Разделы презентаций


Презентация"А?ылшын ж?не ?аза? ма?ал-м?телдеріні? ??рылымды?, ма?ыналы? ерекшеліктері ж?не ??састы?ы"

Содержание

I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі; 2.2. Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі; 2.3. Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыр; 2.4 Ағылшын және

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Ғылыми жоба

Оқушы: Оспанова Диляра
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҰҚСАСТЫҒЫ
Жетекші: Жанысбаева А.Б.

Ғылыми жобаОқушы:  Оспанова ДиляраАҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ    ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҰҚСАСТЫҒЫ Жетекші:

Слайд 2I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі; 2.2. Мақал – мәтелдердің ағылшын

тілінде зерттелуі; 2.3. Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық

ерекшеліктері және оларды топтастыр; 2.4 Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары; 2.5 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары; Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны

I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 2.1. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі; 2.2. Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі; 2.3. Ағылшын

Слайд 3Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ

тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның

халықаралық қатынастар деңгейіндегі қатысымда қолданылу ықтималдығын жоқка шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын - қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер — фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер.

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің

Слайд 4Жұмыстың негізгі мақсаты — қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың

мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған

тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау. Сонымен бірге ММ-дердің тілдік табиғатын зерттеу негізінде олардың құрылымында ұлттық болмыс мазмұнын қалыптастыратын тетіктерді анықтау - жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсаттың мүддесінен шығу үшін жұмыста мынадай нақты міндеттерді шешу көзделеді: - мақал мен мәтелдің ұқсастықтары мен өзара айырмашылықтарын көрсету; - зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу; - мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және белгілі бір тақырыптық топтар бойынша жүйелеу; - тіл-тілдің образдар дүниесінде орын алатын ұқсастықтарын көрсету және олардың түпнегізін анықтау.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың негізгі мақсаты — қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың мазмұн межесіндегі ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу.

Слайд 5Зерттеудің пәні. Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ

және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу арқылы тілдегі алатын орнын,

тілдік табиғатын, өзге тұрақты тұлғалармен сәйкес тұстарын, өзгешеліктерін анықтау және этнолингвистикалық төркінін ашу.  
Зерттеудің пәні. Генетикалық және типологиялық құрылымы жағынан әр түрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу арқылы

Слайд 6 Зерттеудегі ұстанымым: Тақырыпты зерттеп ара балының мән- мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі

жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу. Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде қазақ тілінен Ө.Тұрманжановтың,

М.Аққозиннің, Б.Ақмұқанованың, Ә. Диваевтың, П.Пантусовтың әр жылдары жарық көрген мақал-мәтелдер жинақтары, ағылшын тілінен Smith W. C, Cowie A.P., Mackin Rand Mc.Caig I.K., Taylor A., Whiting B.J., Seidl J,, Me Mordie W., Ridout R. and Witting C, Apperson
 Зерттеудегі ұстанымым: Тақырыпты зерттеп ара балының мән- мазмұнына терең үңілу. Зерттеудегі жетістіктеріммен көпшілікпен бөлісу.  Зерттеу жұмысының

Слайд 7 2.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі
Қазақ

тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау,

жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев, т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.
2.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі    Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында

Слайд 82.2 Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны

жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін

дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы "Book of Proverbs in the Old Testament" атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы "Collectanea" (818 MM), 1508 жылы Венецияда "Chiliades" (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты/2/.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы, зерттеу жұмыстары ғалым А.В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Курс английского языка", "Курс фразеологии современного английского языка" тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен "Англо-русский фразеологический словарь" сөздігі т.б.
2.2 Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуіАғылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып,

Слайд 92.3 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері

және оларды топтастыру
Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары. Тіл білімінде ММ-дерді топтастырудың

бірнеше қағидасы бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық.
1. Әріптік, әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай, топтастырудың бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алынады. И.С. Гварджаладзенің, Г.Л. Айшерсонның, B.C. Смиттің жинақтарында ағылшын мақал-мәтелдері әліпбилік тәсілмен түзілген, Тілдік бірліктерді осы тұрғыдан топтастырудың тиімділігін оның қарапайымдылығымен, қолдануға қолайлығымен, ал кемшілігін басқы әріп негізге алынатындықтан, мағыналас тіркестердің басқа топқа саралануымен түсіндіруге болады.

