керек. Ойнатылатын ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік дағдылар жайында
түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой – өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды.
Балалардың адамгершілік сезімін оятуға адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасау,еңбек адамдарына, басқа да ұлт өкілдеріне достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Ойынның міндетті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны мен ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды. Зейін қойып тыңдамайды.
Дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл болу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой – өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.