Слайд 1Тақырыбы:
Фонетика
Дайындаған:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Ағманова Г.
Фонетика
Дыбыс Және әріп
Қазақ тілінде дыбыс саны -37.
Дыбыс бола алмайтындар-5: я(й+а), ю(й+у),
ë(й+о) қосарлы дыбыстары және ь,ъ.
Қазақ тілінің алфавиті 42 әріптен тұрады.
Слайд 3Дауысты дыбыстар
Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар.
Олар: а,ә, е, и,
о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э.
Слайд 4Дауыссыз дыбыстар
Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар.
Олар: б, в, г,
ғ, д,ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң,
п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ,(у).
Слайд 5 Буын
Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар.
Олар: ашық,
тұйық,бітеу.
Тасымал
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:
Тек бір дауысты дыбыстан тұрған
ашық буынды тасымалдауға болмайды: арми-я, а-та.
Бір буыннан тұратын сөзді: қант, бұлт..
Қысқарған сөздерді: ТМД, ҚР, БҰҰ.
Адам атының қысқартылған түрі: М.О.Әуезов, Н.Исманова.
Қысқарған өлшем бірліктерін сандардан айырып тасымалдауға болмайды: 15 кг, 20 кг, 100 га.
Екпін
Қазақ тілінде екпін соңғы буынға түседі.
Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:
Жіктік жалғауына: оқушымын, барамыз т.б
Болымсыз етістіктің жұрнағына: айтпа, барма, келме т.б
Көмекші сөздерге: ғой, шейін, соң, арқылы т.б
(сингормонизм заңы)
Үндестік заңының 2 түрі
бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар:
Көмектес септіктің -мен, -пен жалғаулары сөздің соңғы буыны жуан, жіңішке болса да осы күйінде жазылады: Қаламмен, кітаппен т.б
-нікі, -дікі, -тікі: Асандікі, Мараттікі т.б
-еке, -тай, -жан, -сымақ: басеке, әкетай т.б
-паз, -қор, -қой, -ғой, -кер, -гер, -кеш, -хана, -күнем, -дар, -ист, -изм, -бан, -тал, -уар, -ов, -ев: әсемпаз, әзілқой, сезімтал, мейірбан, Жабаев, Әуезов т.б
Слайд 9Дыбыс үндестігі
Оның 3 түрі бар:
Слайд 10Орфография және Орфоэпия
Орфография – сөздердің дұрыс жазылу заңдылығы.
Орфографиялық заңдылық мына принциптерге негізделеді:
Фонетикалық принцип: ағаш-тар, қарт-қа т.б
Дәстүрлі
принцип: айуан, хайуанат, кейуана, белбеу, бәтеңке т.б
Морфологиялық принцип: шекара (шегара), жер-көк (жер-гөк) т.б
Орфоэпия – сөздердің дұрыс айтылуы.