Слайд 3-1932 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге келген.
-Жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек
сіңірген мәдениет қызметкері,Қазақстанның халық жазушысы.
Слайд 41955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен
Қазақстан») газетінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жж. «Лениншіл жас» газетінің редакторы.
Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының, «Жалын», «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
1989-1992 жж. «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992-1994 жж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып істеді. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты болған.
Слайд 5«Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1969), «Ахметжанның анты» (1973),
«Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974)
әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990-2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, Елбасы, сен де тыңда» (К.Смаиловпен бірге) (1998), «Бір кем дүние» (2008) кітаптары жарық көрген.
Слайд 7Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы (қазіргі Алматы
облысының шекарасы) Вернен уезінде дүниеге келген. Белгілі партия және мемлекет
қызметкері. Тұрар Рысқұлов ұлты үшін көп жұмыс атқарды.
Слайд 8Тұрар Рысқұловтың қаламынан ондаған кітаптар, кітапшалар, жүзден аса мақалалар шыққан.
Қазақ халқының осындай керемет ұлының құрметіне Алматы қаласында даңғылға, Қазақ
экономикалық университетіне де оның есімі берілген.