Слайд 1
Тақырыбы: Ана тілі
Сабақтың мақсаты: Өлеңнің авторымен
таныстырып, өлеңді өмірмен байланыстыра отырып мазмұнын ашу, негізгі идеясын түсіну.
Әдептілік туралы білім деңгейін кеңейту, өз елін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білу
«Ой шақыру»
Оқушылар өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
Слайд 3
1.Астау деген не?
2.Келі деп нені айтамыз?
3.Апамның
астауы әңгімесінде балалық шағында қандай ойын ойнады?
4.Жазушының ілтипатпен, ыстық сезіммен
еске алып отырғаны кім?
Мағынаны тану
Ғафу Қайырбеков (1928 – 1994) – 15
тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген .Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар қауымдастығының президенті болды. 1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері қырықтан астам кітабы шықты. «Дала қоңырауы» (1956) поэмасы, «Жер астындағы жұлдыз дар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Слайд 5 Түсіну
2-тапсырма «Ана тілі »
өлеңін оқып, топта талдау
Слайд 9«Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін »
Слайд 10Топтық жұмыс
Қолдану
1т:Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?
2т:Тіл туралы өлең
айту
3т: Тіл туралы мақал айту.
Слайд 15Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде
Н.Назарбаев
Слайд 18 Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның
бәрінен құралақан қалады.
Ғ.Мүсірепов
Слайд 19Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген
білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін
С.Торайғыров
Слайд 20Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту –
бүкіл
ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б.Момышұлы
Слайд 21
Тілдің тіршіліктегі мәніне қазақ ежелден көңіл бөлген. Сондықтан да “өнер
алды- қызыл тіл” дейді.
С.Мұқанов
Слайд 22Өз шығармашылығым
Мемлекеттік тіл – менің тілім!
Тіл – қай ұлтта,
қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен
бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Слайд 23Туған тілім
Туған тілім қазынам,алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің
туған өлке,бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілі менің.
Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе
де талай ғасыр,қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің.
Слайд 27 Бағалау
«Ыстық орындық»
ойыны
Бір оқушы «ыстық орындыққа»
отырады да қалған балалар сұрақтар
қояды.
Слайд 28Үйге тапсырма:
Ақынның өмір жолынан қосымша деректер жинау.Өлеңді мәнерлеп оқып келу.