Ол - өнердің бір саласы.
Әдебиет пәні де өнер пәні.
Әдебиетті ұлағатты адамдар “ адамтану құралы ” десе, ал біз, пән мұғалімдері, әдебиет пәнін “ адам тәрбиелеу құралы ” дер едік. Ой, ойлану, ойланту барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе - өзіндік ойлау, өзіндік пікірде жатыр. Әдебиет – жан дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі – адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние.