бөлдіру,
буындарды дыбыстарға айырту, соған баланы жаттықтыру, дыбыстардан сөздер жасату, соларды оқыту.
Слайд 20Дыбыстар мен әріптерді үйретіп болған соң мынадай нәрселер оқылуға тиіс:
малдың аттары
жер аттары
үй саймандары
дене мүшелері
тамақ – сусындар
ойын
ойыншықтар
киімдер
жер жүзінің аттары
үй ішіндегі
адамдар
Слайд 21Сан есімдер, қазақша күн, ай, жыл аттары. Кісі аттары, тәуліктің
бөлімдері, жылдың бөлімдері, кішкене хикая, қысқа һәм жеңіл өлеңдер, жеңіл
жұмбақ һәм мақалдар.
Бұл сыныпта балалардың дыбыстарды жақсылап айырулары, дұрыстап ашық етіп оқулары, дұрыс сөйлеу және сөйлестіру.
Бастауыш мектептерде балаларды сөйлесуге әдеттендіру, иә өздерінің ойлаған ойларын, фактілерін айтқызуға тырысу, түрлі – түрлі нәрселер туралы сұрап, балаларды жауапқа үйрету тиіс.
Жазу
Бастап балалардың қол үйренісі үшін түрлі сөздер сыздыру. Оқыған дыбыстарының әрпін дұрыстап, сұлулап жаза білуі.
САРФ (Синтаксис – Е.М.)
Сөйлеу мен сөйлемді айыру, сөз бен сөздің буынын айыру.
Буын мен буындағы дыбыстарды айыру. Қазақ тіліндегі дыбыстар, оларға арналған әріптер туралы ереже, қазақ тіліндегі сөздердің тұлғасына және мағынасына қарай таптарға бөлінуі.
Қорытынды:
Сонымен Ғ.Қарашты Қазақстандағы педагогика ғылымдарының негізін салушылардың бірі деп айтуға негіз бар. Ол Педагогика туралы еңбегін аяқтауға үлгермеген. Оның тәрбие, отбасы тәрбиесі, тәрбие әдістері, тәрбиеде баланың жас ерекшелігін ескеру туралы көзқарастары бұл күнде де өз маңызын жойған жоқ.