2.3 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыруМақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары. Тіл

Слайд 102.4 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттары
Мақал-мәтелдер —

сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезендерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды

бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай белігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақта тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады./21/
2.4 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің этнолингвистикалық сипаттарыМақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі арқылы кезендерді, қарым-қатынас

Слайд 11

2.5 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және

мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары
Паремиология мақал-мәтелдер мен әр алуан қанатты-нақыл сөздерді

жан-жақты зерттеуге байланысты пайда болған тіл білімінің дербес те жаңа салаларының бірі. Көркем сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен қүнарлысы болып саналатын мақал-мәтеддер тіл атаулының баршасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін универсалдық құбылыс. Қазақ тіл білімінде барлық тілдердің екі түрлі қызметін атап көрсетеді: оның біріншісі қоғам мүшелерінің өзара түсінуіне; пікір алмасуына қажетті қатынас құралы ретіндегі коммуникативтік қызметі де, екіншісі-өмір шындығын, барлық болмысты өзінде бейнелеп көрсету қызметі. Мақал-мәтелдердің табиғатына тән қасиет тілдің осы екінші қызметіне байланысты, өйткені олар белгілі бір гілде сөйлеуші халықтың өткен өмірі мен барлық болмысының куәгері іспеттес, оның дүниетанымы мен, даналығын бойында сақтап, атадан балаға, үрпақтан-үрпақа үзілмей ауысып келе жатқан асыл мұра, рухани қазына болып табылады.

2.5 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал - мәтелдердің құрылымдық және мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтарыПаремиология мақал-мәтелдер мен әр

Слайд 13Мысалы:

Мысалы:

Слайд 17ГЛОССАРИЙ
1) My house is my castle- Өз үйім-өлең төсегім
2) Good

mаnnеss tаке the а mаn- Адамды адам ететін оның әдептілігі
3)

Make hay while the sun shines- Темірді қызғанда соқ
4) First think, then speak - Ойнасаң да ойлап сөйле
5) Let sleeping dogs lie -Жатқан жыланның қүйрығын баспа
6) Better late than never- Eштен кеш жақсы
7) Time is money-Уақыт -білгенге қазына, білмегенге -быламық
8) Stiks and stones may break my bones, but words will never hurt me-Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді
9) Don't trouble until trouble troubles you - Жатқан жыланның құйрығын
баспа.
10)When cat is away, the mice will play- құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнар
11) Take care of pence and the pounds will take care of themselves-Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер
12) The rotten apple injures it`s nature- Бір құмалақ бір қарын майды
шірітеді
13) Ceaser`s wife is above suspicion- Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін
14) All are not friends that speak us fair - Жалған дос көзіңе мақтар, сырт айналып сойылын сатар
15)All are not hunters that blow the horn - Мылтық ұстағанның бэрі аңшы емес

ГЛОССАРИЙ1) My house is my castle- Өз үйім-өлең төсегім2) Good mаnnеss tаке the а mаn- Адамды адам

Слайд 18 "Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің лингвистикалық және этнолингвистикалық сипаты" деп

аталған тарауында мақал мен мәтелге анықтама беріліп, өзара ортақ тұстары

және айырмашылықтары айқыңдалды. Сондай-ақ, зерттеу нысаны болып отырған тұрақта тұлғалардың коммуникативтік, кумулятивтік қызметіне, әлеуметтік мәні мен қайнар көздеріне сипаттама берілді. Қазақ және ағылшын тілдері бойынша мақал-мәтелдерді зерттеуге арналған ғылыми еңбектерге жалпылама шолу жасалып, аталмыш тілдік бірліктерді топтастыру ұстанымдары айқындалды. Этнолингвистика ғылымының бастау алуы, қалыптасу кезендері, қазақ және ағылшын тіл білімінде зерттелуі де осы тарауда баяндалды. Мақал-мәтелдер — халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі, даналығы мол көрініс тапқан, ой дәлдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленетін тілдік бірліктер болып табылады:

Қорытынды


Слайд 191. Иностранные языки в школе//2005 2. Мақал – мәтелдерде ағылшын сабағына

қолдану// Иностранные языки в школе, 2005, 3 3. Smith W. С,

Сowie А.Р., Маскіn Rаnd Мс.Саіg І.К., Тауlог А., Whiting В.J., Seidi J., Мс Моrdiе W., Ridout R. Аnd Witting С, Аррегsоn G. L., Lindа аnd Rоgеr Ғlаvеll, А.В. Куниннің сөздіктері мен көркем әдеби шығармалары қолданылды. 4. Жүсіпова Р.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал – мәтелдердің синонимдік мәні// Қаз ҰУ Хабаршысы – Филология сериясы // N 3- 2003 5. Аргингазина Ш.Б. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің лексика – семантикалық сипаты// Алматы – 2004 6. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің синонимдігі// АГУ им. Казахстанская филология: проблемы и перспективы. – Алматы – 2002 7. Ағылшын – қазақ тілдеріндегі кейбір ұқсастықтар туралы // Қазақстан мектебі – 2001, N 3

Пайдаланған әдебиеттер

1. Иностранные языки в школе//2005 2. Мақал – мәтелдерде ағылшын сабағына қолдану// Иностранные языки в школе, 2005,

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика