бейімделген, бәлкім табиғат солай шешкен
болар. Біз сондықтан жүреміз, жүземіз,
күнде мыңдаған әр түрлі қимыл-қозғалыс жасап, еңкейіп, тік тұра аламыз.
Мұның барлығын сүйек-бұлшық ет жүйесі немесе тірек-
қимыл аппараты қамтамасыз етеді.
Тірек-қимыл аппаратын кейде қаңқа бұлшық ет жүйесі
деп атайды. Оған адам ағзасындағы сүйектер, шеміршектер,
сіңірлер, буындар, бұлшықеттер жиынтығы жатады. Бұл
аппарат өз атына сәйкес ағзалар денесінде негізінен
тіректік, қозғалыстық, қорғаныштық қызмет атқарады.