референдумымен 7 жылда бір рет сайланады. Президенттің, үкімет сұранысы бойынша
парламенттің төменгі палатасын шақыруға және таратуға құқығы бар, ол заңдарды жариялайды, соттар мен басқа да жоғарғы лауазымдарды тағайындайды және бас қолбасшы лауазымына ие болады.
Шын мәнінде үкімет басы — премьер-министрді (Taoiseach) — өкілдер палатасының ұсынысы бойынша президент тағайындайды.
Жоғарғы заң шығарушы орган — парламент (ирл. Tithe An Oireachtais). Құрамында 2 палата бар: өкілдер палатасы мен сенат.
Өкілдер палатасында 160-тан 170-ге дейін мүше бар. Олар халық тарапынан тікелей құпия дауысберу арқылы сайланады.
Сенат құрамында 60 мүше бар, олардың 11-ін премьер-министр тағайындайды, 6-ы Ұлттық және Дублин университеттерімен сайланады, 43-і жанама сайлау арқылы ерекше тізіммен (тізімдегі кандидаттар әртүрлі мекемелер мен ұжымдардың ұсынысымен кіргізіледі) өтеді. Сенаттың сайлау коллегиясы 900 адамнан тұрады, олардың ішінде өкілдер палатасының мүшелері, муниципалитеттер мен графтықтар кеңесінің мүшелері бар. Палаталардың жұмыс мерзімі — 7 жыл.
Саяси құрлымы