Слайд 1Алкоголь мен шылым шегудің ұрпаққа әсері
Слайд 2Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Денсаулыққа зиянды әрекеттер:
ішімдік ішу, шылым шегу,
нашақорлықтың адам ағзасына тигізетін зиянын, ұрпаққа әсерін ,өміріне туғызатын қаупін
айтып түсіндіру;
ә) тәрбиелігі: Жастарымызды осы зиянды әрекеттерден аулақ жүруге, тазалыққа, жеңіл жүріске салынбауға, жеке бас мүддесіне жауапкершілікпен қарайтын Қазақстан Республикасының үлгілі де, тәрбиелі азаматы болуға тәрбиелеу;
б)дамытушылық: оқушылардың жан-жақты ойлауын,сөйлеу қабілеттерін,түйсігін,дүниетанымын дамыту,пәнге қызуғышылығын арттыру.
Слайд 3Алкоголь-есірткі зат.Этиль спирті алкоголь-ашытқы саңырауқұлақтарының тіршілік әрекетінің нәтижесінде көмірсулардың ашу
барысында түзілетін зат.Ол ағзада орталық жүйке жүйесіндегі тежелу әрекетін баяулатып,уақытша
ал үздіксіз қолданған жағдайда өзін-өзі билеу,бақылау,сынау сақтық қасиеттерінің үнемі жойылуына
әкеліп соғады.Мас адамдар әдетте әдепсіз,менменсіген,ұстамсыз келеді.Алкоголь ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті,көру өткірлігін айтарлықтай төмендетеді,қимыл үйлесімділігі мен әр түрлі әрекеттерді орындаудәлділігін нашарлатады, бұл көлікпен жүру оқиғаларына,ауыр жарақаттар мен жазатайым жағдайларға душар етеді.
Алкогольді үнемі қабылдау маскүнемдік деп аталатын қауіпті аурудың тууына себепші болады.
Алкогольдің ұрпаққа әсері. Алкогольді үнемі қолдану ұрық жасушаларының сперматозойдтар мен жұмыртқажасушаларының зақымдануына әкеліп соғады.Бұл жағдайларда бойы мен дене салмағы кем,нашар жетілген,түрлі ауруларға шалдыққыш бала өмірге келуі мүмкін.
Маскүнемнен туған балалардың есте сақтауы нашар,талдау қабілетіжойылатыны байқалады.Олар бір нәрсеге ойын шоғырландыра алмайды,оқып болғанша шартын ұмытып қалатындықтан,қарапайым арифметикалық есептердіде шығара алмайды
Мұндай балалар нашар оқиды көбіне шыдамсыз,ересек адамдардың өтінішін орындамайды немесе алдын-ала белгіленген жоспармен әрекет ете алмайды.
Алкогольдің ағзаға тигізетін әсері
Дененің жылуы
Ағзаның іс-
қимылын
төмендейді өзгертеді
Жүректің
жұмысы
әлсірейді
Тыныс алуы Жүйкеге әсер
баяулайды етеді
Слайд 5Шылым шегу-зиянды әдет. Шылымның зияндылығы темекі құрамында болатын никотиннің орталық
жүйке жүйесін қоздыратынына байланысты. Никотин-өте улы зат. Алғаш рет шылым
шегуге әрекет еткеннің өзінде-ақ жүрек айну,бас айналу,құсу,жүректің шалыс соғуы,тамақтың,өңештің және қарынның түйілуі,тіпті талып қалу сияқты әр түрлі аурудың құбылыстары байқалады. Әрбір дені сау адамнан осындай өзгеріс байқалады.
Ағза никотинге үйренгеннен кейін оның уландыру қасиетіәлсіреп,адам темекінің жағымды қоздыратын әсерін ғана түйсінеді. Бұл алдамшы түйсік,өйткені темекі түтініндегі заттар денсаулық үшін қауіпті.
Темекі түтініндегі зиянды заттар. Темекі түтінінде никотин иіс газы,көгерткіш қышқыл,аммиак,формальдегид т.б. зиянды заттаркөп. Пәле –рак ісігін асқындыратын бензопирен ерекше зиянды болып табылады.Шылым шегетіндер шылым шекпейтіндерге қарағанда пәле аурумен өкпе-10 есе,көмей 6-10 есе,өңеш 2-6 есе жиі ауырады.
Олардан басқа өкпенің созылмалы қабыну, туберкулез,тыныс демікпесі ауруларына жиі ұшырайды.
Слайд 6никотин
ацетон
формальдегид
бензол
мышьяк
кадмий
смола
Темекінің құрамында болатын
улы заттар
никотин
Темекінің ағзаға тигізетін әсері
Адам өмірі Жазылмайтын
жара
қысқарады пайда болады
Өкпе
ауырады
Қан тамырын Тыныс алу
мүшелеріне
тырыстырады зиян
Слайд 8Ерлер
Әйелдер
Жасөспірімдер
29-40 жастағылар
Ғалымдардың зерттеуі бойынша темекі тартудан жылына төмендегідей адамдар көз
жұмады.
Слайд 9
Ең үлкен зиян-ана құрсағындағы сәбиге
Слайд 10Алкоголь қанмен тарайтын болғандықтан ол адам ағзасының барлық жеріне жетеді.
Санаулы минуттардан соң миға да келеді.Алкогольдің мидың жұмысын тежегіш әрекеттеріде
бар.Алкоголь есте сақтау мен есте қалған ақпараттарды шығаруға жағымсыз әсер етеді.Алкоголь сонымен қатар галлюцинацияға да ұрындырады.
Сонымен қатар жүке клеткалары бұзылып қан тамырларында атеросклероз ауруына шалдықтырады.Миға тікелей ақпарат барады да,құмартушылық ауруына шалдығады.Яғни, жүкті әйел темекі тартып немесе алкогольге құмартқанда ми сол өзіне түскен ақпаратты нәрестеге жеткізеді.Содан балада есте сақтау қабілеті төмен,тез ашуланшақ, орталық жүйке жүйесі тез зақымданып, кеміс бала дүниеге келеді.
Слайд 11ЖҮРЕК-ТАМЫР АУРУЫНАН ӨЛГЕНДЕРДІҢ 35 ПАЙЫЗЫ ШЫЛЫМ КЕСІРІНЕН ҚҰРБАН БОЛҒАНДАР
Слайд 13
ШЫЛЫМ ШЕГЕТІНДЕРДІҢ
ӨКПЕСІ
ШЫЛЫМ ШЕКПЕЙТІНДЕРДІҢ
ӨКПЕСІ
Слайд 15Асқазанда мысалы алкогольден уланғанда тұрақты қабыну өзгерістері пайда болады.Без қызметі
де өзгереді ас қорытылуы бұзылады.Адамдар жауырынның астында қыжылдау, ауру сезімін
сезедіТәбеті төмендейді, аузында жағымсыз иіс шығады, тілі сұр немесе қоңыр түске боялады.Асқазан ішек жолдарының ұзақ қабынуы асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасының болуына әкеліп соғады
Осының салдарынан бауыр зақымдалып оның көлемі ұлғайып, жасушасында май тұрып қалады.Алкогольмен темекіге тәуелділік гепатиттің дамуына одан ауыр ауру бауыр циррозына әкеліп соғады.
Сондай-ақ бүйректің жұмысында бұзып,бүйректе тас пайда болады.Ішімдік пен темекіге салынған адамдарда жиі көмекей бейдауасы ауруы дамиды.Ішкіш адамдар өкпенің қабынуы, созылмалы бронхит,өкпе эмфизема ауруымен жиі ауырадыЯғни алкоголь мен темекінің ұрпаққа әсерін айта кетсек ұрықтың ішімдікпен,темекімен улануы, ұрықтың ішімдіктен пайда болған ауру белгілерінің жиынтығы ,перенатальды кезеңдегі аурулар ,туа біткен ауытқушылық және кмтарлығы,ақыл жағынан артта қалған,шала жетілуге әкеліп соғады.
Слайд 18Генетикалық тұқым қуалайтын аурулар.
ШЕРШЕВСКИЙ-ТЕРНЕР
Даун синдромы
Даун синдромы
Даун синдромы
Слайд 19Сіз қаншалықты көп темекі шексеңіз соқырлыққа апаратын ауру катарактаның пайда
болу мүмкіндігі зор.
Слайд 20Үнемі мас болғанда орталық және перифериялық жүйке жүйесінде өзгерістер туады.,көп
аурулардың қолы менг аяқбармақтарының басында жағымсыз ұйыған сезім пайда болады.Қабырға
аралығындағы құйымшақ жүйке және басқа жүйкелердің қабынуы салдарынан үнемі ауру сезімі қозғалысқа кедергі жасайтын невралгияжәне нефрит ауруларына әкеліп соғады.Спирт ішімдігін үнемі ішетін тұлғаларда 60 пайыз ұйқы безінің қабынуы,83 пайыз кардиомиопатия,20 пайыз туберкулез, 20 пайыз гастрит және асқазанның ойық жарасы аурулардың өліміне жиі себеп болады.
Слайд 21АУЫЗ ЕРІН РАГЫ
Денсаулық адам байлығы-адам қоғам байлығы деп бекер айтылмаған
.Сондықтан алкоголь мен темекіні үздіксіз қабылдағаннан инфекция кіретін қақпаға айналған
тістердің,еріннің,таңдайдың,тамақ-кеңірдек тканьдері бұзылады.Тіс түсі өзгеріп,ауыздан саық иіс шығады.Ауыз қуысының қатерлі ісігі пайда болады.
Яғни жүктілік кезінде бұл ауру анадан балаға беріледі.
Слайд 22Ішімдік адам ағзасындағы барлық органдар мен жүйелерінің зат алмасуын бұзады.Темекі
шегушілік терідегі қан айналымын бәсеңдетеді,соның салдарынан теріні әжімдер басады.Адам өз
жасынан әлдеқайда үлкенірек көрінеді.
Слайд 231.Темекі мен спиртті ішімдіктерді шамадан тыс ішетін адамдар жасының ұзақтығы
халықтың орташа жас мөлшерінен 15-20 жасқа төмен
2. Алкогольді шамадан тыс
ішу қылмысты әрекеттерге барудың жиі себебі
3.Тері ауруларын жұқтырудың 10 оқиғасының 9-ы мас күйдегі жағдайда болады
4. Балалар ақыл-ой кемістігінің 40-60 пайызы ата-аналарының ішімдікке бой ұруының салдарынан
5. Алкогольорталық жүйке жүйесінде қатты қысымшылық көрсетеді
6.Алкоголь қозғалыс үйлесімін бұзады
Жыл сайын 3,5 млн адам шылым шегуден өледі екен
Слайд 24Алкоголь мен темекі адам психикасына тікелей әсер етеді бұл затты
қолданатын адамдар ашуланшақ, тез шаршағыш көңіл қошы төмен,есте сақтау қабілеті
төмен болып келеді.Бүгінгі тақырыпқа сай айтатын болсам екіқабат әйел адамдар темекі тартқанда никотин 5 минуттың ішінде-ақ балаға тез арада жетеді екен. Бұл нәрестені уландыру деген сөз.
Бала емізетін әйелдердің 1 литр сүтінде 0,5 мг никотин болады екен бала толық уланады Ғалымдардың зерттеуінше екіқабат әйелдердің түсік тастауы немесе нәрестені өлі туылуы,жарымес болып туылатынын дәлелдеген
“Қазақстанның болашағы жастар” деп елбасымыз жастарға сенім арттырып отыр. Бірақ біздің жастарымыз мұндай жаман әдеттерге үйір болса, онда біздің мемлекетіміздің болашағы қандай болмақ.
Слайд 25Нәтижесінде
Оқушылардың білім-біліктілігін, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік беру арқылы
үздік көрсеткішке жетеміз. Оқушылардың логикалық ойлауын сана сезімін , дүниетанымын,
іскерлігін қалыптастыру және шығармашылығын дамытуға қол жеткіземіз.
Оқу мүмкіндігіне қарай білім мазмұнының игерілуі мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтады. Оқушының білім алу кеңістігіне толық мүмкіндік беріліп, өзін-өзі басқара отырып, келешек мамандық таңдауда өзі белгілеуге икемденеді.
Ғылыми жұмыстардың қыр- сырын меңгеру арқылы шығармашыл , қабілетті жеке тұлға қалыптасады.
Лицейішілік ашық сабақтарға қатысуға белсенді атсалысу оқушылардың дүниетанымының, ой өрісінің кеңеюін дамытады.
Слайд 26Салауатты
өмір салты
Ұтымды
тамақтану
Күйзелісті
болдырмау
Тиімді
демалыс
Жеке бас
гигиенасын
сақтау
Күн тәртібін ұйымдастыру
Дене
Салмағын
қалпында ұстау
Слайд 27XXI ғасыр үрпақтары, шылым шегудің зиян екенін бір сәт естен
шығармаңдар!
Денсаулықты сақтайық!
Денсаулықты сақтайық
Денсаулықты сақтайық
Слайд 30Жоғарыдағы келтірілген мәліметтерден кейін ойланып қорытынды жасаңдар Айналаңдағы
жақын адамдарыңа ескерту жасап, олардың денсаулығын да ойлап жүріңдер. Ел
Президенті Қазақстан халқына жолдауында салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Бағдарламада салауатты тұрмыс құрып, ата-аналары балаларына үлгі көрсетуі тиіс, ал балалары қартайған ата-анасына қамқорлық жасау керек деп атап көрсеткен. Бұл біздің ата-бабамыздан келе жатқан қанымызға сіңген дәстүріміз. Сол дәстүрімізді ертеңге апаратын, салауатты өмір жалғастыратын сендерсіңдер. Ендеше бүгіннен бастап жаман әдеттен аулақ болып, жақсы әдетті үлгі тұтуымыз қажет. Бүгінгі күннің жаман әдеті темекі,ішімдік, ойсыздық, білімсіздік, ал жақсы әдетіміз білімге құштарлық, тәніміз бен жанымыздың тазалығы, өмірден өз орнымызды тауып еліміздің ардақты азаматы болу! Дендерің сау, бақытты өмір сүріңдер
Қорытынды