Слайд 2Білімділік: Ашық тұқымды өсімдіктер туралы білім беру.
Дамытушылық: Есте сақтау, ойлау,
сөздік қорларын дамытуға ықпал жасау.
Тәрбиелік: Оқушыларды өсімдікті аялауға, күтіп баптауға
тәрбиелеу.
Мақсаты:
Слайд 3 Біз енді тұқымды өсімдіктер бөлімімен танысамыз. Спора мен
тұқымның айырмашылығы: спора – біржасушалы түзіліс, ал тұқым – көпжасушадан
тұрады. Тұқымда қоректік заттар көп болады. Тұқым түзіліп, өсімдіктердің түрлері жер бетінде тұқым арқылы таралады. Сондықтан ашық тұқымды өсімдіктерді тұқымды өсімдіктер тобына жатқызамыз. Тұқымды өсімдіктер екі бөлімнен тұрады: ашық тұқымдылар, жабық тұқымдылар.
Слайд 4 Ашық тұқымды өсімдіктердің ең ежелгі тобы.
Бұлардың
тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасқандықтан, ашық тұқымды өсімдіктер деп
аталады. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы – сүректі өсімдіктер, яғни бұталар, ағаштар.
Слайд 5Ашық тұқымдылардың өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс түзбейді. Бұл бөлімге
ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер: қарағай, шырша, самырсын, арша.
Бұлар қылқан жапырақты класына жатады. Қылқан жапырақты дейтін себебі – жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кейтүрде ұшы үшкір болады. 600-ге тарта түрі бар.
Слайд 6Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік. Ол жарық сүйгіш өсімдік, тамыры
тереңге кетеді. Қылқан жапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама
тамырлар тарайды. Ағаш сабағы дің деп аталады. Діннің сүрегі, өзегі қабығы болады. Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы – жабын, ішкісі – тұқымды деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бір-бірімен тұтасып кетеді. Тұқымды қабыршақта 2 тұқымбастама түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтасып орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлері болады. Бұлар аталық бүрлер.
Слайд 7Арша – даражынысты, екіүйлі өсімдік. Бүрі жұмсақ, шар тәрізді жидекке
ұқсас. Халық оны «Бүржидек» деп те атаған. Оның бүрінен мармелад
дайындалады.
Балқарағай жапырағы күзге қарай ашық - сары түске боялып, қысқа қарай түсіп қалады. Сабаққа топтанып орналасады. 400 - 500 жыл өмір сүреді. Кеме, самолет, автомобиль детальдарын жасауға қолданады, суға шірімейтіндіктен көпірге төсейді. Жапырағынан алынатын эфир майын иісті су, сабын, крем өндіруге пайдаланады.
Самырсын – қатты келген қою жасыл қылқандары 5, 15, 30, 40 - тан топтанып орналасады. Діңі өте берік болғандықтан оны кеме, үй мүліктерін, рояль жасауға пайдаланады.
Слайд 8Шырша - қылқан жапырақтары 4 қырлы, қошқыл - жасыл түсті,
қысқа. Сабақ өркендерінде бір - бірден орналасқан, 7 - 9
жылда түседі. Жап - ры кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді.
Қарағай – жапырақтары жұптасып орналасады, бұтақта 2 - 3 жыл сақталады, жерге түскен жап - р ұзын болады.
Жатаған шырша – ашықтұқымды бұта. Қалемше арқылы өсімді жолмен көбейеді. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Зеравшан аршасы – мәңгі жасыл қылқанжапырақты ағаш. Өте баяу өседі. 50 жылдан кейін жеміс береді.
Слайд 9«Сен білесің бе?»
- Шырша – 500 жыл бойы 30 -
35 м жетеді.
- Қарағай – 350 жыл жасаса, 36 м
дейін биіктейді.
- Қайың – 150 жылда 20 м.
- Емен – 2000 жылда 40м.
- Балқарағай – 850 жылда 45 м
- Сондай - ақ ең көп жасаған өсімдік «Санта Мария» деп аталатын кипарис(самырсын). Қазір 5000 мыңға жуық жаста. Мексикада өседі. Діңінің шеңбері 49 м. Шеңберіне 27 адам қол жалғастырса ғана жете алады.
Слайд 10Қылқан жапырақтылардың бір ерекшелігі: көпшілігінің қабығында, сүрегінде шайырлы өзекшелер болады.
Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Аналық бүр негізгі өзекше мен
оған тығыз жанасқан қабыршақтан тұрады. Сыртқы қабыршағы – жабын, ішкісі – тұқымды деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бір-бірімен тұтасып кетеді. Тұқымды қабыршақта 2 тұқымбастама түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтасып орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлері болады. Бұлар аталық бүрлер.