Разделы презентаций


Мен бос уа?ытымды салауатты ?мір с?ру салтын ?стану?а арнадым

Тақырыптың өзектілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев «Салауатты өмір сүру салтын ұстану халқымыз үшін нұрлы болашақ кепілі» - деген еді. Сол себепті салауатты өмір сүру салтының бір тармағы болып табылатын,

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1№9 қазақ мектебі






Тақырыбы: «Мен бос уақытымды

салауатты өмір сүру салтын

ұстануға арнадым»


Орындаушы: Мұхаметқали Абуали
4 “ А” сынып оқушысы

 

Ғылыми жоба

№9 қазақ мектебі Тақырыбы: «Мен бос уақытымды          салауатты

Слайд 2Тақырыптың өзектілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев «Салауатты өмір сүру

салтын ұстану халқымыз үшін нұрлы болашақ кепілі» - деген еді.

Сол себепті салауатты өмір сүру салтының бір тармағы болып табылатын, спортпен шұғылдануға деген балалардың қызығушылықтарын артыру. Өзім қатысатын бокс спорты жайлы және барлық жастарға үлгі болған Қазақстаннан шыққан бокстан Олимпиада чемпиондары жайлы мағлұматтар осы тақырыптың өзектілігін айқындайды.   Жұмыстың мақсаты: Бос уақыттарында жастардың спортпен шұғылдана отырып, бойларын жат қылықтардан аулақ ұстауға насихаттау. Еліміздің жарқын болашағы дені сау , білімді және жан-жақты жастардың қолында екені жайлы мәлімет беру. Жұмыстың міндеттері: 1. «Салауатты өмір сүру салты» жайлы мағлұмат беру. 2. Бокс спорты жайлы жалпы мәліметтер жинақтау. 3. Қазақстаннан шыққан бокстан Олимпиада чемпиондары туралы мағлұматтар жинау.
Тақырыптың өзектілігі:  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев «Салауатты өмір сүру салтын ұстану халқымыз үшін нұрлы болашақ

Слайд 3 Зерттеу болжамы: Осы тақырыпты зерттеу арқылы болашақта мен

де атақты боксшы болып,елімнің көк байрағын биіктен желбіретсем деймін.

Зерттеу әдістері: Баяндау, жинақтау, талдау Зерттеу жоспары: Кіріспе. 1.Дені саудың –жаны сау. 2.Бос уақытымды боксқа арнадым. 3.Бокстан Олимпиада чемпиондары . Қортынды. Пайдаланылған әдебиеттер. Зерттеу нәтежиесі: Салауатты өмір сүру салтын дәріптей отырып,жас жеткіншектерге бос уақыттарын зая өткізбей , спортпен айналысуға шақыру. Дені сау, білімді жастар мықты мемлекеттің – нұрлы болашағы екенін түсіндіру.  

Слайд 4

Кіріспе Ей,

замандас, алдымен досыңды ұқ. Досың: спорт, таза ауа, өсімдік. Ала жүріп осылардың сыйлығын, Еліміздің біз болайық тірегі. - дей отырып, салауатты өмір салтын ұстану, біздің денсаулығымыз, болашағымыз үшін пайдалы екенін түсүнуіміз керек. Мемлекетіміздің дамып, көркейуі үшін білікті мамандар ауадай қажет. Ал біз жастар, еліміздің болашағымыз. Туған елімізді бар әлемге танытатын, көркейтетін маман иесі болу үшін біз қазірден бастап білімге, спортқа мән беріп, бойымызды жат қылықтардан аулақ ұстаумыз керек.

Слайд 5 1.1. Дені саудың – жаны сау
Біздің халқымыз

«Денсаулық –басты байлық» - деп тегін айтпаған. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш

ұлы Назарбаевтың халқымыздың денсаулығына өз жолдауында аса үлкен мән беріп, адамзаттардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттігін атап айтқан.
Ендеше денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау - ең әуелі тазалықты сақтаудан, спортпен шұғылданудан, дұрыс тамақтанудан басталады. Осыған орай біз, жастар, салауатты өмір сүру қағидаларын ұстана отырып, болашақтың жарқын жолын таңдауымыз керек . Жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, достарымыздың да ол жолға түсуіне жол бермеуіміз қажет.
1.1. Дені саудың – жаны сау   Біздің халқымыз «Денсаулық –басты байлық»

Слайд 61.2. Бокс менің таңдауым
Бос уақытымда мен де бокс

үйірмесіне қатысып жүрмін. Бұл үйірмеде біздің денсаулығымызды шынықтырып, күш –жігерімізді

арттыруға үйретеді. Жақында өткен Жезқазған қаласының ашық біріншілігінде 24-кг салмақта 1-ші орынға ие болдым. Бұл менің бокстағы ең алғашқы жетістігім. Қазір мен желтоқсанда өтетін қалалық жарысқа дайындалып жатырмын. Осы жеңіс менің болашақта бокстан Олимпиада чемпионы болып , Еліміздің көк байрағын биіктен желбіретіп ,мәртебесін асқақтатсам деген үмітке жетелейді .
1.2. Бокс менің таңдауым  Бос уақытымда мен де бокс үйірмесіне қатысып жүрмін. Бұл үйірмеде біздің денсаулығымызды

Слайд 71.3. Ел мақтанышына айналған ағалар
Ең бірінші жерлесіміз Атлантада өткен олимпиада

ойындарында 81 кг салмақта алтын жүлдені жеңіп алған Василий Жировты

атап өткім келеді.Сонымен қатар ол Вэл Баркер кубогының ең алғаш жеңіп алған қазақстандық боксшы болды.

Ал Сиднейде өткен олимпиада ойындарында Ермахан Ыбрайымов алтын жүлдені жеңіп алып , чемпион атағына ие болды.

1.3. Ел мақтанышына айналған ағаларЕң бірінші жерлесіміз Атлантада өткен олимпиада ойындарында 81 кг салмақта алтын жүлдені жеңіп

Слайд 81.3. Ел мақтанышына айналған ағалар
Осы олимпиадада 57 кг салмақта

өнер көрсеткен Бекзат Саттархановта алтын жүлдені жеңіп алды. Елбасымыз Бекзатты

I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Бұл орденнің ол тұңғыш иесі еді.

Афинада өткен олимпиадада Бахтияр Артаев 69 кг салмақта өнер көрсетіп, ол да алтын медаль алды. Сонымен қатар ол Вэл Баркер кубогына да ие болды. Оны Елбасымыз «Барыс» орденімен марапаттады.

1.3. Ел мақтанышына айналған ағаларОсы олимпиадада  57 кг салмақта өнер көрсеткен Бекзат Саттархановта алтын жүлдені жеңіп

Слайд 9 Мен бокстан Олимпиада чемпиондары

Бақтияр Артаев, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибраимов, Серік Сапиев, Бақыт

Сарсекпаев , Василий Жиров т.б. үлгі алып, құрмет тұтамын. Міне осылай салауатты өмір салтын ұстанып, бокспен шұғылдану менің патриоттық сезімімді оятып, елімнің бетке ұстар азаматы болып өсуіме жол ашты. Чемпион ағаларымыздың ерліктері менің мектепте де ,спортта да алда болуға жетелейді және осы жолды достарым да таңдаса деймін.
Мен бокстан Олимпиада чемпиондары  Бақтияр Артаев, Бекзат Саттарханов, Ермахан

Слайд 10Халықаралық спорт шебері, Барыс орденінің иегері, Азия ойындарының чемпионы Бахыт

Сәрсекбаев Бейжінде алтын медаль алып, еліміздің атағын асқақтатып, чемпион атағын

алды.

Ал өзіміздің Қарағандылық боксшымыз Серік Сапиев алтын медальмен қоса Вэл Баркер кубогын да жеңіп алды. Сонымен қатар ол Парасат орденінің кавалері, Отан орденінің иесі болды. Серік ЮНЕСКО чемпионы атағын алған әлемдегі 13 – ші боксшы екен.

Халықаралық спорт шебері, Барыс орденінің иегері, Азия ойындарының чемпионы Бахыт Сәрсекбаев Бейжінде алтын медаль алып, еліміздің атағын

Слайд 11Қорытынды
Міне осы ағаларымыз ел мәртебесін көтеріп, әлемге танылып, үлгі болып

жүре берсе, біз сияқты жас жеткіншектердің жүректерінде жалын оты жанып,

патриоттық сезімі оянып, салауатты өмір сүру салтын ұстануға жол ашады деп ойлаймын.
Шығыс ойшылы « Сау дене, азат ақыл, адал көңіл үшеуімен бақытты болады өмір» дегендей: дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын ұстанатын, ел болашағын алға қарай жетелейтін адамзат болып өсу біздің басты парызымыз.
ҚорытындыМіне осы ағаларымыз ел мәртебесін көтеріп, әлемге танылып, үлгі болып жүре берсе, біз сияқты жас жеткіншектердің жүректерінде

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика