Слайд 1
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Абай атындағы орта мектебі
Пән мұғалімі: Т.Жанханова
БИОЛОГИЯ
“Тіршіліктің тарихи дамуы
туралы ілім” тарауы бойынша қорытындылау.
11 класс
Слайд 2
Тақырыбы:
“Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім” тарауы бойынша қорытындылау.
Мақсаты:
Тірі табиғаттың дамуы
жөніндегі алған
білімді жүйелеп, іс жүзінде қолдану.
Слайд 3
І.Жобалар презентациясы.
ІІ.Топтық тапсырмалар.
ІІІ.Қорытындылау
Слайд 4
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар. К.Линней
мен Ж.Ламарктың эволюциялық идеялары. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы. Эволюцияның қозғаушы күштері.
Жер тарихының даму шежіресі. Эволюциялық процестердің этаптары: микроэволюция, макроэволюция. Эволюцияның басты бағыттары мен негізгі заңдылықтары.
“Тіршіліктің тарихи дамуы туралы ілім”
Слайд 5Жобалар тақырыптары:
І топ – “Түрлер өзгермейді, жер бетінде қанша түр
жаратылса, сонша түр бар” деген көзқарас дұрыс па?
ІІ топ
– Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?
ІІІ топ – Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы ролі.
ІУ топ – Эволюциялық ілімнің адамның практикалық іс-әрекеті үшін маңызы қандай?
Слайд 6Жоба
“Түрлер өзгермейді, жер бетінде қанша түр жаратылса, сонша түр
бар”,- деген көзқарас дұрыс па?
Мақсаты: Ч.Дарвинге дейінгі тіршіліктің дамуы
жөніндегі көзқарастарды саралап, “Түрлер өзгермейді, жер бетінде қанша түр жаратылса, сонша түр бар”,- деген көзқарастың дұрыс еместігіне көз жеткізу
Қысқаша сипаттама: Бұл жобада тіршіліктің дамуы жөніндегі метафизикалық және трансформистік көзқарастардың мәні, осы көзқарастардың өкілдері К.Линней мен Ж.Б.Ламарктың еңбектері сараланды. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары негізінде діни-идеалистік көзқарастар сынға алынды.
Авторлар: Түсіпқалиева А, Жұмағазиева А, Айдынғалиева Г
Слайд 7“Түрлер өзгермейді, жер бетінде
Түрлер тұрақты емес,
қанша түр жаратылса, сонша түр бар” жаратылыс себептерінің
әсерінен түрлер өзгеріп
отырады
К.Линней , Ж.Кювье
Ж.Л.Бюффон, Э.Дарвин,
Ж.Б.Ламарк
Тірі табиғаттың дамуы
жөніндегі көзқарастар
Метафизикалық
трансформистік
Слайд 8Жан Батист Ламарк (1744-1829)
Оның негізгі гылыми жетістіктері мынадай:
Линнейдің, әсіресе омыртқасыз
жануарлар саласында жүйелеуін жетілдірді.
Тірі ағзалардын, күрделенуін дәлелдей отырып,
салыстырмалы-анатомиялық әдісті ойдағыдай қолданды.
Алғашқы эволюциялық теорияны баяндай отырып, тірі табиғаттың қарапайымнан күрделіге қарай эволюциясын дәлелдеді.
Тірі ағзалардың табиғи жағдайларға бейімделгіштік жағына өзгеруін анықтайтын негізгі күші ретінде қоршаған ортаның рөлін
алғаш негіздеді. «Биология» терминін енгізді.
Слайд 9
Түрлердің алуан түрлілігінің себептері неде?
Организмдердің қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қалай
түсіндіруге болады?
Слайд 10Чарльз Дарвиннің
эволюциялық ілімі
Дарвин 1831 жылы табиғат зерттеушісі ретінде“Бигль” кемесімен жер
шарын айналған саяхатқа кетті. Бес жылға созылған бұл саяхат кезінде
жиналған материалдарын Дарвин өмір бойы өңдеді.
Слайд 11Ч.Дарвиннің ғылыми еңбектері
1859 ж. “Табиғи сұрыпталу жолымен
түрлердің пайда болуы”
1868
ж.”Үй хайуанаттары мен мәдени
өсімдіктердің өзгеруі”
1871 ж.”Адамның шығу тегі және
жыныстық сұрыпталу”
Слайд 12Эволюцияның қозғаушы күштері
Табиғи сұрыпталу
Тұқым қуалайтын өзгергіштік
Тіршілік үшін күрес
Эволюциялық ілімнің негізгі қағидалары
1.Жер бетіндегі барлық тірі
мақұлықтарды ешқашан ешкім жаратқан жоқ.
2.Табиғи жолмен пайда болған организмдер өте баяу және біртіндеп қоршаған ортаның жағдайларына сай жетіле түсті.
3.Эволюцияның қозғаушы күштері - өзгергіштік, тұқымқуалаушылық және табиғи сұрыптау.
4.Эволюция нәтижесі – организмдердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу мен түрлердің көптүрлілігі.
Слайд 13Түйін
Эволюциялық теория тұрғысынан “Түрлер өзгермейді, жер бетінде
қанша түр жаратылса, сонша түр бар”,- деген көзқарас дұрыс емес.
Слайд 14Жоба
Тақырыбы: Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы
мүмкін бе?
Мақсаты: Тірі табиғаттың даму тарихын тани
отырып, тіршіліктің өздігінен пайда болмайтындығына дәлелдер келтіру.
Қысқаша сипаттамасы:
Жердің тарихи стадияларындағы – жұлдызды және планетарлық – процестерге сипаттама беріліп, Жер тарихының 5 заманындағы өсімдіктер мен жануарлардың даму әрекетіне шолу жасалды. Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін еместігіне дәлелдер келтірілді.
Авторлар: Нәбиев Нұрлан, Мубаракова Жайнагүл
Слайд 15Тіршіліктің пайда болуы
Панспермия
теориясы
Креационизм
теориясы
Виталистік
теория
Тіршілік жер
бетінде
мәңгілік
Биохимиялық
эволюция
теориясы
Слайд 17Архей
>3500
Протерозой
2700
Палеозой
570
Мезозой
230
Кайнозой
67
Тіршілік алғашқы мұхитта
3,5 млрд жыл бұрын пайда
болған.
Слайд 19
Жер бетіндегі химиялық эволюция 1-1,5 млрд жылға созылды.
Химиялық эволюцияның
биологиялық эволюцияға ауысуы
Слайд 20Түйін
Қарапайым органикалық қосылыстардан организмдердің пайда болуы тіршілік ортасына бейімделудің өте
ұзаққа созылған әрекеті.
Қазіргі жағдайда тіршілік өздігінен пайда болмайды. Себебі: сәйкес
физико-химиялық жағдайлар жоқ және абиогендік жолмен пайда болған организмдер биогендік жолмен ғана дамиды.
Слайд 21
ЖОБА
Тақырыбы: Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы ролі
Мақсаты: Биологиялық прогресс пен
регрестің эволюциядағы рөлін айқындау
Қысқаша сипаттама: Органикалық дүниенің даму бағыттары мен
жолдарына сипаттама берілді.
Авторлар: Мадиева Саялым, Егінбаева Айнагүл,
Слайд 23 Тірі организмдердің қарапайымнан күрделіге
қарай дамуы. Даралардың санының
артуы,
ареалдың кеңеюі, жүйелік топтар санының
артуы. Организмдердің бейімделгіштігі
жоғары-
лап, дивергенция күшейеді
Биологиялық прогресс
Слайд 24Биологиялық
прогресс
АРОМОРФОЗ
ИДИОАДАПТАЦИЯ
ЖАЛПЫ ДЕГЕНЕРАЦИЯ
Слайд 25Ароморфоз
Эволюция барысында тіршілік иелерінің жаратылым деңгейін жалпы көтеретін ірі эволюциялық
өзгерістер ароморфоз деп аталады. Ароморфоз тұқымқуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталу
нәтижесінде жүретін ұзақ үрдіс. Бұл терминді 1925 жылы А.Н.Северцов енгізді.
Ароморфоз. Тыныс алу (1), қан айналу (2) және жүйке жүйелерінің (3) күрделенуі
Слайд 26Идиоадаптация
Идиоадаптация бұл организмде тіршілік ету барысында белгілі бір ортаға көптеген
ұсақ бейімделулердің пайда болуы.
Жолақты кенгуру
бүркіт тырнақты колибри
қапшықты
шұбарқұйрықты
сусар
Семсер
тырнақты
колибри
Слайд 27Табиғатта қалыпты қоршаған ортада организмде кейбір мүшелер біртіндеп жойылады. Нәтижесінде
организм құрылысы қарапайымданады. Бұл құбылыс жалпы дегенерация деп аталады.
Эволюцияның бұл
бағыттары мен жолдары өзара тығыз байланысты. Олар бір бірін аламстырады немесе бір бірінің жалғасы болып табылады.
Араморфоз, идиоадаптация және дегенерация арасындағы
қатынас сызбасы
Слайд 28 Қоршаған ортаның өзгерістеріне
эволюциялық топтың даму қарқын-
дылығы төмендеп, қалыс
қалады.
Даралар саны кеміп, ареал тарылады,
тіпті кейбір түрлердің жойылып кетуіне
дейін апарады.
Биологиялық регресс
Слайд 30
ТҮЙІН
Органикалық дүниенің даму тарихын жете түсіну
үшін эволюцияның негізгі бағыт-тары мен жолдарын ажырата білу керек.Эволюция бағыттары
мен жолдары бір-бірімен тығыз байланысты.
Слайд 31
Жоба
Адамның практикалық іс-әрекеті үшін
эволюциялық ілімнің маңызы қандай?
мақсаты: Табиғатты танып білудің, эволюциялық ілімнің практикалық маңызын айқындау.
Қысқаша сипаттама: Ауыл шаруашылығын дамытудағы табиғи сұрыпталу, қолдан сұрыптау, тіршілік үшін күрес жөніндегі білімнің қолданылу бағыттары баяндалды.
Авторлар: Дәулетова Жанзия, Муапихов Қуандық
Слайд 32Эволюциялық ілім
Органикалық
дүниенің
даму себептері
Табиғатты танып білу
Дүниеге материалистік
көзқарас қалыптастырды
Эволюциялық
заңдылықтар
Слайд 33Ч.Дарвиннің қолдан сұрыптау ілімі
Сұрыптау
Жануарлардың
қолтұқымдары
Микроорганизмдер
штаммалары
Өсімдіктердің
іріктемелері
Слайд 35
Ауыспалы егіс-танаптарын
құру
Қолдан балық
өсіру
Ауылшаруашылық дақыл-
дарынан мол түсім алу
Жұқпалы ауруларға қарсы
антибиотиктер қолдану
Ауыл шаруашылық зиянкес-
теріне биологиялық күрес
Бал арасын
өсіру
Тіршілік үшін күрес
заңдылықтары
Слайд 36
Сиреп бара жатқан түрлердің азаю себептерін анықтауға, оларды қорғауға, түрлер
санын көбейтіп, жануарлар мен өсімдіктердің көптүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді
Органикалық дүниенің
дамуы туралы білім
Слайд 37
Адамның практикалық іс-әрекеті
үшін эволюциялық ілімнің
маңызы өте зор.
Т ү й і н
Слайд 39
І топ
Ч.Дарвин өзінің “Адамның шығу тегі мен жыныстық сұрыпталу” еңбегінде
“Өмір-бұл күрес” идеясын ұсынды. Бұл идея дарвинизмнің ең басты қателігі
еді. Бұл қандай қателік?
ІІ топ
Кестені толтырыңыз:
Эволюциялық процестің этаптары
Слайд 40ІІІ топ
Мына суреттер бойынша гомологиялық және аналогиялық мүшелерді
анықтаңдар.
ІҮ топ
Жануарлардағы бейімделушіліктің мына мысалдары бейімделушіліктің қай түріне жатады?
Зебраның жолақты
реңі, бұзаубастың үстіңгі қанаты, жұлдызқұрттың жасыл реңі, қызыл орденді көбелектің реңі, ақ қояндардың қыстағы реңі, құлақты кесіртке, улы жыландар, теңіз атбасының пішіні
Слайд 41
ІІ топ
Кестені толтырыңыз:
Эволюциялық процестің этаптары
Слайд 421.Эволюцияның қозғаушы күштерінің тұрақты әрекетінің нәтижесінде ....
2.Көртышқанның топырақта тіршілік етуге
бейімделуі ....
3.Әр түрлі тереңдікте бір су қоймаларында тіршілік ететін алабұғаның
әр түрлі түрлерінің пайда болу тәсілі ....
4.Жорғалаушылар мен құстардың аралық формасы - ....
5.Ертедегі аңтісті кесірткелерден сүтқоректілердің пайда болуы – ...
6...... әсерінен жаңа мутациялары бар даралар сақталады.
7.Бунақденелілер класының пайда болуына әкеліп соқтыратын эволюция бағыты ...
8.Ж.Ламарк бойынша эволюцияда негізгі роль атқаратын - ...
9.Бір егістіктегі бидайлар арасындағы жарық пен ылғал үшін күрес - ....
10.Туыс формалардағы белгілердің ажырауы - ...
Аяқталмаған сөйлем
Слайд 43Қорытынды
Биологиялық эволюция – тірі табиғаттың қайтымсыз және
белгілі бір дәрежеде бағытталған тарихи дамуы.
Эволюцияның тарихи дамуы жөніндегі ілім – дарвинизм теориясы.
Табиғаттағы түрлердің көптүрлілілігі мен организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі -эволюцияның нәтижесі.
Слайд 44
Бағалау
№1 топ - №2 топ
№2 топ -№3 топ
№3 топ-
№4 топ
№4 топ -№1 топ
Слайд 45
Уйге тапсырма:
Қайталау п.1-12
Адам эволюциясы жөнінде ақпарат жинау