Разделы презентаций


Презентация по казахскому языку на тему "Есімдік"

Содержание

Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз табының бірі.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Есімдік

Есімдік

Слайд 2 Есімдік- заттың атын, сынын, санын я

олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер тобына жататын сөз

табының бірі.
А.Ысқақов
Есімдік- заттың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмей, олардың орнына жұмсалатын, есімдер

Слайд 3 Есімдіктер- сөз таптарының бірі. Белгілі бір заттың

атын, сынын, санын атап көрсетпейтіндіктен, осы сөз табына енетін сөздердің

нақтылы мағыналары, көбінесе, контексте, яғни өздерінен бұрын не соң айтылатын сөздермен байланысты айқындалады.
Ә. Төлеуов
Есімдіктер- сөз таптарының бірі. Белгілі бір заттың атын, сынын, санын атап көрсетпейтіндіктен, осы сөз

Слайд 4 Есімдік- лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік

қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы. Есімдіктер- мағынасы тым

жалпы сөздер.
Қазақ тілі грамматикасы
Есімдік- лексика-семантикалық сипаты, морфологиялық ерекшеліктері және синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы.

Слайд 5Есімдіктердің шығу төркіні
Есімдіктер шығу төркіні жағынан 2

топқа бөлінеді:
Өте ерте заманнан келе жатқан байырғы түбір есімдіктер: мен,

сен, ол, біз, сіз, қай? кім? не? міне, бұл, сол, т.б.
Есімдіктердің шығу төркіні   Есімдіктер шығу төркіні жағынан 2 топқа бөлінеді:Өте ерте заманнан келе жатқан байырғы

Слайд 62. Соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер:
2.1 Лексикалық жолмен жасалған: бар,

біреу, бүкіл, түгел, әр, күллі, пәлен.
2.2 Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған:

мына-у, ана-у, сона-у; барлық, барша, қанша, неше, қандай, нешінші.
2.3 Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған: бірдеңе, бірнеше, кейбіреу, әлдекім, ешкім, кімде-кім, қай-қайсы, т.б.
2. Соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер:2.1 Лексикалық жолмен жасалған: бар, біреу, бүкіл, түгел, әр, күллі, пәлен.2.2 Морфологиялық

Слайд 7
Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты

Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты

Слайд 8 Есімдіктердің мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей,

өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады. Мысалы: мен, сен, кім?, біреу,

өзі, т.б.
Есімдіктердің жалпылама мағыналары белгілі бір сөйлемдерде, контексте қолдану ретіне қарай және сөз тіркестері мен сөйлемдерде берілген ойдың жүйесіне қарай әр қилы нақтылы мағыналарға ие болып отырады. Мысалы: Арман бес жаста. Ол оқи да, жаза да біледі.
Есімдіктердің мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады. Мысалы: мен,

Слайд 9
Есімдіктер әрқашан субъектімен байланысты болады. Олар сөйлеуші немесе

сөйлемдегі субъектінің субстанцияларға, құбылыстарға және олардың сапалары мен қасиеттеріне қатынасын

көрсетуші сөздер болып саналады. Мысалы: Кідірмей-ақ, Қартқожа, сен құнаныңа мініп, бұ кісіге ер-дағы, Балдекең аулына дұрыстап апарып сал.
Есімдіктер әрқашан субъектімен байланысты болады. Олар сөйлеуші немесе сөйлемдегі субъектінің субстанцияларға, құбылыстарға және олардың сапалары

Слайд 10Морфологиялық ерекшеліктері

Морфологиялық ерекшеліктері

Слайд 12 Субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты

көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп те қолданылады. Мысалы:

сендер, менің, кімге?
Атрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында қолданылып тұрғанда, түрлену формаларының ешқайсысын қабылдамайды. Мысалы: бұл, сол, қай? Түрлену формалары атрибутивтік есімдіктерге тек субстантивтенген жағдайда ғана қосыла алады.
Субстантивтік есімдіктер қолданылу ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те, жіктеліп

Слайд 13 Есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне тең ортақ заңдылық деп

қарауға болатын белгілі формалары немесе өзгеру тәсілі жоқ.
Көптік

мағынаны білдіретін з морфемасы. Мысалы: Сіз, біз.
Н дыбысы жіктеу, сілтеу есімдіктерінің септелу жүйесінде түсіп қалып, барыс септігінде пайда болады.
Есімдіктерден жаңа сөз жасалмайды.
Есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне тең ортақ заңдылық деп қарауға болатын белгілі формалары немесе өзгеру тәсілі

