Слайд 1ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Гигиена- 1, дене шынықтыру және валиология кафедрасы
Пәні
аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»
Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс: 4
2014 жыл
Слайд 2Мақсаты: балалар санаторияларына қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар мен балалар
мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстарды таныстыру
№21. 1.Тақырып: Балалар санаторияларына
қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптар. Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде эпидемияға қарсы жұмыстар.
Слайд 3Дәріс тезисі.
Балалар санаториясы, науқас балаларды кезеңді емдеу тәрбиелеу оқыту процессімен
тығыз байланысты, медико- педагогикалық мекеме.
Санаторияға 1-14 жасқа дейінгі балалар: демалу
аймағында орналасқан санаторияға 5-14 жасқа дейінгі балалар; тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған және церебральды –спастикалық параличі бар балалар санаторияға 3 жастан бастап бағытталады.
Остеомиелит, полиартритпен сырқаттанған балалар үшін санаторияда жатып емделетіндерге орнының жартысы; тірек-қимыл аппаратының сырқаттары 20% жатып емделетін және нашар қимылдайтын балалар үшін қарастырылуы керек.
Слайд 42. Жер бөліміне қойылатын талаптар.
Санатории территориясының ауданы медициналық профиліне байланыссыз
шаруашылық аймағын есептемегенде бір орынға 200 м.кв кем болмауы керек.
Аса бағалы демалыс факторлары бар демалыс орындарын орналастырғанда, санитарлық эпидемиолгиялық қызмет орталығының келісіммен бір орынға арналған ауданды 20% дейін азайту рұқсат етіледі.
Санатории территориясында қызметкерлерге арналған тұрғын құрылыстарды орналастыруға рұқсат етілмеді.
Санатории территориясында келесі қызметтік аймақтар болады:
Қабылдау аймағы (қабылдау бөлімі);
Тұрғын аймағы ;
Саябақ аймағы;
Дене тәрбиесі сауықтыру жабдықтарынының аймағы;
Оңашалау аймағы;
Шаруашылық аймағы.
Тұру аймағында жатын корпусы, оқыту, тамақтану, емдеу, мәдениет пен әкімшілікті - тұрмыстық мақсатқа арналған бөлмелер, ғимарат пен жабдықтар орнатылады. Тұру аймағы көшеден және жер бөлімінен ыңғайлы кіретін болуы керек.
Жатын, оқу корпустары мен тұру зонасы шекарасы арасындағы санитарлық қашықтық 50 м кем емес; санаторияның негізгі ғимараты мен көлік магистралі арасындағы қашықтық 150 м кем емес; Шаруашылық аймаққа дейін- 100м кем емес, жергілікті жолдан 30м кем емес.
Саяжай аймағына кіреді: ойн алаңы, көгалдану, оқу тәжирибелік бөлім.
Ойын алаңы бір балаға 5 м кв. келеді және жабдықталады: Мектепке дейінгі және кіші мектеп жастағы балалар үшін-құм салғыштармен, әйткеншектермен, сырғанақ, сатылармен т.б.; үлкен мектеп жастағы балалар үшін- орындықтармен, айынға және кітап оқығанға арналған үстелдермен т.б.
Ауланың беті шөпті-құмды болуы қажет, плиткалы рұқсат етіледі, (гравиной) рұқсат етілмейді.
Слайд 5Санаторидің территориясы барлық ауданнаң 60% көгалдандырылған ойын ауласын қоса алған
болуы қажет.
Жазғы уақыттағы күндізгі үйқыны ұйымдастыру үшін жатын корпустарына жабық
дәліз, паркті зонаға жеке кіру жолымен орнатылу керек. (әр секцияға бөлек) немесе паркті зонада жабық аулада ағашты еденнен және үш қорғаныш қабырғаларымен орнату керек (әр секцияға бөлек.). Балалардың ыстықтап немесе тонып кетпеуі үшін қабырғаларды аз жылықұбырларымен жабдықталуы керек.
