үшінші сыныпта оқып жүр. Ал ағасы Арман- студент. Болашақ дипломат.
Дипломат дегеніміз – шетелдерде жұмыс істейтін елшілік қызметкері. Ағасының
тыңдайтын дәрістері ағылшын тілінде жүредді .........
Бір күні ол ағасына :
-Аға , маған да ағылшын тілін үйретіңізші , -деді.
- Сен әлі кішкентайсың. Келер жылдан бастап ағылшын тілін өздеріңде оқисыңдар,-деп ағасы күлді.
Ағасы Абзалдың айтқанынан қайтпайтынын жақсы біледі.
Абзал орысшаға да жүйрік. Бірақ үйде тек қазақша сөйлейтін.Әкесі бірде Абзалдың Мұрат деген досымен орысша сөйлескенін байқап қалыпты. Кешке жұмыстан келген соң, ұлын оңаша шақырып:
Абзал, айтшы, сы сен кімнің баласысың?- деп сұраы
Ауылдағы атамның баласымын, -деді Абзал мүдірместен.
Дұрыс айтасың,- деді әкесі.
Бірақ сен ең алдымен қазақтың баласы екеніңді ұмытпа.
Ал қазақтың баласы қазақша білмесе немесе біле тұрып қазақша сөйлемесе ұят. «Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте!» - деп кім айтқанын білесің бе?
Білем, ақын Қадыр Мырза Әли атамыз айтқан.
Білсең, сол атаңның өсиетін ешқашан есіңнен шығарма. Осыны достарыңа да айтып жүр,- деп , әкесі ойын түйіндеді.