Слайд 14Синтаксистік қызметі

Синтаксистік қызметі

Слайд 15Біз ауылға бірге бардық.- бастауыш
Мен үшін сондай достың бірі сенсің.-

баяндауыш
Кіммен күрес деп отырсыңдар?- толықтауыш
Ертең менің әжемнің туған күні.- анықтауыш
Кітап

дүкендерінен қарап көр, бәлкім, сонда болар.- пысықтауыш
Біз ауылға бірге бардық.- бастауышМен үшін сондай достың бірі сенсің.- баяндауышКіммен күрес деп отырсыңдар?- толықтауышЕртең менің әжемнің

Слайд 16Есімдіктің түрлері

Есімдіктің түрлері

Слайд 18Жіктеу есімдіктері
Әрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер.
Ол сөзі

адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады: Ол оқудың жайын сұрады.

Ал егер заттар мен құбылыс, іс-әрекет, сан-сапа, т.б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болады: Ол жарыста бәйгеге түсе алатын білімділер, зейінділер.
Жіктеу есімдіктеріӘрқашан белгілі бір жақты көрсету үшін қолданылатын сөздер.Ол сөзі адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады: Ол

Слайд 19Жекеше түрінде
Мен- сөйлеушіні көрсетуші
Сен, сіз- тыңдаушыны көрсетуші
Ол- бөгде кісіні көрсетуші

сөздер
Көпше түрде
Біз, біздер- сөйлеушіге тән топты көрсетуші
Сендер, сіздер- сөйлеушінің сөзі

арналған топты көрсетуші
Олар- бөгде топты көрсетуші сөздер
Жекеше түріндеМен- сөйлеушіні көрсетушіСен, сіз- тыңдаушыны көрсетушіОл- бөгде кісіні көрсетуші сөздерКөпше түрдеБіз, біздер- сөйлеушіге тән топты көрсетушіСендер,

Слайд 20 Жіктеу есімдіктері әрқилы морфологиялық түрлендіруші формаларды қабылдай

алады.
Атау мен
Ілік

менің
Барыс маған
Табыс мені
Жатыс менде
Шығыс менен
Көмектес менімен
Жіктеу есімдіктері әрқилы морфологиялық түрлендіруші формаларды қабылдай алады.  Атау

Слайд 21Сілтеу есімдіктері
Аралық қатынастарды көрсетеді.
Сілтеу есімдіктері аралық қатынастарды білдіру жағынан ішінара

жақын-алысырақ, алыс-жақынырақ сияқты қарама-қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер болып бірнеше жікке

бөлінеді.
Сілтеу есімдіктеріАралық қатынастарды көрсетеді.Сілтеу есімдіктері аралық қатынастарды білдіру жағынан ішінара жақын-алысырақ, алыс-жақынырақ сияқты қарама-қарсы мағыналарда қолданылатын сөздер

Слайд 23Сөз таптарының орнына қолданыла алады:
Зат есім: 80-жылдарда жер аударылып барған

Михаэлис деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы қағидаларды жиюға елге

шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған. Бұлар Абайдікіне қонаққа келіп кетіп жүрген.
Сын есім: Кіші үйдің бозінгені бүгін тағы өлді. Мойнақтан ол үй енді таза болды.
Сөз таптарының орнына қолданыла алады:Зат есім: 80-жылдарда жер аударылып барған Михаэлис деген бір білімді кісімен, қазақ ғұрпындағы

Слайд 24Сан есім: Жұмыс басталуына он екі күн қалған екен. Бұл

күндердің ішінде талай іс бітіруге болады.
Есімдік сөздер: Әңгімедегі пікір не

нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады.
Етістік: Жармұхамет кешіккен соң, оның үйінде күтіп отырған болыс пәтеріне қайтты. Мұны көріп тұрған Берікбол мен Малтабар сарттың дүкенінен шықты.
Сан есім: Жұмыс басталуына он екі күн қалған екен. Бұл күндердің ішінде талай іс бітіруге болады.Есімдік сөздер:

Слайд 26 Сілтеу есімдіктері субстантивтенгенде ғана тәуелдік, септік, көптік жалғауларын

қабылдай алады.
Міне
Әне
Осынау

+ Тәуелдік жалғауы
Сонау
Түу


Сілтеу есімдіктері субстантивтенгенде ғана тәуелдік, септік, көптік жалғауларын қабылдай алады. Міне Әне Осынау

Слайд 27Міне
Мынау
Әне
Анау

Септелмейді
Осынау
Сонау
Түу

МінеМынауӘнеАнау               СептелмейдіОсынауСонауТүу

Слайд 28Көптік жалғауын қабылдайды:
Бұл- бұлар
Ол- олар
Мына- мыналар
Ана- аналар
Осы-

осылар
Сол- солар

Көптік жалғауын қабылдайды:   Бұл- бұларОл- оларМына- мыналарАна- аналарОсы- осыларСол- солар

Слайд 29Сұрау есімдіктері
Заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын,

т.б. білдіретін сөздер.
Кім? Не? Қай? Қайсы? Қандай? Қалай? Қайда? Қайдан?

Қашан? Қанша? Неше? Нешінші? Қаншасы?
Бірыңғай морфологиялық түрленуі не синтаксистік қызметі жоқ.
Сұрау есімдіктеріЗаттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын, т.б. білдіретін сөздер.Кім? Не? Қай? Қайсы? Қандай?

Слайд 30Кім? Не? Қайсы? Нешеу? есімдіктері ғана тәуелденеді.
Жіктік жалғаулары тек кім?

қандай? қалай? қайсы? есімдіктеріне ғана жалғанады.
Кім? Не? Қайсы? Нешеу? есімдіктері

септеледі.
Көптік жалғауы кім? не? қайсы? неше? есімдіктеріне жалғанады.
Кім? Не? Қайсы? Нешеу? есімдіктері ғана тәуелденеді.Жіктік жалғаулары тек кім? қандай? қалай? қайсы? есімдіктеріне ғана жалғанады.Кім? Не?

Слайд 31Өздік есімдіктері
Сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп

алып көрсетуші сөздер.
Өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері.
Тәуелдік

жалғауының –нікі, -дікі формасы жалғанып қолданылады.
Өз есімдігі тәуелденіп барып жіктеледі. Мысалы: өзіммін, өзімсің, өзімсіздер
Өздік есімдіктеріСөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер.Өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз,

Слайд 32Септік жалғаулары тәуелденген зат есімдердің септелу ізімен жалғанады.
Атау

өзім
Ілік

өзімнің
Барыс өзіме
Табыс өзімді
Жатыс өзімде
Шығыс өзімнен
Көмектес өзіммен
Септік жалғаулары тәуелденген зат есімдердің септелу ізімен жалғанады. Атау      өзім Ілік

Слайд 33Жалпылау есімдіктері
Белгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына немесе толық қамтылуына

нұсқай айтылатын жинақты-жалпылау мағынадағы сөздер.
Бәрі есімдігі атау формада субстанциялық ұғымды

білдіреді. Басқалары өзінің негізгі формасында қолданылғанда атрибуттық ұғымды білдіреді.
Жалпылау есімдіктеріБелгілі бір заттар мен құбылыстардың жиынтығына немесе толық қамтылуына нұсқай айтылатын жинақты-жалпылау мағынадағы сөздер.Бәрі есімдігі атау

Слайд 34Тәуелдік жалғаулары бар, барлық, барша, бәрі сөздеріне ортақ тәуелдеу түрінде

ғана жалғанады. Мысалы: баршамызға, бәрің.
Атрибуттық мәндегі күллі, бүкіл, тамам есімдіктері

тәуелденбейді.
Жіктік жалғауы жалпылау есімдіктеріне жалғанбайды.
Субстантивтенген түрлері ғана тәуелденіп барып септеледі.
Тәуелдік жалғаулары бар, барлық, барша, бәрі сөздеріне ортақ тәуелдеу түрінде ғана жалғанады. Мысалы: баршамызға, бәрің.Атрибуттық мәндегі күллі,

Слайд 35Белгісіздік есімдіктері
Заттар мен құбылыстарды және олардың сан, сапа белгілерін, мекен,

амал тағы басқаларын анық етіп ашып айтпай, тұспалдап қана көрсететін,

яғни мағыналары нақтылы түрде берілмей, белгісіз мәнде айтылатын есімдік түрі.

