Слайд 1“БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ” МКҚК
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР. БАТИК
ТЕХНИКАСЫ.
Көркемсурет студиясының жетешісі: Ташимова Т.И.
АҚТӨБЕ - 2014
Слайд 2 САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
БАТИК ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕНУ, ТАҚЫРЫП ИДЕЯСЫН КӨРСЕТЕ БІЛУГЕ ЖАТТЫҒУ.
КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР ТҮСІНІГІН КЕҢЕЙТУ.
САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ:
а) Батик техникасына материалды дайындау,
сәйкес эскиздердің суретін салу.
ә) Оқушылардың игерген композициялық ұғымын дамыту.
б) Оқушыларды табандылыққа, жауапкершілікке дағдыландыру.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру
Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушылардың өзіндік жұмысы
Сергіту сәті
Оқушылардың өзіндік жұмысының жалғасуы
Қорытынды
Слайд 3 КОМПОЗИЦИЯНЫҢ ӨЗ ЗАҢЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
Үйлесімділік
Пропорциялық өлшем
Композиция бірлігінің болуы
Композиция тұтастығы
Слайд 4 Бүгінгі композиция сабағы бойынша батик техникасымен сурет салуды үйренеміз. Алдымен
жалпы композиция туралы, оның әдістері жөнінде түсінік алайық.
Композиция – шығарманың
негізі десекте болады. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым. Мысалы: жазушы өз ойын айшықты тілмен айта білсе, сазгер – әуен ырғағымен, ал суретші– өрнек, форма, бояу үйлестігімен жеткізеді. Яғни, кез келген суретші өз ойын баршаға ұғынықты, тартымды жеткізу үшін суреттің композициялық жүйелеу мәселесіне көп көңіл аударады. Суретші өз туындысында тақырып идеясын анық көрсетуге және тақырыпты айқындау үшін қосымша элементтермен толықтырады.
Слайд 5 Композицияның әртүрлі әдістері болады. Мысалы: мына өрнектер ырғақты әдіспен бейнеленген.
Бұл ырғақты өрнектер қайталану әдісімен бейнеленген. Бұндай ырғақты өрнектер біздің
ұлттық бұйымдарда: кілем, сырмақ, ши бұйымдарында көп кездеседі. Ал, енді белгілі бір қозғалыстағы судың толқынына ұқсаған ирек өрнектер, бір-біріне ілескен бейнелер динамикалық әдістегі композиция деп аталады.
Слайд 6 Егер екі бейне бір-біріне қарама-қарсы бейнеленсе, бұл – статикалық әдістегі
композиция деп аталады. Мысалы: дөңгелек немесе геометриялық фигуралар ортасына тепе-тең
орналасқан өрнектерді симметриялық әдістегі композиция деп білуге болады. Ал, енді жоғарыда айтылған, тепе-теңдік, ырғақты, қозғалысты, қарама-қарсы бейнелер, композициясын қолданбай-ақ, бейнелердің қағаздың бір жақ бөлігіне орналасуы – ассимметрия деп аталады. Бірақ бұлбейнелердің дұрыс орналасуы мен бояу түсінің үйлесімді боялуы композицияның орнықты, жүйелі екенін көрсетеді. Біз барлығымызда композиция сабағында белгілі бір тақырыпта сурет сала аламыз және жоғарыда айтылған композициялық әдістерді қолданып та жүрміз. Егер осы композициялық әдістерді сабақта қолданып, түсіне отырып салсақ, тақырыпты сурет салудың белгілі бір бағыттағы нақты идеясын жеткізуді және бейнелеу өнерінен сауатты сурет салуды үйренгендерің көрінеді.
Ол үшін композиция ережесін үнемі есте сақтауымыз керек. (Көрнекілікке назар аудару).
Слайд 7
Енді бүгінгі композиция сабағының негізгі тақырыбы – батик техникасына назар
аударамыз. Батик – мата бетіне салынатын сурет. Батик – жазу
техникасы Шығыс елдерінде: Қытай, Жапония және Үндістанда дүниеге келген. Кейінгі онжылдықта Индонезияда жеңіл текстилдік өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты батик өнері де жақсы дамыған.