Жылдың суық мезгілінде үйқыны ұйымдастыру үшін жылыту верандаларын сонымен қатар жатын қапшықтарын сақтайтын бөлмелерді орнату қажет.
Шынықтыру-сауықтыру зонасында:
Спорт алаңдары (20 м2 1 орынға) және емдік шынықтыру сабақтары; балалардың жастық топтары бойынша және санаторияның медециналық профилі бойынша жабдықтау; ем пляждары.
Жатын және оқы бөлмелерінің арақашықтығы аулаға дейін 50м кем болмауы керек.
Спорт алаңдарын және сауықтандыру лагерлері сияқты жинау. Оларды қатаң режим бойынша пайдалануы керек, және медециналық персаналдың бақылауы бойынша.
Балалар пляждарының құрлысы және құрамы санитарлық талаптарға сай келу керек.
Оңашалау зонасы қалған территорияда алыс орналасу қажет, сауығап шыққан балалар үшін ыңғайлы подъезді жолдары болу керек.
Шаруашылық зонасының ауданы санаториидің орналасуы орнына тіуелді. Санаторияның курортты жерде орналасуына жалпы курортты котельня, кір жуғыш, гараж, комплексті мекеме, құрамына қосылатын жалпы комплексті шаруашылық зонасын жобалайды.
Слайд 63. Ғимарат құрылымының архитектуралық- жоспарлық шешімге қойылатын талаптар.
Барлық санаториялардың функциясы
бір жылдыққа арналған; негізгі құрылымның капитальды болуы қажет. Биіктігі 2
қабаттан кем емес; курортты зонада 3 қабатты ғимараттар рұқсат етіледі;
Санаториге оптимальді орын 250 орын, максимальді 500 орынға жабдықталуы тиіс.
Жатын бөлмелердің биіктігі 3,3 м кем емес болуы керек. Қабылдау бөлмелері балаларды қабылдауын кезінде олардың қамтамасыздандырылуы 2 патоктан кем болмауы қажет.
Санаториялардың жеке уақытымен емделушілердің қабылдау бөлмелері карантинді бөлмелермен блоктанады. Санаториге соңғы қабылданатын адам жалпы сыйымдылықтан есеппен 8% кем болмауы тиіс, және олар блокты палатадан тұрады, әр бөлменің ауданы 9кв.м. Жатын, емдік диагностикалық оқу бөлмелері, асхана және мәдени бөлмелері бір корпуста немесе бөлек блокта орналасады. Бұл бөлмелер тек төменгі қабатта: балаларға және персоналға арналған гардероб, кептіру сөрелері, біріншілік өңдеуден өтетін астық, пайдаланған тележкаларды жуу бөлмелері, шаруашылық шеберханалар орналасады. Цокальді этажды пайдалану мына жағдайда рұқсат етіледі: тратуар еденінен 0.7 м кем болмауы қажет.
Жер асты қоймаларына мұздатқыш камераларды, сақтау және қосымша бөлмелер, желдеткіш камераларын, көтергіш лифттерін орналастыруға болады.
Слайд 7Санаторияның негізгі дәліздердің ені остеомиелит, полиартрит салдарын емдеу және тірек
– қимыл аппаратымен сырқаттанғандар үшін 2.4м кем болмау тиіс, санаториялардың
қалған профильдері 2.2м; қосымша бөлмелердің ұзындығы 10м кезінде 1,25м, ал 10м артық болғанда 1.5м.болуы қажет. Палаталардың терезелері, класстық бөлмелері, ойын бөлмелері ориентация болуы қажет оптимальді ретінде Оң, Оң-Ш және рұқсат етілетін Ш. Ал солтүстік рубта палаталық секцияға ориентация орынның 10% рұқсат етілетін.
Санаторияларда пандустар орнатылуы қажет және ( остиоиелит, полиартрит салдары және тірек-қимыл аппаратымен сарқаттанғандар) үшін төсектерді және шаруашылық лифттерді орналастыру қажет.
Санаторияда жатын бөлмелерді оңаша палаталық секцияға орналастыру қажет, әр қабатта 2 секциядан кем болмауы қажет. Секция сыймдылығы 30 төсек. Секция құрамына кіретін ойын бөлмесінің ауданы 1.5кв.м кем болмау қажет, гардероб, кептіру шкафтары есеппен 0.6 кв.м. бір орынға арналған.
Екі секцияға: үтіктеуге арналған және киім тазалау бөлмелері есеппен 0.1 кв.м кем болмау қажет бір орынға , балалардың заттарын сақтауға арналған бөлме есеппен 0.2кв.м. бір адамға арналған.
Мектепке дейінгі балалар үшін палаталық секцияларға: жатын бөлмелер, асхана, ойын бөлмелері, әжетханалық құрайды.
Слайд 8Үйяшық 15 ке есептелуі қажет, секциялық 30 орынға жеке шығу
жолдарымен болуы қажет; жатын бөлмелердің ауданы бір орынға 4,0 кв.м
сай келу керек. Шешінетін бөлмелерде киім және аяқ киімге арналған кептіргіш шкафтар орнатылған.
Асхана мен ас үй бөлмесі балалармен қызметкерлерге қызмет көрсетуге есептелген, қызметкерлердің тамақтануы үшін жеке кіретін есігі бар арнайы зал бөлінуі қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға тамақтану үшін асхана ойын ( бір адамға 2кв.м ); 3 жуу ваннасымен кептіру сөрелері мен ыдыс сақтауға арналған шкафтармен жабдықталған асхана қарастырылады.
Тірек- қимыл аппаратының бұзылысы бар балаларға арналған санаторияда таратушысы бар асхананы, ыдыс жуатын бөлмені ; 3үйялы жуу ваннасымен, ыдысты кептіру арналған сөрелермен, ыдыс сақтау шкафы мен қажет болған жағдайда тағам беруге арналған көтергіштермен (подьемник) жабдықталуын қарастыру керек. Мектеп жастағы өз еркімен жүретін науқастар үшін тағам блогында 1 орынға 1.5кв.м келетін түстік залдары қарастырылады. Түстік залдың сыйымдылығы 60 орынан аспау керек.
Слайд 9Барлық санаторияда барлық мектеп жастағы балаларды оқыту қарастырылуы керек.
Тірек қимыл
аппаратының бұзылысы бар жатып емделетін балаларды оқыту палаталарда жұргізіледі.
Қалған балаларды
оқыту үшін жатын корпустарды және жеке ғимараттарды оқу бөлмелерін қарастырады. Сыныптағы адам саны 25артық болмау керек. Сынып ауданы 1 оқу орны 2.5м кв. Рекрияция ауданы 0.6мкв. 1 орынға. Оқу бөлмесінің құрамына ауданы 60 м.кв. химия, физика, биология сабағына арналған лабаратория кіреді.
Барлық санаторияларда тереңдігі 0.7-1 м дейін (4х9м)ваннасы бар емдік бассейін болуы керек.
4.Санитарлық техникалық жайлыландыру
Санатория ҚНмЕ сәйкес жылыту, желдету, электр қуатымен қамтамасыз ету, шаруашылық ауыз су жүйесімен, өртке қарсы және ыстық су, канализациясымен жабдықталуы тиіс.
Барлық негізгі бөлмелер радиофицирленген болуын су желісі және канализациясы болуы керек. Ауыз су МЕСТ «Вода питьевая. Гигиенические требования и контроль за качеством воды» талаптарына сай болуы керек.
Кір жуатын бөлмеден, ас үйден брезенттерді жуу, кірді сақтаумен регенерация бөлмелерінен іркінді суды жету үшін гидравикалық бітеу мен ауыстырмалы төрмен жабдықталған кір ұстағышы бар қойыншалар немесе трубалар қарастырылады. СНиП «Канализация, наружные сети и сооружения»).
Орналастырылған ауылдық немесе қалалалық сумен канализация жүейесі болмаса, су мен канализацияның жергілікті жүйесін таңдау туралы шешімді СЭҚ мекемесінің келісімімен шешіледі.
Слайд 10
5.Балалар мен жер бөлімінің құрылымы мен санитарлық жағдайлары.
Негізгі бөлмелердің жиһазы
мен жабдықтары емдік, емдік сауықтыру шаралардың оқу педагогикалық процесстің ерекшелігіне
сәйкес болуы керек.
Жатын бөлмелер мен изолятор қатты төсекпен жабдықталуы тиіс.
Жатын бөлмелерді екі қабатты төсекпен жабдықтауға тыйым салынады.
Негізгі бөлменің қабырғасы, едені, төбесі, жазық, жуу мен дезинфекциялауға тиымды болуы керек. Қоқысты қоқыс жинағыштан жою керек. Территорияда шаруашылық қоқыспен жапырақ жағуға тиым салынады.
Жылдың жылы, ыстық, қапырық мезгілінде бөлмені су шашыратққаннан кейін және жабық терезелерде жинақталуы тиіс. Ыстық күні күніне 2 рет су шашырату керек.
Алаң жабдықтары ( үстел, орындық, денешынықтырушы жабдықтары т.б.) жөнделген болуы және күнделікті сүртілуі қажет.
Құм салатын жәшіктердегі құм айына бір рет ауыстырылуы; түнгі уақытта үсті қақпақпен жабылады.
Ойын алдында құм әлсіз ылғалдандырылып, кезеңді түрде қопсытылады; ластанған құм ауыстырылады. Жылдың жылы мезгіліне ай сайын құрт жұмыртқаларына топырақ анализін жүргізеді.
Күн сайын санатории бөлмелерін ашық терезе мен амбулаторды ылғалды жинастыру жасалынады. Жатын бөлмелерді жинастыру күніне 2рет (түнгі және күндізгі үйқыдан кейін) адам жоқ кезде жинастырады. Жатын бөлмелерді кварцтау балалар жоқ кезде жүргізіледі. Кварцтау режимі шам қуатымен дайындаушы завод тағайындалуына байланысты. Киімдер мен кілем жолдарын сулы щеткамен күнсайын сүртілуі, ал жылына 1 рет құрғақ химиялық тазалаудан өту керек. Мекеме жұмыс істеп тұрған кезде капитальді жөндеу жүргізу тыйым салынады. Ағымды ремонт тек балалар жоқ кезде жүргізіледі.
Слайд 11Төсек жабдықтары: матрастар, жастықтар, көрпелерді мауысым айында міндетті түрде таза
ауаға шығарып желдету және кептіру қажет. Төсек жабдықтары жылына бір
рет химиялық тазалауға тапсырылуы керек. Тамшы немесе ішек инфекциясын анықтаған жағдайда төсек жабдықтары 2рет щеткамен тазаланып 0,5% хлорамин ертіндісіне тұндырып немесе 0,5% хлордезинфекциясына салады. Вирусты гепатит сырқатылығы болған жағдайда олардың камералық өңдеу жүргізіледі, төсек жабдықтары залалсыздандырылғаннан 1сағаттан кейін бөлме жақсылап желдетілуі қажет. Емдік тамақтану әдістемелік ұсыныстарға сәйкес ұйымдастырылуы қажет. Санаторилердің тамақтануы 5 реттік болуы қажет, ( қосымша 2 ші таңертеңгілік немесе 2 ші кешкі ас науқастың профилі және жергілікті жағдайға байланысты).
Күн бойына тамақтың құнарлығы бойынша жайғастыруы біркелкі болуы тиіс, түскі астың құнарлығынан басым болуы тиіс.
Слайд 126.Балалардың санаториядағы күн тәртібін ұйымдастыру.
Санаторияның емдік сауықтыру жұмысының маңызды элементі
күндік тәртіб. Балалардың жас топтарына сай ажыратпалы болуы қажет, сырқаттылық
формасын ескере отырып және жыл мезгілі мен корректировкасына тәуелді болуы қажет.
Санаторияда тәртібтің 3 түрі ұйымдастырылуы қажет; зақым келтірмейтін, тонизирлеуші және жаттықтырушы (жалпы).
Зақым келтірмейтін тәртіб уақытша барлық балаларға бірінші 5-7-10 күнге санатория жағдайына бейімделуге тағайындалады (барлық денсаулық жағдайына және бала жасына тәуелді ).
Бұл қозғалу активтілігін шектеуге, зақым келтірмейтін әдіс бойынша климаттық емдеу, жай ойындар, ақыл ой ауыртпалығын шектеуші, инфекция ошағын санациялау, диагнозды анықтау үшін керекті зерттеулер жүргізу. Бейімделуі жағымды өту үшін келесі кезеңге тонизирлеуші тәртібке ауыстырады. Климаттық процедураларды біртіндеп интенсивтілігінің үлғаюын қарастырылады, физикалық ауыртпалықтар, батпақпен емдеу, физиотерапия және оптимальді жасқа сәйкес дозаларын емдік әдістерін қолдану. Организмнің реактивтілігі қалыпқа келгенен кейін жаттықтырушы тәртібіне ауыстырады.
Слайд 13Оқу сабақтарының уақыты және санаторияда емдік процидураларын негізгі комплексін өткізу
биологиялық ритм мен организмнің өсіп келе жатқан физиологиялық функцияларына сәйкес
келуі керек. Санатории мектептерінде сабақты таңертеңгілік уақытта өткізген жөн, өйткені мектепке дейінгі балалардың ақыл ойдың жұмыс істеу қабілетінің дәрежесі 10-12 сағатқа жетеді. Санаторииде негізгі емдік комплекстерді сабақтан кейінгі уақытта өткізген жөн, өйткені организмнің вегетативті функцияларының активтілігі арта түседі. Күннің бірінші жартысында толық емдік процедураларды алалмай қалған балаларды, күндізгі үйқыдан кейін қосымша уақыт бөлінуі керек. Мұндай балалардың саны санаторияда ем кезеңінің ұзақтығына тұрақты болмау қажет. Күндік тәртібін құрастырған кезде санаторияның жазғы уақыттағы оқушылардың күн тәртібіне үлгі ретінде қарап құрастырған жөн, оқу жылына құрастырылған типті оқу планының санаторяның жалпы білім беру орта мектептеріне арналған.Балаларды оқыту барасында емік кезең кезінде сабақ ауыртпалығы сабақтан, әр сабақтың ұзақтығы 35 минуттан болуы қажет. Санатория мектебінің негізгі формасының жұмысы бұл- Сабақ. Сабақтың арасында үзіліс ұзақтығы 10мин, 2 сабақтан кейін үлкен үзіліс жүргізген жөн, ұзақтығы 35 мин. Балалрдың таза ауада болуына байланысты. Мәдени, пионерлі және үйірмелі жұмыстары сабақтың ұзақтығына біркелкі орналастыру қажет. Күн бойы 1.5 сағаттан аспау керек. Жазғы уақытта барлық тәрбиелеу шаралрын мәдени және спорт шынықтыру жұмыстарын ашық ауады өткізген жөн.
Слайд 14Санаторидің персоналдардың негізгі міндеттері мен жұмыс істеу ұағидаларын ұйымдастыру.
Санаторияда медициналық
персоналдардың штаттары ҚР ДСМ аталған нормативтермен сай бекітіледі.
Санаторияда медициналық персоналдың
міндеті:
Санаториге түскен барлық балалардың денсаулық жағдайын, ауыр сырқаттылықпен науқастанғандарды анықтау, продромальді кезеңдегі инфекциялық аурулар, тері көз және бастың шашты бөлігі жұқпалы және паразитарлы ауруларын анықтау мақсатымен тексеріс жүргізіледі.
Күнделікті науқас балаларға квалификацияланған кең физикалық емдік факторларды қолданып көмек көрсетіледі. Инфекциялық диагноз дәлелденген жағдайда ҚР ДСМ инструкциясы мен бұйрықтарына сәйкес шаралар өткізулуі тиіс.
- Тағам бологында жұмыс істейтін іріңді сырқаттардың бар жоқтығын қарау керек, ішек бұзылыстары туралы сұрастырып, нәтижесін арнайы журналға тіркеу керек.
- Санатории жұмыс уақытында науқас балаларды емдеу мен диагноздың, алдын алудың жаңа әдістері мен заттарын тәжирибеге енгізу. Санатории жұмысына басқа емдеу профилактикалық мекемелер жұмысымен байланысты іске асыру (аурухана, поликленика, диспансер т.б.).
- педагогикалық және техникалық қызметкерлер, ас блогі қызметкерлері арасында сан-ағарту жұмыстарын жүргізу; санаторийдің барлық құжаттарын күнде туралау .
Слайд 15Санаторийдің барлық қызметкерлері міндетті медициналық тексеріс өткізу бойынша инструкцияға сәйкес
медициналық тексеріс пен қараудан өтуге міндетті;
Санаторий қызметкерлерінің жеке медециналық кітапшасы
мекеменің бас дәрігерінде, ал ас блогі қызметкерлері медбике дәрігер –диетологта болады.
Балалардың тамақтануына қатысатын барлық санаторий қызметкерлері гигиеналық дайындық курсын өтіп, емтихан тапсыруы және жұмыс кезінде жеке бас гигиенасын сақтауы керек (2 жылда1 рет).
Ас блогы қызметі санитарлы киімнің кірлеуіне байланысты 2 күнде 1 рет ауыстыру қажет.
Ас блогында бірінші дәрігерге дейінгі көмек көрсететін аптечка болуы тиіс.
Санитарлық нормалармен ережелер орындалуын күнделікті қадағалануын санитардың бас дәрігеріне жүктеледі.
Санитарлық нормалармен ережелер орындалуын күндізгі қарағанды медециналық қызметкерлері атқарады: Кезеңді түрде СЭС қызметкерлері ДС мен кәсіподақ организациясы қадағалайды.
Слайд 16Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1.Иманалиев Ш.И. Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы ,-Алматы.Ғылым баспа орталығы.2008.
2.Неменко
Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық-Алматы «Ғылым».-2002.-300бет.
Қосымша:
1.Төлемісов А.М.,
Қасмақасов С.Х Қазақстан Реснубликасының мектеп жасындағы балаларының физикалық дамуын есептеу және бағалау әдісі. Әдістемелік құралы.- Алматы 2008.-230 бет.
Орыс тілінде
Негізгі:
1.Гигиена детей и подростков: Учебник(Под ред В. Кучма.-М.ГЭОТАРМЕДИА,2008-480с.
Қосымша:
1.Медицинские и социальные аспекты адаптации современных подростков к условиям воспитания, обучения и трудавой деятельности. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.Л.М. Медицина.-2006.-Голубаев В.В.и др. Практикум по оснаванием педиаторы и гигиены детей дошкольного возраста.- М. Издательский центр»Академия».2000-200с.
2.Кучма В.Р Гигиена детей и подростков при работе с видео-дисплейными терминалами.-М. Медицина, 2000,-160с.
Слайд 17Қорытынды сұрақтар:
Санатория құрылысын жүргізудегі жер теліміне қойылатын талаптар қандай?
Балалар мен
жасөпірімдер мекемесінде эпедемияға қарсы жұмыс не үшін жүргізіледі?
Балалар мен жасөспірімдерге
арналған санатория ғимараты ережесі жайлы айтыңыз?