Белгісіздік есімдіктеріЗаттар мен құбылыстарды және олардың сан, сапа белгілерін, мекен, амал тағы басқаларын анық етіп ашып айтпай,

Слайд 36Белгісіздік есімдіктері шығу төркіні, жасалу жолы жағынан күрделі 2 салаға

бөлінеді:
Лексикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер: бір, біреу, кей, әр, әлде.
Морфологиялық

тәсіл арқылы жасалған сөздер: бірдеңе, бірнеше, бірнәрсе, кейбіреу, әлдекім, әлдеқайда, әркім, әрқайсы.
Белгісіздік есімдіктері шығу төркіні, жасалу жолы жағынан күрделі 2 салаға бөлінеді:Лексикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер: бір, біреу,

Слайд 37Өзге сөз таптарының қызметін атқарулары
Сын есім: бір, кей, әр, пәлен,

әлдеқайда. Әр ауылдың, әр үйдің бір қазанбұзары, бір биі болады.
Зат

есім: біреу, әлдене, әлдекім, кейбіреу, әркім, әрнәрсе, әрнеңе. Сыртта біреу жүргендей көрінді.
Сан есім: бірнеше, әлденеше. Бірнеше жоба көрсетілді.
Үстеу: әлдеқайда, әлдеқашан, әлдеқалай. Ойы бөлініп, қиялы әлдеқайда отыр еді.
Өзге сөз таптарының қызметін атқаруларыСын есім: бір, кей, әр, пәлен, әлдеқайда. Әр ауылдың, әр үйдің бір қазанбұзары,

Слайд 38Біреу, бірнеше, бір, кей, кейбір есімдіктері тек ортақ тәуелдеу түрінде

тәуелдік жалғауларын қабылдайды.
Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды.
Көптік жалғаулары бірдеңе, бірнәрсе,

біреу, әлдекім, әлдене, әркім, әрнеңе, кейбіреу есімдіктеріне жалғанады.
Бір, бірнеше, кей, кейбір, кейбіреу, әлденеше, әрбір есімдіктері тәуелденіп барып септік жалғауларын қабылдайды.
Біреу, бірнеше, бір, кей, кейбір есімдіктері тек ортақ тәуелдеу түрінде тәуелдік жалғауларын қабылдайды.Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды.Көптік

Слайд 39Болымсыздық есімдіктері
Жалпы болымды мағыналарға қарама-қарсы болымсыздық мағыналарда қолданылады.
Еш, ешкім, ештеңе,

ешнәрсе, ешбір, ешқайсы, ешқашан, бір де, бір де бір, дәнеңе.

Болымсыздық есімдіктеріЖалпы болымды мағыналарға қарама-қарсы болымсыздық мағыналарда қолданылады.Еш, ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешбір, ешқайсы, ешқашан, бір де, бір

Слайд 40Болымсыздық есімдіктерінің жасалу тәсілдері

Болымсыздық есімдіктерінің жасалу тәсілдері

Слайд 41Болымсыздық есімдіктері жіктік жалғауларын және көптік жалғауларын тікелей қабылдамайды. Көптік

жалғаулары ештеңе, ешнәрсе, ешқайсы, дәнеңе, түк есімдіктеріне тәуелдік жалғауларымен бірге

жүріп жалғанады: ештеңелері, түктері.
Ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері жекеше түрде тәуелденеді. Ешбір, бір де бір есімдіктері көпше түрінде тәуелденеді.
Болымсыздық есімдіктері жіктік жалғауларын және көптік жалғауларын тікелей қабылдамайды. Көптік жалғаулары ештеңе, ешнәрсе, ешқайсы, дәнеңе, түк есімдіктеріне

Слайд 42Болымсыздық есімдіктерінің септелу жүйесі біркелкі емес. Субстантивтік ешкім, ештеңе, ешнәрсе,

дәнеңе, түк есімдіктері жекеше түрінде септік жалғауларының барлық формаларын қабылдайды,

көпше түрінде септелмейді. Тәуелденген түрінде жекеше, көпше түрінде септеледі. Мысалы: Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ.
Атрибутивтік ешбір, ешқайсы, ешқандай, бір де бір есімдіктері жай түрінде септелмейді. Ал тәуелденген кезде жекеше түрінде 2-3- жақтарда септеледі. Мысалы: ешбірің, ешбіріңнің, ешбіріңе, т.т.
Болымсыздық есімдіктерінің септелу жүйесі біркелкі емес. Субстантивтік ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері жекеше түрінде септік жалғауларының

Слайд 43Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика