Разделы презентаций


Танымдық сағат: Мемлекеттік рәміздер –елдігімнің белгісін кең таныта өрлесін!

Мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты  таныстыру; Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;Отанды

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Танымдық сағат:
Мемлекеттік рәміздер –елдігімнің белгісін кең таныта өрлесін!
Өткізген: 3

“А”сынып жетекшісі Қ.Ж.Байсейтова,
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
Атырау қаласы
2016/2017 оқу жылы




Танымдық сағат:Мемлекеттік рәміздер –елдігімнің белгісін кең таныта өрлесін!Өткізген:  3 “А”сынып жетекшісі Қ.Ж.Байсейтова,№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепАтырау

Слайд 2Мақсаты:
 Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты  таныстыру;
 Ұлттық рәміздердің әрбір

бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің

аса маңызды екенін, оны құрметпен  мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту;
Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қ Р  рәміздері, нақыл сөздер, слайд
Барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәмілдер-елдігімнің белгісін кең таныта өрлесін!» атты танымдық сағатын өткізгелі отырмыз. Олай болса, бүгінгі танымдық сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
(Әнұраны орындалады)


Жоспар:
          І бөлім: “Еліміздің рәміздері” Көрініс көрсету (3 көрініс)
          ІІ бөлім:а)Сұрақ-жауап: «Тұғыры биік Қазақстан»   
               ә) “Қазақ елі- менің Отаным”
         ІІІ бөлім: Қорытынды

Мақсаты: Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты  таныстыру; Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне,халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу

Слайд 3ІІ бөлім:Сұрақ-жауап: «Тұғыры биік Қазақстан»
1. Тәуелсіздікті қай жылы алды?
2. Жер

көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында?
3. Қазақстанда қанша облыс бар?
4. Қазақстанда

қанша ұлт өкілдері тұрады?
5.. ҚР-сы неше мемлекетпен шектеседі?
6. ҚР-ның тұңғыш президенті кім?
7. ҚР-ның жаңа Астанасын атаңыз
8. Ұлттық валюта теңге қашан айналымға енгізілді?
9. ҚР-ның қазіргі конституциясы қашан қабылданды?
10. ҚР-ның рәміздерін атаңыз

Елтаңбаның авторлары

Тудың авторы

Гимнның авторлары

ІІ бөлім:Сұрақ-жауап: «Тұғыры биік Қазақстан»1. Тәуелсіздікті қай жылы алды?2. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында?3. Қазақстанда қанша

Слайд 4І бөлім: “Еліміздің рәміздері”
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен

терезесі тең,өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік

рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран  бекітілді.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен   4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.
Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков.
ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі.1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғаоғы көркем өнер училищесін бітірген
Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?
Жандарбек Мәлібекұлы.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген саулетші. 1942 жылы Қызылорда обылысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының саулет өнері факультетін бітірген. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға нңбегі сіңген саулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызыметкері.


Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?
Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған.
Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұраны айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен
Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған.
1960 жылдардын бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау обылысы Теңіз ауданы Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың  «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған.
Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған.
Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті.Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген.

І бөлім: “Еліміздің рәміздері” Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы

Слайд 5«Менің Қазақстаным» әнін Гимн ету туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Парламентке жолдаған

хатында: «Еліміздің қай түпкіріне барсам да, кәрі де, жас та

Гимнның мәртебесі болмаса да, аса көрнекті композиторымыз Шәмші Қалдаяқовтың ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазылған «Менің Қазақстанымды» Гимн есебінде шырқағанының талай куәсі болдым… Біріншіден Гимн ғасырлар бойы Тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілуі тиіс. Екіншіден, мәтінде сол ата-бабалардан қалған асыл мұрамыз — жеріміздің кең байтақтығы орын алуы керек. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқаны жөн. Ең бастысы, біздің Тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі — ел бірлігі баса көрсетілуі керек. Осы уақытқа дейін бейресми Гимн қызметін атқарып келген бұл әнге ресми мәртебе беретін күн жетті деп есептеймін», — деп жазған еді.
Жаңа Гимн елге бұрыннан таныс «Менің Қазақстаным» әнінің негізінде дүниеге келді. «Қазақ вальсінің королі» атанған сазгер Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжімеденов шығармасының мәтініне Елбасы енгізген өзгерістер талайлы туындының ресми Гимн болып бекуіне жол ашты.
Мемлекеттік Гимнді орындау тәртібі бекітілді. Ереже бойынша Гимнді айтқанда жұртшылық орындарынан тұруы қажет және оң қолын сол жақ кеудесіне жүрегінің тұсына қойып орындаулары керек. Аса маңызды мәселе — Гимнді әр адам жатқа білуге міндетті.
Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбаның эталондық нұсқалары тәрізді Гимн да ресми бекітіліп, заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақталады.
Гимн — жай ән емес, ол — халықты біріктіретін ұран ән. «Менің Қазақстанымды» Гимн етіп халық таңдады. Бұл Гимн уақыт сынынан өтті. Ешкім де халықтан биік емес, ешкім де уақыттан дана емес.

ІІІ бөлім:  Қорытынды.
 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет. Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді.
    Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ  елін бүгінде әлем таниды.
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе  бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар



«Менің Қазақстаным» әнін Гимн ету туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев Парламентке жолдаған хатында: «Еліміздің қай түпкіріне барсам да, кәрі

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика