Слайд 1Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы
- Вич фонында дамитын күй - лимфоциттердiң құлау сипаттайтын CD4+нiң
саны, көптiк оппортунистiк инфекциялар, инфекция емес және iсiк ауруларымен (Human immunodeficiency virus, HIV ағылшынша) инфекция.
Слайд 2ЖИТС
Орындаған: Еркінқызы Д.
6-075 топ, ЖДТ
Тексерген: Халмурадова С.Е.
Қарағанды 2019
Қарағанды мемлекеттік
медицина университеті
Медициналық психология және коммуникативті дағдылар кафедрасы
Слайд 3Ғалымдардың есептеуі бойынша ЖИТС (СПИД) ең алғаш 20 ғасырдың 70
жылдары АҚШ, Гаити, Африкада тіркелген, 1979-81 жылдары Нью-Йорк пен Лос-Анжелес
дәрігерлері адамдардан иммунитеттің нашарлығын байқаған. Олар қан тамырының ісігі (саркома Капоши) және пневманияның сирек формасымен ауыратын адамдар.
Слайд 41982 жылы ауруларды бақылау орталығы жаңа ауру ЖИТС-ты тіркеді. 1983
жылы француз Люком Монтанье мен американдық Роберт Галло ауру қоздырғышы
туралы алғашқы мәлімет айтты.
Слайд 51981 жылы Америкада (Атланта) ауруды бақылау комитетінің баяндауы бойынша гомосексуалистер
арасында өкпе қабынуынан және сирек болатын жаңа түзінді /денеде/ сияқты
бұрын таралмаған түсініксіз аурулардың көбеюі үреймен баяндалған.
Слайд 6Бұл аурудағы иммундық жүйені толық жоятындығынан бұл вирус АИВ (адамның
иммунитет тапшылық вирусы) деп белгіленеді.
Слайд 7ЖИТС-пен ауру-өлім жазасына кесілгенмен бірдей. Себебі дүние жүзінде осы уақытқа
дейін әлі оны толық жазатын ем жоқ. Тек қана бірақ
жол-ол сақтану, алдын алу.
Слайд 8Инфекция көзі бөліп вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен
ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері
байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін
Слайд 9Жұғу жолдары
— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар
жасаған кезде т. б. жағдайларда);
— анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
Слайд 10ЖИТС жұғудан қалай сақтанады?
Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі
— вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп
жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр. ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:
— әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;
— жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.
Слайд 11Оларға мыналар жатады:
— салауатты, әдепті өмір сүру;
— кездейсоқ жыныстық қатынастан
және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер көп болған
сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В. Сколубовичтін. (1989) айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөклелік — ЖИТС вирусын жұқтыру кепілі»);
— стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
— әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
Слайд 12— қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың
АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін
жазып алыңыз);
— маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.
Кез-келген азамат АИВ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін Алматыда, Астанада, еліміздің басқа да ірі қалалары мен облыс орталықтарында ашылған лабораторияларға барып тексерілуіне болады.
Слайд 13 АИТВ келесі жағдайларда
жұқтырылмайды:
қол алысу, құшақтасу
мен сүйісу, жөтелу мен түшкіру;
тағамды ішіп-жеу, ортақ ыдысты, асхана құралдарын, сүлгілер мен төсек жаймаларын пайдалану;
бассейнге, дәретхана мен душқа бару;
АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адаммен бір бөлме ішінде болу;
жәндіктердің шағуы мен хайуандардың тістеуі.
Слайд 14ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары ДДҰ мәліметі бойынша АИВ
жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен
ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Слайд 15Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық
және 80 лаборатория бар. Олардың жұмыс бағыттары мынадай:
1. Вирус жұғу
мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жүққан адамдарды дер кезінде тауып отыру;
2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Слайд 16Әлемде ересектер мен балалар арасындағы АИТВ және ЖИТС таралу жиілігі
Всего:
34,6-42,3 миллиона
Западная Европа
570 000
Северная Африка и Ближний Восток
550 000
Центральная и
Южная Африка
29.4 млн.
Восточная Европа и Центральная Азия
1.2 млн.
Южная и
Юго-восточная Азия
6 млн.
Австралия и Новая Зеландия
15 000
Северная Америка
980 000
Карибский бассейн
440 000
Латинская Америка
1.5 млн.
Восточная Азия и Тихоокеанский регион
1.2 млн.
Источник: UNAIDS
Слайд 17Тест «Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?»
«Д» - дұрыс, «Қ» -
қате
Слайд 18Сіз ЖҚТБ туралы не білесіз?
Тестінің дұрыс жауаптардың тізімі