Слайд 112 сәуір-Ғарышкерлер күні
ғарыш
Слайд 2Ғарыш дегеніміз не?
Ғарыш (араб.-кеңістік, космос) - Ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі.
Кейде Ғ. ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады .Ғ.
Жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғ. және жұлдыздар мен галактикалар, т.б. кеңістігін қамтитын (ондағы нысандарды қоса) алыс Ғ. болып ажыратылады.Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін Жердің жасанды серігі 1957 жылы 7 қазанда аспан кеңестігіне шығарылды. Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады. Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр. Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылады. Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәл болжауға мүмкіндік туды. Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немесе Күн мен Айға қарап болжайтын болса, қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.
Слайд 3Ең бірінші ғарышқа ұшқан...
Белка және стрелка
Слайд 4Ғарышкер иттер Белка және стрелкадан кейін 1961 жылы адамзат баласы
ғарышқа ұшты
1961 жылы ұшқан ең бірінші адамзат баласының аты-жөні---Юрий гагарин
Слайд 5Юрий гагарин туралы мәлімет
Юрий алексеевич гагарин 1934 жылдың 9-наурызында дүниеге
келген.Юрий 1961 жылы 12-сәуірде восток-1 ғарыш кемесімен ғарышқа аттанады.Ол 1
сағат 48 минуттан кейін жерге қайта оралады.Юрий ксро ұшқыш ғарышкері,кеңес одағы батыры атағын екі рет алған,полковник,адамдардан ең бірінші ғарышқа сапар шеккен адам.Юрий гагарин ұшақпен жаттығу жасап жүргенде қаза тапты.
Слайд 6Қазақтан ең бірінші болып ұшқан ғарышкер
Тоқтар әубәкіров
Слайд 7Тоқтар әубәкіров туралы мәлімет
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл,
Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер,
ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1946 жылы шілденің 27-де Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысында дүниеге келді.ғарышта 7 күн 22 сағат 12 минут болды.Оның мансабы-зерттеуші ғарышкер.дәрежесі-генерал майор.
Слайд 8Талғат мұсабаев
Талғат мұсабаев ғарышқа бір емес,үш рет ғарышқа сапар шекті.
Слайд 9Талғат мұсабаев туралы мәлімет
1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл
ауданының Қарғалы ауылында туған.
1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері
институтын бітірген, инженер.
1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде.
1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.
2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы+
Слайд 10Жақында ғарышқа ұшқан
Айдын айымбетов
Слайд 11Айдын айымбетов туралы мәлімет
1989 жылы Талдықорған қаласындағы № 20 орта
мектепті алтын медальға бітірген соң, Авиацияның Бас маршалы П.С.Кутахов атындағы
Армавир жоғары әскери авиация училищесіне түсіп, оны 1993 жылы «командалық, тактикалық жою авиациясы» мамандығы бойынша бітіріп, ұшқыш-инженер мамандығын алып шығады.
1993 жылдың мамыр айынан бері ҚР Әскери-әуе күштерінің қатарында әртүрлі қызметте болады. 1993 жылы өзін ғарышкерлер қатарына енгізу жөнінде өтініш білдіреді. Ғарышкерлер қатарына қосылмай тұрып, ол Талдықорған қаласы маңындағы әуе базасындағы әуе желісінің командирі болып қызмет еткен. Ол 470 сағат әуеде ұшып, парашютпен 360 рет секірген. 2002 жылдың 9-қарашасында Қазақстан Республикасының ғарышкерлерінің қатарына қосылып, 2003 жылы медициналық тексеруден өтіп, жаттығу жұмыстарына кіріседі.
Ал, 2009 жылдың 15-желтоқсанында А.Айымбетов Мемлекеттік Ант қабылдап, «Қазғарыш» басшысының кеңесшісі болады. Содан кейінгі жылдары осы агенттікте бөлім басшысы, департамент басшысы сияқты бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған. 2014 жылы оған ҚР Әскери-әуе күштерінің полковнигі атағы берілді.
Бүгінде 43 жасар Айдын Айымбетов «Байқоңыр» айлағынан ғарышқа ұшқалы отырған үшінші қазақ ұлтының өкілі. Жалпы алғанда, Айдынның қызмет жолы тұтастай тек әуе және ғарыш қызметімен байланысты, яғни ол осы салаға кездейсоқ келген адам емес, өз ісінің маманы.
Естеріңізге сала кетейік, ертең қыркүйектің 2-і күні қазақстандық ғарышкер Айдын Аймбетов ғарышқа сапар шекпек. Он күнге созылатын сапар барысында ол бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер мен Арал және Каспий теңіздерінің экологиясына мониторинг жүргізіп, шаңды дауылды зерттейді.
Бұл Қазақстан тарихында мәңгі қалатын айтулы оқиғалардың бірі болары сөзсіз. Өйткені, Қазақстан өзінің А.Айымбетовтың бұл сапары Қазақстанды ғарыштық өнімдерді сатып алушы елден, ғаламды зерттеуші мемлекетке айналары сөзсіз.
Слайд 13Ғарышкерлердің көзімен
Мен туған елімнің сондай ұшы-қиырсыз шексіздігін көріп,таң қалдым.отанымның кең-байтақ
екенін көріп,ата-бабаларымызға алғыс айттым.осынша жерді көздің қарашығындай сақтап,сол үшін қан
төгіп,болашақ ұрпаққа тастап кеткен біздің жауынгер бабаларымыз ғой.ғарыштан бәрі алақандағыдай көрінеді.торғай даласы,маңғыстау жері шексіз жазық жер.жолдар да сайрап жатыр.кешегі замандардағы керуен жолдары да осында.ресейден болсын,еуропа мен кіші азиядан болсын,керуендер осы қазақ даласын кесіп өтпеді ме!..Тылсымы көп таңғажайыптар еріксіз таңғалдырады екен.
Тоқтар әубәкіров,қазақстан
Слайд 14Ғарышкерлердің көзімен
Жерге оралғаннан кейін,алғашқы кездері ғарышқа қайта ұшуға еш зауқың
болмайды.жердегі өмірге мәз болып,әр күнін қуанышпен қарсы аласың,ұзақ та қиын
бейімделу кезеңі өтеді...содан кейін,ғарыш,ұшу туралы қайтадан ойлай бастайсың.
талғат мұсабаев,қазақстан
Слайд 15Ғарышкерлердің көзімен
Жер ғарыш тұңғиығына ілініп тұрған шырша ойыншығын есімізге түсірді.біз
ұзай түскен сайын ол кішірейе түсті.ақыр соңында кішкене ноқатқа,ғажайып ноқатқа
айналды.мұндай керемет,шуақты,жанды ноқат сондай нәзік,қауқарсыз болып көрінді,саусақпен түртіп қалсаң,шашылып қалатындай.адамның жалғыз тұрағы-жерді қадірлей,қастерлей білуіне осы бір көрініс қана жеткілікті болар еді.
ирвин,ақш
Слайд 16Ғарышкерлердің көзімен
Ғарыштан қайталанбас әсем жерді көрдім.мен жер-біздің ортақ анамыз екендігін
сезіндім.елдер арасында тыртық болып жатқан шекаралар да көрінбейді.
м.фарис,сирия
Слайд 17ғаламшарлар
Планеталар:
Күн,жер,ай,марс,меркурий,юпитер,нептун,уран,сатурн,құс жолы,астероид,метеорит,комета