Слайд 1
НАЗВАНИЕ ВУЗа
Кафедра:
Орындаған:
Топ:
Қабылдаған:
город - 2014 жыл
Слайд 2
Тақырыбы:
Ағылшын тілі
сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Слайд 3МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН
ІЗДЕНІС ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Слайд 4КІРІСПЕ
Қазіргі заман ағымына, өмір талабына сай егеменді еліміздің болашағы, тірегі
– бьүгінгі ұрпақ. Қай елдің болмасын ерекшелігін, сол мемлекеттің ғылым-білімінің,
мәдениетінің дамуы – халықтың өзгешілігін таныту үшін маңызды.
Мектепте болашақ ұрпақ қандай білім алып, тәрбиеленсе, еліміздің болашағы сондай болмақ.
Бұл тұрғыда мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыра отырып шығармашылықтарын дамыту.
Қазіргі мектептерде азамат етіп тәрбиелеуді, сонымен қатар білімді, дарынды балаларды дайындау, ана тілін жетік білетін балаларды дайындау мақсатымен жаңа технологиялар мен әдістерді кеңінен қолдануда. Бүгінгі мектеп мұғалімдері әр сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болып отыр.
Слайд 5 Зерттеу мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
мектепте шығармашылық қабілетті
дамытудың ғылыми педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерден қарастырып зерттеу;
озат тәжірибелі ұстаздардың іс- тәжірибелерімен танысу;
мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тапсырмаларды қолданудағы әдіс- тәсілдерін зерттеп, анықтау;
Зерттеу обьектісі - мектептегі педагогикалық процесс.
Слайд 6 Зерттеу болжамы:
Егер мектепте оқушының шығармашылық қабілетін
дамытудың тиімді жолдарын анықтап, оқу –тәрбие үрдісінде шығармашылық жұмыстар жүйелі
түрде жүргізілсе, шығармашылық әрекетке қызығушылығы қалыптасып, белсенділігі артып, шешімді құра білуге талпынады.
Зерттеу әдістері:
ғылыми- педагогикалық әдебиеттер мен оқулықтарға талдау жасау;
озат ұстаздардың іс- тәжірибелеріне талдау;
сауалнама ұйымдастыру;
педагогикалық бақылау жасау;
Слайд 71. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Шығармашылық
әрекет дегеніміз – адамның қандай бір жасаған жаңалығы, яғни қандай
да бір зат немесе танымал сананың немесе сезімнің құрылымы» деп жазады
Л.С. Выготский.
Слайд 8 Сөз шығармашылығы – дейді профессор
И.С. Соловьев – сөз балалардың жетілуінің бастамасы мағынасында. Өйткені жеке
бас ойы, өзінің өзіндік өмірлік тәжірибе, әр түрлі ортадағы адамдар арасындағы қарым- қатынастарды ана тілімізде білу, сөзде өзіндік бір өзгеріс енгізу үшін сөздік шығармашылық қажет. Оқушылар оны толығымен қамти алмаса да, шартты түрде меңгеруі қажет.
Слайд 9 «Тілді оқытудағы мұғалімнің басты шеберлігі» - деп жазды
Л.Н. Толстой және осы мақсаттағы басты жаттығу тапсырма беру ғана
емес, оның әр түрлі әдіс- тәсілдерін үйрету. Көптеген дарынды және саналы оқушылар былаы деп жазады: « өрт жанды, таси бастады, мен далаға шықтым» - мұнан түк көріп отырғанымыз жоқ. Мұнда олар ең бастысын түсінбеді: неге жазу және жазуда не жақсылық бар. Өмірді көрсете білу, әдемілікті көрсете білу өнерін түсінбеді».
Сондықтан оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда алынған оқушының тақырыпты іштегі түсінуі, толқуы және ішкі әлемін бағыттауының маңызы зор.
Слайд 10Оқушы қабілетінің дамуына «оңды» әрекет етуі үшін,
бірнеше жағдайларды қанағаттандырады.
Біріншіден,
кез- келген ересектер тарапынан қолдау тауып, үнемі қолданылып, оқушы бойындағы
күшті және мықты жағымды эмоцияларды шақырады да, оқушы өз еркімен сол әрекетпен айналысады.
Екіншіден, кез- келген әрекет шығармашылық сипатта болғаны абзал. Белсенді өзіндік жұмыс проблемалық ситуациялар туғанда, сол жұмысты шешубарысында жүретіні белгілі.Осындай мүмкіндікті оқушыға ересектер – ата- аналар мен мұғалімдер туғызуы керек.
Үшіншіден, оқушы әрекетін белгілі бір алдына мақсат қою арқылы, оған оқушының мүмкіндігі мен шамасы жететіндей деңгейде болуын ересектер ұйымдастыруы қажет.
Слайд 11 Оқушылар шығармашылығын қалыптастыруда бірнеше жалпы жағдайларды
атап өтуге болады. Мұны психолог А.Г.Ковалев өзінің «жеке тұлға психологиясы»
атты еңбегінде ұсынды.
Бірінші жағдай – барлық қарым- қатынаста білу, оның оқыту пәндерінің әр қайсысындағы мүмкіндіктер мен күштерін есепке алу абзал. Бұл жалпы даму деңгейін және арнайы қабілеттерін анықтауға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, оның даму жылдамдығын, меңгерген білімі мен дағдыларының қозғалысын қадағалап отырудың үнемі сипаттап отыруға мүмкіндік береді.
Слайд 12
Екінші жағдай – оқытуды өнімді еңбек пен
қоғамдық жұмыс пен үйлестіру. Бұл оқушының практикалық қабілеттер қатарының дамуы
үшін маңызды жағдай.
Слайд 13 Үшінші жағдай – жеке тұлғаның
белсенділігін тәрбиелеу, соның ішінде ең алдымен, еңбек сүйгіштік, өз бетіменг
жұмыс жасау, ұйымдастырушылық, табандылық. Өйткені, бұларсыз шығармашылық қабілетті дамыту мүмкін емес.
Слайд 14 Төртінші жағдай – оқушыларға жеке жақындауда жалпы
талаптарды дұрыс ұйымдастыру. Адамдардың бір – бірінен айырмашылығы қабілеттеріне байланысты.
Қабілеттің анықталуы үшін, оның арнайы қалыптасуы үшін оқыту қатынастарына, оқыту жылдығы мен деңгейіне, олардың өзара үйлесіміне байланысты. Соның ішінде ең алдымен, еңбек сүйгіштік, өз бетіменг жұмыс жасау, ұйымдастырушылық, табандылық. Өйткені, бұларсыз шығармашылық қабілетті дамыту мүмкін емес.
Слайд 15 Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығына өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйін,
өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірде өз орнын табуға көмектеседі .
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады, сабақтардың мүмкіндіктері қарастырылады.
Слайд 172. ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕН ІЗДЕНІС ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
ЖОЛДАРЫ
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген
заманда білімнің рөлі мен маңызы артып, білім беру сапасын көтеру басты мәселелердің бірі болып отыр.
Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір- бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл- күй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің басты түрі монолог түріндегі сөйлеу.
Оқушылардың басты мақсаты тілдік тіректер арқылы ағылшын тілін оқытуда оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту. Фонетика және лексико- грамматикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп, өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Слайд 18 Шығармашылық – бұл нақты іс-әрекет барысында
жүзеге асырылатын өз бастауы, өту барысы және нәтижесі болатын үрдіс.
Бұл үрдіс 3 кезеңнен өтеді:
Осы деңгейлерге сәйкес шығармашылық қабілеттерінің
құрылымын анықтайды, өз бойынан оларды талдайды,
бағыттай отырып дамытады және жетілдіреді.
дайындық
ізденіс
орындау
Слайд 19Ағылшын тілі сабақтарында мұғалім баланың жас ерекшелігін ескеріп, балаға сабақты
қызықты түсіндіріп, әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отырса, сабақ мазмұнына сәйкес жаңа материал
жақсы игеріледі. Ал мұғалім бірыңғай сарынмен сөйлесе, баланың ынтасы төмендеп, шаршайтын болады. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, сабаққа деген белсенділігі қалыптасады.
Ағылшын тілі сабақтарында ойын арқылы оқыту технологиясы оқушылардың ойын, дүниетанымын кеңейте отырып, ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігін дамытуға септігін тигізеді. Сабақты ойын арқылы құру, оқыту процесінде ойын элементтерін тиімді қолдану оқушылар қызығушылығын арттырып, еркіндікке дамуын қамтамасыз етеді. Ойын сабағы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, тілдік материалды сапалы түрде меңгеру мақсатында жүргізіледі.
Слайд 20Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізу –оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып,
қосалқы-қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады.
Ал әлеуметтік қарым-қатынастар мен жағдаяттарға
рольдік ойындар негізделетін болғандықтан, рольдік ойын дегеніміз не, енді соған тоқталайық.
Рольдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым-қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытудағы рольдік ойындардың берер көмегі өте көп;
1. Рольдік ойынның өзіне тән қасиеті - басынан бастап оның «сөйлеу» ретінде жүргізілуі
2. Сөздің, сөйлемнің тілдік қызметінен ауытқымауы.
З. Оның әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделген көрініс-бейнелердің үлгісі екендігі.
4. Рольдік ойын барысында тілдік серіктестік жұмысының жасанды емес, шынайы түрде жургізілу мүмкіндігі.
Слайд 21Ағылшын тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану
Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар
жатады:
а) тыңдап түсіну дағдылары (мәтіннің грамматикалық және
морфоло-гиялық формаларын тани білу);
ә)
сөздерді және сөз тіркестерін түсінe білу қабілеті;
б) дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу.
Сөйлеуге тыңдап түсінусіз үйрену мүмкін емес. Ағылшын тілін меңгеруде тыңдап түсіну қабілетін дамытудың алар орны ерекше.
Ауызша сөзді түсіну - адамның ecтіген сөздердің мағынасына талдау жасап, аяқталған ойды білдіруіне, ойша жинақтау қабілетіне байланысты болады.
Слайд 22Ағылшын тілін тыңдап түсінудің өзіне тән қиыншылықтары бар. Жаңа материалды
тез ұғындыруға тырысып, тілдік материалдарды көп беру қабылдауды қиындатады, сонымен
бipre дағдыны қалыптастыруға кepi әсер етеді. Осының әсерінен оқушы тез тыңдап, түсініп, жауап дайындау үшін ойланып отырады. Бұндай тыңдау қорытындысы - тыңдаушының сөзінде катенің көп болуына әкеледі
Ауызша сөйлеуге үйрету - шетел тілін оқытудың ең қиын acпeктici болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат – ecтігенін түсіне білуге үйрету.
Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін біріншіден - сурет арқылы, екіншіден - жазбаша жауап беру арқылы жүргізуге болады. Бұл жұмыс түрлері ауызша жауапқа жатпайды, ағылшын тілін үйрену үшін мұндай жұмыс түрлері тыңдап түсінугe қарағанда үлкен роль атқармайды.
Слайд 24ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмысымызды қорытындылай келе мынандай тұжырымға келдік:
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда әрбір
оқушының индивидуальды психологиялық ерекшелігін анықтап алу;
оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн;
оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамытуда барлық әдіс- тәсілдерді ұтымды пайдалану қажет;
оқушылардың қызығушылығын арттыруда оқушыларды мезі қылмай сабақ түрлерін алмастырып отыру қажет;
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес теориялық мәліметтің неғұрлым қарапайым, түсінікті берілуін қадағалау;
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін өзіндік жұмыстарды тиімді пайдалану керек.
Слайд 25Пидкасистый П.И., Хайдаров Ж.С. «Технологии игры в обучении и развитии»
М., 1996, 268 стр.
Тілдерді оқытудағы танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дидактикалық жолдары/Ізденіс,
- Алматы, 2006. № 1 (2). – Б.233-236.
Тілдерді оқыту барысында танымдық қызығушылықты қалыптастырудың дәстүрлі жолындарындағы проблемалар мен ізденістер/Ұлт тағылымы, Алматы, 2006. № 1. – б. 83- 86
Қызығушылықтың нәтижелігі/Қазақстан мектебі, - Алматы, 2006. № 3. – б. 16- 18.
Қызығушылықты баянды оқыту мен білімдендірудің нәтижелі болуы. Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. Халықаралық ғылыми- практикалық конференция. – Алматы, 2006. 2 том. – б. 211- 215.
Кабанова Мелер. Психология развития творчества и навыков у школьника.- Москва.:1982.-365 б
Шетел тілін оқытуда интерактивті тәсілді колданудың ерекшеліктері мен тиімділігі //Мектептегі шет тiлi"- "Иностранный язык в школе.- 2008.- №2.
Интерактивные игры на урока иностранного языка// Учитель Казахстана, 2004. №21-22,8с.
Қараев Ж.А. Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы». 2004
З.Б.Ешимбетова, М.А.Маутаева. Интерактивные формы на обучения иностранного языка// Иностранные языки в шоле. -2004. №2 42c.