Слайд 1Новопавлов ЖОББМ
2017-2018 оқу жылы
Дүниетану
3-4 сынып
Мұғалімі : Нигметова. А.С
Слайд 2
«Каспийдің тірі алтыны»
Тақырыбы :
Слайд 3Мақсаты:
1. Каспий теңізінің шаруашылық маңызы мен ондағы тіршілік ететін
балықтар туралы кең мағлұмат беріп, оқушылардың
ой - өрісі мен
білімдерін кеңейту.
2. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін, өз білімдерін, қиялы мен ойлау деңгейін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Туған жерін, елін сүюге, байлықтарын қорғауға, өз елі мен жерінің нағыз азаматы болуға тәрбиелеу.
Слайд 4
Күтілетін нәтиже:
- Каспий теңізіндегі тіршілік ететін балықтар туралы білу;
Толық
алған мағлұматты қолдана білу;
Шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін дамыту;
Оқушыларды зеректілікке, ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Слайд 5Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Әдіс - тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау
стратегиялары, топпен жұмыс, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: АКТ, Қазақстан картасы, балықтардың
және аквариумдағы балықтардың суреттері
Слайд 6Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ Сабақты бекіту
IV Үй тапсырмасын
беру
V Оқушыларды бағалау
Слайд 7
- Балалар, сендер қандай өзен - көлдер мен теңіз, мұхиттарды
білесіңдер?
- Қазақстандағы өзен - көлдерді білесіңдер ме?
- Каспий теңізі қай
жерде орналасқан?
- Кім картадан көрсете алады?
(Картамен жұмыс)
III . Миға шабуыл
Слайд 9Кім үйінде аквариумдағы балықтарды асырайды?
- Оны қалай баптайды?
Балықтарға қандай
күтім керек?
Балықтар тағы қайда тіршілік етеді?
III . Миға шабуыл
Слайд 11Жаңа сабақ:
Каспийдің тірі алтыны
Сөздік жұмысы:
Тірі
алтыны – Каспийдің теңізінде балықтың көптеген түрлері бар. Балық адам
ағзасына өте пайдалы (көз жанарына, сүйіктің қатаюына). Ал шетелдіктер біздің еліміздің балықтың уылдырығын алтынға теңеп сатып алады.
Теңіз – море - sea
Балық - рыба – a fish
Слайд 18- Каспий теңізінде түрлі балық түрлері кездеседі. Бекіре, қызылбалық, қортпа
сияқты өте бағалы балықтар бар. Олар үш - ақ теңізде
кездеседі. Соның бірі - Қазақстандағы Каспий теңізі. Бекіре мен қортпа қызыл кітапқа енгізілген. Сонымен қатар сазан, табан, ақбалық, майшабақтар. Теңіздің жағасында көптеген шаруашылықтар орналасқан. Олар балық аулаумен айналысады. Балық аулап, оны өңдеп, түрлі тағам дайындау – халық шаруашылығының аса маңызды бір саласы. Жаз айларында ауланған балықтарды арнаулы тоңазытқыштарда сақтайды. Жастай тоңазытылған балық жоғары бағаланады. Балықтардың біразын сүрлеп кептіреді, ыстайды, консервілейді. Сөйтіп, еліміздің түкпір - түкпіріне жөнелтеді.
Слайд 19Ақтау қаласындағы консерві зауыты
Слайд 21
Топпен жұмыс
І топ «Каспий теңізі» тобы
Тапсырмасы: оқулықтағы мәтінді оқып,
Каспий теңізінің шаруашылық маңызын айту.
ІІ топ «Балықтар» тобы
Тапсырмасы: Каспий теңізі
және ондағы балықтар туралы мәліметтер айту.
Слайд 22Тапсырмасы: Каспий теңізіндегі тіршілік ететін балықтар туралы айту. Өмірмен байланыстыру.
Әр түрлі балықтардың суретін салу.
І топқа сұрақ: - Қазақстаннан шығатын
балықтан жасалатын консервілерді білесіңдер ме?
ІІ топқа сұрақ: - Балықтың қандай өнімдерінің емдік қасиеті бар?
Екі топқа сұрақ: - Балықтан қандай тағамдар жасалады? Сен қандай балық тағамдарын жеп көрдің?
Слайд 23Балық түрлері
Топтастыру стратегиясы
Слайд 24ІІІ Сабақты бекіту.
• «БББ» стратегиясы. «Не білемін? Не білдім? Не
білгім келеді?»
- Балалар, сонымен бүгін сендер не білдіңдер?
- Каспийдің «тірі
алтыны» деген не?
- Каспийдің байлығы неге дүние жүзіне әйгілі деп ойлайсыңдар?
- Бекіре, қызылбалық, қортпалар неге «Қызыл кітапқа енгізілген?
- Уылдырықтың қандай пайдасы бар екен?
- Балықтарды неге консервілейді?
Слайд 25
ІҮ Үйге тапсырма
Қосымша мәліметтер іздену.
Балықтардың біз естімеген түрлері туралы мәлімет
іздестіру.
Ү Бағалау
Топтарды бағалау, мадақтау.
Мұғалім бағасы.