Слайд 10 Қытай жібектері VІІІ ғасырда Ұлы Жібек жолы арқылы әлемнің
көптеген елдеріне саудаға шықты. Бұл маталар жібек құртынан жасалған. Құндылығы
– алтынмен пара-пар болған.
Слайд 12ХАНАМИ КЕЗЕҢІНДЕ САЯБАҚТАРДА АЯҚ АЛЫП ЖҮРУ МҮМКІН БОЛМАЙДЫ. САКУРА АСТЫНДА
АС ІШІП ОТЫРҒАНДА, ЫДЫСҚА ГҮЛ ЖАПЫРАҒЫ ТҮССЕ, КЕЛЕР ЖЫЛ МОЛШЫЛЫҚҚА,
ТАБЫСҚА, СӘТТІЛІКТЕРГЕ ТОЛЫ БОЛАДЫ ДЕП БОЛЖАҒАН.
САКУРАНЫҢ ГҮЛДЕУІН ЖАПОН ХАЛҚЫ АСЫҒА КҮТЕДІ. БҰЛ КЕЗЕҢДІ “ХАНАМИ” ДЕП АТАЙДЫ. ХАНАМИ - ШИЕ АҒАШЫНЫҢ ГҮЛДЕНУ УАҚЫТЫ.
Слайд 13СОНДЫҚТАН САКУРА ГҮЛІН ЖАПОНИЯНЫҢ СИМВОЛЫ РЕТІНДЕ КӨРЕ АЛАМЫЗ. ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР
МЕН ӘШЕКЕЙЛЕРІНДЕ САКУРАНЫҢ БЕЙНЕЛЕНГЕНІ КӨРІНЕДІ.
Слайд 14 Мысалы: мына слайдқа назар аударсақ, батик техникасы маталарда, орамалдарда, галстуктерде,
жапқыштарда қолданылады екен. «Батик» мағынасы тамшы немесе нүктемен бояу дегенді
білдіреді. Үлгі суретте көргеніміздей, батик композициясы алуан түрлі гүлдер мен құстар және картиналы батиктердікөреміз. Батик жазу кезіндегі шығармашылықтың негізі – гаммалық үйлесімділік. Батик – арнайы аналинді бояулармен салынады және бұл бояу мата бетіне тез жайылғыш келеді. Батик кішкентай тамшылармен боялып салынады. Бұл әдіс қызық, әрі күрделі. Батик жазылуына қарай ыстық, суық,аралас болып бөлінеді екен.
Слайд 20Жапқыш және киімдердегі батиктер
Слайд 21Суретті батиктер: пейзаж, натюрморт
Слайд 23 Біз бүгінгі сабақта батиктің қарапайым түрі – суық батик техникасымен
жазуды үйренеміз. Алдын-ала салынған батик эскиздерімізді, дайындалған мата астына қойып
суретін қарандашпен көшірдік. Осыдан соң батиктің арнайы сұйықтығымен немесе ақ желіммен салынған суретімізді жиектедік. Бұл әдістердің барлығы алдын-ала дайындалады. Енді, бүгінгі сабақтың негізгі жұмысы – батикті жазу техникасын үйрену. Батиктің үлгі суреттерін, көргеніміздей, ұқыпты және бояу түстерін аз мөлшерде нүктелеп жазу қажеттігін ескереміз. Бір-біріне жақын түстерді бірыңғай бояған дұрыс, бұл біздің жұмысымыздың таза, ұқыпты, мөлдір болып шығуына әсер етеді. Егер біз батик техникасын жазуды ретімен дұрыс орындасақ, келесі үлгідегідей батик композициямыз әдемі дұрыс шығады.
Слайд 27Оңға, оңға түзу тұр,
Солға,солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай
бір адым.
Жоғары,төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Тереңдет ойыңды,
Тік ұстап бойыңды.
Құстарға ұқсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға
оң қанат,
Шық алғасол қанат.
Шаршаған кезіңде,
Қонайық жорғалап.
/Доппен ойын/
Сол аяқ,оң аяқ,
Допты кезек тебеміз.
Ал, балалар, тұрмайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Сілкініп бір алайық.
Тіке ұста бойыңды,
Денеңді бір көтеріп.
Демімізді алайық,
Тыныстап бір қалайық
СЕРГІТУ СӘТІ