Слайд 5Аудан тарихын тереңірек зерттеп, насихаттап, халық қолындағы бағалы, ескілікті заттарды
сатып алып, мұражай қоры толықтырылуда. Қазіргі таңда мұражайда 845 жәдігерлер
сақталған. Оның ішінде құжаттайы 102, қосымша қорда 115 жәдігерлер жинақталған және 139 рухани мәдениет ескерткіштері есепте тұр. Соның ішінде республикалық мәні бар Айша бибі және Бабаджа хатун кесенелері, Ақыртас сарайы, Адахкес,Бектөбе (Жувикат), Дех – Нуджикес, Жікіл, Атлах орта ғасырлық қалашықтары орналасқан.Мұражайдағы жәдігерлер б.д.дейінгі І – ғасырдағы петроглифтерден (тастағы таңбалар, тастағы суреттер) басталады. VІ – ХІІ ғасыр аралығында хумдар (қыш ыдыстар, тас диірмендер, құмыралар) тегене, адалбақан, ағаш астау – табақтар, ХVІ – ХІХ ғ.ғ. ұлттық зергерлік бұйымдар (күмістен жасалған шашбау, өңіре жиен, сырға, жүзік, білезік, қапсырма, белбеу).ХІХ ғасырдығы таза қайысқа күміспен зерленген ат – әбзелдері ХV – ХVІІІ ғасырларға жататын құран кітап, ХІХ ғасырға жататын ерлердің қайыстан жасалып, күміспен зерленген белдіктері, 1874 жылы шиті мылтық. Қолөнер бұйымдары (сырмақ, түскиіз, тықыр кілем, алаша, құрақ көрпеше, жапқыштар). ХХ ғасырдың І – жартысына жататын келі – келсап, күбі, жүн түтетін, жүн иіретін құралдар. Қараханид дәуірінен бастап осы кезеңге дейінгі әр елдің теңгелері, соғыс және еңбек ардагерлерінің деректі құжаттары, аудандағы ұлт пен ұлыстардың (Орыс, Дүнген, Татар, Түрік) тұрмыстық салт – дәстүрлеріне арнайы бұрыштар жасалған.