Слайд 1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ
ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Пән: «Балалар мен
жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 5В 110400- «Медициналық-профилактикалық іс
Дәріс №15
Тақырыбы: Қазіргі заманға сай балалар мен жасөспірімдер мекемелерін жоспарлау мен құрылыс жүргізу ерекшеліктері.
Лектор: Жумадилова Ақмарал Рахматуллақызы
Шымкент 2016 ж.
«Гигиена – 1 және эпидемиология» кафедрасы.
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
А) Балалар мен жасөспірімдер мекемелерін жоспарлау
Б) Сақтық санитарлық
қадағалау
В) Ағымды санитарлық қадағалау
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Мақсаты: Студенттерге балалар мен жасөспірімдер мекемелерін
жобалаумен салуға қойылатын гигиеналық талаптар туралы түсінік беру.
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде сақтық санитарлық бақылау жұмысын дұрыс жүргізгенде ғана балалардың өсіп, дамуына қажетті қолайлы жағдай жасауға болады. Ол үшін қаланың жалпы жоспарын өңдеп, келісу және тұрғын аудандар мен ықшам аудандардың жобаларын жеке талдап қарау жұмыстарын міндетті түрде санитарлық қызметтің қатысуымен жасаған кезде ғана дұрыс нәтижеге жетуге болады.
Қаланың жалпы жоспарын өңдеу кезінде СЭС, балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің қазіргі жағдайлары туралы санитарлық сипаттамалар негізінде санитарлық жоспар-тапсырма жасайды. Бұл тапсырмада міндетті түрде орындалуы қажет (мысалы, бала-бақшаны өндіріс орнының санитарлық қорғаныс зонасынан шығару, немесе материалдық- техникалық базасы санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін мектептерді қайта салу т.с.с)
Слайд 4 Қаланың жалпы жоспарын келісімге салу
кезеңінде ең алдымен елді мекенінің балалар мен жасөспірімдер мекемелерімен қамтамасыз
етілу жағдайы туралы сұрақты шешу қажет. 2.07.01-87 «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі құрылыстарды жоспарлау», құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНменЕ) бойынша мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (МДМ) саны, қалалық демографиялық. құрылысына байланысты болады және халықты МДМ қамтамасыз ету деңгейі 85% мөлшерінде алынады (жалпы түрдегі - 70% , арнаулы түрдегі - 3% және салауаттандыру түрі -12%).
Демографиялық мәліметтер болмаған жағдайда, жаңадан салынатын елді мекендерге бұл
көрсеткіш 1000 адамға - 180 орын есебінен алынады және құрылыс салынып жатқан тұрғын территориясында -1000 адамға 100 орыннан артық болмауы керек. Мектеп қажеттілігі мектеп жасындағы балаларды толық емес орта мектеппен (1-9 сыныптар) 100% және толық орта мектеппен (10-11 сыныптар) 75% дейін қамтамасыз ету есебінен алынады
Слайд 6Жаңадан салынатын елді мекендерде -1000 адамға 180 орыннан кем болмауы
керек. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерін орналастыру туралы сұрақтар да (тұрғын
аймақтарды жобалау, жер учаскесімен қамтамасыз ету) осы кезеңде қарастырылады. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық корсеткіштері бойынша немесе қала салу жағдайына байланысты қайта салуды қажет ететін объектілер анықталады.
Слайд 7Санитарлық тапсырманың барлық шарттарының орындалу барысы тексеріледі. Сақтық санитарлық бақылаудың
келесі кезеңі тұрғын аймақтың жобасының детальды жоспарын санэпид қызметімен талдап
келісу болып табылады. Мұнда есепке алынған халықтың санына объектілердің жеткіліктілігі, олардың ықшам ауданда орналасуы, қызмет ету ауданы жер учаскесінің ауданы, ғимараттың бағытталуы, басқа ғимараттардан' ара қашықтығы, кұрылыс салу мерзімі соңғы рет дұрыстап тексеріледі Осы жњмыстарды жасауда төменде көрсетілген мөлшерлік талаптар сақталуы керек.
Слайд 8Қызмет ету ауданы көрсетілген мөлшерден жоғары болмауы керек.
Қаладағы мектепке дейінгі
мекемелерде - 300 м ., кішкене қалалар мен ауылды жерлердегі
мектепке дейінгі балалар мекемелерінде – 500 м., жалпы білім беру мектептерінде -750м, бастауыш сыныптарға арналған жалпы білім беру мектептерінде 500м.
Жер учаскесінде ауданы 1 орынға : Мектепке дейнгі мекемелердің сыйымдылығы: 100 орынға болғанда 40м 100 орынан жоғары болғанда 35 м 500 орынан жоғары болғанда 30м Жалпы білім беру мектептерінің сыйымдылығы:
-40-тан 400 орынға дейін - 50 м2 600-ден 800 орынға дейін - 40 м2
-800-ден 1100 орынға дейін - 16 м2
Слайд 9Ғимарат пен оның учаскесінің ара қашықтығы:
-қалада, қызыл сызыққа дейін -
25 м
-ауылдық жерде, қызыл сызыққа дейін - 10 м
-тұрғын үйлерге
дейінгі ара кашықтық инсоляция, жарықтандыру мөлшері бойынша.
Слайд 10 Санитарлық мөлшер мен ережелер бойынша мектеп жасына дейінгі мекемелердң,
жалпы білім беру мектептерінің, мектеп-интернатгардың ғимараттарының орналастырылуы мен бағытталуы болмелерде
үздіксіз үш сағаттық инсоляция ұзақтығын қамтамасыз етуі керек. Жобаның детальды жоспарлануы негізінде ықшамаудан құрылысының жобасы өңделеді
Слайд 11Осыдан соң сақтық санитарлық бақылау жұмысы бірінен кейін бірі жүретін
негізгі төрт кезеңнен тұрады:
1. Жер учаскесін бөліп алуды келісу.
2
Құрылыс жобасын қарау.
3.Құрылысқа бақылау жүргізу.
4.Объектіні қабылдап алу.
Слайд 12 Қорытынды
Бірқатар зандылық актілер бойынша санитарлық қызмет кейбір заңынан ауытқулары бар,
бекітілген мөлшерлері мен ережелері жоқ жобалар және жеке жобалардан басқа
барлық типтік жобалардың бәрін бірдей қараудан босатылған. Сондықтан барлық жерлерде жер учаскесін тандап, бөліп алу кезенінде жобаны тексеру, құрылыс салу және оны қабылдап алу кезеңдерщде сақтық санитарлық бақылаудың сапасын жоғарылату қажет
Слайд 13Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым
баспа орталығы.2008.
2.Неменко Б.А.,
Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.
Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М., Қасмақасов С.Х
Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі.
Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
2.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
3.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными
терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
Слайд 14Қорытынды сұрақтар:
Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің құрылысын салу ең алдымен неден
басталады?
Сақтық санитарлық бақылау және қанша кезеңнен тұрады?
Ағымды санитарлық қадағалау дегеніміз
не?