Слайд 1 «Бөлме өсімідіктері»
Ғылыми жоба
Слайд 2Мазмұны:
Аңдатпа
Кіріспе.................................................................................
І Негізгі бөлім....................................................................................
1. БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІ ..........................................................................
1.2 Бөлмеде өсірілетін өсімдіктерге жалпы
сипаттама............................................................................
1.3 Бөлмеде өсірілетін гүлдердің агротехникасы және көбейту....................................................................
1.4 Бөлме
гүлдерінің зиянкестері мен аурулары...............................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................................
ҚОСЫМША..............................................................................
Слайд 3
Аңдатпа
Өсімдік – табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде
тіршілік жоқ.Өсімдік - өмір өзегі деп бекер айтылмаған, олардың саялы
да аялы жапырақтары көмірқышқыл газын өздеріне сіңіріп, сыртқа оттекті бөліп шығарады.Өсімдіктер айналадағы ауаны жақсартады: ауа райын салқандатып, қатты желге тосқауыл болады.Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Тыным бақтардағы әсем де әдемі өсімдіктер адамзатты жарқын көңіл күйге бөлейді. Жасыл өсімдіктер суды буландыру арқылы ауаны ылғалдандырады.
Мақсаты:
- сәндік мақсаттағы өсімдіктерді көбейтіп, жасыл желекке айналдыру:
- бөлмені ластанудан (шаң-тозаң) қорғау, бөлме ауасын жасыл өсімдіктер арқылы тазарту.
Міндеті:
- бөлме өсімдіктерінің отырғызылатын ыдысын дұрыс таңдап, анықтай білу;
- ол өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері мен сол ортаға төзімділігін анықтау.
Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері:
Бөлме өсімдіктеріне жалпы сипаттама беру;
Бөлме өсімдіктерінің зиянкестері мен ауруларын зерттеу жұмысы;
Берілген тақырып бойынша нәтиже және қорытынды шығару.
Жұмыстың жаңашылдығы: Адам саны тығыз өндіріс орындарын, мекемелерді, бөлмелерді залалсыздандыру үшін қазіргі таңда өсімдіктер санын көбейтіп және оларды күту.
Слайд 4
ДИФФЕНБАХИЯ (DIFFENBACHIA)
Отаны Мексика
Әдемі жапырақты өсімдік. Оның жапырағының көлемі 40см дейін
жетеді. Түсі ала, ақ жегі жасыл
, ақ таңдақты болады. Диффенбахия
үй жағдайында гүлдемейді, бойының биіктігі 2м. Туыстарының ең әдемісі
пішінді диффенбахия болып саналады. Ылғал сүйгіш өсімдік, күн аралатып жапырағына су бүркіп тұру керек.
Көбейтілуі:
Бөлу, қалемшелеу
БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІ
Слайд 5БЕГОНИЯ(BEGONIA)
Отаны Мексика
900-ге жуық түрі бар.
Биіктігі 30см дейін жетеді.
Ең
көп тараған түрлері:
бұталы, жарталай бұталы және өрмелегіш.
Гүлдері ірі
және ұсақ түрлі болады.
Хош иісті. Жазғы күндері
бақшада өсіруге болады.
Көбейтілуі:
Сабағын қалемшелеу арқылы,
жапырағы арқылы,
түйнек және бөлу арқылы.
Слайд 6Сансевиерия – өте баяу өсетін ғажайып өсімдік. Ол құрғақшылыққа,
көлеңкеге
төзімді. Оны өсіру өте жеңіл. Биіктігі 2-3м өсе алады.
Көбейтуі:
Топырақты
даярлаймыз
Зақымдалған жапырақтарын кесеміз
Жапырағын әйнектің үстіне қойып 2,5-3см қылып кесеміз
Кесілген жапырақтарды 2-3см аралықта көлденең отырғызамыз
Өсімдікті суарып жылы жерге қоямыз
Топырағы кепкеннен кейін өсімдікті суға қоямыз
Слайд 7ҮЙ ШЕГІРГҮЛІ (FIALKA)
Шегіргүлдер жақсы күтімді қажет етеді.
Оның тамыры қысқа
болғандақтан кейбір
кезде жапырағы молайып гүлдемейді.
Сондықан оның тамырға жақын астыңғы
жапырақтарын
мейлінше сарғайғанын кесіп алып тастау керек.
Көбейтілуі:қалемшелеу арқылы
Слайд 8ТЕҢБІЛГҮЛ (Cyciamen)
Отаны Сауд Аравиясы
Қысы-жазы гүлдейтін бірден бір уй гүлі.
Қыста
үй жағыдайында және жазда бақшада өсіріледі.
Тіршілік ұзақтылығы 6 жыл.
Жылына 3-рет гүлдейді:қыста,
көктемде, күз мезгілдерінде. Бір түбегі 50-ге жуық гүл жарады.
Теңбілгілге өсімдік биті өш келеді. Олар жапырақ астында, сабағында өмір сүреді.
Гүлді күнделікті және мол суармайды.
Тиімді жолы күнделікті өсімдікті айналдыра ауаға су бүркіп қою.
Ол отбасылық тыныштықты қалыптастырып, адамзатты
қарғыс пен тіл – көзден сақтайтын қасиеті бар.
Көбейтілуі:
Тек тұқым арқылы ғана көбейтіледі
Слайд 9Қазтамақты жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын пайдалы қоспалар мазасыздықты
жеңуге көмектеседі. Ауаны стафилококк, стрептококк бактерияларынан залалсыздандырады. Оны тексеру үшін
ғалымдар стафилококк бактериясының 1-2 тамшысын қазтмақтың жапырағына тамызғанда, үш сағатта бактериялар өліп қалған. Сонымен қатар шыбын-шіркейлер қазтамақ бар жерден қашады. Бөлмені жаман иістерден тазартады. Сондықтан ас бөлмеге де қазтамақтың пайдасы зор. Күтімі жеңіл. Жарықсүйгіш. Жазда молынан, қыста суғаруды азайтады. Күшті бактерицидтік қасиетінің. Ал қазтамақ (герань) бірінші суғармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді.
арқасында, аурулар мен зиянкестерге ұшырамайды.
ҚАЗТАМАҚ — ЕҢ ЖАҒЫМДЫ ГҮЛ
Слайд 11Жақсы қалемше
кесіп алу.
Шынының
үстіне
қойып сабағын қысқартып, топыраққа отырғызу көбейтудің ең жеңіл тәсіл.
Бөлме өсімдіктерінің көбейту тәсілдері
Слайд 12Тамырланған гүл қалемшесін құнарлы топыраққа отырғызу арқылы көбейту.
Слайд 13Отырғызылған гүл қалемшесін жақсылап суару қажет.
Слайд 17Бөлмеде өсірілетін гүлдердің агротехникасы
Өсімдіктерді суару
Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер өсімдікке суды
көп құнды, соның салдарынан өсімдіктің тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың
температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5—70 жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады.Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс. Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аңқай суын сол бойда, ал жеңіл топырақтық артық суын 30 минуттай немесе 1 сағаттап кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің (циперус) табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда өсімдіктің топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Өсімдікке су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп, тұруы қажет.
Слайд 18
Гүлдер адамға жақсы әсер етіп, жақсы ниетке жетелейді. Оларда тірі
ағза емес пе, адам жанын түсіне білетін адал дос секілді.
Мұңайған кезде сырыңызды айтып бөліссеңіз, үнсіз тыңдап шығып қуат беретіндей. Олар ешкімді сөкпейді, жамандамайды, даттамайды, мақтамайды да. Гүлдерге сенуге болады.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Слайд 19Ең алғаш ботаника бағы XV- ғасырда Италияның Падуя қаласында салынған
екен-мыс. Кейін келе қытайлықтар «жер жүзіндегі алғашқы ботаника бағы Қытай
елінде Цин империясында пайда болды» деп жар салып келеді. Алайда әзірге әлемдегі алғашқы бақтың тарихы жайлы ешкім нақты айта алмайды. Ал біздің Көкпекті ауданы бойынша 2011 жылы қараша айында Преображенка орта мектебінде тұңғыш рет қысқы бақ мүйісі ұйымдастырылды. Қысқы бақта 54 топқа жүйеленетін 85 түрлі бөлме гүлдері отырғызылған
Слайд 20. Бұл гүлдердің әрқайсысының тарихи ерекшеліктері бар және өсу, көбею,
даму процесстері бар. Қысқы бақта мектеп оқушылары биология сабағынан теориялық
алған білімдеріін практика жүзінде ұштастыра алады. Сан алуан бөлме гүлдерінің қыр-сырымен танысады. Адам өмірінде ерекше орын алатындығына көзі жетеді.
Слайд 21 Гүлді әркімнің өз қолымен егіп, күтіп-баптап өз үйіне өзінің
орналастырғаны дұрыс, дейді мамандар. Гүлді сәбиіңді баққандай күтсең, ол өскен
соң денсаулығыңа, отбасыңа оң әсерін тигізеді. Ал гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаң, көңіл күйің көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласың. Біз мектептердің әрдайым гүлдеп, жайнап түрғанын, өзге білім ордаларына үлгі болғанын қалаймыз!