Слайд 1БАЛА МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУ СЕБЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Слайд 2наркомания
токсикомания
суицид
проституция
ұрлық
адам өлтіру
алкоголь
Слайд 3Қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – мінез-құлқы
әлеуметтік «нормадан» ауытқыған балалар мен жасөспірімдер мәселесі болып отыр. Соңғы
уақыттардағы статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, таксикомания, адам өлтіру және т.б. сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде.
Слайд 4 “... баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді
дей берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек”.
М. Жұмабаев
Слайд 5Қазіргі уақытта балалар мінез-құлқының бұзылу себеп-салдарын әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық тұрғыда
М.А. Алемаскин, Л.М. Зюбин, И.С. Кон, Г.П. Медведев және
т.б., клиникалық сипатта Г.А. Власова, В.Я. Гиндикин, В.В. Ковалев, Г.Е. Сухарев, криминалогиялық аспектілерін М.М. Бабаев, К.Е. Легошев, В.Н. Кудрявцев сияқты ғалымдар зерттеумен айналысқан.
Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды әлеуметтендіруге байланысты Отандық ғалымдардың еңбектері аса құнды болып табылады. Соның ішінде Қ.Б. Жарықбаевтың, С.Қ. Қалиевтің, Ж.Ы. Намазбаеваның, Т.Қ. Бөлеевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.
Слайд 6Мінез-құлқында ауытқушылық байқалатын балаларды және де қоғамда қалыптасқан нормалар мен
ережелерді сақтамауды ғылымда девиация (латынның «deviatio» тыңдамау, ауытқу деген мағынаны
береді) деп атайды.
Осыған байланысты әдебиеттерде кездесетін «қиын бала», «девиантты мінез-құлық», «ауытқыған мінез-құлық» ұғымдары синонимдес болып табылады.
Слайд 7Девиантты мінез-құлық дегеніміз - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін
мінез-құлық. Кей жағдайларда «асоциалдық» немесе «антидисциплиналық» деп те аталып жатады.
Девиантты мінез-құлық немесе мінез-құлық ауытқушылығының көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан және еңбектен теріс бұрылу, үйден кету, алкоголизм, шылымқұмарлық, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид және т.б. жатады.
Слайд 8 Мінез-құлық ауытқушылығы мына факторларға байланысты туындайды деген тұжырым жасалды. Олар:
Биологиялық
факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедерге келтіретін физиологиялық және анатомиялық
жағымсыз ерекшеліктер (генетикалық факторлар, интеллектуалдық кемістіктер, психикалық ақаулар, психофизиологиялық және физиологиялық факторлар).
Психологиялық факторлар – баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы (жүйкелік-психикалық ауытқулар).
Әлеуметтік-педагогикалық факторлар – мектептегі, отбасындағы, қоғамдағы тәрбие үрдісінің кемшіліктері мен әлеуметтік назардан тыс қалу нәтижесі (оқудағы декомпенсация, дезадаптация, әлеуметтік бейімсіздік, криминалдылық).
Әлеуметтік-экономикалық факторлар – баланың өз отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайына қанағаттанбауы (кедейлік, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу).
Моральды-этикалық факторлар – адамгершілік-рухани құндылықтардың төмендеуі.
Слайд 9Аталған факторларға байланысты туындаған «антидисциплиналық мінез-құлықты» түзетудің жолы қандай?
Слайд 10 Көрнекті психолог Л.С. Выготский «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін
жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды жөнге салудың белсенді
жолымен, білім бірлігімен, дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге жетуге болады» дей отырып, «қиындықты тәрбие арқылы түзетудің», осы қайшылықпен күресудің нақты жолын анықтап берді.
Слайд 11Туылғаннан ана мейіріміне қанып өскен бала жат әдеттерден бойын аулақ
салады...
Слайд 12 Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларды тәрбиелеуде мына ұстанымдарды басшылыққа алу қажет.
Педагогикалық әрекеттің мақсатқа бағытталуы.
Біртұтастығы мен жүйелігі.
Ізгілік ұстанымы.
Тұлғаның жақсы жақтарын тауып
көре білу.
Құрмет көрсете білу және қажеттілік тудыра білу ұстанымы.
Саналылық және белсенділік ұстанымы.
Жан-жақтылық ұстанымы.
Слайд 13 Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
Баланың
әлеуметтік ортасына тікелей әсер ету арқылы. Факторлары: табиғи, әлеуметтік.
Оқу-тәрбие үдерісінің
түзетушілік бағыты. Үнемі!
Мәдени-көпшілік және сауықтыру шараларын арнайы ұйымдастыру арқылы.
Слайд 14 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға
жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды
анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесiн күшейту қажет.
Слайд 15 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және
панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9
шiлдедегi N 591 Заңына сәйкес келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
Слайд 16ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң және кәмелетке
толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi басқа да оқыту, тәрбиелеу және
өзге де мекемелер қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркiмен кетуi салдарынан мiнез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған балаларды анықтау;
қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балаларды дер кезінде есепке алу және реабилитациялық шараларды жүргізу;
балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бiтiмi, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлiк дамуына және әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға бағытталған мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын дарыту жөнiндегi ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң жауапкершіліктерін арттыру;
кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өз қаржылық мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiнiң шегiнде оның салауатты дамуы, оның мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн және мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын қорғау үшiн жағдай жасау;
кәмелетке толмағандарды құқықтық, әлеуметтiк, дене бiтiмi, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық қалпына келтiруге бағытталған шаралар кешенiн құру және енгізу.
Слайд 17 Пайдаланылған әдебиеттер:
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз
және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы
9 шiлдедегi N 591 Заңы. ҚР Парламентiнiң Жаршысы, N 18, 105-құжат, 2004 ж.,
Степанов В.Г. Психология трудных школьников.
– М.: Академия, 2004.
Баженов В.Г., Баженова В.П. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. – Тараз, 2003.
Слайд 18Назар қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!