Слайд 1
Жүрек – қан тамырлары
жүйесінің аурулары
және олардың алдын
алу
Тақырыбы:
Абдрахманова Фарида Елтайқызы
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебінің
биология пәнінің
мұғалімі
Амантоғай ауылы
Аманкелді ауданы
Қостанай облысы
Слайд 2Мақсаты:
Қан кету түрлерін ажырата білуге үйрету, жүрек қан тамырлары жүйесінің
ауруларының анатомиялық-физиологиялық түсініктерін қалыптастыру және олардың алдын алуға үйрету, денсаулықты
сақтауда және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда жүректі жаттықтырудың маңызын көрсету;
Оқушылардың қауіпсіздік техникасын және өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, өзінің денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету, санитарлық-гигиеналық дағдысын тәрбиелеу, салауатты өмір сүруге үйрету, денесін жетілдіруге үйрету;
Оқушылардың ойлау қабілетін, синтездеу, талдау, қорытындылау, нақтылау қасиеттерін дамыту, жүйке жүйесінің қызметін үйрету.
1
2
3
Слайд 3Көрнекілігі : тірек сызбалар мультемедиалық проектор, компьютер, суреттер.
Сабақтың түрi: дәстүрлі
Қолданылатын
әдiстер:
Сұрақ – жауап, сұхбат, биологиялық диктант, зертханалық жұмыс,
СТО элементтері.
Пән аралық
байланыс: әдебиет, дене шынықтыру, өмір қауіпсіздік негіздері.
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Жаңа сабақ
4. Зертханалық жұмыс
5. Пысықтау сұрақтары
6. Үйге тапсырма беру
Ұйымдастыру,амандасу оқушыларды түгендеп сабаққа көңілін аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Слайд 4“Менен –сұрақ,
сізден – жылдам жауап”
жедел сұрақтар
Үй тапсырмасы
Слайд 5
1.Қан тамырлармен қалай қозғалады?
2.Артериялық қысым
дегеніміз не?
3. Ең жоғарғы қысым қай тамырда болады?
4.Ең төменгі қысым
қай тамырда болады?
5. Гипертония дегеніміз не?
6. Гипотония дегеніміз не?
7. Тамырдың соғуы дегеніміз не
8. Қалыпты жағдайда тамыр неше рет соғады?
9. Адамның артериялық қысымын қандай құралмен өлшейміз?
10. Қысымды өлшейтін құралды таныстыр.
Слайд 9Жанды матор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жұмысын,
Дәрігерлер тыңдайды.
Слайд 10Жүрек
Жүрекке сипаттама беріңіз.
Слайд 11Тарам – тарам бір ғалам,
Айқұш – ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады
бір адам.
Слайд 13Жаңа сабақ
Жүрек – қан тамырлары
жүйесінің аурулары
және олардың алдын
алу
Тақырыбы:
Слайд 14Мақсаты:
Қан кету түрлерін ажырата білуге үйрету, жүрек қан тамырлары жүйесінің
ауруларының анатомиялық-физиологиялық түсініктерін қалыптастыру және олардың алдын алуға үйрету, денсаулықты
сақтауда және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда жүректі жаттықтырудың маңызын көрсету;
Оқушылардың қауіпсіздік техникасын және өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, өзінің денсаулығын сақтауда жинақылыққа және зейінділікке үйрету, санитарлық-гигиеналық дағдысын тәрбиелеу, салауатты өмір сүруге үйрету, денесін жетілдіруге үйрету;
Оқушылардың ойлау қабілетін, синтездеу, талдау, қорытындылау, нақтылау қасиеттерін дамыту, жүйке жүйесінің қызметін үйрету.
1
2
3
Слайд 15Жүрек - көрінетін, көрінбейтін сырлары бар
жан айнасы.
Жүрек – бүкіл дененің басқарып тұрған
хатшысы.
Жүрек – бастан аяқ дененің компьютері.
Жүрек – көзге көрінбейтін дүниені көретін
дененің телескопы.
Слайд 16Жүректің жұмысына
кері әсер ететін
іс-әрекеттер
Аз
қимылдау
Мөлшерден тыс
тамақтану
Спиртті сусындарды ішу
Темекі
тарту
Слайд 17Жүректің жұмысын нығайту үшін
Дене жаттығуын жасау
Еңбекпен айналысу
Салауатты өмір салтын ұстану
Таза
ауада тынығу
Слайд 18Шамадан тыс дене және психикалық жүктеме жүректің қалыпты жұмысын бұзып,
жүрек ауруларын туғызуы мүмкін.
Слайд 19Жүрек ауруларының себептері
1. Жүректе оттектің жетіспеуі
Мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуі
біртіндеп төмендеп, содан кейін тоқтап қалуы жүректің қандайда бір бір
бөлігінің жансыздануына, яғни жүрек инфарктіне себепші болуы мүмкін.
3. Зиянды заттар пайдалану арқылы жүректің жұмысы нашарлайды.
Слайд 20ЖҮРЕКТЕ ОТТЕКТІҢ ЖЕТІСПЕУІ
Адамға ауа жетпей қалады
Жүрекке үгу әдісі бойынша көмек
беру
Үгу әдісі екіге бөлінеді
Сыртқы үгу ( жабық)
Ашық үгу (ішкі)
Жабық үгу
жасағанда, кеуденің алдыңғы қабырғасы мен омыртқаның арасында жасанды қысым түсіру.
Қан итеріліп шығады және қан айналу ағзаны оттекпен қамтамасыз етеді
Слайд 21Зиянды заттар
Темекі тарту
Ішімдік ішу
Есірткі қолдану
Слайд 24Қан кеткенде көрсетілетін алғашқы көмек
капиллярлық
веналық
артериялық
Қан кетудің түрлері
Слайд 25Капиллярлық қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Капиллярлық қан кетуде жарақатта
қан тамшыларының бөлінуі байқалады. Капиллярмен қан баяу ағатындықтан, мұндай қан
кетуді тоқтату оңай. Алғашқы көмек көрсеткенде, жарақатты йодтың спирттегі ерітіндісімен 5 пайыздық өңдеп, таза дәке таңғышына салу керек.
Слайд 27Веналық қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Веналық қан
кету қою түсті қан ағатын вена зақымданғанда болады. Ірі веналар
зақымданған кезде капеллярлық қан кетудегі сияқты жарақат маңын йод ерітіндісімен өңдеп, қысатын таңғыш салу керек. Аяқ-қол жарақаттанған жағдайда оған қан жүруді азайту үшін көтеру керек. Егер қысатын таңғыш қан кетуге көмектеспесе, онда міндетті түрде дәрігерге апару керек.
Слайд 30Артериялық қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы көмек
Адам өміріне
артериялық қан кету едәуір қауіпті болып саналады. Бұл кезде көп
қан кетеді. Артериялық қан кету ашық алқызыл түсті қанның жарақаттан атқылап ағуымен ерекшелінеді. Мұндай қан кетуде зақымданған жерден сәл жоғары тамырды сүйекке саусақпен басып тұрып, жүйкеге зиян келтірмеу үшін жұмсақ мата салып жгутпен қысу керек. Егер жгут дұрыс салынса, қан кету тоқтайды. Ұлпалар жансызданып қалмауы үшін жгутті 2 сағаттан артық ұстауға болмайды. Сондықтан жгут салынған уақытты дәл көрсетіп, зардап шеккен адамды тез арада ауруханаға жеткізу керек.
Слайд 31Биологиялық диктант
Адам денесіндегі венаның жалпы мөлшері................. қарағанда көп. Қан жүректің
............ жұмысына байланысты қозғалады. Ересек адамда тамырдың соғуы минутына ..........
соққы құрайды. Адамның артериялық қысымын ................. арқылы өлшейді.
Слайд 32Салыстыр
Артерия қан тамыры Вена
қан тамыры
Слайд 33Зертханалық жұмыс:
Қан кеткенде алғашқы көмек көрсету
Керекті құрал-жабдықтар: қысатын таңғыш, бұрайтын
таяқша, әр түрлі созылғыш жгут, жай бинт, йодтың спирттегі 5
пайыздық ерітіндісі.
Жұмыс мақсаты:
Жгут салуды үйрену
Қан тамырлары жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы білімдерін пайдаланып, артериялық және веналық күшті қан кету кезінде жгут салу туралы әрекетті түсіндіру.
Слайд 34Вена қан тамыры
Артерия қан тамыры
Капилляр қан тамыры
Сәйкесін тап
Қан мүшелер мен
ұлпалардан жүрекке ағатын едәуір ірі тамырлар
Ең жіңішке қан тамырлар
Қан жүректен
барлық мүшелер мен ұлпаларға ағатын тамырлар
Слайд 35Жұмыс реті:
1. 40-параграфтан жгут салу ережесін оқыңдар.
2. Шартты түрде қан
кетуді тоқтату үшін досыңның білегіне жгут салыңдар.
3. Әрі қарай: параграф
мазмұнында алғашқы көмек көрсету сипатталған. Өз әрекеттеріңді осы нұсқаулар ға сәйкес жүргізіңдер.
Слайд 36Тапсырма:
Өз әрекетіңді түсіндіріп, жгут салу ретін сипаттаңдар:
а) алдымен қан кету
түрін анықтап алу керек, себебі ..............................
ә) жгутты зақымданған жерге салу
тәртібі:
........................................................
б) жгутты былай салу керек..........................
в) жгутты, шамамен, ........... Сағат ұстау керек, себебі....................
Слайд 37Қорытынды:
Жүрек және қан тамырларының қалыпты жұмысы үшін қандай жағдайлар керек?.
Жүрек
ауруларының негізгі себептері неде?
Ішімдік пен темекінің жүрек қан тамырлары жүйесіне
қалай әсер етеді?
Капеллярлық қан кетуді қалай тоқтатады?
Веналық қан кеткенде қандай көмек көрсетіледі?
Артериядан қан кетудің қауіптілігі неде?
Артериядан қан кеткенде қандай алғашқы көмек шаралары көрсетіледі?
Жгутты неге 2 сағаттан артық ұстауға болмайды?
Слайд 38 Жас жеткіншек! Сіз өзіңізді құрметтеуге тиіссіз. Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек
жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден, ішімдіктен, шылымнан, есірткіден аулақ болыңыз.
Бойыңызды ластамай, жан – дүниеңізді таза ұстаңыз. Өзіңіздің бос уақытыңызды пайдалы іске аранаңыз.
Ар-намысыңызды биік ұстаңыз. Өз тағдырыңыз – өз қолыңызда. Адам өмірге бір – ақ рет келеді., оны жақсы етіп сүру сіздің қолыңыздан келеді.
Өзіңізге сеніңіз. Өзіне сенімді адам ғана өзгелердің теріс әсеріне бағынбай, өзін сақтай алады.
Денсаулығыңыз мықты болсын, спортпен айналысыңыз. Сіз ел үшін керексіз. Өйткені сіз – тәуелсіз еліміздің болашағысыз!
Слайд 39Үйге тапсырма
§40. Мазмұнын түсініп оқу, зертханалық жұмысқа қорытынды жазып келу.
Бағалау.