Разделы презентаций


интернет зависимость

Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Киim логикасы

Киim логикасы

Слайд 3Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері.

Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну

мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді.
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен

Слайд 5Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни

өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан

киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар бурка; римдіктер тога; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс косовороткасы, эскимос анорині), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді.
Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін

Слайд 7Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық

ортасын танытады. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы,

бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді.
Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы

Слайд 8Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі,

жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын

төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып Киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген. Қазіргі заманғы Киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік Киімдер түрлері бар.
Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика