Слайд 1
Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретудің
тиімді бір
жолы-ойын
Балапан бөбек-жай бақшасының қазақ тілі мұғалімі: Г.А.Жукенова
Слайд 2
Мақсаты:
Ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойына күш
түсіретін міндеттерді, қызықты тапсырмалар арқылы қиындықсыз орындауға мүмкіндік беру;
Ойын
арқылы бүлдіршіндердің танымын қалыптастырып, ой-санасын дамыту; балалардың зейінін тұрақтандыру, есте сақтау, іс-әрекетке икемділігін, қабілетін өсіру, байқағыштығын арттыру, ойын үстінде баланың тілін, сөздік қорын дамытып, тиянақтау, пысықтау, тіл үйренуге деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру,сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып алған білімді тексеру сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Слайд 3
Міндеттері:
Мектеп жасына дейінгі балаларың ой-санасын қалыптастыру;
Ойын арқылы баланың игерген
білімдерін дамыту, қоршаған әлем туралы балалардың ұғымын кеңейту;ойын арқылы мақсат
қоюын, өз әрекеттерін жоспарлау мен қорытынды шығаруын дамыту, қойылған сұрақтарға саналы түрде және дұрыс жауап беруге үйрету.
Ұсынылған ойын тапсырмаларды дұрыс орындау; не істегені туралы айтып беруге үйрету.
Диалог түрінде сөйлесу дағдыларын дамыту.
Ойын арқылы логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын арқылы баланың тілін, сөздік қорын жетілдіру.
Педагог нұсқауларын түсініп орындауға жаттықтыру.
Сөз тіркестерін,сөзжұмбақ, сөздік ойындарын түсініп жауап бере білуге дағдыландыру
Ойын арқылы адамгершілік тәрбие міндеттерін шешу, балалардың көпшіл болуына ықпал ету.
Слайд 4
Дыбыстарды айтудың артикуляциялық аппаратын әзірлеу.
Балаларды анық, асықпай барынша қатты
айтуға үйрету, сөздің қарқыны мен ырғағын бақылау;
Сөздің дыбысталу жағын жүйелі түрде дамыту, есту тілдік демалыс, айтылым аппараттары;
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға қалыптастыру;
Суреттер бойынша, ойыншықтар туралы қысқа өлендерді айтуға тәрбиелеу;
Сөздің мәнін түсіну үшін балаларды өзара әңгімелесуге тарту.
Ертегі, әңгіме желісіндегі сөйлеу интонациясын үлкендердің
көмегімен айтуға тәрбиелеу.
Слайд 5
Ойын:
Тәрбие құралы, ақыл ойды кеңейтеді, тілді ұстартады,өмірді таниды,сезімін кеңейтеді
Ерік
және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
Ұжымдық сезім әрекеттері өсе
түседі
Эстетикалық тәрбие беру құралы.
Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
Бірінен бірі ептілікті үйренеді, өзінің денесін нығайтады.
Слайд 6
Ойын түрлері:
Дидактикалық ойындар
Сюжетті – рөлдік ойындар
Қимыл
– қозғалыс ойындары
Ұлттық ойындар
Саусақ ойындары
Үстел үсті ойындары
Слайд 7
Мектеп жасына дейінгі баланың дамытатын өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі
іс-әрекеті ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық
құбылыстармен,адамдардың еңбегімен қарым-қатынастармен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған.
Слайд 8
Ойынды бастамас бұрын педагог бала бойындағы қызығушылығын, ойынға деген
талпынысын арттыру керек. Балалар ойынның күнделікті сабаққа қарағанда көңілдірек болатынын,
күнделікті сабақ арасындағы дидактикалық ойынның маңыздылығын түсіне бастайды.
Дидактикалық ойынның ұзақтығы маңызды. Егер де ойын ұзаққа созылса балаларды жалықтырып, қысқа болса ойын мазмұнына түсінбей қалады.
Педагог ойынды ұйымдастырғанда көп іркілмей анық, қысқа түсіндіру қажет.
Сондықтан ойынға сәйкес жұмбақ ,жаңылтпаш, тақпақ, мақал-мәтелдер, түрлі сөздерді де пайдаланып отырған жөн.
Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке-дара ойнауына арналған. Олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын арттыра отырып, өздігімен еңбек етуге жетелейді.
Слайд 9
«Ойнайық та, ойлайық!»
Мақсаты: Балаларды 1-10-ға дейінгі
сандарды ауызша санау арқылы есептей білуге, сандарды тура,кері санауға үйрету.Артық,кем,тең
ұғымдарын, геометриялық пішіндер туралы білімдерін дидактикалық ойындар арқылы бекіту.
Слайд 10
Осы мақсат пен міндеттерді негізге ала отырып, өзге ұлт
балаларына қазақ тілін үйретуде тек қана жаңа сөздерді қайталау арқылы
үйретпей, оларды ойындар мен көрнекіліктер арқылы үйреткен тиімді.
Ойын мен көрнекілік-балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады.
Слайд 11«Қиындыны құрастыр, пішіндерді ата».
Пішіндерге қарай ажырата білуге үйрету.Сөзбен атап
айтуға жаттықтыру
Слайд 12
Ойынды сабақтың барлық кезеңінде ойнауға болады. Мәселен, жаңа тақырыпты ойын
арқылы меңгертуде небір жақсы нәтижеге жетеріңіз анық. Өтілген материалды бекіту
және қортындылау кезінде балаларға бұрыннан таныс ойынды ойнату арқылы біз балалардың пәнге деген қызығушылығын оятып, сабақты жандандырып,балаларды ынталандыра түсетініміз айғақ.
Жұмбақтар
Мақал-мәтелдер
Жаңылтпаштар
Ребустар
Фонетикалық жаттығулар
Слайд 13Балабақшада қазақ тілін үйретудегі сөздік жұмысын қоршаған ортамен, күнделікті өмірмен
тығыз байланыстырып жүргізу, жаңа сөздер қамтылатындай әртүрлі ойындар ұйымдастыру: сөздік,
дидактикалық, қимылды, оқиғалы желіс ойындарының шарты тіл ұстарту мақсатымен ойнатылады; көру, есту, тыңдау, қайталау, есте сақтау, жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру;
Тіл дамыту жұмысының дұрыс іске асуының кепілі.
Сөздік жұмысында сурет бойынша әңгіме құрастыру, тірек сөздерді қолданып сөйлем құрау, сурет арқылы әңгімелеу –логикалық және грамматикалық заңдылықтар бойынша құрылған, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты бөліктерден тұратын біртұтастықты сақтау қарастырылды.
Слайд 14
ІІ-кіші , ортаңғы топтарға арналған оқу іс-әрекеті бойынша ойын түрлері:
«Танысу»,
«Тыңда, көрсет, қайтала», «Кім тапқыр», «Есіңе сақта»,
«Ғажайып қоржын»,«Сұрақ-жауап» ,«Мен
бастаймын,сен қошта»,
«Суреттер сөйлейді», «Орналастыр», «Сенде не бар?», «Киім дүкені»,
«Мұрын,мұрын,мұрын....», «Даусынан таны», «Дауыс қайдан шықты?»,
«Жанды ойыншықтар»,«Бұл қай мезгіл?», «Қайталамақ», «Дәмді ойын»,
«Кемпірқосақ түстері»,«Суреттерді құрастыр», «Көңіл күй»,
«Дұрыс қайтала, көрсет», «Мен секілді қайтала», «Топта не бар?»,
«Кім көп айдады?», «Жалғастыр», «Кім тез көрсетеді?», «Айтқанды істе», «Ғажайып сандық», «Кім тез байқайды?», «Дүкен», «Қайтала,көрсет»,
«Тапсырманы орында», «Сыңарын тап»,
Слайд 15
Ересек топқа арналған оқу іс-әрекеті бойынша ойын түрлері
«Математикалық әлем»,
«Сұрақтар», «Отбасы», «Кім жоқ?»,
«Мынау кім?», «Үй жануарларының төлдерін ата»,
«Дыбысынан таны»,
«Бұл не?» « Полиглот»,«Көңілді доп», «Кім көп сөз біледі?»,
«Жыл мезгілдері», «Ойлан тап», «Кім тапқыр?», «Дұрыс жұптастыр»,
«Балабақшада кім жұмыс істейді?», «Санау», «Қай сөз артық»,
«Телефон», «Сөйлем құрау», «Сөз ойлан, тез ойлан»,
«Жабайы аңдармен үй жануарларын ата», «Көкөніс пен жемісті
сипатына қарай тап»,«Себетке сал», «Сөз құрау»,
«Қиындыны құрастыр», «Біз аспазбыз», «Бұл не?»,
«Үлкен ,кішкентай», «Геометриялық пішіндерді ата»
Слайд 16
Ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өтеу емес, балалардың білімді
игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші.
Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру,ерікті зейін қою,ережені ой елегінен өткізе білу балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға,ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі.
Ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі- оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да болады оқу мен білімінің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын- да ойын әрекеті болып саналады.