Разделы презентаций


Маманды?ты та?дау-болаша?ты та?дау

Содержание

Мамандықты таңдау-болашақты таңдауНиязбек Аруна Сейілбекқызы№228 орта мектептің 11-сынып оқушысыЖетекшісі:Корғанова Н

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1“Мен және менің өмірлік жоспарым ” тақырыбындағы аудандық жобаға қатысушыларға

жалынды сәлем! Сіздерге тек қана сәттілік тілеймін.
Сонымен

бірге осы жобаны ұйымдастырушы ұстаздарға үлкен алғысымды білдіргім келеді.

“Мен және менің өмірлік жоспарым ” тақырыбындағы аудандық жобаға қатысушыларға жалынды сәлем! Сіздерге тек қана сәттілік тілеймін.

Слайд 2 Мамандықты таңдау-болашақты таңдау
Ниязбек Аруна Сейілбекқызы
№228 орта мектептің
11-сынып оқушысы
Жетекшісі:Корғанова

Мамандықты таңдау-болашақты таңдауНиязбек Аруна Сейілбекқызы№228 орта мектептің 11-сынып оқушысыЖетекшісі:Корғанова Н

Слайд 3Аннотация
Бұл жұмыста Қали Аққыз өзінің таңдаған

мамандығы жайлы айтылған.
Бұл жұмысында ол таңдаған мамандығының тарихы, дәрігер

бойында болатын қасиеттер,
ана мен бала денсаулығын сақтауға байланысты Елбасы жолдауынан үзінді келтіре отырып, өзі осы мамандықты игеру үшін қандай жұмыстар атқаратынын жазған.
Аққызбен жұмыс жасаған кезде байқағаным, оның бойында
Аннотация    Бұл жұмыста Қали Аққыз өзінің таңдаған мамандығы жайлы айтылған. Бұл жұмысында ол таңдаған

Слайд 5 Мен таңдаған мамандық -балалар дәрігері болу

Ниязбек Аруна
11-сынып оқушысы

Мен таңдаған мамандық -балалар дәрігері болуНиязбек Аруна11-сынып оқушысы

Слайд 6Жоспары
Кіріспе: Мамандықты дұрыс таңдау- болашақты ойлау
Негізгі бөлім:
А) Дәрігер мамандығы-ең көне

кәсіптердің бірі
Ә) Дәрігер мамандығының ерекшелігі, этикасы
Б) Мен таңдаған мамандық-

балалар дәрігері маманы болу.

Қорытынды: Дәрігер мамандығы- күрделі де жауапты мамандық
ЖоспарыКіріспе: Мамандықты дұрыс таңдау- болашақты ойлауНегізгі бөлім:А) Дәрігер мамандығы-ең көне кәсіптердің біріӘ) Дәрігер мамандығының ерекшелігі, этикасы Б)

Слайд 7 Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына

кіру
стратегиясында біздің экономикамызға
қажетті сапалы да, озық технологиялармен
қаруланған

халықаралық білім
стандарттарына сай мамандарды
дайындау қажет және де адам капиталының
маңызы зор екендігін атап өтті.

Елбасымыздың
жолдауы 2012ж 27. О1

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында біздің экономикамызға қажетті сапалы да,

Слайд 8«Мамандық» сөзіне анықтама бере кетсек:
Профессия - латын

сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық деген мағынаны білдіреді.

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
«Мамандық» сөзіне анықтама бере кетсек:   Профессия - латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық

Слайд 9 Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс.

Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына,қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Сондай- ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына,қабілетіне, бейімділігіне,

Слайд 10





           


Сол істің

маманы болыңыз.
  Даңқым шықсын десеңіз,
  Көпшіліктің адамы болыңыз,»-деп шығыстың ұлы ойшылы, асқан дарын иесі Әбу-Насыр
Әл-Фараби айтқан осы бір даналық сөздер қай адамға болмасын ой салары анық. Иә,
расында да, дүниеге «адам» деген атты арқалап келген әрбір пенде қамшының сабындай ғана қысқа ғ
ұмырында «үш нәрседен жаңылыспасам» деген арман-тілекпен өмір сүреді емес пе? Соның бірі адамның т
умысынан өзіндік қабілетіне, бейімділігіне байланысты өмірінде бір-ақ рет біржола таңдалатын мамандық
мәселесі кім-кімді де толғандыратыны сөзсіз. Бір сәт ойлап қарасаңыз, өмірдің мағыналы болуында мамандықтың
да өзіндік үлесі зор секілді. Биік мақсат, табандылық, өзіңе деген сенімділік, адалдық сынды асыл қасиеттерді
өмірдің мағыналы болуының алғышарттары деп білсек, өзің сүйетін мамандықты биік талғаммен таңдап, жан-т
әніңмен, күш-жігеріңмен орындау өмірдің бар мәнін келтіреді десе де болады.
    Ежелгі грек данышпаны Цицерон: «Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс,»-
деп айтпақшы, адамның өз ынтасымен алдына талап-мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныспен, ізденіспен
игеруі өзіне де, өзгеге де, қоршаған ортаға да пайда келтірері хақ.
«Болашақта қай маман иесі боламын?» деген сауалға жауап іздеп, ойым сан-саққа жүгірген сәттерде
шығыстың ұлы классигі Омар Һайямның:
Жүректің түріп құлағын,
Ойланып бір сәт қарашы.
Кімсің сен, қайда тұрағың,
Енді қайда барасың?-деп келетін адамға ой саларлық осы бір өлең жолдары еріксіз есіме түседі.
Иә, адам денесінің патшасы-жүректің әмірімен өзің сүйіп таңдаған мамандық, менің ойымша, адамды
ешқашан тура жолдан тайдырмайды деп білемін. Шынында, мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты да
шешуші іс. Мен үшін ол – жаңа өмірдің табалдырығын аттауда өзіңе деген нық сенімділікті, жүректілікті қажет
ететін алғашқы қадам, өмірлік шешім.

           

Слайд 11 Мамандық алғың келе ме?

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық,
Айналаң толған өнеге.
Тыңдайық, кәне, ойлайық,
Білімге терең бойлайық.

Оқыған маман- шын маман,
Мамандық алмай қоймайық.
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта.
Қолыңнан жұмыс келмесе,
Тие ме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі – мамандық,
Жер-көктің бәрі – мамандық.
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамдық.

Біліп жатып кәсіптің
Талай сырына қанықтық.
Қандай іске машық кім,
Зерделеніп дәл ұқтық.
Қалап көңіл ауаны,
Талап оны қолдаса.
Кәсіптің жоқ маманы.
Нашар маман болмаса.

Мамандық алғың келе ме?     Мамандық өзі немене?

Слайд 12 Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген

жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен, ең бастысы қалаған мамандықтың

иесі болу үшін еңбексүйгіштік пен білімділік қажет.
Мынадай ережелерді ұстану керек.
Дұрыс таңдау жасау.
Икемділік.
Үлкен өнер, зор шеберлік.
Еңбексүйгіштік.
Білім.
Халыққа көмегің керек.
Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен, ең

Слайд 13Your Company slogan in here
Дәрігер мамандығы- ең көне кәсіптердің бірі.

Мындаған жылдар бойы дәрігер жұрт арасында, әсіресе сол заманның зиялыларының

ішінде, әртүрлі сезімдер тудырған. Орта ғасырларда дәрігерге берілген анықтамадан бейнеледі: дәрігер- tristones(екі жүзді). Яғни, халықтың ойы бойынша, дәрігер екі жүзді: кәдімгі өмір жағдайында- әдепті адам, науқастың жанында- періштедей.
Your Company slogan in hereДәрігер мамандығы- ең көне кәсіптердің бірі. Мындаған жылдар бойы дәрігер жұрт арасында, әсіресе

Слайд 14Азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету – әр мемлекеттің,

қоғамның ерекше міндеті. Халықтың денсаулығын сақтау және лайықты өмір сүру

жағдайын қамтамасыз ету – мемлекеттің адамгершілік саясатының көрсеткіші. Бұл әлеуметтік мәселені іске асыруда, дәрігердің кәсіби әрекеті және адамгершілік қасиеті маңызды болады.
Азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету – әр мемлекеттің, қоғамның ерекше міндеті. Халықтың денсаулығын сақтау және

Слайд 15Дәрігер сыпайылығы – дәрігерге ең басты және қажетті қасиеттердің бірі

болып табылады. Медицина ғылымының негізін қалаған, көп томды шығармалар жазған,

аты әлемге әйгілі Әбу Әли Ибн Синаның өмірінің соңғы кезінде былайша қорытынды жасаған екен: «Біз дүниеден өтеміз және өзімізбен бірге ғана, яғни біз еш нәрсе білмедік деген сананы алып кетеміз».
Дәрігер сыпайылығы – дәрігерге ең басты және қажетті қасиеттердің бірі болып табылады. Медицина ғылымының негізін қалаған, көп

Слайд 16Дәрігердің мінезі сыпайы болса, қызмет этикетін дұрыс сақтаса, ауру адамдар

онымен ашық сөйлесіп, айтқан сөзіне сеніп, көңілдері көтеріңкі болып жүреді.

Ондай дәрігер, әрбір ауру адамның мұң-мұқтажын түсініп, олардың жасына, жынысына, сырқатының түріне қарай керекті, құлаққа жағымды сөздер тауып, көңілін жұбатады.
Дәрігердің мінезі сыпайы болса, қызмет этикетін дұрыс сақтаса, ауру адамдар онымен ашық сөйлесіп, айтқан сөзіне сеніп, көңілдері

Слайд 17 Дәрігердің сыртқы пішіні, үстіне киген киімі оның мінез-құлқын, мәдениеттілігін,

ақылын, білімін сипаттайды. Сәнге сәйкес, ұқыпты, таза, әрі қарапайым киінген

дәрігерлерге ауру адамның да сенімі арта түседі. Керісінше, егер дәрігердің бет-аузы мөлшерден тыс бояуланған, тұла бойы неше түрлі заттармен безендірілген болса, ауру адамдар оған сенімсіздік білдіріп, «мінезі жеңіл екен» деген ойға келуі мүмкін.
Дәрігердің сыртқы пішіні, үстіне киген киімі оның мінез-құлқын, мәдениеттілігін, ақылын, білімін сипаттайды. Сәнге сәйкес, ұқыпты, таза,

Слайд 18Дәрігердің жанкештілігі- ауыр халдегі науқастың төсегінің жанында болуымен, тәулік мерзімі

мен ауа – райына қарамай науқастарға көмек көрсетуге аттанумен, өзінің

өміріне зияндылық әкелуіне, жағдайдың болмауына қарамастан күрделі тәуекелді операциялық араласуларды жүргізу секілді батырлық әрекеттермен көрінеді. Науқасты құтқару барысында шешім қабылдау, ауру қоздырғыштарын зерттеу, жаңа дәрілік заттардың әсерін анықтау, жедел және қауіпті кәсіби қызметтер кезінде жасалынады.
Дәрігердің жанкештілігі- ауыр халдегі науқастың төсегінің жанында болуымен, тәулік мерзімі мен ауа – райына қарамай науқастарға көмек

Слайд 19Дәрігердің ең басты міндеті: науқастарды ұлтына қарамай емдеуі

Дәрігердің ең басты міндеті: науқастарды ұлтына  қарамай емдеуі

Слайд 20Атақты орыс жазушысы, дәрігер, ұзақ жылдар бойы өзі сырқаттанған А.П.Чехов,

дәрігердің басты қасиетін былай деп айрықшалаған: “Дәрігер мамандығы – ерлік”


Ол жандүниенің, ниеттің тазалығын талап етеді. Кез келген адам мұндайға қабілетті емес».
Атақты орыс жазушысы, дәрігер, ұзақ жылдар бойы өзі сырқаттанған А.П.Чехов, дәрігердің басты қасиетін былай деп айрықшалаған: “Дәрігер

Слайд 21 Орыстың белгілі жазушысы А.П.Чехов: «Адамның тұла бойында сыртқы пішіні,

жан дүниесі мен ойлары, киген киімі – бәрі де өте

ғажап болуы қажет»,- деген екен. «Дәрігер мамандығы бар адамдардың бойына қажет қасиеттерден құралған-ау».
Орыстың белгілі жазушысы А.П.Чехов: «Адамның тұла бойында сыртқы пішіні, жан дүниесі мен ойлары, киген киімі –

Слайд 22Мен таңдаған мамандық – балалар дәрігері маманы болу

Бұл мамандықты

таңдауымның себебі: Қазіргі кезде , елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларының өршіп

бара жатқандығы . Мысалы: Жедел жүрек жетіспеушілігі, атеросклероз, гипертония, гипотония, қант диабеті, инсульт, қаназдық  т.б.

Енді аурулардың бірнеше түріне тоқталатын болсақ , олар қандай ауру түрлері деген сұрақ туындайды. Өзімнің интернет , баспа материалдары бойынша жасаған жұмыстарыма назар аударсаңыздар!
Мен таңдаған мамандық – балалар дәрігері маманы болу Бұл мамандықты таңдауымның себебі: Қазіргі кезде , елімізде жүрек-қан

Слайд 23Мен таңдаған мамандық
Болашақтың бастауы ,
Тағдырымның аспаны.
Арманым менің ойлаған ,
Дәрігер болу

таңдаған.
Биіктерден көрініп,
Белестерден білініп,
Алға қарай ұмтылу,
Өз-өзімді бағалап.
Барлығы бірдей қиын-ақ,
Көнемін

дағы біліп-ақ,
Мамандықты таңдадым
Өкінбеймін жүріп-ақ.
Дәрігер болып әрдайым,
Әділдік жолын қолдаймын.
Биіктерге самғаймын
Мойымаймын, таймаймын.
Мен таңдаған мамандықБолашақтың бастауы ,Тағдырымның аспаны.Арманым менің ойлаған ,Дәрігер болу таңдаған. Биіктерден көрініп,Белестерден білініп,Алға қарай ұмтылу, Өз-өзімді

Слайд 24Балалар хирургі медицина саласының ішіндегі
игілікті

ғылым және ерекше қастерлі мамандық !

Балалар хирургі  медицина  саласының  ішіндегі игілікті  ғылым және ерекше қастерлі  мамандық !

Слайд 25 Балалар

дәрiгерлерi, соның iшiнде балалар хирургтерi басқа дәрiгерлерге қарағанда тек өзiне

тән этикалық ерекшелiктерi бар өте мәртебелi мамандық екендiгiне ешкiмнiң күмәнi болмас.
Өйткенi, аузына ана сүтi тимеген немесе аузынан ана сүтi кеппеген нәрестелер мен сәбилердiң жан күйзелiсi мен тән күйзелiсiне, үрейден әркiмнiң бетiне үрке қарап, медет iздеген балаларға алғаш қол ұшын беретiн, маңдайынан сипап, мейiрiмдiлiк көрсететiн, жылы ықыласын бiлдiрiп, жанының арашашысы болатын – осы балалар дәрiгерлерi. Балалар дәрiгердiң қандай дәрежедегi маман екенiн бiле бермейдi, бiрақ, олардың мейiрiмдiлiгiн бiрден сезедi.

Балалар дәрiгерлерi, соның iшiнде балалар хирургтерi басқа дәрiгерлерге

Слайд 26 Тегiнде ата-бабамыз нәрестенiң iңгәлаған үнi, сәбидiң күлкiсi, балдырғанның

бал тiлi – өз ұрпағының болашағы үшiн малын да, жанын

да садақа қылған. Өйткенi, адам баласы баладан өседi. Бала – адамзаттың ұрпағын жалғастырушы, елдi өркендететiн елдiң болашағы деймiз. Ал сол болашағымыз – балалардың қазiргi денсаулық ахуалы қалай? «Бар жақсымыз – балаларға» деген кеңес қағидасы қазiр қалай жүзеге асырылып жүр?» – деген сауал туындайды.
Тегiнде ата-бабамыз нәрестенiң iңгәлаған үнi, сәбидiң күлкiсi, балдырғанның бал тiлi – өз ұрпағының болашағы үшiн

Слайд 27 Балалардың денсаулығы тым нәзiк, бала жандары

сияқты жұмбақ әлем ғой. Сол бала тәнiнiң саулық тiлiн бiлу

үшiн бала дәрiгерi де сезiмтал, болжампаз, тiптi көрiпкелдiк қасиет иесi болу керек шығар. Ал оның iшiнде балалар хирургиясы деген саланы игерiп, өмiр үшiн қыршын ғұмыры күреске түсiп жатқан балаға өмiр сыйлар – балалар хирургi мамандығын игеру екiнiң бiрiнiң қолынан келе бермес. Осы қиын мамандықты игерiп, балаларға өмiр, денсаулық сыйлап жүрген балалар хирургиясының дәрігері болу оңайға соқпайды.
Балалардың денсаулығы тым нәзiк, бала жандары сияқты жұмбақ әлем ғой. Сол бала тәнiнiң

Слайд 28 Балалар хирургi , бала

дәрiгерi болуға екiнiң бiрiнiң батылы бара бермейдi. Өйткенi, жанына батып

жатқан дертiн айтып жеткiзер тiлi жоқ, шырылдап жылап жатқан баланың ауруын дөп басып табу үшiн шынымен де көрiпкел болуымыз керек. Бiрақ, ол қасиет те екiнiң бiрiнiң бойына дари бермейтiндiктен, бала дәрiгерi болсам дейтiн адамның бойында ең алдымен балаға деген махаббат – балажандық қасиет пен сезiмталдық, ерекше жауапкершiлiк қасиет болуы тиiс. Құдайға шүкiр, бұл ретке келгенде Қазақстандағы балалар дәрiгерлерiнiң мәртебесi биiк дегендi мақтанышпен ауызға алуға болады. Бiздiң елiмiзде, елбасының қолдауымен ана мен бала денсаулығына айрықша мән берiлетiнiн атап айтып өткен жөн. Жоқ деп ауызды қу шөппен сүрте беруге тағы болмайды, бүгiнде денсаулық саласы дамып, өркендеу үстiнде.
Балалар хирургi , бала дәрiгерi болуға екiнiң бiрiнiң батылы бара бермейдi.

Слайд 29Балалар арасындағы жиі
кездесетін аурулар

Балалар арасындағы жиі кездесетін аурулар

Слайд 30 Кейiнгi 5 жылдық дәрiгерлiк

мәлiметтерiмiзге көз жүгiртсек, Алматы қаласының №1 ҚКБА-ның қабылдау бөлiмiне 220

мыңға тарта бала келiп қаралса, оның 30 мыңға жуығы жедел аппендицит күдiгiмен, 151 700 бала әртүрлi жарақат пен сынықтармен, 8 мың бала бас ми жарақатымен келiп түссе, 5 мың бала жоспарлы түрде хиругиялық ем алған. Сондай-ақ, басқа да хирургиялық ауруы бар 10 мыңға жуық балаға дәрiгерлiк көмек көрсетiлген. Бұл, әрине, айтуға оңай көрiнгенiмен, жас өмiр үшiн саусағын жайып алға ұмтылған жас өскiн баланың өмiрiн сақтар дәрiгерлерiмiздiң бiлiм-бiлiктiлiгiмен қатар, адамгершiлiгiн сын таразысына салар қаншама сындарлы сәттерден тұратын ең жауапты кездер екенi айтпаса да түсiнiктi. Балалар дәрiгерлерi үшiн ең қиыны – бауыр етi баласы үшiн жанын шүберекке түйер аналардың көз жасын көру. Бiз аналардың көз жасын, сәбилердiң соңғы сапарын көрмесек деп тiлеймiз. Ал ендi қандай ауру түрi алаңдатады дегенге келсек, iштен туабiттi аурулар, жүрек кемiстiгiмен туылып жатқан нәрестелер көбейiп барады. Жылына осындай 1000 – 1500 нәрестеге операция жасалады.
Кейiнгi 5 жылдық дәрiгерлiк мәлiметтерiмiзге көз жүгiртсек, Алматы қаласының №1 ҚКБА-ның

Слайд 31 Дені сау ұрпақ – ел келешегі. Солай

бола тұра, аналар мен сәбилердің өлімі неге азаймай отыр?

Дені сау ұрпақ – ел келешегі. Солай бола тұра, аналар мен сәбилердің өлімі неге

Слайд 32Ана өлімі жөнінен жоғары көрсеткіштегі облыстар

Ана өлімі жөнінен жоғары көрсеткіштегі облыстар

Слайд 34Мамандық таңдау жайындағы
өзімнің пікірім

Мамандық таңдау жайындағы өзімнің пікірім

Слайд 35 Ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған бағдарламадан

кенде емеспіз. Бұл мақсатқа қыруар қаржы бөлініп те жатыр. Бірақ,

аталған мәселенің алдын алуда еліміз медицинасы дәрменсіздік танытып жатқандай. Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес, жалпы медициналық тәжірибе жүйесін қолға алу көзделген. Нәтижесінде бұл салада кейінгі уақытта біршама өзгерістер орын алды. Мысалы, 2007 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия (балалар дәрігері) факультеттерінің жабылуын айтуға болады. Сөйтіп, жаңа жүйе бойынша енді ол емдеу факультетімен біріктіріліп, болашақ педиатрлардың оқу мерзімі 9 жылға дейін ұзартылды. Есесіне, олар енді жеті жыл жалпы медициналық тәжірибе жүйесі бойынша білім алса, соңғы екі жылда «педиатрия» мамандығын тереңдетіп оқып үйренеді екен. Бұл жаңа өзгеріс кезінде қатты сынға ұшыраған да еді.
Ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған бағдарламадан кенде емеспіз. Бұл мақсатқа қыруар қаржы бөлініп

Слайд 36 Халықаралық қалыпты сән көретіндер болашақ дәрігерлерді тоғыз жыл

оқытып, бесаспап маман дайындау АҚШ, Германия, Франция сияқты алдыңғы қатардағы

елдердің тәжірибесінен алынғандығын көлденең тартуда. Елімізде медицина саласында маман дайындайтын 6 ірі оқу орны бар. Ал, бес жыл жалпы медицинаны меңгерген студенттердің көпшілігінің таңдауы балалар дәрігерінен гөрі, хирург, терапевт, болмаса дәрі-дәрмек сатушысына түседі. Себебі, педиаторлардың ана мен бала өміріне жауапкершіліктері көп болғандықтан бас тартады.
Халықаралық қалыпты сән көретіндер болашақ дәрігерлерді тоғыз жыл оқытып, бесаспап маман дайындау АҚШ, Германия, Франция

Слайд 37 Қазақстанын

сүйетiн, елдiң болашағы – сәбилердi сүйетiн, балалардың тән мен жан

жарасының шипагерi бола бiлген, бәсекеге қабiлеттi 100-ден астам дәрiгерлер, 550 мейiрбике мен кiшi медициналық қызметкерлер, жалпы саны 650-ден астам мерейлi жандар қызмет жасайды. Кейбiр ағымы ауыр немесе тұрмыс-тiршiлiк қамымен балаларына қарауға мұршасы келмей жүрген ата-аналардың селқостығынан асқынған ауруларын емдейтiн екi – бiрi нәрестелерге, екiншiсi ересек балаларға арналған қарқынды емдеу бөлiмi бар. Бұл бөлiмнiң дәрiгерлерi де өздерi «күйсе де» ауру балаларға қолдарынан келгенше жалын тигiзбеудi өздерiнiң негiзгi парызы деп бiледi.
Елiнiң, жерiнiң, ұрпағының бүгiнi мен ертеңiне алаңдайтын билiктегi құзырлы азаматтар балалардың денсаулығын сақтау мәселесiне аса көңiл бөлiп, «үлкеннiң мыңына бергенше, баланың бiрiне бер» деген қағиданы ескере отырып, мемлекет тарапынан мүмкiндiгiнше дәрiгерлерге бұдан да ерекше қамқорлық жасайтын шығар деген үмiттемiз.Себебi, ұрпағымыздың денсаулығын сақтау, денсаулығын қорғау – ұлт жалғастығы мен елдiң ертеңiн сақтау, елдiң бiрлiгiн қорғау деп түсiнетiн кез жеттi.

Қазақстанын сүйетiн, елдiң болашағы – сәбилердi сүйетiн, балалардың

Слайд 38 Қазіргі таңда жоғары оқу орындарын бiтiргендердің 4,3

бөлiгi заңгер, экономист, кеденшi мамандықтарын құрайды. Олардың ойынша сол кәсіп

