Разделы презентаций


Тәуелсіздік тұғырым. Ашық сабақ

Содержание

КіріспеБүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Бала тәрбиесіндегі халықтық педогогиканың алатын орны.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым

министірлігі
Курстық жұмыс


Орындаған:Ногаева.Н.М
Жетекші:Аманбаева.А.А
Орал гуманитарлық – техникалық колледжі

Бала тәрбиесіндегі халықтық педогогиканың алатын орны.Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігіКурстық жұмысОрындаған:Ногаева.Н.МЖетекші:Аманбаева.А.АОрал гуманитарлық – техникалық колледжі

Слайд 2Кіріспе
Бүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай

отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта тәрбиелеуді, бүгінгі

таңда оқу үрдісін халық шығармашылығы негізінде жүргізудің маңызын анықтау болып табылады. Педагогика ғылымын халық педагогикасымен ұштастыра отырып, Мағжан ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін жасады. Ол: «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі.Әрбір ұлттың бала тәрбиесі туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесін баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті», деп жазды. Сөйтіп, ол педагогика ғылымының негіздерін халық педагогикасымен және халық психологиясымен байланыстырып, баланы тәрбиелеудің, дамытудың, оған дүниетанудың жолдарын талдап көрсетіп берді.
КіріспеБүгінгі таңдағы педагогика ғылымында әлі де толық шешімін таба алмай отырған өзекті мәселелердің бірі жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін

Слайд 3Курстық жұмыстың мақсаты: бала тәрбиесіндегі адамгершілік қасиеттің,халықтық педагогиканың маңыздылығын кеңінен

қарастыра отырып,баланы тәрбиелеудің тиімді тәсілдері мен әдістерін жетілдіру жолдарын қарастыру,

халықтық салт-дәстүрдібаланын бойына сіңіре білу.

Курстық жұмыстың міндеттері: алынған тақырып бойынша алға қойған мақсатыма жетуіме барынша талап қойып, орындау.
Зерттеу әдісі:
Әдебиеттермен жұмыс жасап, әдеби материал жинақтап жүйелеу.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі замандағы мектепке дейінгі балаларға арналған шетелдік қызықтырушы материалдармен, жаһанды жайлаған компьютерлік ойындармен халық педагогикасын қатар қою күрделі мәселе екені анық. Кез келген мектеп оқушысы қазіргі уақыттағы сынды кейіпкерлерді Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасырдан жақсы білетіні ешкімге жаңалық емес екені анық. Осы ретте қоғамды, ақпарат құралдарын жаулаған жаңалықтармен қатар заман талабына сай деңгейде талаптарға жауап беретін халық педагогикасы негізінде нағыз қазақы болмыс қалыптастыру кезегін күттірмес мәселе болып қала бермек. Сондықтан да бұл өзекті мәселе дегім келеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: бала тәрбиесіндегі адамгершілік қасиеттің,халықтық педагогиканың маңыздылығын кеңінен қарастыра отырып,баланы тәрбиелеудің тиімді тәсілдері мен әдістерін

Слайд 4Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп

келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика

ғылымы өмiрге келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк, тәлiм-тәрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсiмдерi мен ауыз әдебиетi үлгiлерi, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлерi, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала бердi бүкiл халықтық қарым-қатынастан берiк орын алған тәлiм-тәрбиенiң түрi, адам мiнезiн, iс-әрекетiн қалыптастырудың белгiлi нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгiлi сатыларынан өтiп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесiнiң бастау бұлағы, педагогикалық құралы болып, тәрбие жүйесiнiң қызметiн атқарып келгенiн байқаймыз.

Халық педагогикасы

Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық

Слайд 51.1Халық педагогикасы – тәрбие көзі

Халқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше

мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп, дене бітімінің

дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп дүниеге келген күннен бастап тәрбиенің негізін қалаған халық ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген, бесіктегі балаға үн қатып, тілге тартқан. Бұл – тәрбиенің басы. Мұндай тәрбие – халық педагогикасы болмақ. Халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері баланы бағып-қағып, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесі. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мәдениетінің бастауы, түп-төркіндері сонау есте жоқ, ескі замандарда жатыр. Олардың із-сорабын қазақтың бай ауыз әдебиетінен, сонау Орхан-Енесейден басталатын көне түркі ескерткіштерінен, тарихи жазба мұралар мен осы күнге дейін тұрмыс-тіршілігіміздің орын алып келе жатқан салт-дәстүрлерімізден табамыз. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан-бала мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді армандап: «Шыншыл, әділетті, иманды болу – атадан-бабадан келе жатқан дәстүріміз» деп сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызған. Мәселен, атасы немересін алдымен елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінін, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, елдегі даңқты адамдардың ерлік хикаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын баласының санасына сіңіре білген. Адамды жақсы ететін де, жаман ететін де – тәрбие. Сондықтан жеткіншек ұрпақ өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен неғұрлым тереңірек сусындап өсуі керек.
1.1Халық педагогикасы – тәрбие көзіХалқымыз қашан да бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның

Слайд 61.2 Халық педагогикасының негізгі қағидалары
Тәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды

құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар

демекпiз:
1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өмiршең азамат болуын тiлеу.
Жас нәрестенiң дүниеге келуi ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшiлiкке зор қуаныш әкелумен бiрге, борыш та жүктей келедi. Дәлiрек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтiн халықмектебiнiң есiгi сәбидiң алғаш дүниеге келген күнiнен бастап айқара ашылады. Ол белгiлi мақсат-тiлекпен байланысты туындайды.
Отбасы үлкендерiнiң бәрi жаңа туған жас баланы отанның, елдiң асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелi үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлi, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкiртiп, азан шақыртып, атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсiн” деп, жаңа туған нәрестенi қарияның шапанының етегiне орайды. Ұрпағы өскен қадiрлi анаға кiндiгiн кестiредi, бесiкке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескiзедi. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тiлектерiнде келешектен күткен үлкен үмiт, аңсау арман бар. Тәрбиенiң алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмiтiмен үндесiп жатыр.
1.2 Халық педагогикасының негізгі қағидаларыТәрбиенiң негiзгi қағидаларының (принциптерi) болуы занды құбылыс. Халық педагогикасының негiзгi қағидаларын арнайы сөз

Слайд 72. Баланы жастайынан еңбек сүйгiш, елгезек азамат етiп тәрбиелеу көзделген.

Ол бесiк жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тiлек, терме

өлеңдерден өзектi орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сiңiру отбасындағы еңбектiң қарапайым түрлерiнен басталып, қоғамдық маңызды iстермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзiрлеуге, мал өнiмдерiнен тұрмысқа қажеттi құрал-жабдық (қамшы, шiдер, жүген өру, терi илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзiрлеу, қора салу, киiз үйдiң ағашын iстеу, ұсталық, зергерлiк өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пiсiру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.
3. Халық педагогикасында “Бiрiншi байлық — денсаулық” деген ұғым өзектi орын алған. “Денi саудың жаны сау”, “Ас адамның арқауы”, “Ауру астан” деп рухани, материалдық байлықтың негiзiн жеке бастың, яғни тәннiң саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтiмiне ерекше мән берiп шынықтыру, мерзiмiнде жақсы ас берiп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрi тән саулығы үшiн жасалған әрекеттер.

2. Баланы жастайынан еңбек сүйгiш, елгезек азамат етiп тәрбиелеу көзделген. Ол бесiк жырлары мен тұсау кесер жырларынан,

Слайд 84. Халық педагогикасында адамгершiлiк қасиеттердi баланың бойына дарыту, iзгiлiкке,

имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. “Жаным

— арымның садағасы” деп, арды адамгершiлiк қасиетiнiң үлгiсi санаған.
5. Гуманизм мен патриотизм — халықтық тәрбиенiң басты қағидаларының бiрi. “Отан от басынан басталады” деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесудi, басқа ұлт өкiлдерiн сыйлауды отбасы тәрбиесiнiң өзектi принципi деп бағалаған. “Атаның баласы болма, адамның баласы бол”, “Жақсы – көпке ортақ”, “Ел үшiн еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды” деген өсиет тәрбиеден өзектi орын алған.
6.Елдi, жердi қорғайтын, еңбек ете алатын азамат болу үшiн дененi шынықтыру қажет. Халық педагогикасында “Шынықсаң шымыр боласың” деп ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тәрбиесiне баса көңiл бөлген.
7. Тiршiлiктiң тұтқасы, өмiрдiң шамшырағы өнер мен бiлiм деп түсiнген халқымыз жастарға “Өнерлi өлмейдi”, “Бiлегi жуан бiрдi жығады, бiлiмi жуан мыңды жығады”, “Бiлiм таусылмас кен, өнер өлмес мұра” дегендi насихаттап ертегi, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгiмелер ұсынған.
4. Халық педагогикасында адамгершiлiк қасиеттердi баланың  бойына дарыту, iзгiлiкке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида

Слайд 91.3 Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні
Қазіргі гумандық – адамгершілік

тапшылық жағдайында өскен ұрпақты тәрбиелеудің негізгі бағыттарының бірі – тұтас

тұлғаны тәрбиелеудің бөлігі болып табылатын халықтық педагогикасы . Шынайы отбасылық тәрбиені жолға қою үшін, А.С.Макаренко атап өткендей «үлкен педагогикалық біліммен бағытталатын балаға дұрыс және мақсатқа ұмтылған әсерді ұйымдастыру қажет» .
Сондықтан қазіргі отбасын нығайту үшін қамқорлық оның педагогикалық позициясын пысықтауға ұмтылу мен ұштасқан болуы тиіс. Ал отбасының педагогикалық позициясын пысықтау өз кезеңінде ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда көрініс тапқан халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерін белсендіру арқылы іске асырылады.
Қазіргі қазақ отбасында бала тәрбиесі толығымен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар негізінде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер, соған байланысты адамдар санасындағы, дүниетанымдағы жаңа құрылымдар қазіргі тәбие процесі толығымен ұлттық негізде болмауын дәлелдейді. Әлемдегі интеграциялық процестер, көпмәдениетті, көптілді тұлғаға деген сұраныстардың арта түсуі де тәрбиенің жалпы адамзаттық құндылықтарының ролін, әсерінің артуына жол ашады.
1.3 Қазіргі отбасында халықтық педагогиканың тәрбиелік мәніҚазіргі гумандық – адамгершілік тапшылық жағдайында өскен ұрпақты тәрбиелеудің негізгі бағыттарының

Слайд 10Ұлттық тәрбиенің көзі болған отбасының жалпы адамзаттық, әлемдік даму тенденцияларынан

тыс қарау дұрыс емес. Сол себепті, қазіргі қазақ отбасында ұлттық

негізде тәрбиелеудің жағдайы туралы кейбір тұжырымдар жасау мүмкін:
1. Бала тәрбиесінде жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың біріккен әсері, ата-аналардың педагогикалық, этнопедагогикалық мәдениеті деңгейіне орай аталған факторлардың бірінің басымдылығының байқалуы;
2. Ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктеріне сай отбасылардың айырмашылығы (мысалы, ата-аналардың ұлттық мәдениетінің жоғары немесе төмендігі, ата-әжелердің болуы, отбасында қалыптасқан әлеуметтік-этникалық орта т.б);
3. Халықтық педагогиканың тәрбиелік механизмдерінен пайдалануда бірізділік, мақсатқа ұмтылғандықтың болмауы, оның кездейсоқтық сипаты;
4. Отбасында бала тәрбиесінде халық педагогикасы факторлары (ана тілі, салт-дәстүрлер табиғат, дін, тұлға дамуына кешенді әсерінің жеткіліксіздігі)
5. Халық педагогикасының тәрбиелік құралдарына жеткілікті мән бермеу немесе оны дәріптеу (мысалы, халық тәжірибесінде қолданылатын, бірақ педагогикалық мақсатқа сай емес әдіс-тәсілдерді қолдану).
Ұлттық тәрбиенің көзі болған отбасының жалпы адамзаттық, әлемдік даму тенденцияларынан тыс қарау дұрыс емес. Сол себепті, қазіргі

Слайд 11 1.4 Бала тәрбиесіндегі

халық педагогикасының тәрбиелік мәні

Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған

зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол тәжірибесі, жиған – тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар. Осындай мол мұраның «дәнегін мәпелеп екпейінше» жастарды ізгілік пен парасаттылықты тәрбиелеу мүмкін емес.
Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан бір ұрпаққа ауызша жалғасып келген нақыл – өсиет, өнеге қағида болып таралып келген тәлім – тәрбие тағылымының бай мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады.
Халық тәрбиешілері үйрену, оқуды адам бүкіл жаңаны ерекше қабылдағыш балалық шақтан бастаса, мақсатқа лайықты болатындығына, алынған білімі өмір бойына игілікті қызмет ететіндігіне тәжірибеде көз жеткізді. Баланың ақылын тәрбиелеу оның танымдық қабілеттерін жан-жақты дамыту, әртүрлі түсінулердің кеңдігі мен сезімталдығын, байқағыштықты, естің түрлерін жаттықтыруды, ойдың елестетуін ынталандыруды талап етеді. Мысалы: жұмбақтар халық педагогикасында осы талапты жүзеге асырудың аса құнды дидактикалық материалы болып табылады. Олар баланың ойлауын дамытуға ықпал жасайды.
1.4 Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәніҚай заманда, қандай қоғамда

Слайд 12II.Оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық

негіздері.
2.1 Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен
бағыттары
Балабақшадағы тәрбие –

барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді.
Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдер, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине заман талаптарына сай, бірақ ең бастысы рухани адамгершілік тәрбие - тәрбиенің бастамасы екендігін ешқашан ұмытпағанымыз дұрыс.
Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді.
II.Оқу тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық  негіздері.2.1 Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен

Слайд 13«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі,

бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған

соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»,
Ж. Аймауытов
«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш

Слайд 142.2 Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөлі

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды

жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп,

өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден-бір жолы ол – өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстанда халықтық педагогикалық ойларды бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.
Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

2.2 Тәрбие әдістерін қолдануда халықтық педагогиканың рөліУақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық

Слайд 152.3 Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесі

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды

жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп,

өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден-бір жолы ол – өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстанда халықтық педагогикалық ойларды бүгінгі тәрбие мен білім беру барысында жүзеге асыруға бағытталған біршама тәжірибе жинақталған. Бұлардың ішінде, әсіресе, халқымыздың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің зерттелу, жинақталу, жариялану жолы Қ. Жарықбаевтың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.
Халықтық педагогика этнопедагогиканың зерттеу пәні болып табылады. Этнопедагогика халықтық педагогиканы түсіндіреді және қазіргі жағдайда жанұяда, мектепте оны қолданудың жолдарын ұсынады, этникалық топтардың тәжірибелерін жинап, зерттейді.
Этнопедагогиканың мәселелерімен айналысушы ғалым А.Э. Измаилов: «Халық педагогикасы ұрпақтан – ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оның іс-жүзінде тексерілген білімінің мағлұматтарының жиынтығы. Халықтық педагогиканың ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы өзінің көрінісін беріп отырады» - деп орынды атап көрсеткен.
2.3 Халық педагогикасындағы эстетикалық және зиялылық тәрбиесіУақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық

Слайд 16

Қорытынды
 
Егеменді

пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды.
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-ағарту ісінде оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 » бағдарламасында көрсетілгендей ... « Қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және мәдени байланысын жетіліп көркеюіне баса назар аудару » т.б. болмақ. Ұлттық тәрбие беруде көзделетін мақсат келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында өздерінің ата-бабаларының дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде шапшаң қарқынмен дамушы, гүлденген отанының патриоты болып өсуі тиіс.
Тәрбиеленген халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген ... Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек » — делінген. Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеу.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика