қарындай, іші бос қуыс болады. Ішекқуыстыларды алғаш тауып, сипаттаған швейцар
табиғат зерттеуші ғалымы Абраам Трамбле. Ең алғаш табылған тұщы су полипін “гидра” деп атаған да Трамбле.Гидраның ауыз тесігінің айналасында қармалауыштары болады. Қармалауыштары арқылы қорегін ұстайды.
Гидраны судан шығарса, дене пішіні сақталмай,
иленіп қалады. Гидра денесінің сыртқы қабатында
атпа жасушалары болады. Атпа жасушалардың
ішінде оралма тәрізді бүктеліп жатқан жіпшелері бар.
Атпа жасушаларға жауы немесе қорегі тиіп кетсе
болғаны атпа жіпшелер атылып, ішіндегі уы
жәндікті жансыздандырады.