иелерінің болашағы зор. Жоққа шығаруға болмайды, ол мамандықтардың табар табысы басқаларға қарағанда көптеу. Әйтсе де қазіргі таңда нақ осы мамандықтар бойынша оқу бітіргендердің жұмыс тауып, бір жерге сіңісіп кетуі екіталай. Соның салдарынан бүгінде көптеген жастарымыз дипломдарын құшақтап, құрылыста, базарда немесе  көлік жуу стансаларында жұмыс жасап жатқандары ақиқат. Мамандық таңдау барысында талапкер де, ата-ана да жақсылап ойланғаны дұрыс. Әр адам өз маманының шебері болуы керек. Өйткені бүгінгі ұғым мүлде басқа. Бұрынғы кезде дипломы бар деп, жұмысқа қабылдай беретін. Ал қазір қолыңнан іс келмесе дипломның бар-жоғы бәрібір. Ал тыңғылықты тірлік ете алсаң аш қалмайсың. Сол үшін жастарға «модный» емес, өзінің жаны сүйетін мамандықты таңдауға мүмкіндік беру керек. Және кәсіпті  таңдауда ең алдымен Қазақстанның қай бөлігінде, облысында тұратындығына көңіл бөлгені жөн. Себебі, ол өзінің тұрғылықты жеріне қажет мамандықтың иесі болар еді.
Қазіргі таңда жоғары оқу орындарын бiтiргендердің 4,3 бөлiгi заңгер, экономист, кеденшi мамандықтарын құрайды. Олардың

Слайд 39

Ұсынысым:

Салауатты

өмір салтын қалыптастыру

Емдік гимнастикалар жасау


Халықтың әлеуметтік жағдайымен қоса ауыл
адамдарының денсаулығын жақсарту

4. Қоршаған ортаны ластанудан қорғау

5. Халықтың медициналық білімін арттыру

Слайд 40 Жарық дүниенің есiгiн жаңа ғана ашып,

сыртқы орта және ауамен дем алуға бейiмделе бастаған нәрестелер немесе

оң мен солын аңғара бiлмеген сәбилердiң сырқаттарын дер кезiнде анықтап, оларға тиiмдi операция жасау кез келген дәрiгердiң қолынан келе бермейдi, ол оңай шару емес. Ал ол үшiн сен баланың тәнi мен жанын жақсы бiлуiң керек. Бала дәрiгерiнiң болмысы тым бөлек. Сол себептi бұл мамандықты дайындауды қайта қолға алуымыз керек.
Жарық дүниенің есiгiн жаңа ғана ашып, сыртқы орта және ауамен дем алуға бейiмделе

Слайд 41 Балалар хирургі оқу орындарына жаңа

мамандық ретінде енгізілгеніне біршама уақыт бола қойған жоқ. Сол себепті

ол мамандықтың қазіргі өркениетті заманымызда өте тапшы екенін аңғарған боларсыз.
Балалар хирургі оқу орындарына жаңа мамандық ретінде енгізілгеніне біршама уақыт бола қойған

Слайд 42Қорытынды

Қорытынды

Слайд 43Дәрігердің білімі терең, толық, кең, жетілген болуы тиіс. Алайда, мұндай

білімнің болуы, дәрігер тарапынан адамгершілікті, өзін-өзі тәрбиелеуді дамытуын да талап

етеді.
Дәрігердің білімі терең, толық, кең, жетілген болуы тиіс. Алайда, мұндай білімнің болуы, дәрігер тарапынан адамгершілікті, өзін-өзі тәрбиелеуді

Слайд 44Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін

экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені

мәлім. Менің мамандығым дәрігер болғандықтан, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру - біздің міндетіміз.

Денсаулық-басты байлық

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың

Слайд 45Мен заманға сай жаңа инновациямен ,
Жаңа технологиямен жұмыс істеп ,

соның жетістіктерін тиімді
игеруді назарда ұстаймын.

Мен заманға сай жаңа инновациямен ,Жаңа технологиямен жұмыс істеп , соның жетістіктерін тиімді игеруді  назарда ұстаймын.

Слайд 46Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақша энциклопедия 7 том.
2. Жаманқұлов Қ.А. “Ішкі аурулар

“ 3. Суреттер интернеттен
4. 8-сынып оқулығы З. Ж. Асқарова
5. Денсаулық журналы

1997ж
6. Мектеп гигиенасы жоғары оқу орындарының
студенттеріне арналған оқу кұралы С.Е. Советов,
З.П.Громова, К.И.Лучина «Мектеп» баспасы,
Алматы 1973 ж

Пайдаланылған әдебиеттер:	1. Қазақша энциклопедия 7 том.	2. Жаманқұлов Қ.А. “Ішкі аурулар “ 3. Суреттер интернеттен4. 8-сынып оқулығы З.

Слайд 47Назар аударып тыңдағандарыңызға
көп-көп рахмет!!!

Назар аударып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика