Слайд 1
Сабақтың тақырыбы
Жұмыр құрттар
7 СЫНЫП
Слайд 2
Мақсаты
Жұмыр құрттар, олардың тіршілігі мен сыртқы құрылысы, көбеюі, маңызы туралы
түсінік беру
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, іскерлігін, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу
дағдысын қалыптастыру
Оқушылардың жан-жануарларға деген сүйіспеншілігін, оны аялап сақтауға және де салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Слайд 3Ұйымдастыру
Оқушыларды құрттардың түрлері арқылы топтарға бөлу
Слайд 4«Он сұрақ» ойыны (білу кезеңі)
Жұмыр құрттардың пішіні қандай?
Неліктен жұмыр құрттар
деп аталады?
Түлеу дегеніміз не?
Қандай өкілдерін білесіңдер?
Олардың қанша түрі бар?
Денесі неше
қабаттан тұрады, олар ата?
Суыртқының ұзындығы қанша?
Үшкірқұрт қайда паразиттік тіршілік етеді?
Жылқының қылына ұқсас құрт қалай аталады?
Ішексорғының денесін қандай қабықша қаптаған?
Слайд 5
Мағынаны тану
Жұмыр құрттардың ерекшеліктері:
-денесі созылыңқы, буылтықтарға бөлінбеген,цилиндр,ұршық тәрізді;
-денесі сірқабықпен қапталған,
дене тұрқы 1 мл-ден 8 метрге жетеді;
-ауыз қуысы алдыңғы жағында,
ал аналь тесігі-артқы жағында орналасқан;
-денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің арасында қуыс болғандықтан, оларды алғашқы қуыстылар типі деп атайды;
-денесі 3 қабаттан:сыртқы-сірқабық, ортаңғы-тері асты, үшінші-бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады;
-тынысалу және қантарату жүйесі жоқ;
-дара жынысты, екі жақты симметриялы;
-теңіздерде, тұщы суда, топырақта, адам мен жануарларда, өсімдіктерде паразиттік тіршілік етеді;
-жұмыртқа арқылы көбейеді;
-20 000 мыңдай түрі бар.
Слайд 6Өкілі-ішексорғы
Ересектер мен жасөспірімдердің аш ішегінде тіршілік етеді;
Денесінің екі ұшы сүйірленіп
келген, дене тұрқы 20 см, ақшыл-сарғыш түсті;
Алдыңғы ұшында аузы, соңғы
бөлігінде аналь тесігі (құйрық) болады:
Аузында 3 ерні болады, сол арқылы қадалып, қан сорады;
Денесі тығыз қабықша кутикуламен қапталған;
Көлденең жолақты бұлшық еттері болмағандықтан жиырыла, қысқара алмайды, тек жан-жағына иіледі;
Бүкіл денесі арқылы тыныс алады;
Қанайналым, тынысалу мүшелері болмайды;
Дара жынысты, жұмыртқа арқылы көбейеді,
Слайд 7Өкілі-үшкірқұрт
Адамның, жас баланың тік ішегінде паразиттік тіршілік етеді;
Пішіні ішексорғыға ұқсас,
аталығы аналыған екі есе қысқа болады;
Дене тұрқы 10 мл;
Құрттың құйрық
бөлігі өте жіңішкірген, үшкір;
Аналығы жұмыртқасын аналь тесігінің шыға берісіне салады да, денені қышытады, оны қасығанда тырнақ астына жабысып, ауызға түседі;
Ол аш ішекке, бүйенге және соқыр ішекке өтіп,оларды қабыну арқылы соқыр ішекке шалдықтырады.
Слайд 8Өкілі-қылқұрт
Тоқтау суларда жылқы қылына ұқсас қоңыр түсті, ұзындығы 1 метрге
жетеді;
Дернәсілі бунақденелілерде паразиттікпен тіршілік етеді;
Адамға еш зияны жоқ.
Слайд 9Өкілі-суыртқы
Ұзындығы 150 см, жуандығы 1,5 мм
Адам үшін өте қауіпті паразит
Суыртқының
аналығы адамның аяқ терісіне еніп, теріні қызартады, қышытады, ісініп жараға
айналады;
Бұл Иранда, Үндістан мен Африка елдерінде кездеседі.
Слайд 10ДЖИКСО әдісі (түсіну кезеңі)
1-топ Жіпше құрт пен үшкірқұрт
2-топ Ішексорғы
3-топ Қылқұрт
пен суыртқы
Слайд 11Сұрақтарға жауап беру
1.Неліктен жұмыр құрттар алғашқы қуыстылар деп те атайды?
(себебі, денесінің ішкі қабырғасымен ішегінің аралығында түтік тәрізді қуыс болады)
2.Жұмыр
құрттар не себепті түлейді? (сыртқы сірқабық қабаты өлі ұлпа, сондықтан денесінің өсуіне мүмкіндік бермейді, өзі өспейді)
3.Жұмыр құрттар неге денесін қысқарта да, соза да алмайды? (олардың көлденең жолақты бұлшық еттері жоқ)
Сипаттамасына қарап жасырған құртты тап.
1.Ол паразит. Екі ұшы сүйір.Құйрығы үшкір.Дене тұрқы 1,5 см шамасында. Түсі ақшыл немесе сарғыш. Бұл қандай құрт? (үшкірқұрт)
2.Дара жынысты. Аналығынан аталығы қысқа, аталығы құйрық бөліміне қарай имектеніп тұрады. 200000-ға дейін жұмыртқа салады. Ішек қызметін бұзады. Бұл қандай құрт? (ішексорғы)
3.Аналығының ұзындығы 150 см, жуандығы-0,2 мм. Адам үшін өте қауіпті паразит. Оңтүстік және Орта Азияда кездеседі. Аналығы аяқ терісінің астында паразитті тіршілік етеді. Бұл қай құрт? (суыртқы)
Слайд 12Терминологиялық диктант
(қолдану кезеңі)
Жұмыр құрттар денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында
........болады
Дене жабынындағы тығыз, өлі түзіліс.......деп аталады
Жұмыр құрттардың сірқабығын
тастауы.......деп аталады
Тері астындағы қабат ........деп аталады
Аралық қабат.......деп аталады .
Слайд 13Терминдерге анықтама бер
-Гельминтология- (құрттарды зерттейтін ғылым)
-Гиподерма- (екінші ортаңғы қабат)
-Түлеу- (сіқабығын
тастауы)
Слайд 14Тестік жұмыс
1.Жұмыр құрттардың денесі тұрады:
А)1 қабаттан
Ә)2 қабаттан
Б)3 қабаттан
В)4 қабаттан
2.Жұмыр құрттың
сірқабығы сыпырылып қалады:
А)күзде
Ә)жазда
Б)суда
В)өскен кезде
3.Жұмыр құрттар денесін қысқарта, соза алмайды:
А)көлденең жолақты
бұлшық ет болғандықтан
Ә)денесі ұзын болған соң
Б)қорегіне байланысты
В)денесі қысқа болған соң
4.Жұмыр құрттар типіне жатады:
А)ақ сұлама, бауырсорғыш
Ә)ақ сұлама, ішексорғы
Б)ішексорғы, үшкірқұрт
В)үшкірқұрт, бауырсорғыш
5.Паразит жолмен тіршілік ететтін жұмыр құрттар:
А)суыртқы
Ә)үшкіртқұрт
Б)ішексорғы
В)барлық жауаптары дұрыс
6.Зиянсыз жұмыр құртттар:
А)қылқұрт
Ә)зымырақ
Б)қылқұрт
В)барлық жауавптары дұрыс
Слайд 15Венн диаграммасы
(талдау кезеңі)
Жалпақ құрттар Ортақ белгісі Жұмыр құрттар
Слайд 16Кестемен жұмыс (жинақтау кезеңі)
1.Гидра
7.Қылтыңбас
2.Ақ сұлама
8.Бауырсорғы
3.Сиыр цепені 9.Үшкірқұрт
4.Ішексорғы 10.Қылқұрт
5.Жіпшеқұрт 11.Құлақты медуза
6.Зымырақ 12.Полиптер
Слайд 17
«Бес жолды өлең»(бағалау кезеңі)
Не?
Қандай?
Не істейді?
Сөйлем
Синоним
Слайд 185 жолды өлең
Жұмыр құрттар
Денесі буылтықтарға бөлінбеген, шұбалаңқы, цилиндр немесе ұршыққа
ұқсас жәндік
Паразиттік тіршілік етеді
Олар өсімдіктер, жануарлар мен адам ағзасында өмір
сүреді.
Жұмыр құрттар-паразиттер.
Слайд 19Үй тапсырмасы
43 параграф оқу
«Жұмыр құрттар» тақырыбына реферат дайындау